Экономикалық мамандықтар бойын


Кесімді еңбек ақыны есептеу



жүктеу 4,06 Mb.
бет16/29
Дата27.02.2018
өлшемі4,06 Mb.
#10846
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29

Кесімді еңбек ақыны есептеу.

Кәсіпорындарда кесімді еңбек ақы төлеу жүесі бойынша – жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбек ақы олардың өндірген өнімді мен істеген жұмысының, атқарған қызметінің саны мен көлемі жайлы жазылған алғашқы құжаттар бойынша есептеледі. Ол үшін алғашқы құжаттарда көрсетілген өндіріп шығарған өнімдер мен істелген жұмыстардың және дайындалған детальдардың, сондай-ақ тағы басқа операциялардың жалпы саны мен көлемі, олардың бір данасын жасап шығаруға, өндіруге белгілеген бағаға көбейтеді.

Ұйымдарда тапсырманы жеке адам орындаған, яғни операция немесе өнім өндіру басынан аяғына дейін бір жұмысшының немесе қызметкердің қолынан өтетін жағдайда мұндай әдісті қолдану ыңғайлы болып табылады. Кесімді еңбек ақы жұмысшылар мен қызметкерлердің бригада бойынша істеген жұмысына төленетін жағдайда жоғарыда аталған алғашқы құжаттарға әр жұмысшы мен қызметкердің жұмыс істеген уақыты, мамандық дәрежесі, бригада болып өндірген өнімі мен істеген жұмысының көлемі мен саны және олардың бір данасын жасауға, өндіруге белгіленген бағасы көрсетіліп жазылады. Жалпы брига бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстардың саны мен көлемін, олардың бір данасын өндіріп шығаруға (жасап шығаруға, орындауға) белгіленген бағаға көбейту арқылы сол бригада мүшелерінің еңбек ақысы есептеліп шығарылады. Бригаданың жалпы табысы ондағы жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында олардың мамандық дәрежесіне және жұмыс істеген уақытына сәйкес бөлінеді. Ол үшін алдымен барлық бригада мүшелерінің жұмысқа қатысқан уақыты (ай, күн, сағат) табылады. Содан соң жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне сәйкея тариф бойынша бір сағатқа белгіленген еңбек ақы мөлшері олардың жұмыс істеген сағаттарының санына көбейтіледі. Осының нәтижесінде бригада мүшелерінің әрқайсысының тариф бойынша есептелетін еңбек ақысының жалпы сомасы табылады. Алғашқы құжаттар бойынша есептелген бригада мүшелеріне тиісті еңбек ақы сомасының жоғарыда көрсетілген тариф есептелген еңбек ақының жалпы сомаларының қосындысына қатнасы қосымша табыс коэффициенті болып табылады. Осыдан кейі тариф бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің әрқайсысына есептелген еңбек ақы сомасы осы коэффициентке көбейтіліп, әр жұмысшының немесе қызметкердің орындаған жұмысы мен өндірген өнімнің саны мен оның мамандық дәрежесіне байланысты еңбек ақысы табылады.

Тарифтік мөлшерлемесін және бюджет сферасындағы еңбекерлердің қызмет иесінің (лауазымды адамның) айлығын белгілеген кезде жалақының минималды деңгейін және бірыңғай тариф сеткасын пайдаланады. Бірыңғай тариф сеткасы еңбек ақының 21 разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тариф коэффиценті белгіленеді.

Жұмыс мамандығы негізінен біріншіден сегізінші разрядқа дейін жіктеледі, ал қызметкерлердікі екіншіден жиырма біріншіге дейін бірыңғай тарифтік сетка бойынша тарификацияланады. Бірыңғай тарифтік – мамандырылған (квалификацияланған) анықтама (БТМА) және мамандырылған анықтама (МА) бойынша еңбеккерлердің тарификациясын жасайды.


Тариф сеткасының бірыңғай разряды

Тарифтік коэфициент разрядқа қатнасы)

Тариф сеткасының бірыңғай разряды

Тарифтік коэфициент разрядқа қатнасы)

1

1,0

12

2,20

2

1,07

13

2,37

3

1,15

14

2,55

4

1,24

15

2,74

5

1,33

16

2,95

6

1,43

17

3,17

7

1,54

18

3,41

8

1,66

19

3,67

9

1,78

20

3,94

10

1,91

21

4,24

11

2,05







Тарифтік мөлшерлемесін және әртүрлі машықтық – мамандырылған топтарындағы қызмат иесінің (лауазымды адамның) айлығын жұмыс берушінің ең төменгі жалақыны сақтаған кәсіпорын бекіткен разрядтың мөлшерлемесіне сүйене отырып бірыңғай тарифтік сеткасында белгіленген тарифтік – мамандандырылған коэффициенттер бойынша анықтайды.

Тарифтік – мамандандырылған анықтама жұмысшылардың жұмысын тарификациялауға және оларға әртүрлі өндіріс пен жұмыс түрі бойынша разряд беруге пайдаланылады.

Ал мамандандырылған анықтама қызметкерлердің жұмысының күрделілігін, мамандығының деңгейі бойынша анықтауды қамтамасыз етеді. Бұл анықтамалар бірыңғай және салалық болып келеді. Олардың негізінде нақты өндіріс еңбеккерлері үшін жергілікті анықтамалар әзірленіп және белгіленуі мүмкін.

Мейрам күнінің алдындағы қысқартылған жұмыс уақытына еңбекақы есептеу және оны төлеу

Халық шаруашылығы салаларындағы ұйымдарда мейрам күнінің алдындағы жұмыс күні бір сағатқа қысқартылады. Бұл күні жұмыс істеген жұмысшы – қызметкерлердің еңбекақылары былайша төленеді.Ұйымдарда атқарған қызметінің саны мен көлеміне байланысты беогіленген мөлшерде ғана еңбекақы есептеліп төленеді. Ал кәсіпорындарда қысқартылған жұмыс күні үшін толық жұмыс күніне белгіленген мөлшердегідей аңбекақы төленуі тиіс.

Жас өспірімдерге еңбекақы төлеу

Кәсіпорындарда аптасына 6 күн жұмыс күні, бір күн демалыс күні болып белгіленген жағдайда осы ұйымда жұмыс істейтін 16 - 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығы 6 сағаттан, 15 – 16 жас аралығындағы жасөспірімдерге 4 сағаттан аспауы керек. Белгіленген заңдарға сәйкес жоғарыда айтылған жұмыс істейтін және еңбегі үшін еңбекақының мерзімді түрі белгіленген жасөспірімдерге қысқартылған жұмыс күндері үшін толық жұмыс күнінің еңбекақысы төленеді. Ал істеген жұмыстары өндірген өнімдері үшін жасөспірімдерге қысқартылған жұмыс сағаттары үшін белгіленген тарифтік мөлшерге қосымша еңбекақы төленеді.

Жас сәбилі аналардың демалуы және баланы тамақтандыру үшін берілеиін үзіліс уақытына төленетін төлем.

Еліміздегі заңға кәсіпоындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін және қызмет атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында бір жасқа толмаған жас сәбилі ( балалы ) аналарға демалуы және жас сәбиді тамақтандыруы үшін жұмыс уақытының барысында ұзақтығы 30 минуттан кем болмайтын үзіліс беріледі. Жоғарыда айтылған осы үзілістердің арасы 3 сағаттан сирек болмауы тиіс.



Мемлекеттік, қоғамдық міндеттер мен жұмыстарды атқарған уақытта төленетін төлем

Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс уақыты кезінде олардың атқарған немесе орындаған мемлекеттік қоғамдық жұмыстары мен тапсырмалары үшін орташа еңбекақы мөлшерінде төлем төленеді. Мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға жұмысшылар мен қызметкерлердің атқарған немесе орындаған төмендегідей жұмыстары жатады:



    • Соттың мәжілісіне куә ретінде қатысу;

    • Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың конференцияларына, пленумдарына, съездеріне қаиысу;

    • Әскери комиссариаттың шақыруына бару және тағы басқа жұмыстар.

Түнгі уақытта істеген немесе атқарған жұмыстары үшін төленетін төлем

Кәсіпорындарда кешкі сағат 22.00-ден ертеңгі, яғни таңғы 6.00 сағатқа дейін істеуге белгіленген жұмыс уақыты түнгі уақытта істелген (атқарылған) жұмыс уақыты болып есептеледі. Жұмысшылар мен қызметкерлерге бұл уақыт аралығында жұмыс істегені үшін көтеріңкі мөлшерде, яғни қосымша 25% еңбекақы төленеді. Ал тоқыма тігу, жіп иіру және нан пісіру өнеркәсәбінде тарифте белгіленген еңбекақы сомасының 50% мөлшерінде қосымша төлем төленеді.

Түнгі жұмыс уақыты 1 сағатқа қысқартылған ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақы ұжымдық шартта қаралған көлемде, бірақ заңда қаралған мөлшерден кем емес мөлшерде төленеді.

Біреудің орнына жұмыс істегені (атқарғаны ) үшін төленетін еңбекақы

Біреудің орнына уақытша атқарған қызмет деп өндіріс қажетіне немесе басқару міндетіне сәйкес уақытша жұмыста жоқ адамның орнына оның қызметін немесе жұмысын басқа адамның атқаруын айтады. Уақытша жұмыста жоқ адамның жұмысын немесе қызметін атқаруды басқа жұмысшыға немесе қызметкерге жүктеу үшін кәсіпорын әкімшілігінің бұйрығы шығарылуы тиіс.

Жұмысшыларға өзіне берілген разрядтан төмен тарифтелген жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем

Кәсіпорындарда кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар ұйым басшысының өкіміне сәйкес өзіне берілген разрядтан төмен тарифтелген жұмысты атқарған жағдайда, егер олар белгіленген өнім өндіру мөлшерін оындаған уақытта төмен дәрежелі жұмысшыға белгіленген тариф бойынша есептелетін еңбекақы және соған қосымша осы тарифпен сол жұмысшының өзінің мамандық дәрежесіне белгіленген тариф бойынша алуға тиісті еңбекақысының арасындағы айыомашылық сомасы төленеді.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің қан тапсырған күніне, яғни донорлық міндетті атқарған күніне төленетін төлем

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлер қан тапсырған, яғни донорлық қызмет атқарған күні жұмыстан босатылуға тиіс. Қан тапсырған жұмысшылар мен қызметкерлердің қалауы бойынша оларға бұл күннен басқа тағы қосымша бір жұмыс күні демалыс ретінде пайдалануға беріледі. Жұмысшылар мен қызметкерлер бұл күнді, яғни демалуға тиісті күннің кезекті еңбек демалысына да қосып алуына болады. Қан тапсырғаны үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыста болмайтын жоғарыда айтылған бұл 2 күніне еңбекақы орташа еңбекақы мөлшерінде төленеді.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлем

Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың кінәсінен жұмыстың тоқтап қалған уақытына еңбекақы төленбейді. Егер жұмыстың тоқтап қалуына жұмысшылар мен қызметкерлердің ешқандай кінәсі немесе жазығы болмаса, еңбекақы тарифтің 50% мөлшерінде төленеді.

Өнім өндіру барысында кездесетін ақау үшін төленетін төлем

Ақау деп өнім өндіру барысында сапасы жағынан белгіленген стандартқа сәйкес келмейтін немесе арнаулы мақсатқа сол дайындалған күнінде тікелей пайдалануға жарамсыз болып, тек қана түзеткеннен, жөндегеннен кейін, яғни белгілі бір шығын шығарылған жағдайда ғана пайдаланатын бұйымдарды, бөлшектерді айтады. Өндірілген өнімдер, орындалған жұмыстар ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінен толығымен жарамсыз болып табылатын болса, яғни ол өнімдер ақау болып табылса, онда бұл өнімді өндіргені, жұмысты орындағаны үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төленбейді. Егер өндірілген өнімдер немесе дайындалған дұйымдар жартылай жарамсыз ( ақау ) болып табылса, онда ол кезде өнімді өндірген жұмысшыларға төленетін еңбекақы мөлшерін, кәсіпорынның әкімшілігі өнімнің жарамдылық пайызына байланысты анықтап белгілейді. Мұндай жағдайда төленетін еңбекақы мөлшері тариф бойынша осы өнімді өндіру үшін белгіленген еңбекақының 50%, яғни жартысынан аспауы керек.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің мерзімнен тыс уақытта орындаған жұмыстарына, атқаратын қызметтеріне төленетін төлем

Халық шаруашылық салаларында нақтылы жұмыс уақыты белгіленген кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің бекітілген уақыттан өзге уақытта істеген жұмыстары, атқарған қызметтері мерзімнен тыс уақытта істелген жұмысы болып саналады. Белгіленген жұмыс уақытынан өзге жұмыс істеу кәсіпорын әкімшілігінің бұйрығымен ғана жүргізіледі. Ұйымдарда кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер мерзімнен тыс уақытта істеген жұмыстарының алғашқы екі сағатына сол уақытта атқарған жұмысына тиісті еңбекақының 50%, ал одан кейінгі сағаттарына 100% мөлшерінде қосымша еңбекақы алады.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге демалыс және мейрам күндерінде істелген жұмыстарына, атқарған қызметтеріне еңбекақы төлеу

ҚР-ның еңбек туралы заңына сәйкес кәсіпорындарда демалыс күндері жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. Бірақ та кейбір төтенше жағдайларда ұйымдағы кейінге қалдыруға, кешіктіруге болмайтын жұмыстың пайда болуына байланысты бұл күндерде де жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне тура келеді. Мейрам күні істеген жұмыстары мен атқарған қызметтері үшін ақшалай еңбекақы төлемінің орнына сол жұмыс істеген жұмысшылар мен қызметкерлердің келісімімен, яғни олардың ризашылығымен басқа жұмыс күні есебінен демалыс беруге де болады. Ал мейрам күні кезекшілік қызметін атқарған жұмысшылар мен қызметкерлерге басқа жұмыс күні есебінен демалыс беріледі.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа амалсыздан шықпай қаоған уақытына еңбекақы төлеу тәртібі

Ұйымдарда жұмыстан заңсыз босатылып, бұрынғы жұмысқа қайта орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге сот органдарының шешімімен жұмыстан босатылған күннен бастап 3 айға дейінгі жұмысқа шықпай қалған уақытына орташа еңбекақысы мөлшерінде төлем төленеді. Басқа жұмысқа келісімсіз ауыстырылып ( өзінің істеп жүрген жұмысынан төмен дәрежелі жұмысқа немесе тағы басқа ) кейіннен бұрынғы жұмысына қайта келтірілген жұмысшылар мен қызметкерлерге бұрынғы еңбекақысы мен басқа жұмысқа ауысқанда төмен дәрежелі жұмысты атқарғаны үшін алған ейбекақысының арасыедағы айырма сомасы төленеді. Бірақ мұндай төлемдердің төленетін уақыты 3 ай мерзімнен аспауы керек.

Ұйымдардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығына және сырқаттанған жанұя мүшелерінің күтімі үшін оларға берілетін уақытқа жәрдемақы төлеу

ҚР-ның заңына сәйкес қайтыс болған жұмысшы-қызметкерлерді жерлеуге арналған әлеуметтік көмек заңда белгіленген мөлшерде жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорында жұмыс істеу немесе қызмет атқару барысында мертігуі, сондай-ақ кәсіптік сырқат алуына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақыны жұмыс беруші жұмысшының жұмысқа жарасыздығы басталған күннен жұмысқа қайта оралған, яғни сауыққан уақытына дейін төлейді немесе ондай жұмысшылар мен қызметкерлерге мүгедектік тобы белгіленеді.



Кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың әрқайсысына бір айға төленуге тиісті еңбек ақының жалпы сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен қосымша еңбек ақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау керек. Жұмысшылар мен қызметкерледің табысын, оның ішіндегі табыстан ұсталатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбек ақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу тізілімі (ведомостісі) деп атайды. Ұйымдарда бұл тізімдеме әрбір цехтар, бөлімшелер бойынша толтырылады. Еңбек ақы жөнінде есеп айырысу төлеу тізімдемесі әрбір жұмысшы мен қызметкер бойынша есептелген еңбек ақымен басқа да төлем сомаларын және одан ұсталынған ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады. Бұл тізімдемеде жұмысшы-қызметкерлердің аты-жөні, табельдік номері, оларға есептелінген негізгі және қосымша еңбек ақылары мен одан ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары және сол айдың басы мен соңындағы кәсіпорынның жұмысшылар мен қызметкерлерге немесе жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорынға қарыз сомалары көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу тізімдемесі бойынша ұйымның кассасынан өзіне тиісті еңбек ақыны алып, қол қояды. Бұл тізімдеме бойынша біріншіден жұмысшы немесе қызметкерлермен еңбек ақы жайында есеп айырысу жүргізілсе, екіншіден бұл тізімдеме еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық есебі болып табылады, ал үшіншіден осы тізімдеме арқылы жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың еңбегіне қарй еңбек ақыларын төлейді. Кейбір ұйымдарда есеп айырысу-төлеу тізімдемесі мен дербес шоттың орнына есеп айырысу тізімдемесі ғана толтырылып жүргізіледі. Бұл есеп айырысу тізімдемесі журнал түрінде жасалып, негізгі және қосымша бюеттерден тұрады. Негізгі бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін негізгі және қосымша еңбек ақылары мен жәрдемақыларының сомасы және олардан ұсталатын ұсталымдары есептеуге керекті мәліметтері (лауазымды тұлғаның жалақысы, белгіленген мамандық дәрежесіне сәйкес тарифтік еңбек ақысы, туған жылы, отбасы жағдайы, балаларының және қарауындағы адамдардың саны ұсталынатын және шегерілетін сомалардың мөлшері, қай уақытқа дейін демалатыны, тағы да басқалар) көрсетіледі. Тізімдеменің қосымша беттерінің саны бұл журналдың қандай мерзімге (айға, тоқсанға, жарты жылға, жылға) ашылғандығына байланысты болады. Бұл тізімдеменің титулдық бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген және депотенттелгенеңбек ақы сомалары жазылады. Тізімдемені толтыру барысында оның ең соңғы бетіне жиынтық сомалары жазылады. Бұл жоғарыда аталған құжаттарды толғындарда жазылған сомалардың алдымен жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы есептегенде толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілген сомаларына сәйкестігін тексеру қажет. Бұл тізімдеме бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбек ақы сомаларының одан ұсталынатын ұсталымдарды және қолдарына берілуге тиісті сомалардың дұрыстығын анықтау үшін тізімдеменің тік және көлденең жақтарының жиынтық сомалары арифметикалық жолмен тексерілуі тиіс.

Өнім өндіру есебі ең алдымен орындалған жұмыстың, операцияның, өндіріп шығарған өнімнің саны мен сапасына қарай кесімді еңбекақыны есептеу үшін және жұмысшылар мен қызметкерлердің жекелік және топтық еңбек өнімділігіне бақылау жүргізу үшін керек. Өнім өндіру есебі негізінде тек қана кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар мерзімдік еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге де сандық және сапалық көрсеткіштердің артығымен орындалуына қарай сыйақы төленеді. Жекеленген жұмысшылар мен қызметкерлер кесімді еңбекақысына қосымша өнім өндіру негізінде мөлшерлі тапсырманы орындағаны үшін сыйақы алады.

Өнім өндіру есебі әрбір кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруға және оларға есептеліп төленетін еңбекақы түрлеріне байланысты. Кәсіпорындардың еңбекті ұйымдастыру көбіне ғылыми – техникалық даму деңгейіне және оларды тиімді пайдалануға, тағы басқаларға байланысты болып келеді. Еңбекті жаңа техникамен жабдықтау, механикаландырылған, автоматтандырылған, өндірістің пайда болуына себебін тигізді. Ғылыми – техникалық прогрестің дамыған жағдайында қол еңбегін пайдалануды көп қажет ететін механикаландырылмаған өндіріс автоматтандырылған кешенді салаға айналады. Оларда қол еңбегі біртіндеп азайып, еңбектің ұйымдастырылуына жаңа техника мен технология өз әсерін тигізеді.

Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы ұйымдарда өндіріс түрлеріне байланысты еңбек пен еңбекақы мөлшерінің есебін қолдануға сәйкес өнім өндіру есебінің әр түрлі жүйелері қолданылады. Олардың ішінде:

- Жұмысшылар мен қызметкерлерге әрбір операция бойынша әстелген жұмысы мен өндірген өнімнің саны мен сапасына сәйкес жеке – жеке еңбекақы есептеп және оны төлеу жүйесі. Бұл жүйе бойынша керекті мәліметтерді жеке жұмысшылар мен қызметкерлердің істеген жұмысына байланысты әр цех бөлімшелері толтырған алғашқы құжаттардан алуға болады.

- Өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстың жалпы көлемін ең соңғы операция орындалғаннан кейінгі анықтау жүйесі. Бұл жүйе бойынша бөлімшелер мен цехтардағы барлық жұмысшылар мен қызметкерлердің атқарған қызметі мен орындалған жұмысына бір жолды және жинақтаушы құжаттар толтырылады.

- Еңбек пен еңбекақыны өндірістің түріне қарай қолданудағы тағы бір жүйе – түгендеу жүйесі болып табылады. Бұл жүйе бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің жеке – жеке өндірген өнімінің, істеген жұмысының көлемінің санын анықтау үшін әр операциялардан кейінгі өндірілмей, аяқталмай қалған өндіріс қалдықтарына түгендеу жұмысы жүргізіледі.

Операциялар бойынша қабылдау жүйесі жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдерін әр операцияны орындағаннан кейін ұйымның техникалық бақылау бөлімі қабылдап, санап алғаннан кейін, ол туралы ақпаратты мәліметтерді алғашқы құжаттарға жазуды қажет етеді. Бұл жүйе бойынша көбірек қолданылатын алғашқы құжаттардың түрі “кесімді жұмыс” наряды болып табылады. Бұл құжат жұмыс орындалмай, яғни басталмай тұрып толтырылады және жұмысшылар мен қызметкерлерге беріледі. Тапсырма орындалғаннан кейін бұл нарядқа нақты өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстың саны, көлемі жазылып, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын есептеу үшін кәсіпорынның бухгалтариясына тапсырылады.

Кәсіпорын бойынша өндірілген өнімге, істелген жұмысқа күнделікті наряд жазу жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу жұмысын қиындатып жібереді. Оның үстіне нарядтар бойынша төленетін еңбекақы мөлшерін цехтардағы, бөлімшелердегі өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың көлемімен сай келуін бақылауға, салыстыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан да өнім өндіру есебінің жаңа прогрессивті еңбек сіңіруді жеңілдететін жүйесіен енгізу қажет. Іс жүзінде жекеленген жұмыс нарядының орнына айлық немесе екі апталық жинақтаушы нарядтарды қолдану арқылы құжаттаң санын азайтуға болады. Кәсіпорындарда өнім өндіру жайлы мәліметтер мен ақпараттар тек қана наряд арқылы жазылып қана қоймай, сонымен қатар өндірілген өнімнің жылжуын, яғни олардың қозғалысын бір операциядан келесі операцияға ауысуын бақылау үшін және олар үшін толтырылатын құжаттаң санын азайту мақсатында маршруттық карталар (карточкалар) тәжірибеде кеңінен қолданылады. Өнім өндіру есебінің бұл түрі сериялы өндірісті машина жасау зауыттарының цехтар мен бөлімшелерде кеңінен қолданылады. Бұл маршруттық карталарда біртектес материалдардан дайындалатын детальдар мен бөлшектердің барлық технологиялық үдерістерден өтіп қоймаға тапсырылғанға дейінгі қозғалысы жазылып отырады.

Кәсіпорынның бақылау бөлімі өндірісте өндірілген, жасалып шығарылған өнімнің сапасы мен санын тексеру мақсатымен қатар болған ақауларды анықтап отырады, және сонымен қатар бұл туралы мәліметтерді өнім өндіру жайлы құжаттарға жазып отырады. Өндіріс цехтары мен бөлімшелерінде өндірілген өнімнің әрбір топтарына бөлек маршруттық карта жазылады. Бұл маршруттық картада өндірістің осы топтағы өндірілген өнімінің саны көрсетіліп бақылау бөліміне жіберіледі. Ал бөлімнің бақылаушысы картаға топты, яғни өнімдерді тексеру барысында анықталған ақау немесе кемшілігі бар өнімнің санын және оны жіберген (өндірген ) жұмысшының табелінің нөмірін көрсетіп қол қояды.

Өндірілген өнімнің топтары бір бөлімшеден немесе цехтан екінші бөлімшеге, цехқа берілгенде оларға қоса маршруттық картаны жіберіп отырады. Егер топтағы өнімдер бөлініп кететін жағдайда жаңадан маршруттық карта жазуға тура келеді. Маршруттық карта сонымен қатар өндірілген өнімдердегі кездесетін ақаулардың қай жұмысшының кінәсінан болғанын анықтап жазып отыруға және өндірілген өнімнің санының дұрыс жазылуындағы (қате болмауын) бақылау жұмыстарын жеңілдетуге арналған. Маршруттық карталар жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеуде өз алдына дербес карта ретінде пайдаланылады.

Кәсіпорындарда көп жағдайларда еңбекті ұйысдастырудың бригадалық түрі кеңінен қолданылады. Шаруашылықта өндірістік бригадалық топ құру өндірген өнімді есептеу жұмысын жеңілдетеді, сондай - ақ толтырылатын құжаттардың да саны азаяды. Бригада бойынша еңбекақы есептелетін жағдайда да өндіріліп шығарылған өнімнің, істелген жұмыстың ең соңғы нәтижесінің есебін алу жеткілікті болады. Өндірілген өнімнің, істелген жұмыстың ең соңғы нәтижесі бойынша кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу техникалық бақылау бөлімінің қызметінің ең соңғы тексеру операциясынан өтіп, қоймаға тапсырылған және басқа жаққа қоймаға алынбай таратылып жіберілген, яғни басқаларға берілген, сатылған, тиеліп жіберілген дайын өнімнің, істелген жұмыстың саны мен сапасына қарай есептеледі.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге жоғарыда айтылғандай еңбекақыны есептеу және төлеу үшін ұйымдарда жинақтаушы құжаттар мен бригаданың өнім өндіру тізімдемесін (ведомосін) қолдануды қажет етеді.

Көпшілік өндіріс орындарында, әсіресе үздіксіз өндірістерде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақыны өндіріліп шығарылатын өнімнің, істелген жұмыстың ең соңғы нәтижесі бойынша есептеу кеңінен қолданылады. Өнім өндіру есебінің бұл түрі кәсіпорында өндірісті дамыту, өнімділікті арттыру үшін, сондай – ақ өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстың көлеміне қосымша ақпараттар жазуға жол бермеу үшін қолданылады. Еңбекақының істелген жұмыс уақытына қарай, яғни мерзімді еңбекақы төлеу нысаны жұмысшылар мен қызметкерлерді жұмыс істеуге белгіленген уақыт ішінде еңбек өнімділігін арттыруға айтарлықтай ынталандырмайды. Сондықтан да көптеген өндіріс орындары, яғни ұйымдар еңбекақыны мөлшерленіп белгіленген тапсырманың орындалуына қарай отырып төлейтін түріне көшті. Бұл жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімді еңбекақы төлеу жағдайында да өнім өндіруге мөлшерленген тапсырманың орындалуын қажет етеді. Сонымен қатар тапсырманы уақтылы орындалғаны және еңбек өнімділігін арттырғаны үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйлықтар мен сыйақылар, тағы басқалар беріледі.



Үздіксіз еңбек үрдістері ұйымдастырылған көп сериялы өндіріс орындарында өнім өндіру есебінің инвентарлық жүйесі қолданылады. Бұл жүйе бойынша жұмыстың яғни сменаның соңында өндірілген өнімнің саны мен көлемін анықтау үшін әр операция бойынша өңделмей қалған детальдардың қалдығына түгендеу жүргізіледі. Кәсіпорындарда жұмыс істейтін әрбір жұмысшының өндіріп шығарған өнімнің саны мен көлемін анықтау үшін смена кезінде өңдеу үшін алынған детальдар мен бұйымдардың санын қосып осы қосындыдан сменаны тапсырған уақыт барысында өңделмей қалған бұйымдар мен детальдардың санын азайту керек. Осының негізінде өндіріліп шығарылатын өнімдердің санын тиісті құжаттарға жазып отырады. Ұйымдарда кейбір кездерде әр түрлі себептермен өндіріске керекті материалдық құндылықтардың , жабдықтардың дер кезінде болмауына байланысты жұмысты орындауға, өнімді өндіріп шығаруға қолайсыз, сапасы жағынан немесе физикалық, химиялық қасиеттермен талаптарға сай келмейтін материалдық құндылықтарды пайдалануға тура келеді. Кейбір жағдайда ондай материалдық – құндылықтарды пайдалану алдын ала өңдеуді қажет етеді. Сондықтан өндіріске басқа материалдар мен жабдықтарды қолдану істелетін жұмыстың белгіленген әдеттегі уақытында аяқталмауына әсерін тигізеді. Бұған белгіленген мөлшерде қосымша уақыт қажет болады. Сондықтан да ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге қосымша еңбекақы есептеліп төленуі тиіс. Кәсіпорындағы жұмыстың былай ауытқуына қосымша төленетін еңбекақыға мастер, прораб немесе бригадир, яғни ұйымдағы наряд толтырушы адам қосымша еңбекақы төлемін төлеу құжаттарын толтырады. Бұл құжатқа негізгі еңбекақы есептеу үшін толтырылатын нарядтар мен алғашқы құжаттардың нөмірі жазылады. Егер әдетте техникалық ауытқуы қосымша операцияны қажет ететін болса, онда бұндай жұмыстарға ерекше белгісі бар (қиғаш сызық түскен) нарядтар толтырылады. Қосымша төлеу құжатында жоспарлардан тыс өңдеу операциясына төленуге тиісті еңбекақымен қатар, қосымша төлем төлеудің себептері де жазылып көрсетілуі тиіс.
3.3. Еңбек және ақы төлеудің ның аналитикалық және синтетикалық есебі.
Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін кейбір төлемдердің мөлшері олардың өткен уақыттағы алған еңбекақысының орташа мөлшеріне байланысты есептеледі. Орташа еңбекақының сомасына байланысты есептелетін мұндай төлемдерге мыналар жатады:

    • Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқарған уақыты үшін төленетін төлем.

    • Қызметтік іссапарда болған уақытқа төленетін еңбекақы.

    • Жас сәбилі аналарға демалу және баланы тамақтандыру үшін берілетін үзіліске төленетін төлем.

    • Жас өспірімдердің қысқартылған еңбек уақытына төленетін төлем.

    • Өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей оқитын жұмысшылар мен қызметкерлерге емтихан тапсыратын уақыттағы жұмыста болмаған уақыттарына төленетін төлем.

    • Амалсыздан жұмысқа шықпаған уақытқа төленетін төлем.

    • Ауыл шаруашылық жұмыстарына қатысқан уақыттары үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлем.

    • Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек демалысы немесе пайдаланбаған еңбек демалысы үшін төленетін төлем.

    • Зейнетақы, табыс салығы және жылдық жұмыс нәтижесі бойынща сыйақы есептеу,тағы басқалары.

Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан тек заңда қаралған ұсталымдарды ғана ұстап қалуға болады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан кәсіпорынның бухгалтериясы арқылы ұсталуға болатын ұсталымдарға мыналар жатады:

    • Жинақталған зейнетақы қорына аударылатын сома (жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасының 10% мөлшерінде).

    • Жеке табыс салығы ( 10 %), 2007 жылғы Салық кодексіндег іөзгерістерге байланысты;

    • Заң, сот органдарының үкім қағазы бойынша ұсталатын ұсталымдар (алимент, айыппұл, т.б ).

    • Несиеге сатып алған тауарлары, заттар үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің міндеттемесі бойынша белгіленген сомалар.

    • Әр түрлі жарналар (жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша кәсіподақ комитетіне, ұйымдарға, партияларға т.б) төленетін төлемдер.

    • Дербестік сақтандыру шартына сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің жаөбаша өтініші бойынша жеке басын, жанұя мүшелерін, мүлкін және т.б сақтандыруға байланысты жарна аудару.

    • Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы есебінен берілген аванс пен артық төленген төлемдер сомасы.

    • Жеке меншік үй салуына банктен алынатын ұзақ мерзімді несиені өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар.

    • Жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша өзі жұмыс істейтін шаруашылық субъектісінің қарамағындағы, яғни меншігіндегі үйде тұрғаны үшін пәтерақы мен тұрмыстық қызмет үшін төленетін төлемдер және сол шаруашылық субъектісінің қарамағындағы мектепке дейінгі балалар мекемесіне (балабақшаға) балаларының барғаны үшін төленетін төлемдер.

    • Ұйымға келтірілген зиянды өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар. Кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың әрқайсысына бір айға төленуге тиісті еңбекақының жалпы сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен қосымша еңбекақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау керек. Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу тізілімі (ведомісі) деп атайлды.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебі 3350-ші “Қызметкерлермен қысқа мерзімді еңбек ақы бойынша есеп айырысу” деп аталатын синтетикалық, пассивті шотта есептеліп жүргізіледі. Бұл шот бойынша деректер мен ақпараттар үлгілі түрі №10 және №10-1 журнал-ордерлерінде көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істегендері, қызмет атқарғандары және өнім өндіргендері үшін есептеліп төленетін еңбек ақы өндіріс шығындарының бір элементі ретінде еңбекті пайдалану бағытына қарай шығындарды есепт ейтін белгілі бір шотқа оның ішінде тиісті өндірістік өнімге апарылуы керек. Сонымен қатар бұл туралы еңбек қоры жайлы тиісті орындарға есеп берілуі қажет. Сондықтан да рапорттар мен өнімдерді өндіру тізімдемелері, табельдер және тағы да басқа лағашщы құжаттар негізінде әр цех бөлімше бойынша есептелген еңбек ақы олардың түрлері және қызметкерлердің санаттары (категориялары) бойынша топталады. Бұл топтау журнал-ордерлердің үлгілі түрі ретінде №3 және №4 өңдеу кестелерінде жүргізіледі, ол кестенің сол жағында дебиттелінетін шоттар номерлері, ал оң жағында жұмысшы-қызметкерлерінің мамандық дәрежелеріне сәйкес оларға есептелген еңбек ақы сомалары түрлері юойынша бөлініп жазылады. Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбек ақы сомасы бөлу (тарату) тізімдемесінің негізінде шығындар есептелетін шоттарға былайша жазылады:

Д-т: “Тауарларды (жұмыстарды) сату бойынша шығындар” шоты,

“Жалпы әкімшілік шығындар” шоты,

“Негізгі өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысы” шоты, “Көмекші өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысы ” шоттарының тиістісі;

К-т: “Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу” шоты.

7110 шоттың дебитіне маркетинг бөлімінің басқа да тауарларды сатумен айналысатын жұмысшы-қызметкерлердің еңбек ақысы жазылады.

7210 шоттың дебитіне ұйымдағы әкімшілік басқару қызметкерлердің еңбек ақысы жазылады.

8110 шоттың дебитіне негізгі өндірісте жұмыс істейтін жұмысшы-қызметкерлердің мерзімді және кесімді еңбек ақылары жазылады. Кесімді еңбек ақы алғашқы құжаттар негізінде өндіріліп шығарылған өнімдердің өзіндік құнына қосымша, мерзімді еңбек ақы шығындары барлық өндірілген өнімдерге үйлесімді (пропорционалды) бөлініп, қосылады.

8110 шоттың дебитіне көмекші өндіріс жұмысшы-қызметкерлерінің істеген жұмыстары мен атқарған қызметтеріне есептелген еңбек ақы сомалары жазылады.

8410 шоттың дебитіне цехтің әкімшілік басқару және басқа да жұмысшылардың еңбек ақылары жазылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбек ақыдан салықтар мен ұсталымдар, жарналар есептлгенде:

Д-т: “Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу ” шоты;

К-т: “Зейнетақымен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу ” шоты,

“Бюджетпен басқадай салықтар алымдар бойынша есеп айырысу ”және басқа да шоттар түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

Сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы төленгенде:

Д-т: “Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу ” шоты;

К-т: “Ақшалар”шоты түрінде.

Ал есептеліп, бірақ уақытысында тартылмағанда және тағы да басқа жағдайларда:

Д-т: “Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу ” шоты;

К-т: “Өзге де алажақ борыштар” шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы есептегенде бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар.




Операциялар

мазмұны


Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

1

2

3

4

1.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы, сыйақы және басқа да төлемдер есептелінді:

  • Негізгі өндіріс жұмысшыларына;

  • Қосалқы өндіріс жұмысшыларына;

  • Цехтің қызметкерлеріне;

  • Кәсіпорынның басқару аппараты қызметкерлеріне;

  • Маркетинг бөлімінің, басқа да тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) сатумен айналысатын жұмыскерлерге;

8110

8310


8410

7210


7110

3350

3350


3350

3350


3350

2.

  • Жұмысшыларға кезекті демалыс ақысын есептеу (егер демалыс ақысын төлеуге резерв құрылған болса)

  • Демалыс ақысынан есептелген әлеуметтік салық сомасы

3380

3380


3350

3150


3.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбек ақыдан зейнетақы қорына ұсталынатын сомаға;

3350


3220

4.

Жеке тұлғаларға есептелген еңбек ақыдан ұсталатынтабыс салығы сомасына

3350

3120

5.

Жұмысшылардың еңбек ақысынан сот органдарының шешіміне сәйкес орындалатын құжат бойынша ұсталған сомаға

3350

3390

6.

Жұмысшылардың еңбек ақысынан олардың есеп беруі бойынша ұсталатын сомаларына

3350

1250

7.

Бүлінген материалдық-құндылықтардың орнын толтыру мақсатымен жұмысшылардың еңбек ақысынан ұсталатын сомаға

3350

1250

8.

Жұмысшылардың еңбек ақысынан олардың алдынғы уақыттарда алған қарыздары үшін ұсталатын сомаларға

3350

1250

9.

Есептелген, бірақ белгіленген мерзімде таратылмаған еңбек ақы (алушының келмеуіне байланысты)

3350


3390

10.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге кассадан төленген еңбек ақы, сыйақы, жәрдемақы және зейнетақы самасына

3350


1010

11.

Лауазымды тұлға болып саналатын жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген төлемдер (басқарма тексеру комиссиясының, бақылау кеңесінің, тағы да басқа мүшелеріне)

7210

3350


12.

Лауазымды тұлғаларға есептелген еңбек ақыдан ұсталған табыс салығы сомасы

3350


3120

13.

Лауазымды тұлғаларға есептелген еңбек ақы сомасы кассадан төленді

3350


1010

14.

Жұмысшылардың алдағы уақыттардағы демалыс ақылары үшін есептелген резерв сомасына

8110, 8210 т.б.

3380

15.

Есептелген әлеуметтік салық сомасы

8110, 8210 т.б.

3150


жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау