Экономикадағы өнеркәсіп саласының алатын орны



жүктеу 231,03 Kb.
бет20/21
Дата14.05.2020
өлшемі231,03 Kb.
#30431
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
ДИПЛОМ

Орталықсыздандыру қағидаты жеке сектордың бастамашылықтарын қолдау (қаржылай қолдауды қоса алғанда) көздерінің сан түрлі болуын білдіреді. Іс жүзінде бұл мемлекеттің қаржы және ақпараттық ресурстарды бр ғана даму институтына жұмылдырмайтынын білдіреді. Бұл:

шешімдер қабылдау кезнде ықтимал жүйелі қателерді болдырмауға;

бәсекелестіктіктің негізін салуға, соның нәтижесі ретінде қолдау көрсету кезінде енғұрлым ашық саясат жүргізуге;

жеке сектордың бастамашылықтарын неғұрлым терең талдауы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, егер перспективалы жоба даму институттарының бірінде қолдау таппаса, онда оны басқа институттан алу мүмкіндігі сақталады.



Мамандану қағидаты даму институттарының қызметтің белгілі бір операцияларына және/немесе түрлеріне мамандануын білдіреді. Мысалы, Қазақстан Даму Банкі жобаларды банктік кредиттеу арқылы; Қазақстан инвестициялық қоры – жарғылық капиталға үлестік (бақылаусыз) қатысу арқылы; Инновациялық қор – гранттар, оның ішінде ғалымдар мен ғылыми мекемелерге гарнттар беру және капиталға үлестік қатысу арқылы жобаларды қаржыландыруға маманданады. Мамандану қағидаты даму инстиуттарының мамандану шеңберінде операциялармен және қызмет түрлерімен ғана айналысатынын блдірмейді. Олар өздері үшн негізгі болып табылмайтын басқа операцияларды да (қызмет түрлерін) жүзеге асыра алады. Бұл үшін негізгі емес операцияларға мен қызмет түрлерін жүзеге асырудың лимиттері белгіленді.

Бәсекелестік қағидаты даму институттарының қызметін бәсекелестік негізде жүзеге асыруды білдіреді. Мұндай қажеттілік институттардың көпшілігінің дамудың осы кезеңінде жоқ нарық институттарға еліктеуге бейілді екнімен байланысты. Институттардың қызметі нарық институттарға еліктеуді білдіретінін секере отырып, әуел бастан олрадың қызметін нарықтық, яғни бсекелестік негізде құру қажет. Бәсекелестік қағидаты қандай да бір институттың қызметі нәтижелерін салмақтауға мүмкіндік береді.

Ашық қағидаты менеджерлердің есептілігі мен жауапкершілгін, қаржы ресурстарын мақсатты әрі тиімді пайдалану үшін тиісті бақылауды қамтамасыз ететін дамудың мемлекеттік инстуттарын корпорациялық басқарудың ашық жүйесін құруды білдіреді. Мемлекет даму институттар- ының алдына қойылған міндеттерді тиісінше іске асыру мақсатында олардың қызметіне қандай да бір қысымнан қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Осы қағидатты жүзеге асыру үшін тәуелсіз директорлар институты (мінсіз іскерлік беделі бар шетелдік жоғарғы білкіті менеджерлерді тарат отырып), сондай-ақ корпоративтік басқарудың қазіргі заманғы құралдары белсенді пайдаланылатын болады.

Қазақстанның инвестициялық қоры. Қазақстанның инвестициялық қорының (ҚИҚ) мақсаты Қазақстанда да, шет елдерде де кәсіпорындардың жарғылық капиталына үлестік және бақылаусыз қатысу арқылы жеке сектордың экономиканың шикізаттық емес секторындағы бастамаларына қаржылай қолдау көрсету болып табылады.

ҚИҚ құру қажеттілігі қор рыногының дамымауымен, отандық компаниялардың каипталдану төмендігіне, отандық рынокта өңдеуші өнеркәсіпке келіп түсетін инвестиция ағымына ықпал ететін барабар нарықтың тетіктердің болмауымен байланысты болып отыр. ҚИҚ құру қаржы секторы үшін қызмет етудің сапалы жаңа деңгейіне көшу қажеттілігіне белгі болып табылады. Банктермен және басқа да қаржы агенттерімен ҚИҚ әріптестігі жаңа өндіріс пен қаржы рыногының дамуы үшін белсенді серіпіліс болады.

Жеке инвестициялық қорлардың пайда болуымен мемлекеттік қаржы институты ретіндегі ҚИҚ рөлі қысқартылатын болады. Қаржы рыногында 3-5 бірдей жеке инвестициялық қорлардың пайда болуымен жекешелендірілетін болады.

Қаржылай қолдау көрсету туралы шешім ҚҚТ әдіснамасы бойынша кешенді талдау жасалып, тізбенің неғұрлым маңызды элементтері анықталғаннан кейін жүзеге асырылатын болады. Егер ҚҚТ талдауының тұжырымдары ҚҚТ-да бірқатар өндіріс құру қажеттігін көрсететін болса, онда барлық қажетті негізгі өндірісті құру көтермеленетін болады. ҚҚТ әдіснамасы бойынша талдау технологиялық әрі жоба үшін маңызды өзге де сипатта жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте жобаларды бағалаудың бірінші кезектегі өлшемдерінің бірі олардың коммерциялық қайтарымдылығы болып табылады./29/

Бағалаудың басқа өлшемдері жобаның экспортқа бағдар ұстануы немесе импорт алмастыру бағыттылығы болады. Талдау мні экономиканың шикізат секторына жатпайтын жеке сектордың барлық бастамалары болуы тиіс.

Жобаларды қаржыландыру жеңілдету үшін, жеке секторда қаражат жетіспеген жағдайда ҚИҚ жаржылық капиталға (акцияларды сатып алуда) бақылау пекетін алмай қатысу арқылы бірлесіп қаржыландыру қатысатын болады. Сонымен қатар мемлекеттік пакеттің жобасы іске асырылғаннан кейін сатылатыны жөнінде нақты ереже белгіленуі тиіс.

Бұл ҚИҚ-қа жаңа өндірістер, оның ішінде жоғары технологиялы өндірістер құруда ғана емес, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногын дамыту да ықпал ету мүмкіндігін береді.

ҚИҚ Қазақстанның Даму Банкімен тығыз қарым – қатынаста жұмыс істеуі тиіс. Бұл екі институт банк желісі бойынша жобаларды қаржыландыруды және капиталды бастапқы орналастыру бағытында бірін – бірі толықтыруы тиіс.

Таяу арада қаржылық капиталды ұлғайтуды, еншілес маманданған қаржы ұйымдарын, атап айтқанда лизингтік ұйымдарды құру мүмкіндігін көздейтін Қазақстанның Даму Банкі институционалдық тұрғыда нығайтылатын болады. Сонымен бірге Қазақстанның Даму Банкіне Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жобаларды қаржыландыруды құқығы берілуі мүмкін.

Инновациялық қор.Инновациялық қор тіпті дамыған елдердің бәрінде бірдей толық дәрежесінде бола бермейтін нарықтық экономиканың еншілес функциясын ынталандыруға тиіс. Бұл функция экономиканың ақпарат, электроника, биотехнологиялар және басқалары сияқты жоғары технологиялық салаларын құру мен дамыту үшін ерекше маңызды. Осыған байланысты қор қызметінің басты мақсаты Қазақстан Республикасындағы инновациялық белсенділіктің артуына, жоғары технологиялы және ғылымды көп қажет ететін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу болуы тиіс. /30/

Инновациялық қорды құру инновацияларды енгізудің тиімді және нарықтық тетіктерінің болмауына қатысты кеңес өкіметінен кейінгі кеңістік барлық елдерінде тән жүйелі проблеманы шешуі тиіс.

Бұл проблеманың екі жағы бар. Біріншіден, бұл әзірленген инновацияларды енгізудің қажеттілігі. Екіншіден, жаңа инновацияларды әзірлеу үшін қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру.

Осы проблеманы шешу үшін Инновациялық қордың негізгі күш жігері жеке сектор тарапынан Қазақстандағы венчурлік қаржыландыру ынталндыру мен дамытуға және инновациялық инфрақұрылымды құруға бағытталуы тиіс. Инновациялық қор өз қызметінің бастапқы кезеңінде отандық және шетелдік серіктестермен бірге инновациялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыратын және венчурлік қорларды құратын болады.

Инновациялық қор отандық еншілес капиталдың құралуы және өсуі бойынша еншілес жобаларды қаржыландыру жөніндегі қызметін тоқтатып, өз белсенділігін инновациялық инфрақұрылымды нығайтуға және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға бағыттайтын болады.

Қордың негізгі міндеттері:

инновациялық инфрақұрылым элементтерін (технополистер мен технопарктерді, ақпараттық – талдау орталықтарын және т.б.) құруға қатысу;

отандық және әлемдік деңгейдегі ірі еншілес инвесторлармен бірлесіп еншілес қорларды құру;

құрылатын және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жарғылық капиталдарын жоғары технологиялы және ғылымды көп қажет ететін өнім өндіру, жаңа технологияларды әзірлеу мақсатында қатысу;

коммерциялық тиімділігі мен экономиканы технологиялық дамыту тұрғысынан әлеуетті перспективалары болып табылатын жаңа технологияларды, тауарларды, қызмет көрсетулерді жасауға бағытталған жекелеген ғылыми зерттеулер мен тәжірибе – конструкторлық жұмыстарды гранттар беру арқылы қаржыландыру болып табылады.

Инновациялық қордың гранттарды бөлу туралы шешімі шетелдік ғалымдарды тарта отырып, тәуелсіз ғылыми – техникалық сараптама жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылуы тиіс. Қаржыландыру үшін таңдалған ғылыми зерттеулер ҚИҚ және Қазақстаннның Даму Банкі арқылы қаржыландыру аясындағы жобаларға тұтас алғанда сәйкес келу тиіс.

Ғылыми зерттеулердің барлық түрлерінің жаңа білімдерді жинақтау жүйесінде бірдей мәні бар және қолданбалы ғылыми зерттеулерге ғана арнайы басымдық беру орынсыз екенін шетелдік тәжірибе көрсетіп отыр. Бұдан өзге, еңбек пен капиталдың өнімділігін арттыру, демек экономиканың бәсекелестігін арттыру, дербес ғылыми – техникалық әлеует құрмай және нығайтпай мүмкін емес.

Сондықтан да іргелі ғылыми зерттеулердің қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылатын болады.

Инновациялық қор өз қызметін мемлекеттік ғылыми – техникалық және инновациялық саясат шеңберінде жүзеге асыратын болады.



Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация.Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорацияның негізгі міндеті саяси және регулятивтік қатерлерді сақтандыру және қайта сақтандыру арқылы Қазақстандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің экспортына тікелей жәрдемдесу болады. Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация Қазақстандық өнімнің экспортын дамыту, ықтимал өткізу рыноктары туралы ақпаратты зерделеу және кейіннен тарату үшін маркетингтік зерттеулер жүргізетін және кейіннен тарату үшін маркетингтік зерттеулер жүргізетін болады. Бұл жалпы әлемге танылған тәсіл болып табылады әрі қаржылық және әкімшілік тұрғыдан алғанда экспорттық транзакцияларды жеңілдетуге тиіс. Отандық сақтандыру рыногының өсуі және оның экспорттық – импорттық операциялармен бацланысты тәуекелдерді сақтандырудың дайындығы бойынша Экспортты сақтандыру корпорациясы коммерциялық сақтандыруды қысқартып, саяси тәуекелдерді сақтандыру мен халықаралық рыноктар туралы коммерциялық ақпаратты таратуға баса назар аударатын болады.


жүктеу 231,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау