Мемлекеттiк қадағалау және бақылау органының қаулысы немесе тапсырмасы жiберiлген
лауазымды адамның сараптама жүргiзуден не бақылау жүргiзуге, құжаттар ресiмдеу ісін
жүргiзуге, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге немесе оны қарауға
қатысу үшiн маманды шақыру туралы талаптан не оларды орындаудан дәлелді себептерсіз бас
тартуы немесе жалтаруы –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
662-бап. Айыпталушының (күдіктінің) келетiндiгi туралы
жеке кепiлгерлiктi бұзу
Айыпталушының (күдіктінің) анықтауды жүргiзетiн адамға, тергеушiге немесе сотқа
келуi туралы жазбаша кепiлгерлiк берген адамдардың оны айыпталушының (күдіктінің)
тергеуден немесе соттан жалтаруына әкеп соққан бұзуы немесе орындамауы –
үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
663-бап. Кәмелетке толмаған айыпталушының (күдіктінің)
келуiн қамтамасыз ету туралы мiндеттеменi бұзу
Ата-ананың, қорғаншының, қамқоршының немесе арнаулы жабық балалар мекемесi
әкiмшiлiгi өкiлiнiң қарамағына қарауға берiлген кәмелетке толмаған айыпталушының
(күдіктінің) тергеушiге, анықтаушыға немесе сотқа келуiн қамтамасыз ету туралы өздерi
жазбаша берген мiндеттемені айыпталушының (күдіктінің) тергеуден және соттан жалтаруына
әкеп соққан бұзушылығы –
бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
664-бап. Соттың жекеше ұйғарымы, қаулысы, прокурордың,
тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынуы бойынша
шаралар қолданбау
Лауазымды адамның соттың жекеше ұйғарымын, қаулысын, прокурордың, тергеушiнiң
немесе анықтаушының ұсынуын қараусыз қалдыруы не оларда көрсетiлген заң бұзушылықтарды
жоюға шара қолданбау, сол сияқты жекеше ұйғарымға, қаулыға немесе ұсынуға уақтылы жауап
қайтармау –
сегiз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
665-бап. Прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот
орындаушысына, сот приставына келмеу
1. Прокурордың, тергеушiнің, анықтау органының шақыруы бойынша айғақтар беру үшін,
сот орындаушысына, сот приставына атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша келмеу, сол
сияқты айғақтар беруден бас тарту немесе көрiнеу жалған айғақтар беру –
жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Прокурордың, тергеушiнің, анықтаушының заңда белгіленген негіздерде және
тәртіппен қойған талаптарын орындамау –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
666-бап. Прокурорды хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу
Мемлекеттiк органның заңнамалық актiлерге сәйкес мұндай хабардар етуді талап
ететiн әрекеттерді жүргiзуі туралы прокурорды хабардар етпеуі немесе уақтылы хабардар
етпеуі –
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
667-бап. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот
приставының, сот орындаушысының заңды қызметiне
кедергi келтіру
Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот приставының, сот орындаушысының заңды
қызметiне мемлекеттiк органның, ұйымның ғимаратына, үй-жайына немесе аумағына қызметтiк
куәлiгiн көрсетуі бойынша кедергiсiз кiргiзуден, сондай-ақ қажеттi құжаттарды,
материалдарды, статистикалық және өзге де мәлiметтердi ұсынудан, тексерулер, ревизиялар
мен сараптамалар жүргiзілуінен, мамандарды бөлуден бас тартудан көрiнген кедергi
келтіру, сол сияқты талаптарды орындамау –
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
668-бап. Адвокаттың заңды қызметiне кедергi келтіру
Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокат кеңсесiнiң
заңды қызметiн жүзеге асыруға, жазбаша сұрау салу бойынша қажеттi құжаттарды,
материалдарды немесе өздерінің кәсiптiк мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн қажет болатын
мәлiметтердi заңнамада белгiленген мерзiмдерде ұсынбаудан не ұсынудан бас тартудан
көрiнген лауазымды адамның кедергi келтіруі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын
iс-әрекет белгiлерi болмаса, –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
669-бап. Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот
актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау
Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты
орындамау –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот
орындаушыларына, адвокаттарға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
670-бап. Сот орындаушысының, сот приставының қаулысын және
өзге де заңды талабын орындамау
1. Сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындаумен байланысты, оның iшiнде
борышкердiң жұмыс орны мен оның кірістері, атқарушылық құжатқа сәйкес ұстап қалудың
жүргiзілгені және өндiрiп алынған соманың өндiрiп алушыға жіберілгені туралы,
борышкердiң өзге де жеке және заңды тұлғалардағы ақша сомалары мен мүлкiне өндiрiп
алудың қолданылғаны туралы мәліметтерді ол тағайындаған мерзімде ұсыну туралы қаулыларын
және заңды талаптарын орындамау -
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сот орындаушысына көрінеу анық емес, оның iшiнде борышкердiң кірістері мен
мүлiктiк жағдайы туралы мәлiметтер ұсыну –
жеке тұлғаларға – жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сот приставының заңды талаптарын орындамау –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015
№ 376-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
671-бап. Атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкер болып
табылатын адамның жұмыс орны мен тұрғылықты
жерiнiң ауысқаны туралы сот орындаушысына
хабарламау
Атқарушылық құжат бойынша ұстап қалуды жүргiзетiн тұлғаның сот орындаушысына және
алимент алатын адамға төлем төлейтiн адамның жұмыстан босатылғаны туралы, сондай-ақ оның
жаңа жұмыс орны мен тұрғылықты жерi туралы, егер бұл оған белгiлi болса, дәлелсiз
себептермен бiр ай мерзiмде хабарламауы –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
672-бап. Атқарушылық құжатты жоғалту
Ұйымның лауазымды адамының өзiне орындау үшiн берiлген атқарушылық парақты немесе
басқа да атқарушылық құжатты жоғалтуы –
Достарыңызбен бөлісу: |