18
миграцияға байланысты элементтердің таралуына –
сыртқы электрондарға
тәуелді болады.
Атомдардың келесі қасиеттері негізгі ішкі жылыстау факторларына жатады:
Химиялық қасиеттері;
Радиоактивтік қасиеттері;
Байланыс қасиеттері;
Гравитациялық қасиеттері;
Электрлік қасиеттері.
1.
Химиялық қасиеттері.
Табиғатта, жоғары температурада барлық қосылыстар дисперстік түрде
болады,
сол жағдайларда, атомдардың және иондардың табиғаттарына
тәуелді факторлар көрінеді. Ортада температура азайғандықтан,
молекуланың қасиеттері манызды болады. Бөлек элементтердің жылыстау
дәрежесі мен мінезі жылыстау қасиеттеріне тәуелді болады.
Жылыстау үрдістерінде элементтердің химиялық қасиеттерінің ролі, Ферсман
бойынша негізгі шарттарымен сипатталады:
1.
Жылыстау дәрежесі мен жолы
сәйкес жағдайларда негізгі
қосылыстарының тұрақтылығына тәуелді болады. Мысалы: сулы ерітінді
жағдайларында, элементтердің жылыстау қабілеттілігінің кемуі нашар еруіне
байланысты.
2.
Элементтердің әр түрлі қосылыстарда болуы, максимальдік жылу
эффектісімен анықталады.
2. Радиоактивтік қасиеттер.
Жылыстау үрдістерінде атомдардың
радиоактивті қасиеттері, олардың
ыдырау нәтижесіндегі үздіксіз өзгерістеріне (азаюына) және жаңа физико-
химиялық қасиетпен ядролардың болуына байланысты.
3. Байланыс қасиеттері.
Элементтердің немесе қосылыстардың байланыс қасиеттері молекула, атом
және ион ажырату күшіне қарсы болуы. Егер ажырату күштері әсір етсе
элементтердің немесе қосылыстардың
байланыс қасиеттері қайнау
(ұшқыштық) және балқу температуралармен анықталады. Қайнау
температурасына байланысты, элементтердің ұшқыштығы және одан
шығатын жоғары жылжуы, келесі ретте кеңейеді (азаяды):
ұшқыш газдар
(аргон, хлорсутек, оттек және т.б), жылжитын галогендер (фтор, хлор, бром
және сульфид иондар), металдар (сынап), сілтілік және сілтілік-жер металдар
(литий, барий, магний және т.б.), нашар ұшатын элементтер (платина тобының
элементтері, вольфрам, тантал, молибден, гафний, мырыш және т.б.). жер
қабатында жылыстау үрдістерінде ұшқыштық – маңызды роль атқарады.
4. Электрлік қасиеттер.
Ферсман
элементтердің
химиялық
қасиеттерін
анықтайтын
электростатикалық қасиеттерді белгіледі. Электрлік қасиеті, нейтральдық
атомды зарядталған ионға айналдыруына
бағытталған энергия шамасы
(мөлшері).
2.
Гравитациялық қасиеттер.
19
Гравитациялық қасиеттер- олардың массаларына байланысты және
кеңістіктегі мен жердегі элементтердің таралу процестерінде өте маңызды
болады. Бұл қасиеттер жердің қалыптасқан алғашқы сатысында ерекше роль
атқарған. Жердегі барлық элементтердің жылыстау үрдістері, әлемдік
тартылыс күштері арқылы жүреді.
Заттардың гравитациялық қасиеттерін зерттеулердің негізінде элементтердің
жер қабатындағы таралу үрдістері, әртүрлі
гравитациялық-кристалдық
дифракция гипотезалары тұрғызылды.
Достарыңызбен бөлісу: