Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет7/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   192

      2. Егер осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнде өзгеше көзделмесе, құқық бұзушының меншiгi 
болып табылатын зат қана тәркiлеуге жатады.
 
      3. Аңшылық қаруды, оның оқ-дәрiлерiн және басқа да рұқсат етiлген аң аулау және 
балық аулау құралдарын тәркiлеудi аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды 
көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
 
      4. Тәркiлеудi судья қолданады және бұл осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi 
бабында әкiмшiлiк жаза ретiнде көзделген жағдайларда қолданылуы мүмкiн.
 
      46-бап. Арнайы құқықтан айыру
 
      1. Нақты адамға берілген арнайы құқықтан айыруды судья қолданады.
 
      2. Арнайы құқықтан айыру мерзiмi бiр айдан кем болмауға және екi жылдан аспауға 
тиiс.
 
      3. Көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру мерзiмi алты айдан кем болмауға және 
он жылдан аспауға тиіс.
 
      4. Көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруды, масаң күйдi куәландырудан 
белгiленген тәртiппен өтуден жалтару, сондай-ақ аталған адамдардың белгiленген 
қағидаларды бұзып, өздерi қатысушысы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден 
кетiп қалу жағдайларын қоспағанда, бұл құралдарды мүгедектiгiне байланысты пайдаланатын 
адамдарға қолдануға болмайды.
 
      5. Аң аулау, балық аулау құқығынан, аң аулау қаруын, оның оқ-дәрiлерiн және балық 
аулау құралдарын сақтау мен алып жүру құқығынан айыруды, осы құқықты пайдалану тәртiбiн 
үнемi бұзуды қоспағанда, аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып 
табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
 
      47-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру,
 
              сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау
 
      1. Рұқсаттан айыруды судья осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінің 
ережелерін ескере отырып, қызметтi жүзеге асыру не рұқсатта көзделген белгiлi бiр 
әрекеттердi (операцияларды) жасау кезiнде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн 
қолданады.
 
      2. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру алты айға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.
 
      3. Кредиттiк бюроның рұқсатынан айыруды қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтi 
және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметтi жүзеге асыруға рұқсатты 
тоқтата тұруды не одан айыруды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер 
бойынша және тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
 
      4. Тiзiлiмнен алып тастауды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында 
белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган және 
Қазақстан Республикасының жол жүрiсi туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша 
және тәртiппен көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
 
      5. Микроқаржы ұйымдарының тiзiлiмiнен алып тастауды Қазақстан Республикасының 
микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
 
      Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаттары үшін рұқсаттан айыру не оның қолданылуын 
тоқтата тұру деп белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр әрекет жасауға лицензиядан, 
арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгінен), сондай-ақ «Рұқсаттар және 
хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де рұқсат беру 
құжатынан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру түсініледі.
 
      
Ескерту. 47-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.03.2016 
№ 479-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      48-бап. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата
 
               тұру немесе оған тыйым салу
 
      1. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу 
жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, оның ішінде заңды тұлғалардың филиалдарының, 


өкілдіктерінің, құрылымдық бөлімшелерінің, өндірістік учаскелердің қызметін уақытша 
тоқтатуды немесе қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салуды, сондай-ақ 
агрегаттарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға, қызметтің (жұмыстардың), 
қызметтер көрсетудің жекелеген түрлерін жүзеге асыруды уақытша тоқтатуды немесе тыйым 
салуды қамтиды.
 
      2. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, 
егер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу 
түрінде санкция тағайындау мүмкін болса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi 
қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) материалдарының негізінде сот 
тәртiбiмен ғана жүргiзiледi. Мұндай істерді қарауды сот он тәулік ішінде жүзеге асырады.
 
      3. Қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұруды сот үш айға дейінгі 
мерзімге белгілейді.
 
      4. Сотта іс қаралғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаға осы Кодекстің 801-бабында 
көзделген тәртіппен қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған 
тыйым салу түрінде қамтамасыз ету шарасы қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметтi немесе 
оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу мерзімі, егер әкімшілік 
жазалаудың бұл шарасын сот қолданса, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата 
тұру немесе оған тыйым салу мерзіміне қосылады.
 
      49-бап. Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған
 
               құрылысты мәжбүрлеп бұзу
 
      Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзуды судья осы 
бөлiмнiң Ерекше бөлiгiнiң баптарында көзделген жағдайларда тағайындайды.
 
      50-бап. Әкiмшiлiк қамаққа алу
 
      1. Әкімшілік қамаққа алу - отыз тәулікке дейінгі, ал төтенше жағдайлар режимі 
талаптарын бұзғаны үшін қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Әкімшілік 
қамаққа алуды судья айрықша жағдайларда осы бөлімнің Ерекше бөлігінде көзделген шектерде 
тағайындайды.
 
      2. Жүктi әйелдерге және он төрт жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, он сегiз 
жасқа толмаған адамдарға, 1 және 2-топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегiз жастан 
асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға 
болмайды.
 
      3. Әкiмшiлiк ұстап алу мерзiмi әкiмшiлiк қамаққа алу мерзiмiне қосылады.
 
      
Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      51-бап. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды
 
               Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк
 
               жолмен шығарып жіберу
 
      1. Шетелдiктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен 
әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберуді судья осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнде көзделген 
тәртiппен және негiздер бойынша әкiмшiлiк жазалау шарасы ретiнде қолданады.
 
      Осы бөліктің ережелерi шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан 
Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылатын 
шығарып жiберу жағдайында қолданылмайды.
 
      2. Егер әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында өзіне қатысты Қазақстан Республикасының 
шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу түрiнде әкiмшiлiк жазалау шарасы қолданылуы 
мүмкiн адам, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес ауыр немесе аса ауыр 
қылмыс болып танылатын іс-әрекеттің өзiне қатысты жасалғаны туралы хабарланған жағдайда, 
онда осы адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнiң 179-бабында белгiленген тәртiппен хабарлама 
немесе арыз бойынша шешiм қабылданғанға дейiн кейiнге қалдырылады.
 
      52-бап. Әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау