«Экология және жер қойнауын пайдалану салаларындағы табиғи ресурстарды тиімді қолдану»


Жоспар:  1.Геологиялық үрдістердің сипаттамасы  2.Тау жыныстарының ұғымы



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет16/51
Дата22.06.2023
өлшемі0,85 Mb.
#43050
түріКонспект
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
3.-геохимии-и-экогеохимии-каз

Жоспар
1.Геологиялық үрдістердің сипаттамасы 
2.Тау жыныстарының ұғымы

3.Магматикалық үрдістер. 
1.Геологиялық үрдістердің сипаттамасы 
Жер қабатын калыптастыру мен дамуына әкелетін табиғи үрдістер – 
геологиялық үрдістер деп аталады. Оларға жататын үрдістер – үгілу, жер 
сілкінісі, вулканизм, теңіз және өзендердің әрекеттері. 
Барлық геологиялық үрдістер химиялық элементтердің бөлінуіне,
шашыратуына және жинақталуына, сонымен бірге пайдалы кендердің
тыңайған жерлердің пайда болуына әкеледі. 
1.
Бөлу – физико-химиялық әдістер арқылы химиялық элементтердің
бөлек, тәуелсіз түріне өтуін білдіреді. 
2.
Шашырату – ол химиялық элементтердің кеңістікте тепе-теңдік
таралуына ұмтылуы. Бұл түрде көпшілік элементтердің атомдары болады 
(стронций, вром, рубидий, индий, талий, цезий). 
3.
Жинақталу – ол элементтердің белгілі мөлшерде, белгілі объектілерде
жиналуы. Бұл үрдіске қоршаған ортаның факторлары мен механизмдері әсер 
етеді. 
Энергия көздеріне қарай геологиялық үрдістер эндогендік және экзогендік
түрге бөлінеді. 
Эндогендік геологиялық үрдістер - жер қабатының ішінде жүреді. Олар 
көзге көрінетін айнымалы рельефтерді жасайды және таулар, мұхит 
шұнғыма , вулкандық конустердің пайда болуына әкеледі. Маңызды ролді 
бұл үрдістерде тектоникалық қозғалыстар атқарады. Олар тез және ақырын 
қозғалыста болады. Ақырын қозғалыста жер беті бір қалыпты көтеріледі 
немесе батады. Тез қозғалыстарда жер бетінің блоктары көтеріліп
нәтижесінде ойылған және жарылған жерлер пайда болады. 
Экзогендік геологиялық үрдістер жер бетін және теңіз табанының тегіс
болуына әкеледі. Жыл сайын жер беті 0,09 мм төмендейді. 
2.Тау жыныстарының ұғымы. 
Минералдық құрамы мен құрылысы салыстырмалы тұрақты агрегаттарды – 
тау жыныстары деп атайды. 
Туынды жағынан үш түрге бөлінеді: 
- магматикалық 
-шөгінді 
- метаморфоздық. 
Магматикалық тау жыныстары терең жер қойнауынан үстіңгі жер қабатына
шығатын ыстық балқыманың қату нәтижесінде болады. 


21 
Сыртқы факторлар әсер еткен нәтижесінде пайда болатын кенде- шөгінді тау
жыныстары деп аталады. 
Шөгінді мен магматикалық тау жыныстары өте терең батқанда және
төменнен көтерілетін магма әсерінен өзгерістерге ұшырайды.
Метаморфозалар нәтижесінде олар жаңа метаморфоздық тау жыныстарына
айналады. 
Тау жыныстары бірнеше белгілермен сипатталады: 
-құрамы 
- құрылысы 
- түсі 
- текстурасы 
- батқан шарттары. 

жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау