Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет8/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   192

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға осы тұлғаның жаңа құқық бұзушылықтар 
жасауының алдын алу мақсатында мынадай әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары қолданылуы 
мүмкiн:
 
      1) жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру;
 
      2) құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген әкiмшiлiк құқықтық ықпал ету шаралары 
әкiмшiлiк жаза қолданумен қатар, әкімшілік құқық бұзған адамды осы Кодекстің 64-бабында 
көзделген негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықтан босатқан кезде оның орнына да 
қолданылуы мүмкін.
 
      
Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      53-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру
 
      Осы Кодекстiң 590 (оныншы бөлiгiнде), 591 (екiншi бөлiгiнде),
 
592 (төртiншi бөлiгiнде), 593 (сегізiншi бөлiгiнде), 594 (төртінші бөлiгiнде), 595 
(төртiншi бөлiгiнде), 596 (төртiншi бөлiгiнде), 597(бесінші және алтыншы 
бөлiктерінде), 598 (үшiншi бөлiгiнде), 599 (екiншi бөлiгiнде), 600 (екiншi 
бөлiгiнде), 601 (екiншi бөлiгiнде),  602 (екiншi бөлiгiнде), 613 (он үшiншi бөлiгiнде)-
баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған көлiк құралдарының жүргiзушiлерi жол 
жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру үшiн емтихан тапсыруға жiберiледi.
 
      Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеруге жiберу туралы қаулыны осы Кодекстiң 
көрсетілген баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға 
уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар) шығарады.
 
      54-бап. Құқық бұзушының мiнез-кұлқына ерекше талаптар
 
               белгiлеу
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың және 
(немесе) iшкi iстер органдарының өтiнiшхаты бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 
iстi қарау кезiнде сот осы Кодекстiң 73, 127, 128, 131, 434, 435, 436, 440 (төртінші 
және бесінші бөліктерінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448, 461, 482, 485 (екінші 
бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаған адамның мінез-
құлқына үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге:
 
      1) жәбiрленушiнiң отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабiлетсiз 
мүшелерiн қоса алғанда, жәбірленушінің еркiне қарамастан, оны iздестiруге, оның iзiне 
түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен 
байланыс жасауға;
 
      2) атыс қаруын және қарудың басқа да түрлерiн сатып алуға, сақтауға, алып жүруге 
және пайдалануға;
 
      3) кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз 
кәмелетке толмағандарға белгілі бір жерлерге баруына, басқа да жерлерге шығуына;
 
      4) алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық 
көлемде немесе жеке-жеке тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiлеуi мүмкiн.
 
      2. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның 
мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiленген кезде жәбiрленушi мен оның отбасы мүшелерiн 
күзету және қорғау үшiн сот ерекше жағдайларда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға 
осы адамның басқа да тұрғынжайы болған жағдайда, жәбiрленушiмен бiрге жеке тұрғын үйде, 
пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда тұруға тыйым салу түрiнде әкiмшiлiк-құқықтық ықпал 
ету шарасын отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге қолдануға құқылы.
 
      3. Құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптардың қолданылу мерзiмi iшiнде оған 
профилактикалық әңгiмелесу үшiн айына бiр реттен төрт ретке дейiн iшкi iстер органдарына 
келіп тұру мiндетi жүктелуi мүмкiн.
 
      
Ескерту. 54-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 
№ 378-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 


09.04.2016 
№ 501-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
   7-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАЗА ҚОЛДАНУ 
      55-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолданудың
 
               жалпы қағидалары
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жаза осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
үшiн осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгiнiң бабында көзделген шекте осы Кодекстiң ережелерiне дәл 
сәйкестiкте қолданылады.
 
      2. Әкiмшiлiк жаза әдiл, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, 
құқық бұзушының жеке басына сай келетiн болуға тиiс.
 
       3. Жеке тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде жасалған әкiмшiлiк құқық 
бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, оның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға 
дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және 
ауырлататын 
 
мән-жайлар ескерiледi.
 
      4. Заңды тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың 
сипаты, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар 
ескерiледi.
 
      5. Әкiмшiлiк жаза қолдану адамды, орындамағаны үшiн көрсетілген жаза қолданылған 
мiндеттердi орындаудан, жол берiлген бұзушылықтарды жоюдан және залалды өтеуден 
босатпайды.
 
      6. Бiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бiр негiзгi не негiзгi және қосымша 
әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн.
 
      56-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты
 
               жеңiлдететiн мән-жайлар
 
      1. Мыналар:
 
      1) кiнәлi адамның өкiнуi;
 
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқық бұзушылықтың зиянды салдарын 
болғызбауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы;
 
      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қатты жан толқынысының әсерiмен не жеке басының 
немесе отбасының ауыр мән-жайлары салдарынан жасау;
 
      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;
 
      5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жүктi әйелдiң немесе он төрт жасқа дейiнгi баласы 
бар әйелдiң жасауы;
 
      6) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күшпен немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде 
жасау;
 
      7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қажеттi қорғаныстың заңдылық шарттарын бұзу, 
құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу, бұйрықты немесе өкiмдi орындау 
кезiнде жасау;
 
      8) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын сот (судья), орган (лауазымды 
адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілмеген мән-жайларды да жеңiлдететiн мән-жайлар 
деп тануы мүмкiн.
 
      57-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты
 
               ауырлататын мән-жайлар
 
      Мыналар:
 
       1) прокурордың заңды түсiндiргенiне және (немесе) осыған уәкiлеттi тұлғалардың 
оны тоқтату талабына қарамастан құқыққа қарсы 
 
мiнез-құлықты жалғастыру;
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау