- Ақмола облысы Атбасар ауданы Мариновка қазақ орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Берденова Қалиман Дюсекқызы
- 12 жылдық мектепте қоғамдық пәндерді білім беру принциптері:
- Қазіргі кезеңдегі мектепте нәтижеге бағытталған білім берудің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
- Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін оптимизациялау(оқу мазмұнын және
- дидактиканы дамыту,білім берудін әдіс-тәсілдерін жетілдіру)
- Жалпыға бірдей орта білім берудің мазмұнын ғылыми тұрғыдан
- ұйымдастыру.
- Оқытудың білімділік,тәрбиелік үрдісін дамыту (оқу еңбегінің
- сапалылығы,күрделілігі,уақытты тиімді пайдалану)
- Оқушылардың шығармашылық белсенділігі ( өзіндік жұмыстың
- түрлерін дамыту арқылы білім сапасын көтеру)
- Пәнаралық және пәндік ішкі байланыстарды жүзеге асыру(білімдік және
- тәжірибелік іскерлік пен дағдыларды жүйелеу)
- Оқытудың,білім берудің әдістемесін жетілдіру.
- Тарих -мектепте оқылатын негізгі қоғамдық пәндердің бірі.Сондықтан
- тарихты оқытудағы мақсат-нәтижеге бағытталған білім берумен қатар ,баланы
- кісі қылып тәрбиелеу,тұлғаның руханилығын қалыптастыру,яғни сөйлеу мен
- ойлау мәдениеті,ұлттық және діни тәрбие,адамгершілік пен отбасын
- сыйлау,отансүйгіштікке және еңбек тәрбиесін іске асыру.
- Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын
- Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін, жаңаша ойлау жүйесін меңгере
- алатын
- Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын
- Білімді,іскер,шебер болуы керек.
- Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай,қазіргі заман талабына сай,әр мұғалім өз білімін жетілдіріп,ескі бір сарынды сабақтардан гөрі,жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса,сабақ тартымды да,мәнді,қонымды,тиімді болары сөзсіз.
- Нәтижеге бағытталған білім беретін мұгалім :
- Қазақстан Республикасының ‹Білім туралы› Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
- Жаңа педагогикалық технологиялардың ерекшіліктері-өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.Инновациялық білімді дамыту,өзгеріс енгізу,жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу.Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы,орындаушы болса,ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
- Қазірігі оқушы:
- Дүниетаным қабілеті жоғары
- Дарынды,өнерпаз
- Іздемпаз,талапты
- Өз алдына мақсат қоя білуі керек
- Бағдарламаны басшылыққа алып, сабақ жоспарын жасағанда ең негізгі берілетін ұғымдарды іріктеп алып, сол ұғымдарды меңгерту;
- Тарихқа деген қызығушылығын тереңдету. Ол үшін әр елдің тарихына байланысты сабақты өту кезінде сол елдің ерекшелігін көрсетіп, есте қалатындай тарихи, мәдени мұралары туралы айту;
- Шығармашылық күш-қуатын дамытуға дағдыландыру (білім сапасын көтеруде септігін тигізетін қосымша элементтерді енгізу, тарихи деректерді оқып-үйрену);
- Пәнаралық байланыс. Өнер, кино, көркем әдебиет, тарихи шығармалармен байланыстыра өту;
- Жаңа педагогикалық технологияларды, инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу;
- Конференция сабақ (әр елдер бойынша берілген хабарлама, баяндама, рефераттарды тыңдау, жұмыстарын қорғау);
- Сабақтың жүйесіне қарай жергілікті жер материалдарын пайдалану;
- Әр тараудан соң тест алу;
- Картаны көрсете білу сауаттылығын қалыптастыру. Бірін-бірі картадан оқыту, үйрету арқылы сол елдер туралы түсінігін, қызығушылын қалыптастыру;
- Көрнекті және техникалық құралдарды пайдалану;
- Қоғамтану пәндерін оқытуда білім берудің тиімді жолдары
- Мен өз сабақтарымда тірек-сызбаларды жиі пайдаланамын.Тақырыпқа,оның мазмұнына сәйкес тірек-сызбалар дайындаймын,сол арқылы түсіндіре келе,оқушыларға проблема туғызатын сұрақтар қоямын.Мұндай сұрақтар оқушылардың жаңа материалды түсінуге,ойлау қабілеттерінің дамуына әсер етеді.
- Мысалы:10 эксперимент сыныпта Адам,Қоғам,Құқық пәнінен «Отбасы.Отбасы түрлері. Отбасылық құндылықтар» тақырыбы бойынша қолданған тірек-сызбалар:
- Қазіргі мектептерде тарих сабақтарының жетілдірудің тағы бір жолы-қайталау сабақтарын ойдағыдай дайындап,жақсы ұйымдастырып өткізу.Қайталау сабағына қойылатын басты талап-оқушыларға берілетін білімді тиянақтау.Ол үшін тарихи білімдер негізі болып табылатын ең басты тарихи құбылыстарды,даталарды,белгілі тарихи кезеңдерді қайталап,сол білімдерді жүйеге келтіріп отыру қажет.Бұл жөнінде қайталау сабақтарының атқаратын рөлі зор.
- Қазақстан
- кеше, бүгін, ертең.
- «Қазақстан » дегенде қандай ойға келесіз, соған байланысты әр қайссың шығып сөз таңдап алып, оқып ағашқа ілу.
- «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында женілдей түседі.»
- Демокрит
- Жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп,еңбектеріңіз жемісті болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |