Экономикалық шолу экономическое обозрение құрылтайшы – Қазақстан Ұлттық Банкі «Экономикалық шолу»



жүктеу 1,51 Mb.
Pdf просмотр
бет23/49
Дата21.12.2017
өлшемі1,51 Mb.
#5100
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49

31

ЭКОНОМИЧЕСКОЕ ОБОЗРЕНИЕ       1 /2013

ЗАҢНАМАҒА ТҮСІНІКТЕМЕ. МЕТОДОЛОГИЯ

болмаған жағдайда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ 

адамдар үшін тіркеу куәлігі болып табылады. 

БСН бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге 

асыратын  дара  кәсіпкерлер  үшін  –  дара  кәсіпкер 

ретінде  мемлекеттік  тіркеу  туралы  куәлікте,  заңды 

тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтамада, рези-

дент  емес  заңды  тұлғалар  үшін  тіркеу  куәлігі  сияқты 

құжаттарда және басқаларда көрсетіледі.

ЖСН/БСН  әлеуметтік  жеке  код  (ӘЖК),  салық 

төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) сияқты деректемелерді 

алмастырады  және  банктік  операцияларды  жүзеге 

асыру  кезінде,  оның  ішінде  міндетті  зейнетақы  жар-

наларын  аудару  және  әлеуметтік  аударымдар, 

зейнетақы төлемдері және әлеуметтік жәрдемақылар, 

салық  міндеттемелерін  орындау,  банктік  шоттар 

ашу  мен  жүргізу,  кредиттер  беру,  депозиттер/салым-

дар  қабылдау  және  басқалары  кезінде  қаржылық 

құжаттарда міндетті деректеме болып табылады.

Ұлттық Банк сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға 

көшу шеңберінде Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық 

актілеріне өзгерістер енгізді, екінші деңгейдегі банктер 

(бұдан әрі – банктер) және басқа өз клиенттері арасын-

да түсіндіру жұмысын жүргізді, пайдаланушылар мен 

ақпараттық жүйелерді өңдеу жөніндегі төлем жүйелері 

операторының  жұмысы  үйлестірілді.  Сондай-ақ, 

төлемдерді  және  ақша  аударымдарын  жүзеге  асыру 

кезінде  салық  төлеуші  ретінде  есепке  алуға  жатпай-

тын, Қазақстан Республикасының резиденті еместер-

ге сәйкестендіру нөмірлерін қоймау жөніндегі мәселе 

реттелді. 

Банктер өз кезегінде өз клиенттерін төлем және өзге 

де  құжаттарда  сәйкестендіру  нөмірлерін  пайдалануға 

көшу туралы хабардар ету бойынша, өз клиенттерінің 

ЖСН/БСН  болуын  және  Қазақстан  Республикасының 

Қаржы 


министрлігі 

Салық 


комитетінің 

және 


«Мемлекеттік  зейнетақы  төлеу  жөніндегі  орталық» 

(МЗТО)  республикалық  мемлекеттік  қазыналық 

кәсіпорны  дерек  қорларының  сәйкестігін  салысты-

ру  бойынша  жұмыс  жүргізді.  Банктердің  СТН  және 

сәйкестендіру нөмірлерінің дерекқорларын салыстыру 

қорытындысы бойынша, оның ішінде жеке тұлғалардың 

тегі мен әкесінің атының өзгеруіне байланысты шама-

лы  айырмашылықтар  табылды.  Мемлекеттік  орган-

дар мен банктердің үйлестірілген жұмысы барысында 

табылған айырмашылықтар жойылды. 

Банктер  банктік  шоттар  ашу  мен  жүргізу  кезінде 

және  төлемдер  мен  ақша  аударымдарын  жүзеге 

асыру  кезінде  шетелдіктердің  және  салық  төлеуші 

ретінде  тіркеу  есебіне  алуға  жатпайтын  азаматтығы 

жоқ тұлғалардың оларды жүзеге асыруын қоспағанда, 

сәйкестендіру нөмірін қолданады. Банктер үшін Салық 

кодексінде  резидент  еместердің  жинақ  шоттарынан 

және шет ел банктерінің корреспонденттік шоттарынан 

басқа,  төлем  құжаттарында  сәйкестендіру  нөмірі  жоқ 

банк шоттары бойынша операциялар жүргізбеу, салық 

және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, 

әлеуметтік  аударымдарды  төлегенде  және  міндетті 

зейнетақы  жарналары  аударымдары  кезінде  төлем 

құжаттарын  қабылдағанда  сәйкестендіру  нөмірлерінің 

дұрыс көрсетілуін бақылау міндеті көзделген. 

Сәйкестендіру  нөміріне  көшу  сәтінде  төлем 

жүйелерін пайдаланушылар сәйкестендіру нөмірлерін 

көрсете  отырып,  клиенттердің  төлем  және  өзге  де 

құжаттарын қалыптастыруға және қабылдауға, сондай-

ақ  ЖСН/БСН  тексеруге  дайындығын  қамтамасыз  ету 

бойынша барлық дайындық іс-шаралары іске асырыл-

ды.


Қазіргі  уақытта  төлем  жүйелері  ойдағыдай  жұмыс 

істеуде, төлем жүйелерін пайдаланушылар төлемдерді 

және  ақша  аударымдарын  төлем  жүйелері  арқылы 

әдеттегі  режимде  жүргізеді,  төлемдердің  қайтарылуы 

сәйкестендіру  нөміріне  көшкенге  дейін  жүзеге 

асырылған  қайтарылумен  салыстырғанда  шамалы 

ғана. 

Ұлттық  Банктің  және  банктердің  ЖСН/БСН 



пайдалануға  көшу  бойынша  ауқымды  дайындық 

жұмыстар  жүргізулері  нәтижесінде  төлемдердің  жап-

пай  қайтарылуымен  байланысты  проблемалардан 

құтылуға қол жеткізілді. 

Халықты  сәйкестендіру  нөмірлерімен  қамтамасыз 

ету бойынша жұмыстар жалғасуда. 

ЖСН/БСН  болмаған  жағдайда  банк  клиенттері 

халыққа  қызмет  көрсету  орталықтарына  не  әділет 

органдарының  аумақтық  бөлімшелеріне  жүгінулеріне 

болады,  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына 

сәйкес  ЖСН/БСН  алуға  міндетті  резидент  емес  кли-

енттер  –  дербес  не  сенімді  адам  арқылы  ЖСН/БСН 

қалыптастыру  және  резидент  еместің  салық  төлеуші 

ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігін алуы үшін салық 

органына жазбаша өтініш жолдауға тиіс. Сәйкестендіру 

нөмірлер көрсетілген құжаттар алғаннан кейін оларды 

өзінің қызмет көрсетуші банктеріне ұсынулары қажет.

ЖСН/БСН  банктердің  деректерімен  сәйкес  келме-

ген жағдайда бұл мәселені банкке тиісті құжаттар (жеке 

басын  куәландыратын  құжаттар,  туу  туралы  куәлік, 

шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін тіркеу 

куәлігі,  мемлекеттік  тіркеу/қайта  тіркеу  туралы  куәлік 

және басқалар) беру арқылы реттеу қажет.

Банктер  үшін  бірыңғай  идентификаторларды 

пайдалануға көшу банктік қызмет көрсету және банктік 

шот ашу шарттарын жасаған кезде клиенттер ұсынатын 

құжаттар санын қысқартуға мүмкіндік берді. 

Халық  үшін  сәйкестендіру  нөмірлерін  қолданудың 

қолайлылығы  алу,  сақтау,  ксерокөшірме  жасау,  жеке 

басының  куәлігін  көрсетумен  қатар  салық  төлеушінің 

тіркеу нөмірлерін және әлеуметтік жеке кодтар көрсету 

қажеттігінің  жоқтығымен,  сондай-ақ  әрбір  адамды 

мемлекеттік  органдардың  барлық  дерекқорларында 

бірыңғай  сәйкестендірумен  қортындыланады.  Соған 

байланысты  жеке  деректердің  өзекті  сипат  алуы 

қамтамасыз  етілетін  болады,  атап  айтқанда  жеке 

тұлға  тегін,  атын  немесе  әкесінің  атын  өзгерткен  кез-

де  зейнетақы  жарналарын  аудару  және  әлеуметтік 

төлемдер  алу  үшін  МЗТО  хабарландыруы  талап 

етілмейді. 

Сәйкестендіру  нөмірлерін  пайдалануға  көшу 

барлық  төлемдердің,  әсіресе  халықтың  әлеуметтік 

әлсіз қорғалған қабаттарына мемлекеттік төлемдердің 

және  мемлекет  бюджетіне  салық  түсімдерінің 

уақтылылығының  және  атаулылығының  сақталу 

бөлігінде зор маңызы бар.

Осылайша,  адамның  өмір  сүруіндегі  негізгі  сала-

ларды  жүзеге  асыру  кезінде  ЖСН  бар  жеке  куәлікті 

пайдалану  мүмкіндігі  сәйкестендіру  нөмірлерін 

қолдануда ауыз толтырып айтарлық артықшылық бо-

лып табылады. 



жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау