Бақылау сұрақтары
1.
Датчиктердің статикалық жəне динамикалық сипаттамалары
нені білдіреді?
2.
Генераторлық датчиктердің параметрлік датчиктерден айыр-
машылығы неде?
3.
Потенциометриялық датчиктердің жұмыс принципін түсін-
діріңіз.
4.
Индуктивтік датчиктердің артықшылықтары мен кемшіліктері
қандай?
5.
Холл датчигі қалай жұмыс істейді?
6.
Сыйымдылықты датчиктерді пайдалану мысалын келтіріңіз.
7.
Фатореле жұмыс принципін түсіндіріңіз.
8.
Термореледе қандай датчиктерді қодануға болады?
204
13-ТАРАУ
ЭЛЕКТРОНДЫ АППАРАТТАРДАҒЫ
ЛОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИМПУЛЬСТІК
ҚҰРЫЛҒЫЛАР
13.1.
Ақпаратты берудің цифрлық әдістері
туралы жалпы мәліметтер
Соңғы уақытта аналогты құрылғыдан цифрлық құрылғыға өту бета-
лысы байқалды. Цифрлық құрылғылар іс жүзінде аналогты құрылғы-
лармен шешілетін барлық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді жəне
сонымен бірге өндірісте неғұрлым қарапайым, сенімді жəне арзан бо-
лып табылады.
Әсіресе цифрлық əдістер ақпарат беру құрылғыларында, əртүрлі ны-
сандармен басқару жүйелерінде, автоматикада кеңінен қолданылады.
Сонымен, қазіргі таңда байланыс жүйелерінің цифрлық əдістерге
өтуі жүзеге асуда. Спутниктік телевидение де цифрлық режимде жұмыс
істейді. Таспалы фотоаппараттардың орнына цифрлық, тіпті ұялы теле-
фон аппараттарына тұрғызылған фотоаппараттар пайда болды. Цифр-
лық ақпаратты есте сақтау оңай, компьютерлерге жəне DVD-рекордер-
лерге енгізуге болады.
Кез келген аналогты сигналдарды, мысалы, адам сөзін қажет
жағдайда қайтадан аналогты сигналға түрлендіруге болатын цифрлық
кодпен берілген дискреттік сигналдарға түрлендіруге болады. Цифр-
лық əдістер іс жүзінде кез келген түрдегі сигналдарды түрлендіруге,
мысалы ешқандай тербеліс контурынсыз синусоидалық кернеуді алуға
мүмкіндік береді. Цифрлық əдістердің ерекшелігі - онда бізге үйрен-
шікті ондық цифрлар пайдаланылмайтындығында. Оларды есте сақтау
жəне жоғарғы сенімділікпен тарату қиын болар еді. Тек екі цифрды
пайдалану неғұрлым ыңғайлы: нөл жəне бір. Екілік деп аталатын
есептеудің мұндай жүйесінде нөл цифрына кернеудің болмауы, ал бірге
– кернеудің болуы сəйкес келеді жəне қандай деңгейде екендігі бəрібір.
Іс жүзінде есептеудің екілік жүйесінде барлық заманауи компьютер-
лер жұмыс істейді, ал кейбір ғалымдардың ойынша адамның миы да
екілік жүйеде жұмыс істейді.
Цифрлық құрылғылардағы транзисторлар негізінен кілттік деп ата-
латын режимде жұмыс істейді: транзистор толығымен жабық (коллек-
тор тогы нөлге тең) немесе қаныққан режимде болады (коллектор тогы
ең жоғары).
205
А
В
Q
0
0
0
0
1
1
1
0
1
1
1
1
А
В
Q
0
0
1
0
1
0
1
0
0
1
1
0
Достарыңызбен бөлісу: |