Білім беретін ұйымдар ата-аналар комитеті және қамқоршылық кеңесінің келісімімен күнделікті өткізілетін сабақтар санын белгілейді.
Назар аударыңыздар!
2018-2019 оқу жылының ұзақтығы: мектепалды сыныптарда – 32 апта, 1-сыныптарда – 33 апта, 2-11(12)-сыныптарда – 34 апта.
«Орта білім беру ұйымдарында 2018 - 2019 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 5 шілдедегі № 322 бұйрығымен 2018-2019 оқу жылы барысындағы каникул күндері белгіленді:
1-11(12)-сыныптарда: күзгі каникул –7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда),
қысқы – 10 күн (2018 жылғы 31 желтоқсан – 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда),
көктемгі – 13 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);
мектепалды сыныптарда:
күзгі каникул – 7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2018 жылғы 27 желтоқсан – 2019 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда),
көктемгі – 15 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
мектепалды және 1-сыныптарда: қосымша каникулдар: 7 күн (2019 жылғы 4 - 10 ақпанды қоса алғанда).
Сабақтардың өткізу мерзімі мереке күндерімен сәйкес келген жағдайда, тақырыбын/оқу мақсаттарын оқу пәні бойынша жақын/ұқсас тақырыптармен/оқу мақсаттарымен біріктіріп/тұтастырып, мерекелік күндерге дейін немесе мерекеден кейін аздаған сағат санымен оқыту қажет.
Бұл ретте жеңіл мақсаттарды қарастырып, жазба жұмыстарын жоспарламаған жөн. Қайталауға берілген сағаттар есебінен, оқу бағдарламаларының кіріктіруін ескере отырып, сабақтарды келесі күнге ауыстыруға болады.
Назар аударыңыздар!
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім ұйымы қызмет көрсететін аймақта тұратын барлық балаларға қолжетімді болуды қамтамасыз ете отырып, 7 жастағы және ағымдағы жылы алты жасқа толатын барлық балаларды бірінші сыныпқа қабылдайды.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін, төмендегідей құжаттар қажет:
1) баланың ата-анасы немесе басқа да заң өкілдерінің өтініші;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма 026/у-3);
4) 3х4 см көлеміндегі 2 дана фотосурет.
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын балалардың құжаттары ата-аналарынан немесе басқа да заң өкілдерінен ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 тамызына дейін қабылданады. Баланы бірінші сыныпқа қабылдау кезінде қосымша құжаттар сұралмайды.
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 254 қаулысы.
Мектептердің бескүндік оқу аптасына көшуі
Парламенттің алтыншы шақырылымының 2016 жылғы 25 наурыздағы бірінші сессиясының ашылуындағы Президенттің тапсырмасына сәйкес, 1-ден 11-ге дейінгі барлық сыныптар бескүндік оқу аптасына еркін түрде көше алады. Өз сөзінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев: «Біз ЭЫДҰ-мен интеграцияланудамыз, бұл ретте біз дәйекті болуға тиіспіз. Барлық дамыған елдердің мектептерінде бес күндік оқыту аптасы қалыптасқан. Балаға қалпына келуге, педагогқа демалып, сабаққа дайындалуға мүмкіндік беріледі. Кейбір елдерде тіпті төрт күндік оқыту аптасы да бар. Мұндай форматқа көшу – бүгінде дамыған елдердің жалпыәлемдік үрдісі (тренді). Ғалымдар қазірдің өзінде оқыту аптасының ұзақтығын қысқарту оқытудың нәтижелілігін арттыратынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. Бізге де осы тәжірибені енгізу керек. Білім және ғылым министрлігі бұл үдерісті тым болмаса бастауыш мектептерден бастауы керек», - деп атап өтті.
Бескүндік оқу аптасына көшу жұмысы жаңартылған білім мазмұнына көшумен қатар жүргізіледі және меншік нысанына (мемлекеттік/жеке), қандай ҮОЖ нұсқасын ж.т.б. таңдағанына қарамастан барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы мүмкін.
2017-2018 оқу жылында республиканың 7054 мектебінен 6708 мектеп сабақтың ұзақтығы 40 минуттық бескүндік оқытуға көшкен, бұл 95%-ды құрайды (1-кесте).
.
1-кесте – Бескүндік оқытуға көшкен мектептер саны
№
|
Облыс, қала
|
Барлық мектептер саны
|
Оның ішінде
|
Оның ішінде бескүндік оқытуға көшкен мектептер саны
|
Бастауыш мектеп
|
Негізгі мектеп
|
Орта мектеп
|
Бастауыш мектеп
|
Негізгі мектеп
|
Орта мектеп
|
1
|
Ақмола
|
565
|
68
|
154
|
343
|
59
|
150
|
343
|
2
|
Ақтөбе
|
410
|
34
|
82
|
294
|
33
|
81
|
236
|
3
|
Алматы
|
758
|
66
|
60
|
632
|
65
|
60
|
597
|
4
|
Атырау
|
193
|
12
|
7
|
174
|
12
|
7
|
171
|
5
|
Шығыс Қазақстан
|
657
|
51
|
116
|
490
|
50
|
115
|
482
|
6
|
Жамбыл
|
450
|
61
|
34
|
355
|
61
|
34
|
322
|
7
|
Батыс Қазақстан
|
381
|
70
|
70
|
241
|
70
|
70
|
235
|
8
|
Қарағанды
|
515
|
49
|
90
|
376
|
49
|
80
|
312
|
9
|
Қостанай
|
514
|
89
|
114
|
311
|
89
|
114
|
311
|
10
|
Қызылорда
|
293
|
8
|
26
|
259
|
8
|
26
|
242
|
11
|
Маңғыстау
|
134
|
8
|
4
|
122
|
8
|
4
|
122
|
12
|
Павлодар
|
371
|
27
|
68
|
276
|
27
|
68
|
276
|
13
|
Солтүстік Қазақстан
|
497
|
67
|
108
|
322
|
67
|
108
|
313
|
14
|
Оңтүстік Қазақстан
|
1029
|
100
|
77
|
852
|
97
|
75
|
786
|
15
|
Астана қаласы
|
84
|
2
|
0
|
82
|
2
|
0
|
69
|
16
|
Алматы қаласы
|
203
|
-
|
3
|
200
|
-
|
3
(1-7 сын)
|
112
(1-7 сын),
87
(1-4 сын)
|
Барлығы
|
7054
|
712
|
1013
|
5329
|
697
|
995
|
5016
|
Назар аударыңыздар!
2018-2019 оқу жылы әр мектептің әкімшілігі
мектептің материалдық-техникалық жабдықталуын (спорт залдар, аудиториялық қор, білім алушылар контингенті, кадрлармен қамтамасыз ету) т.б ескере отырып, жеке пәндерді оқытуда сыныптарды топтарға бөлу туралы дербес шешім қабылдайды.
Сыныптарды топтарға бөлу педагогикалық кеңестің шешімімен, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары бекіткен жұмыстың оқу жоспарымен іске асырылады.
1-3-сыныптарда қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан жағдайда, төмендегі пәндер бойынша топтарға бөлінеді:
оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;
шетел тілі;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
өзін-өзі тану.
Білім мазмұны жаңартылған бағдарламалар бойынша білім алатын сыныптарда топтарға бөлу төмендегі пәндерді оқыту барысында жүзеге асырылады:
оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;
оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті;
шетел тілі;
информатика;
дене шынықтыру;
көркем еңбек .
2013 жылғы оқу бағдарламасы бойынша оқытылатын білім алушылар қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді:
оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ әдебиеті;
қазақ/ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытылатын сыныптардағы орыс тілі;
шетел тілі;
информатика;
бейіндік пәндер;
технология;
дене шынықтыру.
МЖМБС жаңа редакциясында және Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларында «Ағылшын тілі» оқу пәнінің орнына «Шетел тілі» пәні енгізіледі. Білім беру ұйымдарының: «Ағылшын тілін», «Неміс тілін», «Француз тілін» таңдау құқығы бар.
Неміс және француз тілдерінің үлгілік оқу бағдарламалары «2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілді.
Шетел тілін оқыту білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде оқытуды бірлік, үздіксіздік және сабақтастықпен қамтамасыз ететін CEFR («Common European Framework of Reference: Learning, Teaching, Assessment» - «Шетел тілдерін меңгеру деңгейінің жалпы еуропалық құзыреттілігі: үйрену, оқыту, баға») тілдерді меңгеру деңгейлік моделіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстандағы үш тілді білім беру моделі CEFR аналогі болып табылмайды, бірақ көрсетілген құжатты негізге ала отырып оның идеясы мен негізгі ережелерін ұлттық білім беру жүйесінің нақты бір жағдайына бейімдейді.
Үй тапсырмасы
Назар аударыңыздар!
Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі Әдістемелік ұсынымдамалар ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілді.
Үй тапсырмасын дайындау уақытын қысқарту үшін 5-11-сыныптарда қосарланған сабақтар өткізуге болады.
Үй тапсырмасын орындауда: 2-сыныпта - 50 минуттан, 3-4-сыныптарда - 70 минуттан, 5-6-сыныптарда - 90 минуттан, 7-9-сыныптарда - 110 минуттан, 10-11-сыныптарда - 130 минуттан аспауы тиіс.
Үй тапсырмасын (бір оқу күніне) орындауға жұмсалатын уақыт шығынын ескере отырып, тапсырманың көлемі бойынша нормативтер өзгертілді.
Үй тапсырмасын:
Мерекелік және демалыс күндері (жалпы дамуы, жобалық жұмыстар және математикалық мектептерде есептерді шешу үшін көркем, қосымша әдебиеттерден басқа);
бақылау жұмыстарын өткізгеннен кейін;
бірінші сынып білім алушыларына (екінші жартыжылдықтан бастап көлемі 20 минуттан аспайтын уақыт ішінде оқылатын тапсырмалар берілуі мүмкін) бермеу ұсынылады.
Бейнелеу өнері, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, еңбекке баулу, технология, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтырудан үй тапсырмасын басқа пәндермен кіріктіріп беру ұсынылады.
Білім алушылар сабақта оқыту мақсаттарына жетсе («біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «бағалайды» және «жинақтайды»), үй тапсырмасын орындаудың қажеттілігі болмайды.
Орта білім беру ұйымдарының басшыларына педагог қызметкерлердің үй тапсырмасын ұйымдастыру бойынша жұмыстардың кезеңділігі мен мерзімдерін басқаруды мектепішілік бақылау жоспарына жазып, мектеп директорының бұйрығымен жыл сайын бекітіп отыру ұсынылады.
Үй тапсырмасын беру кезінде бастауыш сынып мұғалімдеріне, пән мұғалімдеріне:
білім алушыларға үй тапсырмасын сабақ үстінде, қоңырауға дейін хабардар ету;
үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқау беру;
көлемі аз тапсырмалар (орындалуы міндетті) және көлемі көп тапсырмаларды (орындалуы ерікті түрде) үйлестіріп беру;
сабақта үй жұмысы бойынша қателермен жұмыс жүргізу ұсынылады.
Назар аударыңыздар!
«Жол жүру ережелері» кіріктірілген оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ЖЖЕ) сынып сағаттарының есебінен және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі де, тақырыбы мен мерзімі сынып журналының жеке бетіне жазылады.
1-4-сыныптар – әр сыныпта 6 сағаттан;
5-8-сыныптар – әр сыныпта 10 сағаттан өткізіледі.
1-8-сыныптарға арналған сабақтың үлгі ретінде алынған тақырыптары 2017-2018 оқу жылына арналған Әдістемелік-нұсқау хатта берілген.
ЖЖЕ оқу курсы бойынша сыныптың қағаз түріндегі журналының соңғы беттеріне жазылады. Сондай-ақ сыныптың электрондық журналында толтыру үшін қосымша беті бар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) қызметінің үлгілік қағидаларының 19 т. сәйкес, білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкiлдерінiң мүдделерiн ескере отырып және жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісу бойынша білім беру ұйымдарында инклюзивті сыныптар (бір сыныпта ерекше білім беру қажеттілігі бар екі баладан артық оқытылмауы тиіс) және (немесе) бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.
Инклюзивті сыныптардағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысы бойынша жалпы білім беретін оқу немесе жеке бағдарламалар бойынша білім ала алады.
Мемлекет инклюзивті білім беру принциптерін жүзеге асыру барысыда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың білім алуы, бұзушылықтарды түзету және бейімделуі үшін арнайы жағдай құруды қамтамасыз етеді.
Балаларға деген толеранттылықты тәрбиелеу мақсатында білім алушыларға инклюзия режимінде жылына бір рет әр сыныптардың паралелінде инклюзивті білім беруді түсіндіру бойынша ата-аналар жиналысын өткізу ұсынылады.
Білім беру ұйымдары оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары (бұдан әрі – ҚБТ) бойынша жүзеге асыра алады.
ҚБТ білім берудің барлық деңгейінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, соның ішінде мүгедек-балаларға, I және II топтағы мүгедектерге, бала жасынан мүгедек тұлғаларға қатысты.
ҚБТ бойынша оқыту бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларымен жүргізіледі.
Білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ, тиісті білім беру бағдарламасы бойынша оқу пәндерін өз бетінше оқитын, экстернат - оқыту түрі қолданылуы мүмкін.
Экстернат түріндегі оқыту негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сонымен қатар мамандырылған және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |