2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
Ескерту. 25-тарау 434-1-баппен толықтырылды - ҚР 22.01.2016
№ 446-V
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
435-бап. Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 293-бабының бiрiншi бөлiгiнде
көзделген, он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ
бұзақылық немесе бұзақылық –
ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
436-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды,
пневматикалық қарудан оқ ату, пиротехникалық
заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдарды
ұшыру
1. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда атыс қаруынан, газды (өзін-
өзі қорғау жағдайларын қоспағанда), пневматикалық қарудан оқ ату –
қару тәркiлене отырып немесе онсыз, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
2. Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық
залал
келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда арнайы
және қолдан жасалған пиротехникалық құрылғыларды жару –
пиротехникалық құралдар мен құрылғылар тәркiлене отырып, он айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, он алты жасқа дейiнгi
кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер –
пиротехникалық құрылғылар тәркiлене отырып, ата-анасына немесе оларды алмастыратын
адамдарға ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстiң 437-
бабында көзделген құқық бұзушылық үшiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа
тартылған
адам жасаған әрекеттер –
әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған зат тәркілене отырып, он
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
437-бап. Тыныштықты бұзу
1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi
уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда
және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу
–
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол
әрекет –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
438-бап. Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру
1. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел
жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру –
жеке тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған не аварияларды, өрттердi, дүлей
зілзала салдарын жою
кезеңiнде жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, он төрттен он алты
жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер –
ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе он бес
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
439-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы
көрінеу жалған ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлау –
жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
440-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық
орындарға масаң күйде келу
1. Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен
сауда және қоғамдық тамақтандыру
ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық
орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға
адамның қадiр-қасиетiн
және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол
сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі –
ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоғамдық орындарда
алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға
бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер –
бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының үшінші
бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
441-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын
тұтынуға тыйым салуды бұзу
Ескерту. 441-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салу
белгiленген жекелеген қоғамдық орындарда темекi бұйымдарын тұтыну – жеке тұлғаларға үш
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –