Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурc жариялайды
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
C-О-6 санаты үшін: жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді;
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
Санаты
|
Еңбек сінірген жылдарына байланысты
|
|
min
|
maх
|
С-О-6
|
74954
|
101604
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы,
Индекс:160019, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі, 4 үй, электрондық мекенжайы: itk.uko@mid.gov.kz, анықтамалар үшін телефондар 8(7252) 56-29-59, факс 56-29-59.
Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің жетекші маманы, (С-О-6 санаты, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Инспекцияның Ережесіне сәйкес автомобиль көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының көлік, лицензиялау заңнамаларының, нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық келісімдердің жеке және заңды тұлғалармен сақталуына бақылау жасайды. ҚЕБ АЖО (АРМ БСО), ЭСЖ (ЭПЗ), ТБЕ АЖО (АРМ ЕУП), СТССОТ (РНИОН), ХҚКО БАЖ (ИИС ЦОН) бағдарламаларын жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсетеді: «1, 6 және 7-сыныпты қауiптi жүктi тасымалдауға арнайы рұқсат беруге», «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беруге», «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шетел мемлекеттері аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсаттар беруге». Салық төлеушілер мен берілген рұқсат құжаттар бойынша салық салу объектілерінің тізімін жүргізеді және ҚР ИДМ Көлік комитетінің серверіне мәліметтердің берілуін қамтамасыз етеді. ҚР ӘҚбК-мен белгіленген құзыреті шегінде хаттама, актілер әзірлейді, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады. Анықталған бұзушылықтарды жою үшін ұйғарым береді. Атқарылған жұмысының есептерін және талдауларын әзірлейді. Қазақстан Республикасының аумағындағы автомобиль жолдары желісінің сақталуын қатамасыз етілуне бақылау жасайды. Транзиттік әлеуеттің қолданылуы туралы ақпаратты жинақтайды, автокөлік құралдарының қозғалыс қарқындылығын есептейді, бекітілген нысанда есептілік құжаттар түріндегі жинақталған ақпараттың берілуін ұйымдастырады және жүзеге асырады, Автомобиль көлігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау жасайды, халықаралық қатынастағы тез бүлінетін жүктерді тасымалдайтын жылжымалы құрамға қойылған талаптарының тасымалдаушылар тарапынан сақталуына бақылау жасайды, халықаралық және облысаралық қатынастағы жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалына рұқсаттың болуын тексереді және автомобиль көлігі саласындағы шаруашылық субъектілерінде тексеру жүргізу барысында қозғалыстың маршруты мен кестесінің сақталуына бақылау жасайды, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетел тасымалдаушыларымен жасалынатын каботажды тасымалдауды анықтауды және алдын алуды жүзеге асырады, белгіленбеген өткізу бекеттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына шетел автокөлік құралдарының кіру фактілерін анықтайды, рұқсат етілген салмақтық және көлемдiк өлшемдерiн асырып, автоматтандырылған өлшеу жүйесі арқылы өткен автокөлік құралдарына бақылау жасайды, Кеден одағының сыртқы шекарасында берілген хабарландырулардың орындалуын тексереді, автокөлік құралдарын пайдалануға тыйым салады, ұстап, стационарлық көліктік бақылау бекеті жанындағы арнайы алаңдарда, тұрақтарда олардың уақытша сақталуы үшін жеткізеді, белгіленген тәртіппен жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалын жасауға рұқсат куәлігін, автокөлік құралына рұқсат карточкаларының болуын тексереді. Көлік саласындағы (әуе көлігінен бөлек) шаруашылық субъектілерін тексереді, ҚР ӘҚбК-мен белгіленген құзыреті шегінде хаттама, актілер әзірлейді, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады. Анықталған бұзушылықтарды жою үшін ұйғарым береді. Атқарылған жұмысының есептерін және талдауларын әзірлейді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Көлік, көліктік техника және технология, автоматтандыру және басқару, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, құқық, экономика және бизнес мамандықтары бойынша.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан
Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Әңгімелесу Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі 4 үй мекенжайы бойынша Инспекцияның ғимаратында өтеді.
|
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
|
|
Нысан
|
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені______________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына
қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға
міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________
________________________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.
|
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
|
|
Нысан
|
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
|
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
|
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
|
1.
|
Туған күні және жері/
Дата и место рождения
|
|
2.
|
Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
|
|
3.
|
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
|
|
4.
|
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
|
|
5.
|
Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
|
|
6.
|
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
|
|
7.
|
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
|
|
8.
|
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
|
|
9.
|
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
|
|
Күні/Дата
|
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
|
қабылданған/
приема
|
босатылған/
увольнения
|
|
|
|
|
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
|
_______________
күні/дата
|
Достарыңызбен бөлісу: |