Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет75/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   192

субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      361-бап. Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оларды
 
                пайдалану қағидаларын бұзу
 
      Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оларды пайдалану қағидаларын бұзу –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      362-бап. Су ресурстарын есепке алу мен есептілік
 
                деректерiн бұрмалау
 
      Су кадастрын есепке алу мен есептілік деректерiн, су ресурстарын кешендi пайдалану 
мен қорғау схемаларын бұрмалау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген мерзімде ұсынбау –
 
      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
 
      отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      363-бап. Су ресурстарын реттеуге кедергi келтіру
 
      Су ресурстарын кешендi пайдалану, экология және су бөлу мүдделерi үшін оларды 
реттеуге кедергi келтіру –
 
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      364-бап. Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу
 
      1. Ортақ су пайдалану қағидаларын:
 
      1) тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, 
мал суару, шағын көлемді кемелермен және басқа да жүзетін құралдармен жүзу;
 
      2) жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдаланудағы су объектілеріне халықтың 
кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеу түрінде 
жасалған бұзушылық –
 
      жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
 
      жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      365-бап. Белгіленген су сервитуттарын бұзу
 
      1. Белгіленген су сервитуттарын бұзу -
 
      жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
 
      жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      366-бап. Орман қоры жерлерінде заңсыз тегістеу,
 
                құрылыстар тұрғызу, сүректі қайта өңдеу,
 
                қоймалар орналастыру
 
      Орман қоры жерлерінде заңсыз тегістеу, құрылыстар тұрғызу, сүректi қайта өңдеу, 
қоймалар орналастыру –
 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi 


кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      367-бап. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен
 
                санитариялық қағидаларды бұзу
 
      1. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу –
 
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу 
айлық есептік мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Өрттiң шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп 
соққан дәл сол іс-әрекет, егер бұл әрекет ірі залал келтірмесе, –
 
      жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи 
аумақтарда жасалған әрекеттер –
 
      жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      368-бап. Кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен
 
                әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы
 
                орман материалдарын алудың белгiленген тәртiбiн
 
                бұзу
 
      1. Кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш 
шырындарын, қосалқы орман материалдарын алудың белгiленген тәртiбiн бұзу –
 
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекет –
 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      369-бап. Орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи
 
                аумақтардың уақытша алынған учаскелерiн қайтару
 
                мерзiмдерiн бұзу
 
      1. Мемлекеттiк орман қорының уақытша алынған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу 
немесе оларды мақсатына қарай пайдалану үшiн жарамды күйге келтiру жөнiндегi мiндеттердi 
орындамау –
 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма 
бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер –
 
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      370-бап. Орман қоры жерлерiндегі шабындықтар мен
 
                жайылымдық алқаптарды бүлдiру, сондай-ақ заңсыз
 
                шөп шабу және мал жаю, дәрiлiк өсiмдiктер мен
 
                техникалық шикiзатты жинау
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау