1- кестенің жалғасы.
16
|
5000
|
8,0
|
1500
|
-
|
28
|
10
|
5000
|
8,0
|
0,1
|
8,1
|
|
iр
|
17
|
1500
|
5,0
|
-
|
-
|
-
|
11
|
3200
|
4,4
|
0,1
|
4,5
|
3333
|
|
18
|
300
|
0,0
|
-
|
-
|
-
|
455
|
|
19
|
800
|
6,0
|
-
|
-
|
-
|
1250
|
|
20
|
600
|
3,0
|
700
|
250
|
-
|
1429
|
|
21
|
2000
|
0,0
|
-
|
-
|
-
|
12
|
|
|
|
|
|
С бекеті
|
Жолдың пішінін туралау бойынша есепті шығару жолы көп уақыт қажет екендігін мысалдан көруге болады. Есепті шығару жолын оңайлату және тез нәтижеге қол жеткізу үшін персональды компьютерді қолдануға болады.
2 Жүк поездар құрамының массасын есептеу және тексеру
Тартым есептерінің күші бар Ережелеріне сәйкес жүк құрамының массасын мына шарттар бойынша анықтайды: локомотивтің қуатын толық пайдалану мен оның тартым сапасы бойынша, поездың кинетикалық энергиясы бойынша.
Темір жол жұмысының тиімділігіне әсер ететін ең маңызды көрсеткіштердің бірі болып құрамның массасы табылады. Құрамның массасын арттыру темір жол бойының тасымалдау қабілеттілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді, өзіндік құнын төмендетеді және тасымалдаудың үнемділігін жоғарылатады, локомотивтің тартым күші мен қуатын пайдалануды жақсартады, поездар тартымына кететін отын немесе электр энергия шығынын төмендетеді. Құрамның шектен тыс салмағы локомотивтің жабдықтарының ерте бұзылуын тудыруы мүмкін.
Жол пішіні екі типке бөлінеді: Жол пішінінің бірінші типіндегі телімде ең тік өрлер (крутые подъемы) үлкен қашықтыққа ие және бірқалыпты жылдамдыққа қол жеткізе алады. Жолдың екінші типіне ұзындығы айтарлықтай қысқа тік өрлер кіреді және жолдың осы пішінінде поезд бірқалыпты жылдамдыққа қол жеткізе алмайды.
Жол пішінінің сипатына қарай жүк поездарының құрам массасын былай есептейді: ең ауыр өр бойынша бірқалыпты жылдамдықпен қозғалу шарты негізінде немесе поезд жылдамдығы түсетін, тіктігі жағынан ең үлкен, ұзындығы қысқа өрде поездың кинетикалық энергиясын қолдана отырып қозғалу шарты негізінде.
Поездың жүру барысында бірқалыпты жылдамдық тағайындалған ең ауыр өрді қарастырып отырған телімнің есептеме өрі деп атайды.
Қарастырып отырған телімнің қашықтығы айтарлықтай қысқа және тіктігі ең үлкен өрді поезд өзінде қорланған кинетикалық энергиясы есебінен алып шығатын өрді жылдамдықты немесе инерциялық деп атайды.
Курстық жобада жылжымалы құрамның есептеме массасын, белгіленген жылдамдықпен, есептеу өрі бойынша (ілінісу бойынша тартым күшінің максимальды нүктесі) поезд қозғалысының шартынан анықтайды. Бұл шаманы анықтаудың басқа да түрлері бар [1, §21, 2, 206-209 бет; 284-286 бет.]
Жүк поездарының құрам массасын есептеуден бұрын телімдегі жол пішінін талдайды және поездың жүруіне ауыр тиетін өрді таңдайды.
Локомотивтің есептеме тартым күші мен есептеме жылдамдығын тартым күшін шектей отырып локомотивтің қуатын толықтай пайдалану бойынша тартым сипаттамасынан белгілейді.
2.1 Есептеме өрінде бірқалыпты жылдамдықпен жүретін поездың құрам массасын есептеу
Жүк құрамының максимальды массасын тіркелген локомотив берілген телім бойынша алып жүруін мына шарт бойынша анықтайды, яғни поезд қозғалысының жылдамдығы есептемеден төмен болмауы керек. Бұл шарт орындалмайтын болса, онда тартыым қозғалтқыштарының қызып кетуіне және олардың істен шығуына алып келеді. Есептеме жылдамдығының мәні vр және осы жылдамдыққа сәйкес келетін есептеме тартым күші Fкр локомотивтің төлқұжаттағы сипаты болып табылады және әрбір серияларға келтіріледі (тартым есептері Ережелерінде). Жылдамдығы есептеме жылдамдығынан төмен болмайтындай поезд қозғалысын қамтамасыз ету үшін құрам массасы былай таңдалады: жол пішінінің ең ауыр элементінде (есептеме өрі немесе басқарушы аталатын) бірқалыпты жылдамдық есептемеге тең болатындай етіп таңдап алады. Бұл жағдайда, егер жылдамдық осы элементте бірқалыпты мәніне жетсе, бірақ өрдің ұзақтығы бітпесе, онда жылдамдық элементтің соңына дейін өзгермейді.
Құрам массасы: (2.1)
мұндағы: Fкр – есептеме тартым күші, кН;
Р – локомотивтің есептеме массасы, т;
Ір – есептеме өрі, %;
g – еркін түсу үдеуі, м/с2.
ω– локомотивтің қозғалысына келтірілетін негізгі меншікті кедергі, Н/кН;
Достарыңызбен бөлісу: |