Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет94/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   192

      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, 
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      9. Аппараттық-бағдарламалық кешен серверін фискалдық режиммен қамтамасыз ету, 
аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы бәс тігу қорытындысының нұсқаларына ұтыстардың 
коэффициенттерін есептеуді, қабылданған мөлшерлемелерді есепке алуды, бәс тігу 
нәтижелері бойынша ұтыстарды есептеуді, ұтыстарды және олар бойынша төлемдерді есепке 
алуды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындамау –
 
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, 
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      10. Аппараттық-бағдарламалық кешен есептеген коэффициенттер негізінде және алда 
болатын нақты оқиғаларға ғана мөлшерлеме қабылдау туралы, не букмекер кеңселерін 
аппараттық-бағдарламалық кешенмен жабдықтау жөніндегі, не экономикалық қызмет саласында 
жасаған қылмысы үшін не ауырлығы орташа қасақана қылмыстар, ауыр қылмыстар, аса ауыр 
қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар адамның ойын мекемесінде 
басшылық лауазымға тағайындалуына тыйым салу туралы талаптарды сақтамау –
 
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, 
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
       11. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген әрекеттерді әкімшілік жаза 
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау – 
 
      ойын жабдығы, заңдастырылған белгілер, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан 
алынған ақша және өзге де кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      12. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген әрекеттерді әкімшілік жаза 
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау –
 
      әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып және 
лицензиядан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – екі жүз, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 445-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.04.2015 
№ 310-V
 Заңымен (қолданысқа 
енгізілу тәртібін 
2-баптан
 қараңыз).
 
      445-1-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және
 
                  лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзу
 
      1. Лотерея операторының әрбір тираждың және тираждық лотереяның лотерея билеттері, 
түбіртектері немесе өзге де құжаттары бойынша ұтыстардың нәтижелерін Қазақстан 
Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімдік баспасөз басылымдарында жариялау 
немесе лотерея операторының интернет-ресурсында орналастыру жөніндегі талаптарды 
орындамауы, сол сияқты жариялау немесе орналастыру мерзімдерiн бұзуы –
 
      қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
 
      2. Лотерея операторының лотерея өткізудің бекітілген талаптарының бір данасын 
лотерея және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті органға жіберу және лотерея өткізудің 
талаптарын өзінің интернет-ресурсында орналастыру туралы талаптарды орындамауы, сол 
сияқты жіберу немесе орналастыру мерзімдерiн бұзуы –
 
      қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
 
      3. Лотерея операторының таратылған лотерея билеттері, түбіртектер немесе өзге де 
құжаттар, тіркелген лотерея мөлшерлемелері, өткізілген лотерея билеттерінен, 


түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан түскен түсім, төленген ұтыстар туралы 
ақпаратты жинау, қалыптастыру, сақтау және есепке алу жөніндегі талаптарды бұзуы, сол 
сияқты оны уәкілетті органға ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы не анық емес ақпарат ұсынуы –
 
      қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
 
      4. Лотерея операторының жүлде қорын қалыптастыру жөніндегі талаптарды бұзуы –
 
      қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
 
      5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, 
әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
 
      қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
 
      
Ескерту. 25-тарау 445-1-баппен толықтырылды - ҚР 09.04.2016 
№ 496-V
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі).
 
      446-бап. Эротикалық мазмұндағы өнiмдердi жарнамалау
 
      Эротикалық мазмұндағы өнiмдi осы мақсаттар үшiн бөлiнбеген орындарда сату, тарату 
немесе жарнамалау –
 
      эротикалық мазмұндағы өнiм тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      447-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен
 
                пайдалану қағидаларын бұзу
 
      Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен 
пайдалану қағидаларын бұзу –
 
      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      448-бап. Кәмелетке толмағандардың вандализмі
 
      Он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған вандализм, яғни мемлекет 
қорғайтын ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, табиғи 
объектілерді, адамдар жерленген жерлерді жазулармен немесе суреттермен, немесе қоғамдық 
имандылықты қорлайтын өзге де әрекеттермен қорлауы, сол сияқты көлікте немесе өзге де 
қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіруі –
 
      ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      449-бап. Қоғамдық орындарда тиісу
 
        1. Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау 
немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-
ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер 
көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру 

 
      жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
 
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі 
мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
 
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, шетелдік не азаматтығы жоқ адам жасаған 
әрекеттер –
 
      Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, бес 
тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 449-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      450-бап. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау