құқыққа сыйымсыз әрекеттерiне байланысты олардың иелiктен шығарылуы салдарынан тауарлар
мен көлiк құралдарының жойылуы немесе ысырап болуы себебiнен оның мүмкiн
еместігін
растау ретiнде жарамсыз құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды не басқа тауарлар
мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды ұсыну –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен
көлік құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – отыз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 543-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015
№ 432-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
544-бап. Белгiлi бiр кедендiк рәсіммен орналастырылған
тауарлармен және көлiк құралдарымен құқыққа
сыйымсыз операциялар жүргізу, олардың жай-күйiн
өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға
билiк ету
Тауарлармен және көлiк құралдарымен олардың кедендiк рәсіміне сай келмейтiн
операциялар жүргізу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға
билiк ету,
сол сияқты, егер бұған кедендік рәсімге сәйкес жол берілсе, тауарларға
қатысты иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын беру арқылы кедендік рәсімді
пайдалану құқығын, егер мұндай шешім міндетті болса, мемлекеттік кіріс органының
рұқсатынсыз басқа тұлғаға беру –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік
құралдары
тәркілене отырып, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың
тиісті тізілімінен алып тастай отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
545-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының
кедендік шекарасы арқылы өткiзген кезде тыйым
салулар мен шектеулерді қолдану тәртiбiн
сақтамау
Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы Кеден
одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тыйым
салулар мен шектеулерді сақтамай өткiзу –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен
көлік құралдары
тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
546-бап. Жеке тұлғалардың Кеден одағының және (немесе)
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында
белгіленген, жеке пайдалануға арналған
тауарларды өткiзу тәртібін бұзып, тауарлар мен
көлік құралдарын Кеден одағының кедендік
шекарасы арқылы өткізуі
Осы Кодекстің 547-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғалардың
кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды және (немесе)
көлік құралдарын белгіленген нысанда декларацияламауы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
547-бап. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тауарларды
өткізу тәртібін бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында
белгіленген халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тауарларды өткізу тәртібін бұзу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
548-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының
кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылауға
соқпай өткiзу
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы кедендік
бақылауға соқпай өткiзу, яғни тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы
өткізудің Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары айқындаған орындардан
тыс жерде немесе көрсетілген орындарда Қазақстан Республикасының
мемлекеттік кіріс
органдарының жұмыс уақытынан тыс кезде өткiзу, қылмыс белгілері болмаған кезде –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен
көлік құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 548-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015
№ 432-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
549-бап. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы
өткiзiлетiн тауарларды кедендiк бақылаудан
жасыру
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды
кедендiк бақылаудан жасыру, оның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не
басқа да тәсiлдердi пайдалану немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн
беру арқылы жасыру
–
құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болып табылатын тауарлар тәркiлене отырып
немесе онсыз, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып
табылатын тауарлар мен заттарды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жасырып өткiзу
үшiн пайдаланылған арнайы әзiрленген құпия орындары бар тауарлар мен көлiк құралдары
тәркiлене отырып, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
550-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының
кедендік шекарасы арқылы құжаттарды немесе
сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып
өткiзу
Осы Кодекстің 555-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кіріс
органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар ретiнде жарамсыз құжаттарды, оның
ішінде тыйым салу мен шектеулерді сақтамауға негіз
болатын құжаттарды, заңсыз жолмен
алынған құжаттарды, анық емес мәлiметтердi қамтитын құжаттарды не басқа тауарлар мен
көлiк құралдарына қатысты құжаттарды ұсына отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден
одағының кедендік
шекарасы арқылы өткiзу, сондай-ақ тауарларды кеден транзитінің
кедендік рәсімімен немесе уақытша сақтау қоймасына орналастыру, сондай-ақ жасанды
сәйкестендіру құралдарын не басқа тауарлар мен көлік құралдарына қатысты төлнұсқа
сәйкестендіру құралдарын пайдалану –