Назар аударыңыздар!
Үйде оқытылатын білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарлары әзірленді.
Сонымен қатар, кешкі мектептер үшін (күндізгі оқу түрі – 7-11 сыныптар, кешкі оқу түрі – 9-11-сыныптар, кешкі оқу түрі бойынша жеке оқыту – 1-6-сыныптар) Үлгілік оқу жоспары мен оқу бағдарламалары мен білім беру ұйымдарынан тыс уақытша оқып жүрген білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарларын әзірленді.
Сондай-ақ білім беру ұйымдарынан тыс жеке оқыту үшін қосымша Үлгілік оқу жоспары әзірленді.
Назар аударыңыз!
Кешкі мектептерге, үйде оқытылатын және білім беру ұйымдарынан тыс уақытша білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарлары Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының сайтына орналастырылған.
Назар аударыңыздар!
Педагогтердің «Bilimal» ақпараттық-аналитикалық порталына қанша рет кіргені және ЦБР қолдану, сондай-ақ әртүрлі порталдардағы ресурстарды пайдалануына рейтинг жүргізуге болмайды.
Сонымен қатар Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша жалпы білім беретін мектептердің рейтингін өткізуге рұқсат етілмейді.
Назар аударыңыздар!
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 317 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі білім беру ұйымдары басшыларының бұйрығымен бір оқу жылына сайланады және бекітіледі.
Педагогикалық кеңес:
1) оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру;
2) жұмыс оқу жоспарларын бекіту;
3) білім беру қызметтерінің сапасы;
4) инклюзивті, арнайы білім беруді қамтамасыз ету үшін білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) үлгерімдері мен психология-педагогикалық ерекшеліктері туралы мәліметтер негізінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие және түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға ұсынымдар әзірлеу;
5) білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттауын өткізу, оларды емтихандарға жіберу, білім алушыларды ұсынылған құжаттар негізінде емтихандардан босату, білім алушыларды келесі сыныпқа көшіру немесе оларды қайталау курсына қалдыру, білім алушыларды грамоталармен, мадақтау қағаздарымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік аяқтағаны, негізгі орта білімді аяқтағаны, жалпы орта білім беруді үздік аяқтағаны, жалпы орта білім беру жөнінде аттестаттар, белгіленген үлгідегі анықтамалар беру туралы шешім қабылдау;
6) оқу жүктемелерін бөлу, педагогтерді аттестаттауға, марапаттауға және көтермелеуге дайындау;
7) білім беруді ұйымдастыруды үш тілде оқытуға көшіру;
8) экстернаттық оқыту түрінде білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттауға жіберу, өткізу;
9) зияткерлік, ғылыми, спорттық жарыстарға, музыкалық-шығармашылық конкурстарға қатысатын білім алушыларға арнап жеке жұмыстар ұйымдастыру;
10) сабақ кестелерін құрастыру;
11) білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) қабылдау, ауыстыру және шығару;
12) білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) эмоционалдық-еркін және тұлғалық дамуын зерттеу сияқты мәселелерді қарастырады.
Қазіргі таңда педагогикалық кеңестерге жүктемесі төмендетілген ҮОЖ таңдауда, топтарға бөлу мәселелері, жоғары сыныптарда физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту және білім беру ұйымдары қызметінің басқа да мәселелері бойынша өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік беретін академиялық еркіндік беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |