707-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi
бөлiмшелерi осы Кодекстiң 297, 377,
403-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар
қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттiк
инспекторы;
2) Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерінің өсiмдiктердi
қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
3) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар құқылы.
708-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы
уәкiлеттi органдар
1. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 138
(екінші бөлігінде), 141, 299 (бірінші бөлігінде) (өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қоспағанда), 358, 359, 360 (екінші бөлігінде), 361, 362, 363, 365-баптарында көзделген
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар
қолдануға:
1) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор мен оның
орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк бассейндік
(аумақтық) инспекторлар мен олардың орынбасарлары – жеке тұлғаларға – айлық есептiк
көрсеткiштiң отыз беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпiс беске дейiнгi, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлар –
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын
немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс беске
дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл
салуға;
3) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар – жеке
тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын
немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпысқа
дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл
салуға құқылы.
Ескерту. 708-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
709-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы
уәкiлеттi органдар
1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы
Кодекстiң 138 (екінші
бөлігінде), 142, 143, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 3
77, 378, 379, 380, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші
бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390, 394 (бірінші
бөлігінде), 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-
баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың атынан әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) осы Кодекстiң 138 (екінші
бөлігінде), 142, 143, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 3
77, 378, 379, 380, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші
бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390, 394 (бірінші
бөлігінде), 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-
баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – Қазақстан Республикасының
орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың
аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
2) осы
Кодекстiң 138, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382
(бiрiншi бөлiгiнде), 387, 388-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн –
орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары;
3) осы
Кодекстiң 138, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382
(бiрiншi бөлiгiнде), 387, 388-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн –
облыстық атқарушы органдардың орман және аңшылық шаруашылығы құрылымдық бөлiмшелерiнiң
лауазымды адамдары;
4) осы Кодекстiң 138, 143, 337, 339, 366, 367 (үшінші бөлігінде), 368 (екінші
бөлігінде), 369 (екінші бөлігінде), 370 (төртінші бөлігінде), 371, 372 (төртінші
бөлігінде), 373 (екінші бөлігінде), 374 (екінші бөлігінде), 377 (екінші
бөлігінде), 379, 380, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші
бөліктерінде), 384, 387, 388-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн –
мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар күзет қызметiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.
710-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк
бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы
Кодекстiң 137, 341, 342, 342-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
iстердi қарайды.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы
органдарының жердi пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкiлеттi органы осы
Кодекстiң 136, 137 (бірінші бөлігінің 2) тармақшасында), 138 (бірінші
бөлігінде), 337, 338, 339, 340-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар
қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк
инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң – жетпiс беске дейiнгi,
лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетi жүзге
дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас
мемлекеттiк инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске
дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе
коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетi
жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар – жеке тұлғаларға
айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елуге дейiнгi,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
Ескерту. 710-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2015
№ 408-V
Заңымен
(01.03.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
711-бап. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган
Достарыңызбен бөлісу: |