Экспериментальды бағдарлама


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2,75 Mb.
бет13/16
Дата25.05.2018
өлшемі2,75 Mb.
#17282
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Техникалық жәнекәсіптік білім беру









ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА
Негізгі технологиялық қондырғыларды пайдалану II

Мамандығы: Қайта өңдеу және энергетикатехнологиясы
Біліктілігі: Энергия жүйелері және энергия жобалау технигі

Астана 2012


Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.

№____ хаттама 2012ж. «___» _____

ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков

Мазмұны









бет

1.

Түсіндірме жазба

194

2.

Курстың мазмұны

195

3.

Оқыту әдістері

201

4.

Оқыту ресурстары

201

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

201

6.

Курстың бағалау жүйесі

201




















1.Түсіндірме жазба
Осы эксперименттік білім беру бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы).

«II Негізгі технологиялық қондырғыларды пайдалану» пәнібастапқы қозғалтқыштарға, майлауға, электрге, негіздерге, жылытқышқазандарға және қосалқы жабдыққа қатысты мәселелерді зерделеуге бағытталған. Курс теориялық материалды практикалық қолдануға бағытталған көп зертханалық-практикалық тапсырмаларды қамтиды.

Модульдердің жалпы саны: 17.

Сағаттар саны: 180.

Кредиттер саны: 6,0

«II Негізгі технологиялық қондырғыларды пайдалану» пәнінің эксперименттік білім беру бағдарламасы білім беру ұйымының жұмыс бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Жұмыс білім беру бағдарламасын әзірлеуде білім беру ұйымының жұмыс берушілердің талаптарын және жергілікті жағдайларды ескеретін өңірлік құрамдас бөліктерін енгізу бөлігінде бағдарламалық материалды зерделеу бірізділігіне негізделген өзгерістер енгізуге құқығы бар.

Жұмыс бағдарламасын іске асыруда топта талқылауды, компьютерде таныстыру рәсімін, көрсетіп таныстыруды қолдану, бағалау, басшылық нұсқаулық, тәуелсіз оқыту, дәріс ұсынылады.

Ойдағыдай меңгеру үшін бағдарламада теориялық (дәрістік) сабақтарды зертханалық-практикалық сабақтармен, семинарлармен кезектесіп өткізу көзделген.

«Технологиялық процестер» пәндерімен пәнаралық біріктірумамандық, болашақ еңбек қызметі ауқымында оқылатын пәнді студенттердің толық қабылдау қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді, түрлі оқу бағдарламаларының өзара байланысын ұғынуға көмектеседі.



2. Курстың мазмұны
1-модуль. Бастапқы қозғалтқыштар және машиналар
Оқудың нәтижесі:

Бу турбиналары мен градирняларды пайдалануды бағалау.


Модуль тапсырмалары:

1.1. Жылу энергиясының механикалық энергияға айналуын сипаттау.

1.2. Қарапайым бу қозғалтқышын жасау кезінде жылу қозғалтқышы мен бастапқы қозғалтқыш терминдерін салыстыру және теңестіру.

1.3. Механикалық соққыларды және турбина реакцияларын салыстыру және теңестіру.

1.4. Табиғи күшпен механикалық градирняларкүшінтеңдестіру және салыстыру.

1.5. Тұтандыру қозғалтқышын қысу белгілерін сипаттау.


Модуль 2. Сорғылар және компрессорлар
Оқудың нәтижесі:

Ғимараттарда және өнеркәсіптік зауыттарда пайдаланылатын сорғылар мен компрессорларды топтастыру


Модуль тапсырмалары:

2.1. Айдау теориясын сипаттау және сорғылардың негізгі типтерін топтастыру.

2.2. Неғұрлым жиі пайдаланылатын сорғылардың орнатылуын, пайдалануға берілуін және оларға техникалық қызмет көрсетуді сипаттау.

2.3. Компрессорлардың түрлі топтамалары мен олардың жұмысы қағидаттарының байланысы.

2.4. Ауа компрессоры жүйесінде әрбір құрамдас бөлігінің мақсатына шолу.
Модуль 3. Майлау
Оқудың нәтижесі:

Түрлі пайдалану үшін сай келетін майлау майларын таңдау


Модуль тапсырмалары:

3.1. Мақсатына және қасиеттеріне қарай майлау материалдарын топтастыру.

3.2. Майлау материалдарында қолданылатын түрлі қосындылардың сипаттамаларын айқындау.

3.3. Мойынтіректердің түрлі типтерін сипаттау.


3.4. Мойынтірекке техникалық қызмет көрсетуді және оны ауыстыруды түсіндіру.

3.5. Мойынтіректің істен шығусебептерін айқындау.


Модуль 4. Электрді, басқару аспаптарын және компьютерді пайдалану.
Оқудың нәтижесі:

Электр теориясының қазандар мен технологиялық процестерді бағдарламалауға қолданылуы.


Модуль тапсырмалары:

4.1. Электрдің және магнетизмдің, оның ішінде Ом заңының негізгі қағидаттарын сипаттау.

4.2. Электр энергиясын есепке алу аспаптарын дұрыс пайдаланудытүсіндіру.

4.3. Ауыспалы және тұрақты ток қозғалтқыштарының/генераторларының және трансформаторларының жұмысы қағидаттарын түсіндіру.

4.4. Электр энергиясын бөлу жүйесінің құрамдас бөліктерін анықтау.

4.5. Басқарудың зауыттық аспаптары, басқаруды бағдарламалау және технологиялық өлшемдер жүйелерінің мақсаттары мен функцияларын түсіндіру.

4.6. Таратқыштардың, магнитофондардың, контроллерлердің және реттеуші қақпақшалардың негізгі түрлері мен функцияларын анықтау.

Модуль 5. Жылыту қазандары және жылу жүйелері
Оқудың нәтижесі:

Қазандар мен жанарғылар жұмысында жылыту қағидаттарын қолдану.


Модуль тапсырмалары:

5.1. Ыстық су мен бу сипаттамаларының жылу жүйесіндегі олардың жай-күйімен байланысы.

5.2. Жылудың шойын секциялық және модульдік қазандарының құрылысы мен оларды пайдалануды түсіндіру.

5.3. Төмен қысымды бумен және сумен жылытылатын қазандар үшін мұнай мен газ жанарғыларынжәне негізгі фитингтерді түсіндіру.

5.4. Түрлі жылу жүйелерін пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсетуді түсіндіру.

5.5. Жылуды ыстық сумен, бумен, ыстық ауамен, инфрақызыл және электр жылуымен теңдестіру және салыстыру.


5.6. Ішкі орта үшін тазартуды, желдетуді, ылғалдылықты бақылауды және температураны қоса алғанда, ауаны дайындау жөнінде түсіндіру

5.7. Жылыту қазандарын қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажетті басқару аспаптарын сипаттау.


Модуль 6. Бумен және сумен жылытылатын жылу жүйесі
Оқудың нәтижесі:

Жылу жүйесін бумен,сумен, ауамен, инфрақызыл және электр жылуымен салыстыру.


Модуль тапсырмалары:

6.1. Бумен, сумен жылытылатын жылу және электр жылуы жүйелерінің негізгі құрамдас бөліктері мен қосалқы жабдығын сипаттау.

6.2. Әрбір жүйе үшін пайдалану, қызмет көрсету және ақаулықтарды жою бойынша жалпы басшылықты түсіндіру.

6.3. Коммерциялық және тұрғын үйлердің ауасында табылатын түрлі ластануды жою үшін пайдаланылатын ауа тазарту құрылғылары типтерін анықтау.

6.4. Бумен, сумен, ауамен жылытылатын жылу және инфрақызыл және электр жылуы жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау.
Модуль 7. Ғимараттардың қосалқы жүйелері
Оқудың нәтижесі:

Кеңістікті жарықтандыру үшін базалық конструкцияны және ғимараттарда пайдаланылатын түрлі дренаждық жүйелерді бағалау.


Модуль тапсырмалары:

7.1. Ыстық және суық суменжабдықтауды сипаттау.

7.2. Дренаждық қақпандардың пайдаланылуын және ауаны желдетуді ақтау.

7.3.Коммерциялық және тұрмыстық су құбыры жүйелерін салыстыру.

7.4. Сантехникалық жүйелерге ағымдағы техникалық қызмет көрсетуді сипаттау.

7.5. Кең таралған жарық типтеріне шолу.

7.6. Жарықты әртүрлі әдістерменбасқаруды түсіндіру.

7.7. Авариялық жарық қажеттілігін түсіндіру.


Модуль 8. Төмен қысымды бу қазаны
Оқудың нәтижесі:

Төмен қысымды бу қазанымен жұмыс үшін дағдыларды көрсетіп таныстыру.



Модуль тапсырмалары:

8.1. Бу қазаны фитингтерін және басқару элементтерін сәйкестендіру.

8.2. Отынды, суды беру, үрлеу және түтінді газды бұру жүйелері.

8.3. Іске қосу және тоқтату рәсімін көрсетіп таныстыру.

8.4. Судың аз деңгейінде ажыратқышты сынауды көрсетіп таныстыру.

8.5. Үрлеу рәсімін көрсетіп таныстыру.

8.6. Қазанның бұрыс жұмысын тудыратын проблемалар.
Модуль 9. Сумен жылытылатын қазандар
Оқудың нәтижесі:

Иілгіш құбыр СВ/гидротерммен жұмыс үшін дағдыларын көрсетіп таныстыру.


Модуль тапсырмалары:

9.1. Иілгіш құбыр СВ/гидротерм үшін тән қазанды басқару фитингтері мен элементтерін анықтау.

9.2. Отынды, суды беру, үрлеу және түтінді газды бұру жүйелері.

9.3. Кеңейтілмелі бактардың мақсатын және оларды пайдалануды түсіндіру.

9.4. Іске қосу және тоқтату рәсімін көрсетіп таныстыру.
Модуль 10. Аммиакты тоңазытқыш машина жүйесі
Оқудың нәтижесі:

Аммиакты тоңазытқыш машиналар жүйелерін қауіпсіз пайдалану дағдыларын көрсетіп таныстыру.


Модуль тапсырмалары:

10.1. Тоңазытқышқондырғыларға қатысты қауіпсіздік қағидаларын түсіндіру.

10.2. Қауіпсіздік құрылғыларының орналасқан жерін айқындау.

10.3. Жүйенің құрамдас бөліктерін/құбырларын анықтау.

10.4. Жүйе жұмысын түсіндіру.

10.5. Іске қосу және тоқтату рәсімін көрсетіп таныстыру.

10.6. Аммиакты тоңазытқыш машиналар жүйелері үшін авариялық рәсімдерді көрсетіп таныстыру.

10.7. Аммиакты тоңазытқыш машиналар жүйелеріне техникалық қызмет көрсету рәсімін көрсетіп таныстыру.


Модуль 11. Ingersoll-Rand ауа компрессоры
Оқудың нәтижесі:

Ingersoll-Rand ауа компрессорымен жұмыс үшін дағдыларды көрсетіп таныстыру.



Модуль тапсырмалары:

11.1. Ауа компрессорларының құрамдас бөліктерін анықтау.

11.2. Қосалқы жабдықты сипаттау.

11.3. Жабдықтың түрлі бөліктеріннің мақсатын түсіндіру.

11.4. Ауаны және салқындатқыш суды беру жолдары.

11.5. Іске қосу алдындағытексеру,іске қосу және тоқтату рәсімдерін көрсетіп таныстыру.

11.6. Компрессорларды жүктеуді/босатуды көрсетіп таныстыру.
Модуль 12. Листердің ішкі жану қозғалтқышы
Оқудың нәтижесі:

Листердің ішкі жану қозғалтқышымен жұмыс үшін дағдыларды көрсетіп таныстыру.


Модуль тапсырмалары:

12.1. Генератордың қозуын және жүктемені түсіндіру.

12.2. Іске қосу алдындағы тексеруді жүргізу.

12.3. Іске қосу және тоқтату рәсімін көрсетіп таныстыру.

12.4. Генератор қуатының/жүктемесінің өзгеруін көрсетіп таныстыру.
Модуль 13. Inglis қазанын басқару
Оқудың нәтижесі:

Inglis қазанын басқару дағдыларын көрсетіп таныстыру.


Модуль тапсырмалары:

13.1. Бак деңгейін, ауа ағынын, газ беруді, бу ағынын және бу қысымын бақылау үшін негізгі элементтерді анықтау.

13.2. Қазандағы бу қысымын басқаруды қадағалау.

13.3. Ауыз суды екі элементті басқаруды түсіндіру.

13.4. Бак деңгейін және бу деңгейін қолмен басқаруды автоматты басқаруға және кері ауыстыру.

13.5. Бак деңгейін және бу деңгейін қолмен және автоматты басқаруды көрсетіп таныстыру.

13.6. Бақылау-өлшеу аспаптары ауа жүйесінің мақсатын белгілеу.
Модуль 14. Газ турбиналары
Оқудың нәтижесі:

Газ турбинасы жұмысын бағалау.


Модуль тапсырмалары:

14.1. Кесілген жерінде газ турбинасыныңқұрамдас бөліктерін анықтау.

14.2. Газ турбиналары жұмысының қағидаттарын түсіндіру.

14.3. Газ турбиналары арқылы ауаның/газдың өтуін түсіндіру.

14.4. Газ турбинасы металын салқындату әдістерін түсіндіру.
Модуль 15. Вентиляция және кондициялау жүйесі
Оқудың нәтижесі:

Вентиляция және кондициялау жүйесінің жұмысын бағалау.


Модуль тапсырмалары:

15.1. Вентиляция және кондициялау жүйесінің құрамдас бөліктерін, қауіпсіздік жүйесін және оны бақылауды сипаттау.

15.2. Салқындатылған суды, буды және ыстық суды берудің құбыр жүйелерін қадағалау.

15.3. Катушкалар мен фильтрлердің түрлі жүйелерін олардың пайдаланылуы мен функцияларына сәйкес топтастыру.

15.4. Вентилятор типтерін, вентилятор жұмысы мен оған қызмет көрсету қағидаттарын түсіндіру.

15.5. Ылғалдылықты бақылау әдістерін түсіндіру.


Модуль 16. Volcano қазаны
Оқудың нәтижесі:

Vulcano қазанымен қауіпсіз жұмыс дағдыларын көрсетіп таныстыру.


Модуль тапсырмалары:

16.1. Қазан мен фитингтердің құрамдас бөліктерін анықтау.

16.2. Отын, ауыз су беру, үрлеу, бу мен ауа/газ негізгі ағыны жүйелерін қадағалау.

16.3. Ауыз суды үш элементті басқаруды түсіндіру.

16.4. Буды температурамен басқару жүйесін жағумен басқару жүйелерімен салыстыру.

16.5. Газ/ауа контурын және бу/су контурын оқшаулауды бақылау рәсімін түсіндіру.

16.6. Іске қосу және тоқтату рәсімін көрсетіп таныстыру.
Модуль 17. Мур турбинасы/генераторы
Оқудың нәтижесі:

Мур турбинасымен/генераторымен қауіпсіз жұмыс дағдыларын көрсетіп таныстыру.


Модуль тапсырмалары:

17.1. Турбина арқылы бу шығынын түсіндіру.

17.2. Ауыз суды конденсациялау және регенерациялау жүйелерін қадағалау.

17.3. Ауаны, салқындатқыш суды, майлау майын және нығыздағыш толтырмаларды шығару жүйелерін қадағалау.

17.4. Іске қосу және тоқтату рәсімін көрсетіп таныстыру.

17.5. Түрлі құрамдас бөліктермен басқаруға өзгерістер енгізу.



3. Оқыту әдістері:

  • Класта талқылау

  • Басшылыққа алынатын нұсқаулық

  • Тәуелсіз оқыту

  • Дәріс

  • Зертханалық жұмыстар


4. Оқыту ресурстары:

  • Машиналық зертхана жабдығы

  • Техмодинамикалық зертхана жабдығы

  • Үлестірме материал


5. Әдебиет тізбесі:

1. PanGlobal - 4-сынып энергетикасы, 2.5 басылым, 2009


6. Курстың бағалау жүйесі


Аралық емтихан

25 %

Бақылау сауалдамалары

5 %

Зертханалық есептер

45%

Қорытынды емтихан

25%

Барлығы

100 %


Бағалар шкаласы


Пайыздық баға

Әріптік баға

Балдық баға

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0

Ең төмен өту балы



0-49

F

0.0


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім беру










ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА
Термодинамика

Мамандығы: Қайта өңдеу және энергетика технологиясы
Біліктілігі: Энергия жүйелері және энергия жобалау технигі

Астана 2012

Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.

№____ хаттама 2012ж. «___» _____


ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков

Мазмұны









бет

1.

Түсіндірме жазба

206

2.

Курстың мазмұны

207

3.

Оқыту әдістері

208

4.

Оқыту ресурстары

209

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

209

6.

Курстың бағалау жүйесі

209




















1.Түсіндірме жазба
Осы эксперименттік білім беру бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы).

«Термодинамика» пәні механиканың және термодинамиканың кіріспе курсы болып табылады.

Модульдердің жалпы саны: 5.

Сағаттар саны: 60.

Кредиттер саны: 3.0

«Термодинамика» пәнінің эксперименттік білім беру бағдарламасы білім беру ұйымының жұмыс бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Жұмыс білім беру бағдарламасын әзірлеуде білім беру ұйымының жұмыс берушілердің талаптарын және жергілікті жағдайларды ескеретін өңірлік құрамдас бөліктерін енгізу бөлігінде бағдарламалық материалды зерделеу бірізділігіне негізделген өзгерістер енгізуге құқығы бар.

Жұмыс бағдарламасын іске асыруда топта талқылауды, компьютерде таныстыру рәсімін, көрсетіп таныстырудықолдану, бағалау, басшылық нұсқаулық, тәуелсіз оқыту, дәріс ұсынылады.

Ойдағыдай меңгеру үшін бағдарламада теориялық (дәрістік) сабақтарды зертханалық-практикалық сабақтармен, семинарлармен кезектесіп өткізу көзделген.

«Химия және коррозия», «Математика» пәндерімен пәнаралық біріктіру мамандық, болашақ еңбек қызметі ауқымында оқылатын пәнді студенттердің толық қабылдау қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді, түрлі оқу бағдарламаларының өзара байланысын ұғынуға көмектеседі.



2. Курстың мазмұны
Модуль 1. Бастауыш математиканы қайталау
Оқудың нәтижесі:

Қолданбалы математика қағидаттарына қатысы бар операцияларды орындау.


Модуль тапсырмалары:

1.1. СИ бірліктерінде өзгерістерді есептеу.

1.2. Қосу, азайту, көбейту, бөлу және дәрежеге шығару бойынша есептеулержасау.

1.3. Бөлшектермен, аралас сандармен және ондық бөлшектермен байланысты есептеу.

1.4. Арақатынастармен және пропорциялармен байланысты мәтіндік есептерді шығару.

1.5. Формулалардағы мүшелердің орнын ауыстыру арқылы мәтіндік есептерді шығару.

1.6. Түзулер мен бұрыштардың, қарапайым жазық фигуралардың ұзындығын, типтерін және беттердің ауданын және түрлі фигуралардың көлемдерін анықтау.


жүктеу 2,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау