Электр аппараттары «Федералдық білім беруді дамыту институты»



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет96/116
Дата18.09.2023
өлшемі8,21 Mb.
#43447
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   116
8 Девочкин Электр аппараттары. Оқулық

12.5.Сыйымдылық датчиктері
Сыйымдылық датчиктері шын мəнінде конденсатор. Қарапайым 
конденсатордың сыйымдылығы (12.14-сурет)
С= ε
S
Бұл жерде ε
а


пластиналар арасында орналасқан материалдың аб-
солютті диэлектрлік өтімділігі; 

— пластина ауданы; ∆ — пластиналар 
арасындағы ара-қашықтық.
Көрсетілген кез-келген параметрдің өзгеруі конденсатор 
С 
сыйым- 
дылығының өзгерісін тудырады. Электронды схемаларды қолданып, 
кернеудегі сыйымдылықты түрлендіру өте оңай, ол электрондық аппа- 
рат арқылы əр түрлі құрылғыларды басқаруға мүмкіндік береді.
Сыйымдылық датчиктерін бактағы жанармайды бір деңгейде ұстап 
тұру үшін немесе өлшеу үшін қолданады. Бұл жағдайда датчикті бір
бірінен оқшауланған екі пластиналардан (көп 
жағдайда бір-бірінің ішінде орналасқан түтікше 
түрінде болады) жасайды.
Бұндай конденсатордың сыйымдылығы пла- 
стиналар арасында орналасқан материалдың ди- 
электрлік өтімділігіне тəуелді.
12.14-сурет. Қарапай- 
ым конденсатор
Олардың мəндері жанармай үшін жəне ауа 
үшін əртүрлі. Сəйкесінше конденсатор сыйым-


198
дылығы жанармай деңгейіне тəуелді.
Сыйымдылық датчиктерді прокат қалыңдығын жанаспай анықтау 
үшін прокаттау орнағында қолданады. Мұндай датчиктің жұмысы иле- 
нетін болат табағының арасында жəне сол парақтан алыс жатқан кон- 
денатор пластинасының сыйымдылығының өзгеруіне негізделген. Егер 
илеу қалың болып кетсе, пластинаға дейінгі арақашықтақ азаяды, кон- 
денсатор сыйымдылығы артады. Сыйымдылықтың өзгеруі электронық 
схемамен кернеудің өзгерісіне түрленеді, ол илеу қалыңдығын реттеу 
механизмін жберуге жəне илеудің қажет қалыңдығын қалпына келтіру- 
ге мүмкіндік жасайды.
Сыйымдылықты датчикке Кеңес инженері Лев Термен қызық қол- 
даныс тапты. 1920 ж. ол əлемде ең алғаш электрондық музыкалық ас- 
пап ойлап шығарды, ол автордың құрметіне «терменвокс» атауын алды. 
Ол аспапта музыкант қолы мен қадауышты антенна арасындағы сый- 
ымдылықтың өзгеруі музыкалық дыбыстарға түрленді, əуен тоны қол 
мен қадауыш арасында қашықтыққа тəуелді болды. Өнертапқыш тер- 
менвоксте ойнап, көптеген елдерді аралап, концерттерімен ел алдына 
шығып жүрді. Кейінірек ол АҚШ-та «Телеточ» фирмасының негізін қа- 
лады, жарықтандыруды алыстан қосатын, қозғалмалы есіктерді оған 
жақындаған кезде автоматты түрде ашатын (көптеген дүкендерде қол- 
данылады) сыйымдылық датчиктері бар алыстан басқаратын электрон- 
ды аппараттар шығарды. Нью-Йорк қаласындағы атақты Синг-Синг 
абақтысын күзет жүйесімен жабдықтады.
Екінші дүние жүзілік соғыстың соңында Кеңес Одағында жер беті- 
нен 2 м биіктікте авиоциондық бомбаны жарудың басқару жүйесі ойлап 
шығарылды, бомбаның зақымдаушы əрекетін бірден арттырды. Жүйе 
негізін бомба мен жер арасындағы сыйымдылықты өлшейтін сыйым- 
дылықты датчик, электронды аппарат құрады.

жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау