∑,тг | Пассив | ∑,тг |
I. Ағымдағы активтер
ТМҚ
Материалдар
Аяқталамаған құрылыс
Дайын өнім, тауарлар
Дебиторлық бережақ
Болашақ кезең шығындары
Ақшалай қаражаттар
Басқалай ағымдық активтер
Барлығы:
II. Ұзақ мерзімді активтер
Материалдық емес активтер
Негізгі құралдар:
Жер
Құрылғы және ғмараттар
Көлік және құралдар
Басқа да негізгі құралдар
Жинақталған тозу
Қалдық сома
Аяқталмаған өндіріс
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар
|
|
I.Меншікті капитал
Жағылық капитал
Өзге меншікті капитал
Резервтік капитал
Бөлінбеген кіріс(жабылмаған зиян)
II.Ағымдық міндеттемелер
Қысқа мерзімді несиелер
Салық бойынша несиелер
Есептелген шығындар
Алдағы кезең шығындары
II.Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Қысқа мерзімді несиелер
Салық бойынша несиелер
Есептелген шығындар
Алдағы кезең шығындары
Барлығы:
|
|
Бухгалтерлік баланс мәліметтер негізінде кәсіпорынның қаржы жағдайының талдау жұмыстары атқарылады. Баланс құрастыру алдында синтетикалық шоттар бойынша есеп регистрларында аналитикалық есеп мәліметтерімен өзара салыстыру жұмыстарын атқарған жөн. Одан кейін Бас кітапта бейнеленген шоттардың қалдықтары бухгалтерлік баланс формасында көрініс табады.Осылайша, кәсіпорынның қаржылық жағдайы бухгалтерлік баланста талданып отырады. Есептің журнал – ордерлік формасы кезінде әрбір шоттың кредиті бойынша айналымды Бас кітапқа журнал – ордерден алып жазады; бөлек шоттардың дебеті бойынша айналымды Бас кітапқа бірнеше журнал – ордерден алып жазады.
Кез- келген кәсіпорында күнделікті жұмыс істеліп, қызмет атқарылып отыратындығы белгілі. Осы операцияларлдың орындалуына ұйымның бухгалтерлік балансының баптарына тікелей әсер етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ұйымдағы әрбір орындалатын операцияға сәйкес баланс баптарындағы сома өзгеріске ұшырап отырады. Бірақ бухгалтерлік баланстың актив пен пассив баптарының теңдігі әрдайым сақталады. Сонымен қатар кәсіпорында әрбір орындалған операциядан кейін жаңадан баланс жасалмайтындығы белгілі және ол мүмкін емес. Себебі ұйымда бір күннің өзінде бірнеше операция орындалуы мүмкін. Тіпті әрбір операция түгіл, күн сайын кәсіпорынның бухгалтерлік балансын жасап тұру үлкен күшті, көп уақытты қажет етеді. Сонымен қатар балансты күнделікті немесе әрбір орындалған операциядан кейін жасап отыру тиімсіз және қажет те емес. Міне осы себептен кәсіпорынның бухгалтерлік балансы белгілі бір уақытқа, яғни, есеп беретін кезеңге қарай ( ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) жасалып отырады.
3. Қаржылық есеп берудің №2 формасы «Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру»
Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің № 3 стандартында ашылып көрсетіледі. Бұл- стандарт бағалау әдісі. Есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі қателіктер анықталғанда және түзетілгенде қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру мен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың сыныптамасын белгілейді. № 3 БЕС 2003 жылы 17 қаңтарында өз күшін жоғалтты.
№ 5- кестеде ,,KEGOC’’ ААҚ-ның 2003 жылғы жартыжылдық кіріс пен шығыс жайлы есебі көрсетілген.
Кіріс пен шығыс туралы есеп беруде мынадай баптар ашылып көрсетіледі:
негізгі қызметтен (өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді сатудан) алынған табыс;
сатылған өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны;
жалпы кіріс;
кезең шығындары. Оған енетіндер: жалпы және әкімшілік шығындары, проценттерді төлеу шығындары, сату жөніндегі шығындар;
негізгі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;
салық салуға дейіңгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;
табыс салығы;
салық салудан кейіңгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;
төтенше жағдайлардан алынған кіріс немесе зиян;
таза кіріс немесе зиян;
Кіріс және шығыс жайлы есеп
Көрсеткіштер атауы
|
Коды
|
Алдыңғы мерзім
|
Есепті мерзім
|
Дайын өнімді сатудан түскен кіріс (жұмыс тауарларды)
|
010
|
6095570
|
7634633
|
Сатылған дайын өнімнің өзіндік құны (жұмыс, қызмет, тауарларды)
|
020
|
4897941
|
4625339
|
Жалпы кіріс
|
030
|
1197629
|
3009294
|
Барлық мерзім шығыны, оның ішінде:
|
040
|
1039991
|
906295
|
Сатуға байланысты шығындар
|
041
|
22331
|
13782
|
жалпы және административтік шығындар
|
042
|
1017660
|
892512
|
Сыйақы шығындары
|
043
|
0
|
1
|
Негізгі қызметтен түскен кіріс (зиян)
|
050
|
157638
|
2103000
|
Негізгі емес қызметтен түскен кіріс (зиян)
|
060
|
133727
|
408444
|
Негізгі емес қызметтен түскен кіріс (зиян)
|
070
|
291365
|
2511444
|
Корпоративті табыс салығы шығыны
|
080
|
0
|
706965
|
Салық салығынан кейін негізгі қызметтен түскен кіріс
|
090
|
291365
|
1804479
|
Төтенше жағдайлардан түскен кіріс (зиян)
|
100
|
0
|
0
|
Таза кіріс (зиян)
|
110
|
291365
|
1804479
|
Осы баптардың барлығының соммасының өзгерісі түсіндірме жазба ашылып көрсетілуі тиіс.
Стандарт т-тенше жа5дай деп аталып жүргендерге түсінік береді.Бұл кәсіпорынның әдеттегі қызметінен ерекшеленетін оқиға немесе операция. Яғни олар жиі қайталанбайды немесе тұрақты болып отырмайды. Төтенше жағдайда кірістің немесе зиянның мәні мен соммасын түсіндірме жазуларда бөлек ашылып көрсету керек.
Стандарт сондай – ақ тоқтатылған операцияға анықтама береді.
Бұны тоқтатылған операциялар бойынша кәсіпорын: филиалының сатылуымен немесе таратылуымен түсіндіруге болады.
4. Қаржылық есепкеліктегі қателерді түзету
Түсіндірме жазуда мыналар ашылуға тиіс: тоқтатылған операцияның мәні, тоқтатылған операцияның сомасы мен географиялық ауданы, операцияның нақты тоқтатылған күні , операцияны тоқтатудың әдісі (сату немесе тарату және олардың есебі), тоқтатылған операциядан алынған кіріс немесе зиян , өнімдерді сатудан немесе есепті кезендегі кәсіпорынның әдеттегі қызметінен алынған кіріс немесе зиян.
Стандарт бағалауды өзгертудің әдістерін және олардың кіріске немесе зиянға әсерін қарастырады. Есептік бағалаудағы өзгерістің нәтижесі таза кірісті немесе зиянды анықтаған кезде мыналарға қосылады:
- есепті кезеңге, егер өзгеріс осы кезеңге ғана әсер етсе;
- өзгеріс болған есепті кезенге және келесі есепті кезеңге, егер өзгеріс оларға да әсер етсе.
Кірістер мен зиянға әсер ететін есептік бағалаудағы өзгерістердің мәні мен көлемі де түсіндірме жазуларда көрсетілуге тиіс.Сонымен қоса стандартта елеулі қателіктер мен олардың шаруашылық қызметіне әсері қарастырылады. Елеулі қателік дегеніміз есепті кезеңде анықталған, маңыздылығы соншалық, тіпті бұрынғы жылдардың қаржылық есептемелері жарамсыз деп санауға әкеп соқтыратын бұрынғы жылдардың қателіктері. Бұрынғы жылдардың қаржылық есептемесін жасау кезінде жіберілген қателікке жасалған түзетудің соммасы есепті кезеннің кірісіне немесе зиянына екі әдіспен қосылады:
бөлінбеген кірістің бастапқы сальдосынөзгерту жолымен;
есепті кезеннің таза кірісіне немесе зиянға енгізу жолымен, бұл орайда түсіндірме жазуларда мыналарды ашу керек:
елеулі қателіктің сипаты, есепті кезең және әрбір бұрыңғы кезең үшін түзету сомалары, қайта есептелген салыстырмалы деректер немесе себептер, есеп саясатындағы өзгерістер.
Қателіктің бұрыңғы жылдардың кірісіне немесе зиянына қалай әсер еткенін көрсету үшін қосымша ақпарат кесте түрінде тапсырылуы мүмкін.
Есеп саясаты Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жөніндегі депортаментінің талабы бойынша немесе егер мұндай өзгерту неғұрлым дұрыс ақпарат алуға мүмкіндік жасайтын болса, кәсіпорынның өзі өзгертуі мүмкін. Есеп саясатын өзгерту нәтижесінде туындаған түзету соммасы бөлінбеген кірістің бастапқы сальдосын өзгерту жолымен есеп беруде көрсетіледі және есепті кезеңнің таза кірісін немесе зиянын анықтаған кезде ескеріледі. Егер есеп саясатындағы өзгерістер есепті кезеңге, алдыңғы кезеңге және кезекті есепті кезеңдерге елеулі түрде әсер етеін болса, онда түсіндірме жазуларда есеп саясатының өзгеру себебі, есепті кезең және әрбір бұрынғы кезеңдер үшін түзету соммасы, таза кірісті немесе зиянды анықтаған кезде ескерілген түзету соммасы, қайта есептелген салыстырмалы деректер немесе олардың қайта есептеудің мүмкін болмау себептері ашылып көрсетіледі.
«Өнімдерді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыс» бабы бойынша бухгалтерлік есеп 5 «Табыс» Стандартына сәйкес танылған шот кредиті 701 «Дайын өнімдерді тауарлар, жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс» бойынша айналым қорытындысы тияқты тауарды, жұмыс, қызметті сатудан түскен түсім көрініс табады. Мұндағы есеп беруде тауарлы материалдық қорын өткізуден, орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтен түскен таза түсім, сыйақы, процент, дивидент, гонорар түрлерінде алынған табыстар, негізгі қызметке байланысты рентадан, қосымша құнға салықты азайтудан, салықтар акцизінен және міндеттемелерден, сондай-ақ қайтарылған тауар құнынан, бағаны арзандатудан, сатушының сатып алушыға ұсынатын сату жеңілдіктерінен түсетін табыс көрсетіледі.
Таза түсім көрсеткіші мыналарға тең болуы мүмкш:
• мәміле келісімшартымен анықталған сомаға;
■ шоттарды ұсыну күннен әрекет ететін және жөнелтілген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін төлемнің не болмаса қаражатты валюталық шотқа немесе субъектінің валюталық кассасына есептеулер басқа есеп айырысу құжаттарымен Қазақстан Республикасы ¥лттық банк бағамы бойынша шетелдік валютаны теңгемен қайта есептеу жолымен аныкталатын сомаға.
3.4. Қаржылық есеп берудегі қателіктерді тұзету
Түгендеумен қатар қаржылық есеп беруді жасау үшін шындыққа жанасымды ақпаратты алу мақсатында таңдап алынған есептік саясатқа сәйкес барлық мүлік түрлері мен міндеттемелерге баға беруде субъект қолданатын бағалау тәртібінің шындыққа жанасымдылығын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Есептік кезең үшін қаржылық есеп беруді жасау өткен кезеңдегі қаржылық есеп беруде кеткен барлық қателерді ескеру қажет.
Қаржылық есеп беруді жасау кезіндегі барлық қателерді елеулі және елеусіз қателер деп бөлуте болады.
Егер қате пайдаланушының экономикалық шешіміне әсерін тигізсе, онда ол елеулі қате деп саналады.
31 «Таза табыс немесе кезеңдегі залал, елеулі қателер және есептік саясаттағы өзгерістер» бухгалтерлік есеп Стандартына сәйкес елеулі қателер - өткен кезеңде кеткен қатенің есептік кезенде табылуы, бұл қатенің елеулігі сондай, оны түзету күніне қарамастан өткен кезеңдегі кажылық есеп беру шындыққа жанасымды деп есептелмейді.
8 «Таза табыс немесе кезеңдегі залал, негізгі қателер және еседтік саясаттағы өзгеріс» МСФО негізінде негізгі қателерге анықтау жүргізіледі. «Негізгі қателер - бұл ағымдағы кезеңде анықталған аса елеулі қате. Оның елеулігі соншалықты, бір немесе алдағы кезеңдегі қаржылық есеп берулер оларды шығару сәтінде сенімсіз деп саналады. Бір немесе бірнеше алдағы кезендерге қаржылық есеп беруді дайындауда кеткен ағымдағы кезеңде табылуы мүмкін». Қателер мыналардың нәтижесінде пайда мүмкін:
■ математикалық есептеулерде;
■ есептік саясатты дұрыс қолданбаудан;
■ ақпараттарды, алдауды немесе ынта қоймауды бұрмалап көрсету.
Бұл қателерді түзету таза табысты немесе есептік кезендегі залалды есептеуде ескеріледі. Мысалы, өткен кезеңдегі қаржылық есеп беруге аяқталмаған өндірісті айтарлықтай сомасын енгізу немесе жалған келісімшарт бойьшша дебиторлық берешектердің кіруі елеулі қатеге жатады.
3 «Қаржылык-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру» бухгалтерлік есеп Стандартына сәйкес және 8 «Таза табыс немесе кезеңдегі залал, негізгі қателер және есептік саясаттағы өзгеріс» МСФО алдағы кезендерге қатысты қателерді түзетудің 2 әдісі қарастырылған:
• бөлінбеген табыстың алғашқы сальдосын өзгерту жолымен есеп беруде керініс табу;
• таза табысты немесе есептік кезеңдегі залалды анықтауда қосу.
Мысалы. «ААА» ААҚ 2003 жылдың қаржылық есеп беруін әзірлеу ксзінде 2002 жылдың каңтар айында 2001 жылы кеңсені жабдықтау бойынша амортизация есебІнде 27 000 теңге жіберілген қате тапты, осыған орай бұл кезең үшін шығын сомасы келтірді.
2003 жылы өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден тұскен табыс 193 000 теңгені құрады, өзіндік құ.ны -160 000 теңге.
«ААА» ААК 2002 жылы үшін қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беруде мына деректерді келтіреді:
Өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден тұскен табыс 140 000
Салынған өнімнің өзіндік кұны 85 000
Әдеттегі қызметтен түскен табыс 55 000
Табыс салығы 16 500
Тазаттабыс 38 500
1. Ағымдағы есептік кезендегі елеулі қателерге тузету жүргізейік:
|
|
|
2003 ж.
|
2002 ж.
|
Өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс
Сатылған өнімнің өзіндік кұны
Әдеттегі қызметтсн түскен табыс
Корпоративтік табыс салығы
Таза табыс
|
193 000
160 000
33 000
9 900
23 100
|
140 000
112 000
28 000
8 400
19 600
|
2. Бөлінбеген табыстын алғашқы сальдосын өзгерту жолымен елеулі қателерге түзету жүргіземіз:
|
2003 ж.
|
2002 ж.
|
Есептік кезең басына - бөлінбеген табыс
Елеулі қателерді түзсту (корпоративтік табыс салығын
шегеру үшін)
(27000x30% =8100)
(27000-8100)
Қайта саналған. бөлінбеген табыс
Таза табыс
Есептік кезеңнің соңына - бөлінбеген табыс
|
47 500
(18 900)
28 600
23 100
51700
|
29 000
29 000
19 600
48 600
|
Бухгалтерлік есеп принциптері пәні бойынша глоссарий
Қазақ тілінде
|
Орыс тілінде
|
Ағылшын тілінде
|
1
|
2
|
3
|
Актив
|
Актив
|
Asset
|
Активті рынок
|
Активный рынок
|
Active market
|
Жоспар активтері
|
Активы плана
|
Plan assets
|
Сегмент активтері
|
Активы сегмента
|
Segment assets
|
Амортизация
|
Амортизация
|
Depreciation
|
Жалға беру
|
Аренда
|
Iease
|
Қауымдасқан компания
|
Ассоциированная компания
|
Associate
|
Баланстық құн
|
Балансовая стоимость
|
Carruint
|
Банк
|
Банк
|
Bank
|
Бухгалтерлік пайда
|
Бухгалтерская прибыль
|
Accounting
|
Валюта бағамы
|
Валютный курс
|
Exchande rate
|
Валюталық тәуекел
|
Валютный риск
|
Currencu risk
|
Актив түрі
|
Вид активов
|
Clacc of assets
|
Варрант
|
Варрант
|
Warrant
|
Орны толтырылатын сумма
|
Возмещаемая сумма
|
Recoverable amount
|
Сатудың мүмкін болатын таза бағасы
|
Возможная чистая цена продаж
|
Net realisable value
|
Уақытша айырмашылық
|
Временная разница
|
Temporery difference
|
Түсім
|
Выручка
|
Revenue
|
Топ
|
Группа
|
Group
|
Гудвилл
|
Гудвилл
|
Goodwill
|
Ақша баламасы
|
Денежные эквиваленты
|
Cash eguivalents
|
Девиденттер
|
Дивиденды
|
Dividends
|
Дисконттелген құн
|
Дисконтированная стоимость
|
Present vaiue
|
Шарт
|
Договор
|
Contract
|
Табыс
|
Доход
|
Income
|
Жылжымайтын мүлікке инвестиция
|
Инвестиции в едвижимость
|
Investment property
|
Шетел валютасы
|
Иностранная валюта
|
Foreign currency
|
Курстық айырмашылық
|
Курсовая разница
|
Exchange difference
|
Жойылу құны
|
Ликвидационная стоимость
|
Residual vaiue
|
ЛИФО
|
ЛИФО
|
LIFO last - in-first-out
|
Есептеу әдісі
|
Метод начисления
|
Accrual basis of accounting
|
Бейтараптық
|
Нейтральность
|
Neutrality
|
Нетто-есеп айырысу
|
Нетто-расчет
|
Settle net
|
Айналым активі
|
Оборотный актив
|
Current asset
|
Міндеттеме
|
Обязательство
|
Obligation
|
Операциялық аренда
|
Операционная аренда
|
Operating lease
|
Опцион
|
Опцион
|
Option
|
Негізгі құралдар
|
Основные средства
|
Property.plant and equipment
|
Теріс гудвилл
|
Отрицательный гудвилл
|
Negative goodwill
|
Төлем қабілеті
|
Платежеспособность
|
Solvency
|
Мойындау
|
Признание
|
Recognition
|
Сатып алу
|
Приобретение
|
Acquisition
|
Пропорционалдық біріктіру
|
Пропорциональное сведение
|
Proportionate consolidation
|
Проценттік тәуекел
|
Процентный риск
|
Interest rate risk
|
Шығыстар
|
Расходы
|
Expenses
|
Қызмет нәтиежелері
|
Результаты деятельности
|
Performancte
|
Қайта құрылымдау
|
Реконструкция
|
Restructuring
|
Нарық тәуекелі
|
Рыночный риск
|
Market risk
|
Қосалқы заттар құны
|
Себестоимость запасов
|
Costs of inventories
|
Бірлескен қызмет
|
Совместная деятельность
|
Joint venture
|
Өтеу құны
|
Стоимость погошения
|
Settlement value
|
Кіріске қатысты жәрдем ақы
|
Субсидии относяшиеся к доходу
|
Grants related to income
|
Ағымдағы салықтар
|
Текущие нологи
|
Current tax
|
Есеп саясаты
|
Учетная поитика
|
Accounting policies
|
Шартты актив
|
Условный актив
|
Contingent asset
|
Қаржы жалдауы
|
Финансовая аренда
|
Finance lease
|
Қаржылық есеп беру
|
Финансовая отчетность
|
financial statements
|
Қаржылық міндеттеме
|
Финансовые обязательства
|
Financialliability
|
Қаржы құралы
|
Финансовый инструмент
|
Financial instrument
|
Хеджирлеу
|
Хеджирование
|
Hedjinj
|
Баға тәуекелі
|
Ценевой риск
|
Price risk
|
6. Семинар сабақтарының жоспары:
1 тақырып. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамасы, стандарттары және қағидалары.
2 тақырып. Ақша қаражаттарының және олардың эквиваленттерінің есебі.
3 тақырып. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау және оның есебі.
4 тақырып. Дебиторлық борыштар және күмәнді қарыздар бойынша резервтер құру есебі.
5 тақырып. Негізгі құралдардың амортизациясының есебі.
6 тақырып. Міндеттемелер есебі.
7 тақырып. Ақша қозғалысы жөніндегі есеп.
8 тақырып. Кейінгі күрделі салымдардың және негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
9 тақырып. Негізгі құралдардың жал есебі.
10 тақырып. Материалдық емес активтердің және оның амортизациясының есебі.
11 тақырып. Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі.
12 тақырып. Жарғылық капитал есебі.
13 тақырып. Серіктестіктердегі меншікті капиталдың қозғалысының есебі.
14 тақырып. Табыстар мен шығыстарды тану.
7. Пәнді оқытудағы методикалық нұсқаулықтар:
Осы методикалық нұсқау « Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқытылатын «Аралық қаржылық есеп » іштей оқитын студенттердің орындайтын өзіндік жұмысының тәртіптерімен таныстырады.
«Аралық қаржылық есеп » пәнінен орындалатын өзіндік жұмысының басты мақсаты осы сабақтың сұрақтарымен болатын әртүрлі ситуациялық жағдайларына жауаптарды өз беттерімен ізденуге бағыттайды.
Қазіргі кездегі субъектілердегі жағдайдарды есекере отырып, оларды басқару толық, мәнді , жан-жақты ақпаратсыз басқару мүмкін емес екендігі белгілі. Және ондай ақпаратты табу «Бухгалтерлік есеп принциптері » пәнісіз мүмкін емес.
«Аралық қаржылық есеп» пәнінен орындалатын өзіндік жұмысының мақсаты студентті жаңалықтарды талдап, соған байланысты дұрыс шешім қабылдауға үйретеді.
1-кестеде горизанталды сызықта студенттің фамилясының 1 әрпі көрсетілген, вертикал бағанасында сынақ кітапшасының соңғы саны көрсетілген, ал вариант номері осы 2 бағанның қиылысында көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |