Түсінік хат
Физика – оқушыға білім беретін жəне өзіндік тəрбиелік ықпалы бар, оның ақыл - ойын жəне логикалық ойлау қабілетін дамытатын, ерік-жігерін тəрбиелейтін өзіндік мазмұны жəне зерттеудің ғылыми əдістері бар жетекші ғылымдардың бірі болып табылады.
Бүгін мектептегі «Физика» оқу пəнінің курсы ғылыми түрде ойлауды қалыптастыруға бағытталған, оқушының шығармашылық, коммуникативтік қабiлетін, абстрактiлi-теориялық жəне практикалық ойлауын, сыни ойлау жəне талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Берілген факультативтік сабақ - сабақта өтілген материалға пайдалы толықтауышы болып табылады. Физика ең алдымен эксперименетті, есептеуді талап ететін ғылым, бірақ сабақ барысында әр оқушымен жеке (индивидуалды) жұмыс жасауға уақыт жеткіліксіз, сол себепті пәнге деген қызығушылығын жоғалтады.
«Физика әлемінде» курсын оқытудың мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлік жəне шығармашылық қабілетін қалыптастыру, физиканың негiзгi заңдарымен танысудан, табиғаттың құбылысын зерттеуден меңгерген білімі жəне білігін техникада жəне күнделiктi өмiрде пайдалана білу.
Курстың міндеттері:
физикалық құбылыстар, заңдылықтар, теориялар мағынасын түсінуін және өмірде көрген құбылыстарды физикалық тұрғыдан түсіндіре білуін қалыптастыру;
физикалық құралдармен жұмыс істеуге дағдыландыру;
пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, логикалық ойларын қалыптастыру.
Сабақта қолданылатын әдістер мен технологиялар:
эксперименталды сабақтар;
жеке және топтық жұмыстар;
баяндама әзірлеу.
Берілген курс бағдарламасына мына тақырыптар енгізілген:
«Физика – табиғат туралы ғылым»
«Физикалық шамалар мен өлшеулер»
«Механикалық қозғалыс»
«Тығыздық»
«Денелердің өзара әрекеттесуі»
«Қатты денелер, сұйықтар және газдардағы қысым»
«Жұмыс және қуат»
«Энергия»
«Жай механизмдер»
«Жер және Ғарыш»
Оқыту нәтижелеріне қойылатын талаптар:
Жаратылыстану ғылымы жүйесіндегі және ғылыми-техникалық дамудағы физиканың орны мен рөлі туралы әр оқушы түсіну керек;
Физикалық құбылыстарды түсіндіру үшін ғылыми ақпараттардың негізгі түсініктері мен ұғымдарын жинақтастыруды, талдауды және жүйелеуді білу керек;
Эксперименталды, фронталды жұмыстарды жасау және бақылау, мәнді сапалы есептерді шығара білу керек.
«Физика әлемінде» курсының жылдық күнтізбелік жоспары
(аптасына – 1сағат, жылына – 34сағат)
№
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
Күні
|
|
Кіріспе
|
|
|
1
|
Физика нені оқытады?
|
1
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |