Ежелгі шығыс, Грекия, Рим, орта ғасырлық еуропадағы саяси ой-пікірлер



жүктеу 39,68 Kb.
бет6/12
Дата23.04.2020
өлшемі39,68 Kb.
#29939
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2 сауир Ежелгі шығыс, Грекия, Рим, орта ғасырлық еуропадағы саяси ой-пікірлер.

Платон (б.э.д. 427–347 жж.) антикалық дәуірде өмір сүрген, философия мен саясаттану және саяси ілімдерде өшпес із қалдырған ғұлама.
Платон Афинадағы атақты отбасында дүниеге келген. Жас шағында (407–399 жж.) Сократтан дәріс алған, кейін-нен оған сол дәрістері керемет әсер етіп, болашағына жол ашқан. Сократтың өлімінен кейін ол Афина қаласын тастап, ұзақ уақыт ел аралап саяхат жасайды. 387 жылы Афинаға қайта келіп өзінің Академиясын (Академ – жер аты) ашады.

Платонның алғашқы кезеңдегі еңбектерінде («Аполо-гия Сократа», «Протогор», «Критон») Сократқа еліктеуші-лік басымдау болады. Сократ сияқты ол рационалды идея-ға көбірек беріледі. Ал кейінірек жазылған («Мемлекет», «Саясаткер», «Софист», «Парменид» және «Заңдар») ең-бектерінде діни-мифологиялық сарын көбірек кездеседі.


Платонның ойларындағы басты идея екі әлем жайлы. Біріншісі – идеялар әлемі, екіншісі – құбылыстар әлемі. Идеялар әлемі Платон үшін ол – нағыз болмыс, яғни құдайдан түскен жарлықтар, ал құбылыстар әлемі – ол болмыстың кері құбылмалы көшірмесі.
Платон жердегі қалыптасқан саяси өмір мен саясат және мемлекет туралы айтқанда оны барынша идеялар әлеміне жақындатуға тырысты. Біріншіден, азаматтар арасындағы еңбек бөлінісінің қатаң сақталуын, сондай-ақ иерархиялық деңгейлердің де сақталуын талап етті. Полистерде билік – басқарушылар, әскер – ел қорғаушы-лар, қолөнершілер мен шаруалар, яғни өндірушілер болу керек деп қарастырды. Мемлекеттегі еңбек бөлінісінің мұндай схемасы адам жанының үш бастауына сәйкес келеді деп түсіндірді: саналылық, жанкештілік және іскерлік.
Екіншіден, мұндай қатаң әлеуметтік сословияларды қалыптастыру мемлекет үшін де пайдалы, өйткені ол тәртіпке жауап береді деп түсіндірді. Мемлекет басында-ғылар математика мен философияны оқытып үйретумен қатар бұқара халыққа «ізгілік ойларды» да үйретуге тиісті. Адамдар туылғаннан барлығы бірдей болмағанымен де, олар бір-біріне көмектесіп қол ұшын беру керек деп көрсеткен.
Үшіншіден, ол аристократиялық басқару формасын жақтады. Аристократияны ол қоғамның ізгі жақсылары деп түсіндірді. Платон аристократиялық басқару фор-масына олигархия, тирания және демократиялық басқару формаларын қарсы қойды. Олардың барлығына өзінше анықтама береді.
Платон демократияға «демократия қысқа мерзімге арналған халық билігі. Биліктен шаршаған халық қайта-дан бір тиранды таққа отырғызады...» деп анықтама береді.
Платон «Мемлекет» еңбегінде жеке меншікке шектеу қояды. Өйткені шектен тыс байлық қоғамға алауыздық әкеледі, сондықтан да байлық орташа болуы керек дейді.
«Заңдар» еңбегінде Платон мемлекеттің екі құры-лымы туралы айтады: біріншісі – барлығының үстінен билеушілер қадағалайтын, екіншісі – билеушілер үшін де заң жазылған мемлекет. Ал, бұл жерде Платон заң үстем болатын мемлекет туралы айтады. Осы «Заңдар» еңбегінде Платон «заңды сыйламаған, құрметтемеген елдің болашағы жоқ» деген пікір айтады. Заңды жүзеге асыруда Платон сот жүйесіне жүгінеді, ол үшін соттар-дың қызметін жақсарту керек дейді.
Платон өзінің идеялық көзқарасында идеалист болды. Аристотель (б.э.д. 384–322 жж.) аралығында өмір сүр-ген антикалық дәуірдің көрнекті ғалымы. Аристотельдің саяси-құқықтық тақырыпта жазылған бірнеше еңбектері
бар: «Саясат», «Афина саясаты», «Этика», «Риторика». Аристотель саясат туралы ғылымды барынша жан-
жақты дамытуға тырысты. Саясатты ол этикамен тығыз байланыстырды. Аристотельдің пікірінше, саясаткердің адамгершілік қасиеттері басты назарда болуы керек. Аристотель де Платон сияқты мемлекет жайлы ой қозға-ғанда, мемлекеттік мүддені барлық басқа құндылықтардың бәрінен жоғары қойды.
Аристотель үшін мемлекет – табиғи дамудың жемісі. Мемлекеттің пайда болуын ол отбасылық жағдаймен, яғни отбасының пайда болуымен салыстырады. Жеке тұлғаның саяси-әлеуметтік дамуы полистерден (қала мемлекеттер) басталады. Жеке тұлғаның саяси өмірге

араласуы және қалыптасуы осы полистердегі саяси жағдайға тікелей байланысты деп түсіндіреді.


Платонмен салыстырғанда Аристотель жеке меншік-ке ерекше көңіл бөлді. Өйткені, меншік иесі болу адам-ның табиғатынан және өзіне деген махаббатынан шығады деп көрсетеді. Қоғамдағы барлық теңсіздіктер меншікке байланысты дей отырып, Аристотель өз пікіріне қарама-қайшы пікір айтады. Қоғамдағы саяси-әлеуметтік қайшылықтар осы мүлік теңсіздігіне және қоғамдағы орта таптың орны мен рөліне байланысты дейді.
Аристотельдің ойынша, мемлекеттің басты мақсаты – орта тапты қалыптастыру және сол орта тап мемлекеттегі саяси-әлеуметтік тұрақтылық кепілі болады.
Мемлекеттің басқару формасына келгенде Аристотель оны «дұрыс», яғни көпшілікке пайда, жақсылық әкелетін түрін: монархия, аристократия, полития және соны-мен қатар «бұрыс» басқару – тирания, олигархия және демократияны көрсетеді.
Аристотель идеалды-озық мемлекет ретінде полития-ны ұсынады. Полития оның пікірінше, басқарудың ең жақсы элементтері, яғни аристократия, олигархия және демократиядан тұрады. Аристотельдің бұл тұжырымын-да үлкен мән бар, өйткені ол аристократтардан қашанда ізгілік есіп тұратынын, олигархтар қоғамда жұмыс орнын қалыптастырушылар, ал демократия халықпен санасу деп тұжырымдайды. Бірақ Аристотель де Платон сияқты демократиялық басқару формасына қарсы болды. Себебі, егер демократия қадағалаусыз болса, онда ол қоғамды тығырыққа апаратын жол деп көретеді. Жалпы мемлекетті басқаруда, байлық жинауда және билікті жүзеге асыруда орташа болу керек, яғни орта тапқа арқа сүйеу керек деп ескертеді.

жүктеу 39,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау