ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОЛУ 1 /2013
32
ЗАҢНАМАҒА ТҮСІНІКТЕМЕ. МЕТОДОЛОГИЯ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АЙЫРБАСТАУ ПУНКТТЕРІНІҢ
ЗАҢСЫЗ ЖОЛМЕН АЛЫНҒАН
КІРIСТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУҒА
(ЖЫЛЫСТАТУҒА) ЖӘНЕ
ТЕРРОРИЗМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА
ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛЫ ТУРАЛЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫН
ОРЫНДАУЫ
Жармуханова А.Н. – Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Орталық филиалының валюталық
операцияларды бақылау бөлімінің бас маманы-
экономисі
Заңсыз жолымен алынған кірістерді заңдастыру
және терроризмді қаржыландыру қазiргi заманның
көкейтестi мәселесі болып қана қоймай, сонымен
бірге, тұтастай алғанда, елдің экономикалық,
саяси, әлеуметтік салаларын әлсiретуге және
беделін түсіруге қозғаушы күш болып табылады.
Ықтимал тәуекелдердiң ғаламдық ауқымын еске-
ре отырып, дүниежүзiлік қаржы бiрлестiктерi
бүкіл әлем бойынша қылмыстық әрекеттің осы
түрімен күресудің ұжымдық шарасын қолдануда.
Ақшаны жылыстатудың салдары кері әсер
тигізетіндігін бағаламауға болмайды.
Бұл - қаржы
нарығының тұтастығын бұзу, нақты экономикалық
көрсеткiштерге бақылау жасауды әлсірету тәуекелі,
валюта бағамдарының, жеке алғанда, пайыздық
мөлшерлемелердің тұрақтылығына ықпал ету ғана
емес, тұтастай алғанда, елдiң қауiпсiздiгiне тікелей
қатер туғызу. Бұдан басқа ақшаны жылыстату,
көбінесе, криминалдық оқиғалар - терроризммен,
есiрткi заттар мен қаруды заңсыз таратумен, құл
саудасымен, жасырын көшіп келумен және т.б. бай-
ланысты болады.
Қылмыстық
кірістерді
және
терроризмді
қаржыландыруды заңдастыруға қарсы іс-қимыл
саласындағы әлемдегі белсендi ынтымақтастық
1989 жылдың шiлдесiнде алдыңғы қатарлы
елдердің «жетiлігінің» (АҚШ-тың, Жапонияның,
Германияның, Ұлыбританияның, Францияның,
Италияның, Канаданың) ақшаны жылыстату
мәселесі жөніндегі Арнайы қаржы комиссиясын
(FATF) құруынан басталды.
2004 жылдан бастап Қазақстан Еуразиялық
аймақтың 9 елі кіретін (Қазақстан, Белорусь, Индия,
Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжiкстан, Түрiкменстан
және Өзбекстан) FATF тобы түрiне жататын
Еуразиялық тобының мүшесi (ЕАТ) болып табылады.
Қазақстанның ақшаны жылыстатуға және
терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың
халықаралық жүйесіне кіруі мақсатымен 2008
жылғы сәуiрде Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнің жанында Қаржы мониторингi
комитеті құрылған болатын.
2010 жылғы 9 наурызда «Заңсыз жолмен алынған
кірiстерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді
қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы (бұдан әрi - Заң) қолданысқа
енгiзілді.
Қаржы мониторингі субъектiлерiне: банктер,
банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдар, биржалар, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлерi,
жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар
нарығының кәсiби қатысушылары, орталық депози-
тарий, ақша аударымы бойынша қызмет көрсететiн
почта операторлары жатады.
Қаржы мониторингі субъектiлерi заңсыз жолы-
мен алынған кiрiстердi (жылыстату) заңдастырудың
және терроризмді қаржыландырудың алдын алу және
тыйым салу үшін операциялардың сипатына байла-
нысты шекті баламасы алдын ала келісілген қаржы
мониторингіне жататын операциялар туралы Қаржы
мониторингi комитетіне дереу хабарлауға мiндеттi.
Күдік туғызған операциялар туралы хабарламалар
олар болғанға дейін жіберіледі.
1-сурет
Қаржы мониторингі субъектілері тұрғысынан алғанда, 2010 жылдан бастап 2012 жылдың аралығында
келіп түскен хабарламалар саны
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы мониторингі комитетінің деректері пайдаланылды
33
ЭКОНОМИЧЕСКОЕ ОБОЗРЕНИЕ 1 /2013
ЗАҢНАМАҒА ТҮСІНІКТЕМЕ. МЕТОДОЛОГИЯ
1 кесте
Айырбастау пунктерінің саны туралы мәлiмет
ҚР ҰБ
филиалдары
Барлық
айырбастау
пункттері
Банкттердің
айырбастау
пункттері
Почтаның
айырбастау
пункттері
Уәкілетті
ұйымдардың
айырбастау
пункттері
Қазақстан бойынша
барлығы
3 016
2051
43
922
Күдiктi операцияны айқындау өлшемдері:
1) анық экономикалық мәнi жоқ мәмiле жасау;
2) заңда көзделген қаржы мониторингi рәсiмдерiнен
жалтаруға бағытталған iс-қимыл жасау;
3)осы операция терроризмдi және (немесе)
экстремизмдi қаржыландыруға бағытталған деп
жорамалдауға негiздер бар операциялар жасау бо-
лып табылады.
2010-2012ж.ж. аралығында Қаржы мониторингі
комитетіне қаржы мониторингiне жататын операция-
лар туралы 2 миллионнан астам хабарлама түстi,
хабарламалардың көпшілігі (қаржы мониторингi
субъектiлерi тұрғысынан алғанда) екiншi деңгейдегi
банктерден және қолма-қол шетел валютасымен айыр-
бастау операцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi
ұйымдардан келіп түстi (1-сурет).
2-сурет
2010 жылдан бастап 2012 жылдың аралығында қаржы мониторингі субъектілерінен келіп түскен
хабарламалар саны
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы мониторингі комитетінің деректері пайдаланылды
Қаржы
мониторингі
комитетіне
келіп
түскен
хабарламалардың
көлеміндегі
айыр-
бастау
операциялары
бойынша
ақпараттың
үлес
салмағы
басымырақ.
2013
жылғы
1
сәуiрдегі
жағдай
бойынша
Қазақстанда
уәкiлеттi банктер мен уәкiлеттi ұйымдардың
3 016 айырбастау пункті жұмыс iстейдi.
Қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес қолма-қол
шетел валютасын айырбастау пункттерi арқылы сатып
алу, сату және айырбастау қаржы мониторингiне жата-
тын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен жүргізілетін
операцияларға жатады.
Қазақстанның айырбастау пункттерінің заң та-
лаптарын сақтауын тексеру Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің құзыретiне жатады.
Екiншi деңгейдегi банктерді және уәкiлеттi
ұйымдарды жоспарлы тексеру барысында, клиенттердi
сәйкестендiру, ерекше бақылауға жататын қаржы опе-
рацияларын анықтау және құжаттамалық тiркеу, соны-
мен бірге Қаржы мониторингі комитетіне шек қойылған
операциялар жасайтын клиенттер туралы арнайы
сауалнамаларды уақтылы жіберу бойынша барлық
қажеттi рәсімдер регламенттелетін ұйымдардың iшкi
бақылау қағидалары зерделенеді. Айырбастау опера-
циялары үшін бiржолғы шегі 7 000 000 теңгеге тең не-
месе оның баламасынан асып түседі.
Тексеру нәтижесі көрсеткендей, қаржы мониторингі
субъектiлерi күдiктi қаржы операцияларын анықтауға
тиісті назар аудармаған, атап айтқанда:
1) күдiктiлiктiң тиiстi өлшеміне сәйкес келетін опе-
рацияларды жүзеге асыратын клиенттердің және
қаржы операцияларына қатысушылардың деректері
тиісті түрде сәйкестендірілмейді;
2) белгіленген шекті шамасына жететін қаржы
операциялары бойынша арнайы формулярлар
клиенттеріне сауалнамалар жіберілмеген жағдайлары
кездеседі;
3) арнайы формулярларды және сауалнамаларды
толтыруға жауапты қызметкерлерді оқытудың жоқтығы
көптеген бұзушылықтар мен қателерге әкеп соғады;
4) шекті мәнді айналып өту және міндетті
бақылауға назарға алынбау үшін операцияларды
бөлу жағдайлары кездеседі;
5) ұйымдардың басшылық құрамының тарапынан
әлсiз бақылау.
Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар
банктердiң заңды және осы тақырыптағы өзге
нормативтiк
құқықтық
актiлерді,
сондай-ақ
ұйымның iшкi бақылау қағидаларын сақтауына