3. Егер нақты деректер іс жүргізуге қатысушылардың заңмен кепiлдiк берiлген
құқықтарынан айыру немесе қысым жасау жолымен алынса немесе процестiң өзге де
қағидаларын бұза отырып алынып, нақты деректердiң анықтығына ықпал етiп немесе ықпал
етуi мүмкiн болып, оның iшiнде:
1) зорлық-зомбылық жасап, қорқытып, алдап, сол сияқты өзге де заңсыз әрекеттер
қолданып;
2) процеске қатысатын адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне қатысты оған
түсiндiрмеу, толық емес немесе дұрыс емес түсiндiру салдарынан туындаған шатасуын
пайдаланып;
3) осы іс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның процестік
әрекеттi жүргізуіне байланысты;
4) қарсылық бiлдiруге жататын адамның процестік әрекетке қатысуына байланысты;
5) процестік әрекеттi жүргізу тәртiбiн бұза отырып;
6) белгiсiз көзден;
7) дәлелдеу барысында қазіргі заманғы ғылыми бiлiмге қайшы келетiн әдiстердi
қолданып, осы Кодекстiң талаптарын бұза отырып алынса, дәлелдемелер ретiнде жол беруге
болмайды деп танылуға тиiс.
4. Нақты деректердi дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол беруге болмайтынын
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiп жатқан судья немесе орган
(лауазымды адам) өз бастамашылығымен немесе процеске қатысушылардың өтiнiшхаты бойынша
белгілейді.
5. Тиiстi бұзушылықтар мен оларға жол берген тұлғалардың кiнәлiлiгi фактiсiн
қоспағанда, заңды бұза отырып алынған дәлелдемелердiң заңдық күшi жоқ деп танылады және
оларды iс бойынша шешiмнiң негiзiне алуға, сондай-ақ iс бойынша кез келген мән-жайды
дәлелдеу кезiнде пайдалануға болмайды.
766-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
дәлелдеуге жататын мән-жайлар
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша:
1) әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасы және осы Кодексте көзделген оның құрамының
белгілері;
2) осы Кодексте әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, құқыққа қарсы іс-әрекет (әрекет не
әрекетсіздік) жасаған тұлға;
3) жеке тұлғаның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға кiнәлiлiгi;
4) әкiмшiлiк жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар;
5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтірілген залалдың сипаты мен мөлшерi;
6) әкiмшiлiк жауаптылықтан босатуға алып келетiн мән-жайлар;
7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар, сондай-ақ
iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар өзге де мән-жайлар дәлелденуге жатады.
767-бап. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның
түсiнiктемелері, жәбiрленушiнiң және куәнiң
айғақтары
1. Өзiне қатысты iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның түсiнiктемелері,
жәбiрленушiнiң және куәнiң айғақтары аталған тұлғалардың ауызша немесе жазбаша нысанда
хабарлаған, iске қатысы бар мәлiметтерiн білдіреді.
2. Өзiне қатысты iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның түсiнiктемелерi,
жәбiрленушiнiң және куәнiң айғақтары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы немесе іс бойынша
iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы хаттамада көрсетіледі, ал қажет
болған кезде – сауал қою хаттамасымен ресiмделiп, iске тiгiледi.
3. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан
тұлғаның түсiнiктемелерi, куәлардың айғақтары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға
оны толық толтырғаннан және аталған тұлғаларға осы Кодексте көзделген олардың құқықтары
мен міндеттерін түсіндіргеннен кейін ғана енгізіледі.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген талаптарды сақтамаған кезде өзiне қатысты
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға
түсiнiктемелерiнің, куә айғақтарының дәлелдемелер ретінде күші жоқ деп есептеледі және
дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін емес.
768-бап. Дәлелдемелерді ұсыну
1. Дәлелдемелердi әкiмшiлiк iс жүргiзудің тараптары және басқа да қатысушылары
ұсына алады.
2. Егер ұсынылған дәлелдемелер жеткiлiксiз болса, iстi қарап жатқан сот не орган
процеске қатысушыларға қосымша дәлелдемелер ұсынуды не оларды өз бастамашылығымен
жинауды ұсынуы мүмкiн.
769-бап. Дәлелдеуден босатудың негiздерi
1. Сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды
адам) жалпыға бiрдей белгiлi деп таныған мән-жайлар дәлелдеудi қажет етпейдi.
2. Азаматтық iс бойынша соттың күшiне енген шешiмiмен немесе әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы өзге iс бойынша соттың қаулысымен анықталған мән-жайлар, сол бір
тұлғалар қатысатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы басқа iстердi қарау кезінде
дәлелдеудi қажет етпейдi.
3. Егер тиiстi құқықтық рәсiм шеңберiнде керiсiнше жағдайлар анықталмаса, мына
мән-жайлар:
1) қазіргі заманғы ғылымда, техникада, өнерде, қолөнерiнде жалпыға бiрдей
қабылданған зерттеу әдiстерiнiң дұрыстығы;
2) адамның заңды бiлуi;
3) адамның өзiнiң қызметтiк және кәсiптік мiндеттерiн бiлуi;
4) олардың болуын растайтын құжатын ұсынбаған және арнаулы даярлықтан өткен немесе
бiлiм алған оқу орнын немесе басқа мекеменi көрсетпеген адамның арнаулы даярлығының
немесе бiлiмiнiң жоқтығы дәлелдемелерсiз анықталған деп есептеледi.
770-бап. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету
1. Өздерiне қажеттi дәлелдемелердi ұсыну мүмкiн болмайды деп немесе қиынға түседi
деп қауiптенуге негiзi бар тараптар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан
судьяға, органға (лауазымды адамға) осы дәлелдемелермен қамтамасыз ету туралы өтiнiш
жасай алады.
2. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету iске қатысуына қарамастан, ұйымдардан құжаттар,
мәлiметтер және қорытындылар ұсынуды, сараптама жүргiзудi, болған жердi тексерiп қарауды
талап ету жолымен және өзге де тәсілдермен жүргiзiледi.
771-бап. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету туралы арыз
1. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету туралы арызда: қамтамасыз етiлуi қажетті
дәлелдемелер; растау үшiн бұл дәлелдемелердi қажет ететiн мән-жайлар; арыз берушiнi
қамтамасыз ету туралы өтiнiш жасауға итермелеген себептер, сондай-ақ бұл дәлелдемелердi
қажет етiп отырған iс көрсетiлуге тиiс.
2. Арыз әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан сотқа, органға
(лауазымды адамға) жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған
электрондық құжат нысанында берiледi.
Ескерту. 771-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015
№ 378-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
772-бап. Сараптама тағайындау және жүргiзу
1. Iс үшiн маңызы бар мән-жайлар сарапшының арнаулы ғылыми бiлiм негiзiнде
жүргiзетiн iс материалдарын зерттеуi нәтижесiнде алынуы мүмкiн болған кезде, жүргізуінде
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья, орган (лауазымды адам) сараптаманы
тағайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |