Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет20/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   192

      қайырмалдық заттары тәркілене отырып, депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы 
лауазымға кандидатқа – елу, заңды тұлғаға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      118-бап. Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси
 
                партияларға олардың жазбаша келiсiмiнсiз
 
                қызметтер көрсетуi
 
      Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың сайлау 
алдындағы қызметiне байланысты олардың жазбаша келiсiмiнсiз қызметтер көрсетуi –
 
      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық 
емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      119-бап. Дауыс беру қорытындылары туралы немесе сайлау
 
                (республикалық референдум) нәтижелерi туралы
 
                мәлiметтердi ұсынбау не жарияламау
 
      1. Учаскелiк сайлау комиссиясы төрағасының кандидаттың сенiм бiлдiрілген 
тұлғасына, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлiне, байқаушыға танысу үшін 
Республиканың заңнамасына сәйкес ұсынылуы мiндеттi дауыс беру қорытындылары туралы 
мәлiметтердi ұсынбауы –
 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, округтiк сайлау комиссиясының төрағасы 
жасаған іс-әрекет, сондай-ақ оның сайлау заңнамасында (республикалық референдум 
туралы заңнамада) белгiленген сайлау (республикалық референдум) нәтижелерi туралы 
мәлiметтердiң жариялану мерзiмдерiн бұзуы не оларды толық жарияламауы –
 
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы 
жасаған әрекет, сондай-ақ оның сайлау заңнамасында (республикалық референдум туралы 
заңнамада) белгiленген сайлаудағы (республикалық референдумдағы) дауыс беру 
қорытындылары туралы мәлiметтердiң жариялану мерзiмдерiн бұзуы не оларды толық 
жарияламауы –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, Қазақстан Республикасы 
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы жасаған іс-әрекеттер –
 
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      120-бап. Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауалнама
 
                жүргiзу шарттарын бұзу
 
      1. Бұқаралық ақпарат құралдарының сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауалнама 
нәтижелерiн, сайлау нәтижелерi болжамдарын, өзге де зерттеулердi жариялау тәртiбiн 
бұзуы, атап айтқанда, сауалнама жүргізген ұйымды, сауалнамаға тапсырыс берген және оның 
ақысын төлеген тұлғаларды, сауалнама жүргізілген уақытты, ақпарат жинау әдісін, 
сұрақтардың нақты тұжырымын, сауал қойылғандардың санын және сауалнама нәтижелерінің 
қателік коэффицентін көрсетпеу –
 
      жеке тұлғаларға – он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсетіш мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Бұқаралық ақпарат құралдарында сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауалнама 
нәтижелерiн, сайлау нәтижелерi болжамдарын, өзге де зерттеулердi дауыс беретін күнге 
дейінгі бес күн ішінде және дауыс беру күні жариялау, сондай-ақ сайлау болатын күнi 
дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу –
 
      жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      121-бап. Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар
 
                (таңдаушылар) тізіміне өзгерістер енгізу
 


      Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар (тыңдаушылар) тізіміне өзгерістер 
енгізу –
 
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      122-бап. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу
 
      1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ 
қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың лауазымды адамдарының, Қазақстан 
Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери 
құралымдарының әскери қызметшілерінің, ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау 
органдары қызметкерлерінің, судьялардың, сайлау комиссиялары мүшелерінің, діни 
бірлестіктердің сайлау алдындағы үгіт жүргізуі, сондай-ақ аталған тұлғалардың кез келген 
сайлау алдындағы үгіттеу материалдарын таратуы –
 
      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Сайлаушыларға тегін немесе жеңілдік шарттарымен тауарлар беру, қызметтер 
көрсету, бағалы қағаздар беру, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізу, 
ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргізу –
 
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Кандидаттар не олардың сенім білдірілген тұлғалары болып тіркелген 
журналистердің, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды 
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялауға қатысуы –
 
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      123-бап. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін
 
                үй-жайлар беру шарттарын бұзу
 
      Жергілікті атқарушы органдар және өзін-өзі басқару органдары лауазымды адамдарының 
кандидаттардың біріне, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға сайлаушылармен кездесу 
үшін шарттық негізде үй-жайлар беруден бас тартуы, егер басқа кандидатқа және партиялық 
тізімді ұсынған саяси партияға келісім берілсе, –
 
      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      124-бап. Үгіт материалдарын орналастыру
 
      Үгіт материалдарын ескерткіштерде, обелисктерде, тарихи, мәдени немесе сәулеттік 
құндылығы бар ғимараттар мен құрылыстарда, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларда 
орналастыру –
 
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      125-бап. Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық
 
                бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау тәртібін
 
                бұзу
 
      Депутаттыққа немесе өзге сайланбалы лауазымға кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт 
жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты нысаналы жұмсамауы –
 
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
 
      126-бап. Сайлауда кандидаттардың, саяси партиялардың
 
                сенім білдірілген адамдарының, бұқаралық ақпарат
 
                құралдары өкілдерінің және байқаушылардың заңды
 
                қызметіне кедергі келтіру
 
      1. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларының, Қазақстан 
Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес 
ұйымдары байқаушыларының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сайлау комиссиясының 
отырыстарына қатысу не сайлау учаскесінде дауыс беру күні ол ашылған кезден бастап және 
сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін болу не 
сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау 
және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін байқау не электрондық сайлау жүйесінің 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау