4)
- соған сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым
электрмен жабдықтауға арналған шарт
тұтынушыға қосылған торап арқылы энергия беруге міндеттенетін, ал тұтынушы қабылданған
энергияны төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартпен көзделген режимін сақтауға, өз
иелігінде тұрған электрлік тораптарды пайдалану қауіпсіздігі мен өздері пайдаланатын
аспаптар мен энергияны тұтынуға байланысты жабдықтардың дұрыстығын қамтамасыз етуге
міндеттенетін құжат;
5) шарттық қуат - тұтынушының энергиямен жабдықтаушы ұйыммен келісілген 1 сағат
ішінде пайдаланатын электр энергиясының орташа мөлшері;
6) электр энергиясының сапасы - электр энергиясының "Жалпы мақсаттағы электрмен
жабдықтау жүйелеріндегі электр энергиясы сапасының нормалары" ГОСТ 13109-97 қолданыстағы
Мемлекетаралық стандартпен белгіленген нормаларына сәйкестік дәрежесі;
7) электр энергетикасының объектісі - электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге,
беруге, таратуға және тұтынуға арналған электр станциясы, шағын станция, электр беру
желісі;
8) электр энергетикасы объектілерінің ерекше жұмыс режимі - электр энергетикасы
объектілерінде ірі технологиялық бұзушылықтар кезінде енгізілетін мәжбүрлі режим;
9) төлем құжаты - тұтынушылар соның негізінде (шот, хабарлама түбіртек, алдын алу
шоты) төлем жасайтын құжат;
10) пломб салу құрылғысы (пломб, пломб салу арқансымы) - бұл рұқсат етілмеген
кіруден бақылауды қамтамасыз ететін бекіту тетіктері бар біржолғы пайдалану құралы;
11) коммерциялық есепке алу құралдарын
- өлшеу құралдарының белгіленген
тексеру
техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау мен растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық
қызмет органдары немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар
жиынтығы;
12) электр энергиясын қабылдағыш - электр энергиясын қабылдау мен пайдалануға
арналған қондырғы немесе аспап;
13) тұтынушының электр қондырғысына жалғанған қуат - электр торабына тікелей және
(немесе) коммутациялық аппарат арқылы жалғанған тұтынушының электр энергиясын
қабылдағыштарының атаулы қуаттар жиынтығы;
14) коммерциялық есепке алу аспаптарының схемасын тексеру - есепке алу аспаптарының
жай-күйін және оны қосу схемасын анықтау мақсатымен энергия беруші ұйымның өкілі
тұтынушының қатысуымен орындайтын операциялар жиынтығы;
15) есептік кезең - тұтынылған электр энергиясының есепке алынуы және тұтынушыға
ақы төлеу үшін ұсынылуы тиіс электрмен қамтамасыз етуге арналған шартпен белгіленетін
уақыт кезеңі;
16) электр энергиясын еркін беру - электр энергиясын айлық тұтыну көлемдерінде және
электрмен жабдықтау шартымен белгіленетін мәндерден аспайтын қуатпен беру;
17) қосалқы тұтынушы - энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушысының электр желілеріне
тікелей жалғанған тұтынушы;
18) электр энергиясы нарығының субъектісі - энергия өндіруші, энергия беруші,
энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, электр
энергиясымен орталықтандырылған сауда операторы;
19) электр энергиясын есепке алу схемасы - оларға есеп айырысу үшін берілетін және
тұтынылатын электр энергиясының есебін алуды қамтамасыз ететін электр энергиясын есепке
алу құралдарын белгілі бір электрлік жалғау;
20) технологиялық броны - технологиялық процестерді аяқтау үшін тұтынушыға қажетті
электр қуаты;
21)
- электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын
уәкілетті орган
мемлекеттік орган;
22) электр энергиясын тұтыну сипаты - электр энергиясын тұтынудың маусымдық,
уақытша, ауысымды, авариялық, тұрмыстық немесе өндірістік тұтыну үшін; технологиялық,
электрмен дәнекерлеу жұмыстары үшін, электрмен жылыту және/немесе ыстық сумен жабдықтау
қажеттіктері үшін деп бөлінетін типтері;
23) электр энергиясын бекітіп жеткізу - тұтынушыға электр энергиясын тәуліктің әр
сағаты үшін дәл келісілген көлемде беру;
24) сараптау ұйымы - электр энергетикасы және энергия үнемдеу мәселелері бойынша
өткізуге арналған уәкілетті органның рұқсаты бар ұйым;
энергетикалық сараптама
25) электр қондырғы - электр энергиясы өндірілетін, түрлендірілетін, берілетін,
таратылатын, тұтынылатын қондырғы;
26)
- отын-энергетикалық ресурстарды тиімді және үнемді пайдалануға
энергия үнемдеу
бағытталған (ұйымдық, ғылыми, практикалық, ақпараттық) қызмет.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар
министрінің 2009.12.14
№ 337
бұйрығымен.
2. Электрмен жабдықтауды ұйымдастыру
3. Тұтынушыларды электрмен жабдықтау:
1) электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын сату-сатып алу
шарттары мен көтерме сауда нарығына қатысушылардың арасындағы орталықтандырылған
жасалған мәмілелер негізінде жүзеге асырылады.
сауда-саттықтарында
Егер тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, шарт бойынша сатып алынған электр
энергиясының тұтынушыға дейін жеткізілуін (тасымалдануын) қамтамасыз етуді энергия беруші
ұйым жүзеге асырады;
2) бөлшек сауда нарығында электр энергиясын сатуды шарт бойынша энергиямен
жабдықтаушы ұйым жүзеге асырады. Бұл ретте энергиямен жабдықтаушы ұйым энергия беруші
ұйыммен электр энергиясын беру шартын жасасады. Көтерме сауда нарығына шығу шегінен асып
кеткен электр тұтынудың орташа тәуліктік қуатымен тұтынушылар мен электр энергиясын
энергия өндіруші ұйымдардан сатып алушылар энергия беруші ұйымдармен электр энергиясын
беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге шарт жасасады;
3) электрмен жабдықтау шарты жазбаша түрде жасалады. Оған: тараптардың теңгерімдік
тиесілігі мен пайдалану жауапкершілігін шектеу актілері, тұтынушының электр
қондырғыларының техникалық жай-күйін зерттеу жөніндегі сараптау ұйымының актісі, қажетіне
қарай авариялық және (немесе) технологиялық брондар
, сондай-ақ энергиямен
актісі
жабдықтаушы (энергия беруші) ұйым белгіленген тәртіппен жасаған өзге де құжаттар қоса
беріледі;
4) электр энергиясын беру шарты жазбаша нысанда жасалады. Оған тараптардың
теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін шектеу актілері; қажетіне қарай
авариялық және (немесе) технологиялық брондар актісі және белгіленген тәртіппен жасалған
өзге де құжаттар қоса беріледі;
5) электр энергиясы нарығына қатысушылардың өңірлік және (немесе) жергілікті
деңгейлердегі электр желілеріне еркін қол жетімділігін қамтамасыз ету және нарық
субъектілерінің арасындағы көрсетілген желілер бойынша олардың электр энергиясын беру
жөнінде жасасқан мәмілелері кезінде туындайтын қарым-қатынастарды реттеу Қазақстан
Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар Министрінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы
N 214 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N
1708 Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген
Қазақстан Республикасының Электр желілері
(бұдан әрі - ЭЖЕ) және өзге де
ережесімен
нормативтік құқықтық кесімдермен регламенттеледі;
6) нарыққа қатысушылардың (ұлттық энергия беруші ұйымның) өңіраралық деңгейдегі
электр желілеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету тараптар арасында көрсетілген тораптар
бойынша электр энергиясын беру жөнінде мәмілелер жасасу кезінде туындайтын
қарым-қатынастармен реттеледі, ЭЖЕ және қолданыстағы нормативтік құқықтық кесімдермен
регламенттеледі.
4. Электр энергиясы субъектілерінің арасында туындайтын келіспеушіліктер заңнамада
белгіленген тәртіппен шешіледі.
5. Электрмен жабдықтаудың авариялық бронінің актісін (бұдан әрі - АБА) тұтынушы
және энергиямен жабдықтаушы ұйым бірлесе отырып жасайды. АБА жөнінде келіспеушіліктер
Достарыңызбен бөлісу: |