бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға қорғаушы ретiнде белгiлi
бiр адамды шақыруға ұсыным
жасауға құқылы емес.
4. Әкiмшiлiк ұстап алу жағдайында, егер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық
туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға таңдап алған қорғаушының үш сағат iшiнде
келуi мүмкiн болмаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк
берілген судья, орган (лауазымды адам) өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс
бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал бас тартылған
жағдайда адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi
арқылы қорғаушыны
тағайындауға шаралар қолданады.
5. Адвокаттың еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
жүргізіледі. Судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген
орган (лауазымды адам) оған негiздер болған кезде өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаны заң көмегiне ақы төлеуден
босатуға міндетті. Бұл жағдайда еңбекке ақы төлеу бюджет қаражаты есебiнен жүргізіледі.
6. Осы Кодекстiң 749-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген, адвокат іс бойынша іс
жүргізуге тағайындау арқылы қатысқан жағдайда да адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу
бойынша шығыстар бюджет қаражаты есебiнен жүргізіледі.
7. Адвокат қорғаушы ретiнде адвокаттың куәлiгiн және нақты iстi жүргiзуге оның
өкiлеттiктерiн куәландыратын ордердi көрсетуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
туралы iске қатысуға жiберiледi. Осы Кодекстiң 748-бабының екiншi бөлiгiнде аталған
басқа да адамдар қорғаушы ретiнде олардың iске қатысу құқығын растайтын құжаттарды (неке
туралы куәлiгiн, сондай-ақ осы Кодекстiң 746-бабының үшiншi бөлiгiнде және 747-бабының
үшiншi бөлiгiнде көрсетілген құжаттарды) ұсынады.
751-бап. Қорғаушыдан бас тарту
1. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан
тұлға іс бойынша iс жүргiзудiң кез келген кезiнде қорғаушыдан бас тартуға құқылы, бұл
оның өзiн қорғауды өз бетiнше жүзеге асыру ниетiн бiлдiредi. Заң көмегiне ақы төлеуге
қаражаты жоқтығын уәж етiп қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды. Бас
тарту жазбаша
нысанда ресiмделедi.
2. Қорғаушыдан бас тарту өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша
iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның бұдан былай қорғаушыны iске қатысуға жiберу туралы
өтiнiшхат жасау құқығынан айырмайды. Қорғаушының iске кiрiсуi сол уақытқа дейiн
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау барысында жасалған әрекеттердi қайталауға
әкеп соқпайды.
752-бап. Қорғаушының өкiлеттiктерi
1. Қорғаушы: iстiң барлық материалдарымен танысуға; iстi қарауға қатысуға;
дәлелдемелер ұсынуға; өтiнiшхаттарды және қарсылықтарды мәлiмдеуге; судьяның, iстi
қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) рұқсатымен iстi қарау
процесiнде жауап алынатын
адамдарға сұрақтар қоюға; іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз
ету шараларын қолдануға және iс бойынша қаулыға шағым жасауға; өзiне заңмен берiлген
өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Қорғаушы: қорғалушының мүдделерiне қарсы қандай да бір әрекеттер жасауға және
оған тиесілі құқықтарын жүзеге асыруына кедергi келтiруге; қорғалушының ұстанымына
қарамастан, оның әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа қатыстылығын және оны жасауға кiнәлiлiгiн
тануға, қорғалушының жәбiрленушiмен татуласқандығы
туралы мәлiмдеуге; қорғалушының
берген шағымдары мен өтiнiшхаттарын қайтарып алуға; заң көмегiн сұрау мен оның жүзеге
асырылуына байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жария етуге құқылы емес.
753-бап. Жәбiрленушiнiң өкiлi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iстi жүргiзу кезiнде жәбірленушінің
заңды мүдделерін білдіруге заң бойынша құқығы бар адамдар жәбiрленушiнiң өкiлдері бола
алады.
2. Жәбiрленушi өкiлдерiнiң өздерi өкiл болып отырған жеке және заңды тұлғалармен
осы Кодексте көзделген шекте процестік құқықтары бiрдей болады.
3. Өкiлдiң өзi өкiлi болып отырған тұлғаның мүдделерiне қарамастан қандай да бiр
әрекеттер жасауға құқығы жоқ.
4. Жәбiрленушiнiң iске жеке қатысуы оны осы iс бойынша өкiл алу құқығынан
айырмайды.
754-бап. Куә
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша, егер заңда өзгеше көзделмесе, осы
iс үшiн маңызы бар мән-жайлар өзіне мәлім болуы мүмкiн кез келген адам куә ретiнде
шақырылуы мүмкiн.
2. Куә: өзiне, жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден
бас тартуға; өз айғақтарының тиiстi хаттамаға енгiзiлуiнiң дұрыстығы жөнiнде
мәлiмдемелер және
ескертулер жасауға; iстi қарау кезiнде ана тiлiнде сөз сөйлеуге;
аудармашының көмегiн тегiн пайдалануға құқылы.
3. Куә жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяның, органның
(лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге, өзiне iс бойынша мәлім мән-жайдың бәрiн
шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге, өзi берген айғақтардың
тиiстi хаттамаға енгiзiлуiнiң дұрыстығын өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi.
4. Куәға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген
органға (лауазымды адамға) айғақтар беруден жалтарғаны немесе одан бас тартқаны, көрiнеу
жалған айғақтар бергенi үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы және
сотта осы іс-әрекеттердi
жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертiледi.
5. Куә жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяның, органның
(лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда судьяның, органның
(лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер органы (полиция) оны күштеп әкелуі
мүмкiн.
6. Он төрт жасқа толмаған, кәмелетке толмаған куәға сауал қою кезiнде педагогтiң
немесе психологтің қатысуы мiндеттi. Қажет болған жағдайда сауал қою осындай куәның
заңды өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
755-бап. Куәгер
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, iстiң қорытындысына мүдделi емес, өзi
қатысып тұрған кездегi әрекеттердi толық және дұрыс ұғынуға
қабiлеттi кәмелетке толған
адам куәгер ретiнде тартылады.
2. Куәгердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысуы жеке
басын тексерiп-қарау, көлiк құралын, заттарды тексерiп қарау, жеке тұлғада болған
құжаттар мен заттарды алып қою, заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайлар мен мүлiктi
қарап-тексеру, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi алып қою туралы хаттамаларда
көрсетiледi.
3. Куәгер жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан лауазымды адамның
шақыруы бойынша келуге, осы iс бойынша іс жүргiзуге қатысуға және өзiнiң қатысуымен
жүргізілген әрекеттердi жүзеге асырылу фактiсiн, олардың мазмұны мен нәтижелерiн тиiстi
хаттамаға өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi.
4. Куәгердiң жүргізіліп отырған әрекеттер жөнiнде хаттамаға енгiзiлуге жататын
мәлiмдемелер мен ескертулер жасауға құқығы бар.
5. Қажет болған жағдайда куәгерден осы Кодекстiң 754-бабында көзделген тәртiппен
куә ретiнде жауап алынуы мүмкiн.
756-бап. Маман
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысу үшін маман
ретiнде дәлелдемелердi жинауға,
зерттеуге және бағалауға, сондай-ақ техникалық
құралдарды қолдануға жәрдем көрсету үшiн қажеттi арнаулы бiлiмi мен дағдысы бар, iстiң
қорытындысына мүдделi емес кез келген кәмелетке толған адам тағайындалуы мүмкін.