Элективті пјндер каталогы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет10/18
Дата29.05.2018
өлшемі0,52 Mb.
#18394
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

Білім қорының өңдеу кезінде қолданылатын программалардың құрал-жабдығымен танысу;

Логикалық программалау негіздерін үйрету;

Пролог программалау жүйесімен жұмыс ұйымдастыру принциптерін үйрену.

Қысқаша   мазмұны:  «Функционалды-логикалық   бағдарламалау»   курсы   қазіргі   қоғам

талабына сай жаңа ақпараттық жүйелер мен технологияларды қолданып сараптаушы жүйелерді

әртүрлі  салаларға арнап құру мен қолдану және жасанды  интеллект жүйелерін программалау

мәселелерін   шешуде   теориялық   және   практикалық   білім   жинақтап,   машықтандырады   мақсат

етеді.

Күтілетін   нәтижелері:  Пәнді   игеру   барысында   логикалық   програмалау   тілдері   негіздері

жалпы қарастырылып Д-Пролог, Turbo және Visual Пролог тілдерін әртүрлі салалардағы жобалау,

жоспарлау, болжау, шешім қабылдауға қолау көрсету есептерін шешуде қодану қарастырылады.

Функционалды-логикалық бағдарламалау» пәнін оқыту мақсаты – студенттердің білім беру

стандарттарына   сәйкес   білім   алуын,   логикалық   программалауда   жұмыс   дағдыларын   үйренуін

қамтамасыз ету және олардың жүйелі ойлау қабілетін дамыту болып табылады. 



Пререквизиттер: Компьютерлік жүйелердің архитектурасы мен ұйымдастырылуы, Жүйелік

бағдарламалау. 



Постреквизиттер:  Компьютерлік   графика,   Микроэлектроника   ІІ,   Компьютерлік   жүйелер

интерфейсі   ІІ,   Операцияны   зерттеу,   Операциялық   жүйелер,   Бағдарламамен   қамтамасыз   ету,

Автоматты басқару теориясы.

Оқытушы: магистр, аға оқытушы Көбеева З 

14.1. Басқару модельдері мен әдістері – 3 кредит (135 сағат) 

 Оқытудың мақсаты: Жүйелерге тән заңдылықтарды зерттеудің ғылыми және қолданбалы

аспектілерін   меңгеру.   Операцияларды   зерттеудің   негізгі   түсініктерімен     операциялардың

модельдерін білу және оны игеру.                                                                                             

Қысқаша   мазмұны:  Модельдер   және   басқару   мақсаты.   Басқарудың   фундаментальді

принциптері. Оптималды және адаптивті басқару модельдері. Ляпуновтың екінші тәсілі.

Дұрыстау  жүйелерінің   динамикалық     сипаттамалары.   Понтрягинның   максимум   принципі.

Басқару   жүйесінің   синтез   есебін   шешудің   адаптивті   тәсілінің   ерекшелігі,   адаптивті   жүйелері

классификациясы.   Іздеу   және   іздеу   емес,   тікелей   және   тікелей   емес   адаптивті   басқару

жүйелерінің  жалпы сипаттамасы. Градиентті тәсіл. Бақылайтын жүйелер.



Күтілетін нәтижелері: Жүйелерге тән заңдылықтарды зерттеудің  ғылыми және қолданбалы

аспектілерін   меңгереді.   Операцияларды     зерттеудің   негізгі   түсініктерімен     операциялардың

модельдерін біліп, онымен жұмыс жасауға дағдыланады.                                             

Пререквизиттер: Компьютерлік жүйелердің архитектурасы мен ұйымдастырылуы, Жүйелік

бағдарламалау. 



Постреквизиттер:  Компьютерлік   графика,   Микроэлектроника   ІІ,   Компьютерлік   жүйелер

интерфейсі   ІІ,   Операцияны   зерттеу,   Операциялық   жүйелер,   Бағдарламамен   қамтамасыз   ету,

Автоматты басқару теориясы.

Оқытушы: т.ғ.д., профессор Ескендиров Ш

14.2. Тұрақтылық теориясы – 3 кредит (135 сағат) 

     Оқытудың мақсаты: Тұрақтылық туралы негізгі түсініктерді меңгеру. Ақпараттық жүйе

эффективтілігі және тұрақтылығы туралы  ұғымдарды басшылыққа алуға үйрету.

Қысқаша   мазмұны:  Тұрақтылық   туралы   негізгі   түсініктер.   Тұрақтылық   сапалық

көрсеткіштері.   Тұрақтылыққа   тексеру.   Қайта   келтірілмейтін     жүйелердің   тұрақтылығы.

Резервтеу.  Алмастыру  және   тексеру,  жөндеу  профилактикасы.   Бағдарламалық   қамтамасыз   ету

тұрақтылығы. Апараттық жүйе эффективтілігі және тұрақтылығы. Қамтамасыз ету тұрақтылығы

жайлы сұрақтар.

Күтілетін нәтижелері: Тұрақтылық туралы негізгі түсініктерді меңгереді. Ақпараттық жүйе

эффективтілігі  және тұрақтылығы туралы  ұғымдарды  басшылыққа алуға үйренеді.



Пререквизиттер: Компьютерлік жүйелердің архитектурасы мен ұйымдастырылуы, Жүйелік

бағдарламалау. 




Постреквизиттер:  Компьютерлік   графика,   Микроэлектроника   ІІ,   Компьютерлік   жүйелер

интерфейсі   ІІ,   Операцияны   зерттеу,   Операциялық   жүйелер,   Бағдарламамен   қамтамасыз   ету,

Автоматты басқару теориясы.

Оқытушы: т.ғ.к.,  доцент Апсеметов А.

14.3. Математикалық физика теңдеуі – 3 кредит (135 сағат ) 

Оқытудың   мақсаты:  Математикалық   физика   теориясының   іргелі   ұғымдарын   беру

(анықтамалар, теоремалар, тұжырымдар) негізгі әдістерді оқыту және оларды қолдануды үйрету;

әртүрлі жеке дара ұғымдар мен зерттеулерді бір жүйеге келтіру нәтижесінде алда тұрған нақты

есептерді   шығару   қабілетін   арттыру.  Басқа   математикалық   әдістерді,   математика   мен   физика

салаларын зерттеп үйренуге дайындау. 

Қысқаша мазмұны:  Математикалық және функционалдық талдаулар. Жоғары геометрия.

Алгебра.   Жай   дифференциалдық   теңдеулер.   Кешенді   айнымалы   функциялар.   Математикалық

пайымдау дәрежелері. Коши және шекаралық есептерінің шешімі.

Күтілетін нәтижелері: Басқа математикалық әдістерді, математика және физика салаларын

зерттеп   үйренуге   дайындауға,   білімгерлердің   логикалық   ойлау,   математикалық   пайымдау

дәрежелерін және математикалық мәдениетін физика, техника, жаратылыстану ғылымдарында

кездесетін есептер мен мәселелерді шеше білу деңгейіне жеткізуге бағытталады.



Пререквизиттер: Компьютерлік жүйелердің архитектурасы мен ұйымдастырылуы, Жүйелік

бағдарламалау. 



Постреквизиттер:  Компьютерлік   графика,   Микроэлектроника   ІІ,   Компьютерлік   жүйелер

интерфейсі   ІІ,   Операцияны   зерттеу,   Операциялық   жүйелер,   Бағдарламамен   қамтамасыз   ету,

Автоматты басқару теориясы.

Оқытушы: ф.м.ғ.к.,  доцент Тлеубердиев Б.

15.1. Ақпарат қауіпсіздік негіздері – 3 кредит (135 сағат) 

Оқытудың мақсаты:  Жаңа ақпараттықтехнологиялар және қорғау жүйелері. Қазіргі заман

криптографиялық жүйелерді қолданылатын әдістер мен құралдарды қолдану. 



Қысқаша мазмұны:  Негізгі түсініктер мен анықтамалар, ақпаратқа шабуыл көздері, қауіп-

қатерлері   және   формалары,   қауіпсіздік   стандарттары.   Криптографиялық   модельдер,   шифрлау

алгоритмдері.   Негізгі   ОЖ   қауіпсіздігінің   модельдері.   Желілерге   әкімшілік   ету,

пайдаланушыларды   аутентификациялау   алгоритмдері.   Корпоративтік   желілердің   көпдеңгейлі

қорғанышы. Ақпарат қорғау жүйелеріне қолданылатын талаптар. 

Күтілетін   нәтижелері: 

Ақпараттық   үрдіс   құрылымын,   ақпараттық   үрдістерді

ұйымдастырудың негіздерін білуге ұмтылады. Ақпараттық үрдістер мен обьектілерді формальді

түрде сипаттау әдістерін қолдана алуға мүмкіндік алады. Ақпараттық жүйе есептерін қою мен

алгоритмдеу кезінде жүйелік талдауды қолдана алу және ақпараттық жүйелердің концептуалды

моделін анықтауды меңгереді. 



Пререквизиттер: Компьютерлік жүйелердің архитектурасы мен ұйымдастырылуы, Жүйелік

бағдарламалау. 



Постреквизиттер:  Компьютерлік   графика,   Микроэлектроника   ІІ,   Компьютерлік   жүйелер

интерфейсі   ІІ,   Операцияны   зерттеу,   Операциялық   жүйелер,   Бағдарламамен   қамтамасыз   ету,

Автоматты басқару теориясы.

Оқытушы: т.ғ.д., профессор Ескендиров Ш

15.2. Қазіргі криптография – 3 кредит (135 сағат) 

Оқытудың   мақсаты:  Криптографияға   кіріспе.   Криптоалгоритмдер   классификациясын

меңгерту.   Криптожүйелерге   қолданылатын   талаптарды   үйрену.   Алгоритмдердің   күрделілігін

меңгеру. Қарапайым алмастыру шифрлері.  Blowfish, IDEA шифрлеу алгоритмдерін пайдалану.

Қысқаша   мазмұны:  Криптографияға   кіріспе.   Криптоалгоритмдер   классификациясы.

Криптожүйелерге   қойылатын   талаптар.   Алгоритмдердің   күрделілігі.   Қарапайым   алмастыру

шифрлерін ұғынады. Blowfish, IDEA шифрлеу алгоритмдері 



жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау