Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет156/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   192

      5. Сарапшының айғақтары – осы Кодекстің 757-бабының талаптарына сәйкес ол ұсынған 
қорытындыны түсіндіру немесе нақтылау мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі 
қарау барысында ол хабарлаған мәліметтер.
 
      6. Маманның қорытындысы – бұл әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс 
жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті лауазымды адам немесе тараптар маманның алдына 
қойған мәселелер бойынша жазбаша түрде ұсынған пікірі, оларға жауап қайтарылған кезде 
тиісті зерттеу жүргізу талап етілмейді.
 
      7. Маманның қорытындысы кіріспе, сипаттау бөліктерінен және түйіндерден тұрады. 
Кіріспе бөлігінде: қорытындының берілген күні, орны, уақыты; арнайы зерттеу жүргiзуді 
тапсырған лауазымды адам; маман туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған 
кезде), бiлiмi, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы, 
атқаратын лауазымы) көрсетiлуге тиiс.
 
      Сипаттау бөлігінде маманның алдына қойылған мәселелер, қорытынды беру үшін маманға 
ұсынылған объектілер, материалдар, құжаттар, зерттеу кезінде қатысқан адамдар қамтылады. 
Түйіндерде маманның қойылған мәселелерге жауаптары және олардың ғылыми негіздемесі 
көрсетіледі.
 
      8. Маманның айғақтары – әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында 
арнаулы білімді талап ететін мән-жайлар туралы ол хабарлаған мәліметтер, сондай-ақ осы 
Кодекстің 756-бабының талаптарына сәйкес өз пікірін түсіндіру.
 
      9. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен куәландырылған, сарапшының, 
маманның қорытындысын көрнекiлейтiн материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, 
кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса берiледi және оның құрамдас бөлiгi 
болып табылады. Қорытындыға зерттеуден кейiн қалған объектiлер, оның iшiнде үлгiлер де 
қоса берiлуге тиiс.
 
      10. Сарапшының, маманның қорытындысы жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 
іс жатқан сот, орган (лауазымды адам) үшiн мiндеттi болып табылмайды, алайда олардың 
қорытындымен келiспеуi уәждi болуға тиiс.
 
      774-бап. Yлгiлердi алу
 
      1. Судья, eгep үлгiлердi зерттеудiң iс үшiн маңызы бар болса, оларды, оның iшiнде 
адамның, жануардың, заттың, заттектің қасиеттерiн бейнелейтiн үлгiлердi алуға құқылы.
 
      2. Үлгiлерге материалдардың, заттардың, шикiзаттың, дайын өнiмнiң сынамалары да 
жатады.
 
      3. Yлгiлердi алу туралы уәждi ұйғарым шығарылады, онда: үлгiлердi алатын тұлға; 
үлгiлер алынуы тиiс тұлға (ұйым); нақты қандай үлгiлер және қандай санда алынуы тиiс 
екенi; тұлға өзінен үлгiлердi алу үшiн қашан және кiмге келуi тиiс екенi; үлгiлер 
алынғаннан кейiн олардың қашан және кiмге ұсынылуға тиiс екенi көрсетiлуге тиіс.
 
      4. Үлгiлердi судьяның жеке өзi алуы, ал қажет болған кезде, егер бұл үлгiлер 
алынатын жынысы басқа адамды жалаңаштап шешiндiрумен ұштаспаса және ерекше кәсiптік 
дағдыны талап етпесе, дәрiгердiң немесе басқа маманның қатысуымен алынуы мүмкiн. Өзге 
жағдайларда үлгiлердi судьяның тапсырмасы бойынша дәрiгер немесе басқа маман алуы 
мүмкiн.
 
      5. Үлгiлердi алу құқығы судьяда, сарапшыда, дәрiгерде немесе басқа маманда болады.
 
      6. Үлгiлердi алу сараптамалық зерттеудiң бiр бөлiгi болып табылатын жағдайларда, 
оны сарапшы жүргiзуi мүмкiн.
 
      7. Yлгiлер тараптардан, сондай-ақ үшiншi тұлғалардан алынуы мүмкiн.
 
      8. Судья адамды өзiне шақырады, оны үлгiлердi алу туралы ұйғарыммен қолхат ала 
отырып таныстырады, оған және осы процестік әрекеттерге қатысатын өзге де адамдарға 
олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi.
 
      9. Судья жеке өзi немесе маманның қатысуымен қажеттi әрекеттердi жүргiзедi, 
үлгiлердi алады, оларды орайды және оларға мөр басады.
 


      10. Үлгiлердi алу нәтижелерi процестік әрекет (сот отырысы) хаттамасында 
тiркеледi, онда жүргiзiлген ретi сақтала отырып: үлгiлердi алу үшiн жасалған әрекеттер, 
бұл ретте қолданылған ғылыми-зерттеулер және басқа да әдiстер мен рәсiмдер, сондай-ақ 
үлгiлердiң өздерi сипатталады.
 
      775-бап. Дәрiгердiң немесе басқа маманның, сондай-ақ
 
                сарапшының үлгiлердi алуы
 
      1. Судья өзiнен үлгiлер алынуға тиiс адамды, сондай-ақ тиiстi тапсырмасы бар 
ұйғарымды дәрiгерге немесе басқа маманға жiбередi. Ұйғарымда осы процестік әрекетке 
қатысушылардың барлығының құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлуге тиiс.
 
      2. Дәрiгер немесе басқа маман судьяның тапсырмасы бойынша қажеттi әрекеттердi 
жүргiзедi және үлгiлердi алады. Үлгiлер оралады және мөр басылады, одан кейiн дәрiгер 
немесе басқа маман жасаған ресми құжатпен бiрге судьяға жiберiледi.
 
      3. Сарапшы зерттеу процесiнде эксперименттік үлгiлер дайындауы мүмкiн, бұл туралы 
ол қорытындыда хабарлайды.
 
      4. Судья мұндай үлгiлердi дайындау кезiнде қатысуға құқылы, оны өзi жасайтын 
хаттамада көрсетедi.
 
      5. Сарапшы зерттеу жүргiзгеннен кейiн үлгiлердi оралған және мөр басылған түрде 
өзiнiң қорытындысына қоса береді.
 
      6. Егер үлгiлердi судьяның тапсырмасы бойынша маман немесе сарапшы алған болса, ол 
ресми құжат жасап, оған процестік әрекетке қатысушылардың барлығы қол қояды және iс 
материалдарына қосып тігу үшiн судьяға берiледi.
 
      7. Алынған үлгiлер оралған және мөр басылған түрде хаттамаға қоса беріледi.
 
      776-бап. Үлгiлердi алу кезiнде жеке бас құқықтарын қорғау
 
      Үлгiлердi алу әдiстерi мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмiрi мен 
денсаулығы үшiн қауiпсiз болуға тиiс. Қатты ауыру сезiнуiн тудыратын күрделi медициналық 
рәсiмдердi немесе әдiстердi қолдануға үлгiлер алынуға тиiстi адамның жазбаша келiсiмімен 
ғана, ал егер ол кәмелетке толмаған немесе психикалық аурумен ауыратын болса, онда оның 
заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi.
 
      777-бап. Заттай дәлелдемелер
 
      1. Құқық бұзушылықтың құралы не нысанасы болған не оның iздерi қалған заттар 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша заттай дәлелдемелер болып табылады.
 
      2. Қажет болған жағдайларда заттай дәлелдемелер суретке түсiрiледi немесе өзге 
тәсiлмен тiркеледi және iске тiгiледi, бұл жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 
хаттамаға немесе осы Кодексте көзделген өзге хаттамаға жазба жазылады.
 
      3. Жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья, орган (лауазымды 
адам) iс мәнi бойынша шешiлгенге дейiн заттай дәлелдемелердiң сақталуын қамтамасыз етуге 
қажеттi шаралар қолдануға, сондай-ақ iстi қарау аяқталысымен олар туралы шешiм 
қабылдауға мiндеттi.
 
      778-бап. Ғылыми-техникалық құралдар
 
      1. Сот, орган (лауазымды адам) және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс 
жүргізудің қатысушылары ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде алынған нақты 
деректерді пайдалануға және ұсынуға құқылы.
 
       2. Егер ғылыми-техникалық құралдар: 
 
      1) заңда тікелей көзделсе немесе оның нормалары мен қағидаттарына қайшы келмесе;
 
      2) ғылыми негізделген болса;
 
      3) іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз етсе;
 
      4) қауіпсіз болса, оларды пайдалануға жол беріледі деп танылады.
 
      3. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде алынған нақты деректер әкімшілік 
құқық бұзушылық туралы хаттамада немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша 
қаулыда көрсетіледі.
 
      779-бап. Құжаттар
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау