Беттестіру хаттамасы



жүктеу 19,14 Kb.
Дата28.04.2020
өлшемі19,14 Kb.
#30011
BETTESTIRU KhATTAMASY


БЕТТЕСТІРУ ХАТТАМАСЫ
7 сәуір 2019 жыл Қарағанды қаласы
Беттестіру: 10 сағат 00 минутта басталды

10 сағат 55 минутта аяқталды


Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция лейтенанты Шубаав А.К, тергеушінің кабинетінде ҚР ҚПК-нің 199, 218- баптарының талаптарын орындай отырып, №1035 санды қылмыстық іс бойынша, бұрын куә ретінде жауап алынған Сүлейменова Диана Мейіржанқызы мен күдікті Мұратов Темирлан Русланович жауаптарында елеулі қайшылықтар болғандықтан, беттестіру жүргіздім.

Беттестірудің алдында куә Д.М.Сүлейменоваға жауап беруден бас тартса ҚР ҚК-нің 421 бабы бойынша, ал жалған айғақ берсе, ҚР ҚК-нің 420 бабы бойынша қылмыстық жауаптылығы туралы ескертілді. Айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін куәға ҚР ҚПК-нің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін екендігі ескертілді.


Куә: Қолы:

Сүлейменова Д.М

Беттестіруді бастамас бұрын, шақырылған және қатысушы адамдарға беттестірудің өту тәрбтібі түсіндірілді және беттестіру барысы видеокамераға жазылатындығы ескертілді.
Куә: Қолы:

Сүлейменова Д.М

Күдікті: Қолы:

Мұратов Т.Р

Қорғаушы:

Шәкітай Д.Б Қолы:


Жауап алынатын адамдарға – олардың өзiне, жұбайына (зайыбына) және өзiнiң жақын туыстарына қарсы , ал дiни қызметшiлер – тәубе үстінде оларға ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға қарсы куәлік етуге міндетті емес екендіктері түсіндірілді.
Куә: Қолы:

Сүлейменова Д.М


Күдікті: Қолы:

Мұратов Т.Р

Беттестіру процесі кезінде қорғаушыға тергеушінің рұқсатымен сұрақ қою құқығы түсіндірілді және қорғаушының қойған сұрағы хаттамаға енгізілетіні туралы ескертілді.
Қорғаушы:

Шәкітай Д.Б Қолы:


Бір-бірін танитын-танымайтындықтары, араларындағы қарым-қатынастары жөніндегі сұрақтарға төмендегідей жауап берді:

Сүлейменованың жауабы: « Менің жанымда отырған Мұратов Темирлан Русновичті танымаймын, арамызда ешқандай араздық жоқ.»


Сүлейменова Д.М Қолы:
Мұратовтың жауабы: « Мен, жанымда отырған азаматшаны танымаймын, менің оған ешқандай араздығым жоқ»
Мұратов Т.Р Қолы:
Сұрақ Мұратовқа: «2019 жылдың 6 сәуірінде, сағат түнгі 1-20 да Сатыбалдин көшесінде, «Отырар» мейрамханасына қарама-қарсы жолдың жиегінде тұрған «Toyota Camry 55 » маркалы, мемлекеттік нөмірі «KZ707BBC09» автокөлігі ұрланған, осы жайлы не айтасыз?»

Мұратовтың жауабы: « Мен 6 сәуір күні сағат түнгі 1-00 де туған күннен қайтып бара жатып, Сатыбалдин көшесі Отырар мейрамханасына қарама-қарсы мас Отарбаев Рамазанды кездестірдім. Ол маған өзінің қызылу екенін және Орбита 4 мекен-жайына өзінің автокөлігінің кілтін беріп апарып тастауын өтінді. Сөйтіп мен келістім осылайша автокөлігіне мініп айтқан жеріне апарып тастадым. Содан соң Орбита 4 көшесі жанындағы автостоянкаға машинаны койып кеттім.»


Мұратов Т.Р Қолы:
Сұрақ Сүлейменоваға: « Сіз Мұратовтың берген айғақтарын мұқият тыңдадыңыз ба? Сіз Мұратовтың берген айғақтарымен келісесіз бе? Бұл жайлы не айтасыз? »

Сүлейменованың жауабы: « Ия мен мұқият тыңдадым, мен Мұратовтың берген айғақтарына толығымен қарсымын.

Мен 6 сәуір күні сағат 1-00 кезінде Астана қаласынан командировкадан келген болатынмын, сөйтіп өзімнің үй жағыма машинамен тоқтап ішінен телефонымды таба алмай бөгеліп қалдым. Сөйтіп, жақында тұрған автокөліктің жанына бейтаныс 2 жігіт келіп жан-жақтарына қарап, машинаныда қарай бастады. Сөйтіп Мұратовтың жанындағы сөмкесінен бір құрылғы алып шығып машинаның капотын ашып жалғадыда, сигнализациясын өшіріп тастады. Біраздан соң есігіде ашылды. Екеуі ішіне отырып машинаны айдап кетті. Соткамды таба алмай, мен тезарада үйге барып, болған жағдай туралы полицияға хабарладым.»
Сүлейменова Д.М Қолы:
Мұратовқа сұрақ: « Сіз Сүлейменованың берген айғақтарын мұқият тыңдадыңыз ба? Берілген айғақтармен келісесіз бе? »

Мұратовтың жауабы: « Ия, мұқият тыңдадым және мен толықтай келіспеймін»


Мұратов Т.Р Қолы:
Қорғаушы Шәкітай Д.Б сізде Сүлейменованың берген айғақтарына қатысты сұрақ бар ма?

Қорғаушы: « Ия бар, сіз көрген екі адамның екеуінің де түрін анық көрдіңіз бе? Соның біреуі Мұратов екеніне сенімдісіз бе?

Сүлейменованың жауабы: « екеунің де бастарында кофтаның капюшоны киілген болған және прожектордың жарығы жанып тұрған болатын, осылайша Мұратовтың түрін анық көріп қалдым. Ия мен екеуінің біреуі Мұратов екеніне сенімдімін, себебі оның сол кезде мұрынында сырылған белгі болған, ал ол белгі әліде болса тұр.»
Сүлейменова Д.М Қолы:
Қорғаушы сізде басқа сұрақ бар ма?

Қорғаушының жауабы: «жоқ»


Сұрақ Мұратовқа: « Сіз осы жағдай болған кезде айналанызда біреуді көрдіңіз бе?»

Мұратовтың жауабы: «жоқ, ешкімді көрмедім»


Мұратов Т.Р Қолы:
Сүлейменоваға сұрақ: «Сіз автокөлік иесін танисыз ба? Не айта аласыз ол туралы»

Сүлейменованың жауабы: « Ия, екеуміз көрші подъезде тұрамыз. Оның мінезінде ешқандай теріс-қылықтар байқамадым. Алкогольдік ішімдікті ішпейді.»


Сүлейменова Д.М Қолы:
Мұратов сізге сұрақ: « Машинаны тексеру экспертизаның қорытындысы, есіктің және сигнализацияның бейтаныс құрылғымен бұзылып ашылғаны анықталды және Сүлейменова берген айғақтарға қатысты не айта аласыз?»

Мұратовтың жауабы: « Мен бұл туралы ештеме айта алмаймын, тек қана Сүлейменова берген айғақтармен толықтай келісе аламын.»

Мұратов Т.Р Қолы:

Мұратовқа сұрақ: « Сіз алдыңғы жауап алуда жалған айғақ бергеніңізді мойындайсыз ба?

Жауабы: «ия»

Сұрақ Мұратовқа : « Толығымен осы жағдайдың қалай болғанын айтып бере аласыз ба?»

Мұратовтың жауабы: « Ия, маған осы жағын кредитті төлеу керек болатын, сондықтан ақша іздей бастадым. Осы жайлы Табынов Мақсатпен ақылдасып отырып ол маған былай деді « Сатыбалдин көшесінде, жол жиегінде ылғи бір жігіт «TOYOTA CAMRY» маркалы қымбат машинаны қойып қояды. Көп уақыттай бір орында тұрады, сатып жберсек иесі білмейде қалады» деп айтты. Ал автокөлкті қалайша сигнализациясын сөндіріп, есігін ашып қосып алмақшысын деген сұраққа « уайымдама, менің бір танысым бар арнайы құрылғылар сатад, сол арқылы қиналмай айдап кетеміз» деп жауап берді. Мен ол танысы кім екенін білмеймін себебі ол маған түнгі 1 де сол жақта бол деді, ал өзі белгісіз жақтан келіп сумкасынан жанағы құрылғыны алып шықты. Сөйтіп мен бақылап, ешкім келіп қалмасын деп қарап тұрдым,айналамда ешкімді көрмедім ал Мақсат барлық жұмысты істеп осылайша айдап алып кеттіп. Содан соң Мақсаттың үй жағындағы стоянкаға қойып мен 1 күн бұрын тауп қойған клиентке келесі күні сатпақшы болдық. Бірақ стоянканың охранигі ертеңінде машинаның ұрланған екендігін көріп, полицияға хабарлаған болатын.

Мұратовқа сұрақ : « Сатып алушы бұл машинаның ұрланған екендігін білді ма?»

Мұратовтың жауабы: «жоқ, білмеді»
Мұратов Т.Р Қолы:
Сүлейменоваға сұрақ: «Сіз екі жігіттің өзініздің танысыңыздың автокөлігін ұрлауға келгендігін түсінген кезде, ұрлықтың алдын-алуға әрекет жасадыңыз ба?»

Сүлейменованың жауабы: « жоқ, мен өзімнің көлігімде тығылып отырдым, себебі, егер мен шығып қарсылық көрсетсем, онда маған қарсы денсаулыққа зиян келтіруі немесе оданда қауіпті болуым мүмкін еді деп қорыққаннан шықпадым»


Сүлейменова Д.М Қолы:
Қорғаушы Шәкітай Д.Б сізде Сүлейменоваға қатысты сұрақтар бар ма?

Қорғаушы: «Жоқ»


Күдікті Мұратов Т.Р және куә Сүлейменова Д.М. бір-бірлеріңізге сұрақтарыңыз бар ма?

Мұратов: «Жоқ»

Мұратов Т.Р Қолы:
Сүлейменова: «жоқ»

Сүлейменова Д.М Қолы:


Хаттаманы тергеуші Шубаев А.К Дауыстап оқыды, ескертулер мен толықтыруларым жоқ.
Куә: Сүлейменова Д.М

Қолы


_________
Күдікті: Мұратов Т.Р

Қолы


_________
Қорғаушы: Шәкітай Д.Б

Қолы


________
Беттестіру жүргізген: Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция лейтенанты:
Шубаев А.К

Қолы


_________



жүктеу 19,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау