Экономикалық шолу экономическое обозрение құрылтайшы – Қазақстан Ұлттық Банкі «Экономикалық шолу»



жүктеу 1,51 Mb.
Pdf просмотр
бет19/49
Дата21.12.2017
өлшемі1,51 Mb.
#5100
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОЛУ       1 /2013

26

ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ПАЙЫМДАУЛАР



көзделген  негіздер  бойынша  банкті  банк  опера-

цияларын  жүргізуге  берілген  лицензияларынан 

айыруға;

в) заңнамалық актілерде көзделген басқа негіздер 

бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың, заңды 

немесе жеке тұлғалардың банктің қызметін тоқтату 

туралы  өтінішіне  (талап-арызына)  байланысты 

жүргізіледі.

Жоғарыда аталғандай, көрсетілген құрал отандық 

банк жүйесінің қалыптасқан сәтінен бастап Қазақстан 

Республикасында  белсенді  түрде  пайдаланылды. 

Мәселен, 1998-2000жж. Қазақстан Республикасының 

Ұлттық  Банкі  банктік  қадағалау  жүйесін  түбегейлі 

жақсартуға және екінші деңгейдегі банктердің тиімді 

банктік  қадағалаудың  халықаралық  стандарттарына 

сәйкес келуіне бағытталған бірқатар реформаларды 

жүзеге асырды.

Банк жүйесінің қалыптасқан сәтінен бастап қазіргі 

уақытқа дейін (01.04.2013ж. жағдай бойынша) ерікті 

және мәжбүрлі тәртіппен 114 екінші деңгейдегі банк 

таратылды. 

Бұл  орайда,  Қазақстан  Республикасының 

Ұлттық  Банкі  негізінен  екінші  деңгейдегі  банктерді 

мәжбүрлеп  тарату  құралын  қолданды.  Қазақстан 

Республикасының  банк  заңнамасында  көзделген 

негіздер  бойынша  банкті  банк  операцияларын 

жүргізуге  берілген  лицензияларынан  айыру  негізі 

бойынша  мәжбүрлеп  таратуға  жан-жақты  тоқтап 

өткіміз келеді, өйткені бұл жағдайда кредиторлардың, 

әсіресе  жеке  тұлғалар  –  депозиторлардың 

құқықтары  мен  мүдделері  қозғалады  және  оларға 

нұқсан  келтіріледі.  Ал  ерікті  түрде  таратылатын 

банк  кредиторларының  талаптарын  толық  көлемде 

қанағаттандыру уәкілетті органның оны ерікті түрде 

таратуға рұқсат беруі кезіндегі міндетті талап болып 

табылады. 

Банк  лицензиясынан  айырылғаннан  кейін  және 

банкті  тарату  туралы  сот  шешімі  заңды  күшіне 

енгеннен  кейін  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 

Банкінің  Қаржы  нарығын  және  қаржы  ұйымдарын 

бақылау мен қадағалау комитеті тарату комиссиясын 

тағайындайды,  ол  банкті  тікелей  таратуды  жүзеге 

асыратын  және  банкті  таратудың  негізгі  міндеті: 

банктің  істерін  аяқтау  мен  оның  кредиторларымен 

және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз 

етуге қол жеткізетін органды білдіреді. 

Банкті таратудың бүкіл процесі Қазақстан Респу-

бликасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы 

ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің аты-

нан  уәкілетті  органның  жіті  бақылауымен  жүзеге 

асырылады.

Аралық  тарату  балансы  мен  банк  кредитор-

лары  талаптарының  тізілімін  бекіту  де  аталған 

бақылаудың көрінісі болып табылады. 

Кредиторлардың  талаптарын  қанағаттандыру 

(реттеу) мынадай механизм арқылы жүзеге асыры-

лады:  кредиторлар  таратылатын  банкке  өз  талап-

тарын  қояды,  соңғысы  оларды  заңды  деп  таныған 

кезде талаптар уәкілетті орган бекітетін банк креди-

торлары  талаптарының  тізіліміне  енгізіледі;  бұдан 

кейін  банк  кредиторлардың  талаптарын  кезектілік 

пен пропорционалдылық қағидаттарына сай өтейді. 

Бұл орайда, өтеу активтердің (ақша, меншікті мүлік, 

дебиторлық  берешек  және  басқалар)  жиынтығын 

білдіретін тарату массасы шеңберінде жүргізіледі. 

Кредиторлардың 

талаптарын 

толығымен 

қанағаттандыру және тиісінше таратылатын банктің 

кредиторларымен есеп айырысу үшін қажет тарату 

массасын толықтыру мақсатында банктің тарату ко-

миссиясы  таратылатын  банктің  борышкерлерінен 

дебиторлық  берешекті  өндіріп  алу,  сондай-ақ 

меншікті  және  кепілге  салынған  мүлікті  сату 

жұмысын жүргізеді.

Банктің  тарату  комиссиясының  өз  қызметінің 

негізгі  бағыттары  бойынша  жұмысы  (таратылатын 

банктің  борышкерлерінен  дебиторлық  берешекті 

өндіріп алу, меншікті және кепілге салынған мүлікті 

сату)  көбінесе  банктің  қызмет  атқару  кезеңінде 

туындайтын  бірқатар  маңызды  проблемаларға 

байланысты  қиындайды,  атап  айтқанда:  банкте 

тиісті  есепке  алудың  болмауы,  банктің  активтерін 

үлестес  компаниялар  арқылы  шығару,  банкте 

қарыз  алушылардың  кредиттік  дерекнамаларының 

едәуір  санының,  банктің  меншікті  және  кепілге 

салынған  мүлкіне  құқық  белгілеуші  құжаттардың 

болмауы,  уәкілетті  органдарда  банктің  мүлкіне 

құқық  белгілеуші  құжаттардың,  кепіл  шарттарының 

тиісінше тіркелмеуі, Республиканың барлық өңірлері 

бойынша банк дебиторлары санының көп болуы.

Банктің  барлық  кредиторларының  талап-

тарын  толығымен  өтеу  банк  активтерінің  оның 

міндеттемелеріне  өте  жақсы  арақатынасы  болып 

табылады.  Банктің  барлық  кредиторларының  және 

акционерлерінің талаптары қанағаттандырылғаннан 

кейін тарату туралы есеп пен тарату балансы банкті 

тарату туралы шешім қабылдаған сотпен бекітіледі. 

Әділет  органдары  банкті  таратылған  банк  ретінде 

тіркейді  және  оны  Ұлттық  бизнес  -  сәйкестендіру 

нөмірлерінің тізілімінен шығарады.

Азаматтық  заңнамаға  сәйкес  міндеттемелер 

толығымен тоқтатылады әрі заңды тұлғаны (банкті) 

таратумен өтелген болып есептеледі.

Осылайша,  банктерді  тарату  таратылатын  банк 

кредиторларының  талаптарын  қанағаттандырудың 

(реттеудің) ақырғы тәсілін білдіреді.

Халықаралық  тәжірибені  зерделеу  кезінде 

мыналарға назар аударуға болады. Әлемдік қаржы 

дағдарысынан кейін АҚШ-тың ең ірі инвестициялық 

банктері банкроттыққа ұшырауға шақ қалды (Merrill 

Lynch және Bear Stearns, Goldman Sachs және Mor-

gan  Stanley),  ал  ең  көне  американдық  банктердің 

бірі Lehman Brothers өз қызметін тоқтатты. 

2009 жылы Ұлыбританияның банк заңнамасында 

ауыр  қаржылық  жағдайға  ұшыраған  банктердің 

мәселелерін  шешу  кезінде  арнайы  режимді  енгізу 

көзделетін бірқатар ережелер қабылданды, банктерді 

дәрменсіздіктің ресми рәсіміне дейін тұрақтандыру 

мүмкіндігі енгізілді. Мұндай тұрақтандыру бүкіл банк 

бизнесін немесе оның бөлігін жеке сатып алушыға/

банкке аудару мүмкіндігі немесе банкті мемлекеттік 

меншікке  уақытша  аудару  мүмкіндігі  арқылы  да 

мүмкін болады. 

Сонымен қатар осы уақытқа дейін Ұлыбританияда 

болмаған банктерге арналған дәрменсіздік рәсімдері 

енгізілді. 

Осылайша,  дәрменсіздік  рәсімдері  банктің 




жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау