1. Қызметтiң осы түрiне арналған сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ
тұлғаның заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысуы
–
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсететiн денсаулық
сақтау ұйымдарында оны ақылы негiзде көрсету
–
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне –
отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттердi әкiмшiлiк жаза
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасау
–
жеке тұлғаларға маман сертификатынан айыра отырып – отыз, әкiмшiлiк құқық
бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып, лауазымды адамдарға, шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
4. Көпшілікпен емшілік сеанстарын (екі және одан да көп адам) өткізу, оның ішінде
бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы өткізу
–
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, дәрiлiк заттар тағайындауға
уәкiлеттi медицина жұмыскерлерiнiң сыйақы алу мақсатында дәрiлiк заттар жарнамасына
қатысуы, медицина жұмыскерлерiнiң дәрiлiк заттарды жұмыс орнында өткізуі, сондай-ақ
белгiлi бiр дәрiхана ұйымдарына немесе өзге де ұйым түрлеріне жiберуі және олармен
ынтымақтастықтың басқа да нысандары
–
жеке тұлғаларға маман сертификатынан айыра отырып – сексен, лауазымды адамдарға,
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз,
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
425-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын,
сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу
1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік
құқықтық актілерді, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi, техникалық регламенттерді
абайсызда адамдардың жаппай ауруға шалдығуына немесе улануына әкеп соқпаған бұзушылық –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне –
жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір
жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтiруге
әкеп соққан әрекет (әрекетсіздік), егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық
жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса,
–
қызметін тоқтата тұрып не онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке
тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе
коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
алып келеді.
Ескерту. 425-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.04.2016
№ 504-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
426-бап. Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың,
медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканың айналысы саласының қағидаларын бұзу
1. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы
тiркеу және қайта тiркеу, өндiру, дайындау және сапасын бақылау, сынау (зерттеу), әкелу,
сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, өткiзу, қолдану (пайдалану), қамтамасыз ету,
жою, жарнамалау қағидаларын бұзу, егер бұл адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп
соқпаса, –
жеке тұлғаларға – жетпіс, лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне – бір жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
2. Тiркелмеген, қолдануға рұқсат етiлмеген дәрiлiк заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру, сатып алу, тасымалдау, сақтау,
өткiзу, қолдану (пайдалану), жарнамалау, егер бұлар адамның денсаулығына зиян келтiруге
әкеп соқпаса, –
қызметтi тоқтата тұрып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары
болып табылатын дәрілік және оларға теңестірілген заттар, емдеу-профилактикалық тағам
өнімдері мен тағамдық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар және әкiмшiлiк құқық
бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз,
лауазымды адамдарға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың бес жүз
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамның денсаулығына
зиян келтiруге әкеп соққан іс-әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-
әрекет белгiлерi болмаса, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын дәрілік
заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника, емдеу-профилактикалық
тағам өнімдері мен тағамдық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар және әкiмшiлiк құқық
бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз,
лауазымды адамдарға – үш жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мың айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, сондай-ақ олардың қызметіне тыйым салуға
әкеп соғады.
427-бап. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар
айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың
техникалық нығайтылу талаптарын бұзу
1. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен
үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу –
заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма
бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік)
–
заңды тұлға қызметіне тыйым салына отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір
жүз жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
428-бап. Денсаулық сақтау саласындағы анық емес жарнама
Тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ жарнама берушінің медициналық
қызметтер көрсету, профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістері мен
құралдарының жарнамасын, сондай-ақ тағамға биологиялық активті қоспаларды мемлекеттік
тіркеусіз олардың жарнамасын таратуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет
белгілері болмаса,
–
Достарыңызбен бөлісу: |