7-і мысал. Алдындағы мысалда келтірілген поезд шұғыл тежеу кезінде 600 метрден аспайтын аралықта тоқтауы үшін қозғалыстағы ең үлкен жылдамдықты анықтау қажет.
Ш
4-сурет. Тежеу бойынша шекті жіберілетін поезд қозғалысы жылдамдығын анықтау
ешімі. Тежеуді дайындау жолы қозғалыс жылдамдығына ғана тәуелді және сызық бойымен өзгереді деп болжайық. Сонда біз екі нүктені табамыз, ол осы түзуді анықтайды. Бірінші нүкте жылдамдықтың v = 0 сәйкес келеді және тежеуді дайындау жолы
Екінші нүктені v = 100 км/сағ жылдамдығында аламыз.
;
с;
м.
Екі нүкте бойымен 4-суреттегі 1 сызықты сызамыз.
Қашықтығы 600 м сәйкес келетін абсцисса осіндегі нүктеден кері бағытта біртіндеп v=0 бастап 1 сызығымен түйіскенге дейін шұғыл тежеу режиміне сәйкес келетін жылдамдық қисығын 2 құрамыз.
Тұрғызуды Липецтің графиктік әдісімен немесе, поезд қозғалысының теңдеуін сандық интегралдау не болмаса аналитикалық қорытындылау әдісімен орындауға болады. 1 мен 2 сызықтарының қиылысқан А нүктесі негізгі тежеу жолының sд бастапқы есебінен және бастапқы тежеу жылдамдығына км/сағ сәйкес келеді.
Жоғарыда қарастырған поезд тіктігі 5 ‰ еңісте, км/сағ жылдамдықпен шұғыл тежеуді бастаса, онда ол Sп ≈ 260 м тежеуді дайындау жолын және Sд≈ 340 м негізгі тежеу жолын өтіп барып, яғни поезд машинист кранының тұтқасын тежеу жағдайына бұрған орнынан 600 м қашықтықта жүріп барып тоқтайды. 4-суреттегі А нүктесіндегі жылдамдықтан бастапқы тежеу жылдамдығы үлкен, тежеу жолы 600 м үлкен болады.
Тәжірбие жүзінде қарастырып отырған телімде кез-келген еңіс үшін поезд қозғалысы жылдамдығының жіберілетін мәнін анықтау қажет және мұнда тежеу жолының ұзындығы кейбір берілген мәндерден аспайды. Әйтпесе, қарастырып отырған еңістердің кез келгеніне тежеу құралы бойынша жылдамдықты шектелуін анықтау қажет болады. Бұл жағдайда 7-і мысалға ұқсас қарастырылған есепті еңістің үш мәніне ғана шешеді. Осы еңістердің бірі ретінде жолдың түзу тегіс телімнің (i = 0), ең үлкен еңісті және еңіс бойынша орташа шамасын алады. Табылған жылдамдықтың үш мәнмен vдоп(i) графиктік тәуелділігін құрады. Осы графиктік тәуелділіктің көмегімен жол теліміндегі кез келген еңістегі поезд қозғалысы жылдамдығының жіберілетін шектелуін табады.
Достарыңызбен бөлісу: |