Ежелгі шығыс, Грекия, Рим, орта ғасырлық еуропадағы саяси ой-пікірлер



жүктеу 39,68 Kb.
бет3/12
Дата23.04.2020
өлшемі39,68 Kb.
#29939
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2 сауир Ежелгі шығыс, Грекия, Рим, орта ғасырлық еуропадағы саяси ой-пікірлер.

Кун-фу-цзы (б.э.д. 551–479 жж.) Конфуций әлеумет-тік және саяси қайшылықтар заманында өмір сүрді. Мем-лекет іргесі шайқалып, патриархалдық-рулық нормалар дағдарысқа ұшырап, елді хаос жайлаған кез болды. Осы жағдайдан шығу үшін Конфуций әлеуметтік үйлесімділік идеясын ұсынды, сонымен қатар, ол Қытайдың рухани және қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарған даналар мен ел билеушілерінің беделіне сүйенді.
Конфуций идеялары көрініс тапқан «Луньюй» жи-нағында (оның шәкірттерімен арадағы сұхбат ретінде жазылған еңбегі) жетілген адам (цзюнь цзы) идеясы ашылады, адами тұлға өзіндік тұлға ретінде қарас-тырылады. Ол ғарышпен үйлесімділікте болатын рухани кемелденген тұлға деңгейіне жету мақсатында жетілген адам бағдарламасын жасады. Мейірімді адам – бүкіл қоғам үшін адамгершілік мұраттың бастауы. Тек соған ғана үйлесімділік сезімі мен табиғи ырғаққа сай өмір

сүру тән. Ол ішкі жүрек әрекеті мен сыртқы іс-қимыл-дың тұтастығының көрінісі. Дана табиғатқа сәйкес әрекет етеді, өйткені «алтын үйлесімділік» ережесін сақтау, оған туа біткен қасиет. Оның мақсаты – ғарышта орын алған үйлесімділік заңына сай, әлеуметті қайта құру, барлық тіршілікті тәртіпке келтіріп сақтау.


Конфуций үшін бес «тұрақтылық»: әдет-ғұрып, адам-гершілік, әділетті парыз, білім мен сенімділік аса маңыз-ды. Әдет-ғұрыптан ол әрбір тұлғаға, қоғам мен мемлекет-ке шексіз ғаламнан өз орнын табуында, Жер мен Аспан арасында «негіз және арқау» болатын құралды көрді. Осы тұрғыда Конфуций отбасылық этиканы мемлекеттік деңгейге дейін көтереді. Иерархиялықтың негізіне ол бі-лім, кемелдену және мәдениетке жақын болу қағидатын алады.
Осы қасиеттерді тәрбиелей отырып, даналар қоғам-дағы иерархияны өміршеңдігін қалыптастырады. Әлеу-метке берілген табиғи ырғақ қоғам мен мемлекеттің дамуына негіз болады. Ұстаз бен шәкірт арасындағы сұхбат табиғи үйлесімге негізделіп, шиеленіс пен қақтығысқа жол бермеу керек деп түсіндіреді.
Саясаткер ретінде Конфуций ел басқарудағы әдет-ғұрыптың құндылығын өте жақсы түсінеді. Үлкен және ұсақ істерде ол қол астындағы адамдардың өз шамасын білу сезіміне тәрбиелей отырып, әдет-ғұрып, тұлғалық және әлеуметтілік деңгейдегі адамды «сыртқы ортаға» бейімдейді, қақтығыстардың алдын алады.
Әдет-ғұрып қоғамдағы қалыптасқан саяси өмірді жал-ғастыруға, аман болуына себеп болады. Қазіргі қытай қо-ғамы өзінің саяси және мәдени-экономикалық дамуында, тұрақтылығында негізін Конфуций қалаған, әдет-ғұрып пен моральдық-этикалық нормаларға көп қарыздар.
Конфуций саяси идеясы жағынан алып қарағанда консерваторлық бағытты ұстанған, гуманист ойшыл болды.


Конфуцийшілдікті әрбір жаңа ұрпақ өзінше талқы-лап, қабылдады. Мысалы, Мен-цзы (б.э.д. 372–289 жж.) ұстаздың билік мәні туралы тезистерін қайта қарады. Қо-ғам мен мемлекеттің пайда болуын ол қоғамдық келісім нәтижесі деп түсіндірді. «Көк жарлығы» идеясы арқылы қоғамдағы жоғарғы тап пен төменгі таптар арасындағы келісімділікке жетудің жолын көрді. Идеалды мемлекет-те биліктің қайнар көзі халықта және бұқара барлық қажеттіні өз қолына алады деп түсіндірді. Әділеттілік бұ-зылған жағдайда бұқара халық «Көк жарлығын» жаңа, игі ел басшысына ауыстыруға болады деген ескерту айтады.


Легистер конфуцийшілдік гуманистік идеяға сын айтушылар еді. Көне легистер идеясы, негізі б.э.д. IV ғ. аралығында дүниеге келген «Шан цзюнь шу» (Шан облысы басқарушысының кітабы) еңбегінде айтылған еді.
Шан Ян конфуцийшілдердің әдет-ғұрыпқа арқа сүйеп, елді басқару идеясын қатты сынады. Легистер мемлекеті басқаруда қатал заң мен тәртіп қана тұрақтылықты қамтамасыз етеді деп түсіндірді. Олар «Егер халық мемлекеттен күшті, басым болса, онда мемлекет әлсіз, ал керісінше мемлекет – билік халықтан мықты болса, онда армия (әскер) мықты болады» деді.
Легистер заңға бағыну деп халықты тұтастай қанау мен қудалауды түсінді. Шан Ян тіпті «Ақылдылар ғана заң шығару құқығына ие, ал ақымақтар оны орындаумен ғана шектелу керек» деген екен.


КӨНЕ ГРЕКИЯДАҒЫ САЯСИ ІЛІМДЕР ТАРИХЫ
Көне Грекия территориясында алғашқы мемлекеттер б.э.д. I мың жылдықта дербес, егеменді қала – мемлекеттер

– полистер ретінде пайда болды.


Алғашқы қауымдық құрылыстан құлдық формацияға көшу процесі қоғамда өте қатал таптық қайшылықтарға толы болды. Екі антогонистік тап қалыптасты. Бір жағы-нан бай аристократтар болса, екінші жағынан кедейленген қала тұрғындары және ерікті адамдар мен құлдар болды.
Мемлекет басқару формасында қала полистер ара-сында қатаң бәсекелестік басталды. Бұрыннан билік басында болған ақсүйектермен (аристократтар) бақталас-тыққа олигархтар (ірі мүлік иелері) түсті. Осындай қиын жағдайда кейбір қалаларда демократиялық басқару формасы қалыптасты (Афина мен Абдер қалаларында). Қоғамдағы осы саяси жағдайлар мен процестер грек ой-шылдарының саяси ілімдерінің қалыптасуына ықпал етті.
Грекиядағы саяси ойлардың даму ерекшеліктерін са-ралағанда, біз оның үш кезеңін қарастырамыз. Алғашқы кезең – (б.э.д IX–VI ғғ.) ол көне грек мемлекеттерінің қа-лыптасуымен тұспа-тұс келеді және мемлекеттің пайда болуын философиялық-құқықтық (Пифагор, Гераклит) негізде түсіндіру үрдісі қалыптасады. Екінші кезең – (б.э.д. V–IV ғғ.) грек философиясының өркендеуі мен саяси-құқықтық идеялардың даму кезеңіне сай келеді. Бұл Де-мокрит, Сократ, Платон, Аристотель заманы еді. Үшінші кезең эллинизм дәуірі, грек мемлекеттерінің құлдыра-уы мен грек қала полистерінің әуелі Македонияның, одан кейін Рим империясының қол астына енуімен сипатталады.



жүктеу 39,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау