Әдіскер: Баусариева С. Т. Тобы: 00 Семестр: Практика атауы


Үлгі: Қысқа мерзімді жоспар



жүктеу 42,19 Kb.
бет5/5
Дата26.01.2022
өлшемі42,19 Kb.
#35118
1   2   3   4   5
Үлгі:

Қысқа мерзімді жоспар



Сабақты жоспарлауда орта мерзімді жоспарға жүгініңіз. Сабақ жоспарын ұсынылған үлгінің негізінде әзірлеуге болады.

Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Студенттің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы










Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)




Сабақтың мақсаты




Бағалау критерийлері




Тілдік мақсаттар




Құндылықтарды дарыту



Пәнаралық байланыс




АКТ қолдану дағдылары




Алдыңғы білім






Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы







Сабақтың ортасы







Сабақтың соңы

Кері байланыс

Үйге тапсырма

Бағалау







Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Абайды оқы, таңырқа!






Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Топ

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбайұлының «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру

6.2.2.1 поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау



Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы: әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді; поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтайды.

Оқушылардың басым көпшілігі: әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіріп, автордың түйінді ойын таратып айтады; поэзиядағы автор бейнесін дұрыс анықтайды.

Кейбір оқушылар: әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы негіздей түсіндіріп, түпкі ойды өзіндік көзқарасымен сабақтастыра баяндайды; поэзиядағы автор бейнесін шығармашылық тұрғыда анықтайды.

Бағалау критерийлері

1. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді.

2. Поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтайды.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: өлең тақырыбы мен идеясын түсінеді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: өлең құрылысы, ұйқас, шумақ, тармақ, ырғақ, буын, бунақ т.б.

Тақырыпқа қатысты сөздік қор мен тіркестер: өлең, жастар, үлгі, сөз; диалог құру үшін пайдалы тіркестер: менің ойымша.., сөзіме дәлел ретінде... т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:



1. Қалай ойлайсыңдар, ақын бұл өлеңін қандай мақсатпен жазған?

2. Бұл өлеңді қандай адамдарға арналған?

3. Өлең мәтініне сәйкес, Абай сөзін қандай адам ұғады?

Құндылықтар

Сабақтың өн-бойында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы құндылықтарға тәрбиелік элементтер ретінде басымдық беріледі.

Автордың адамның қоғамнан өз орнын табуы жайындағы ойы негізге алынады.



Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі пәнімен байланыс: әдеби тіл нормаларын қолдану, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту барысында; өзін-өзі тану пәнімен байланыс: жеке тұлға және оның қалыптасуындағы сыртқы ортаның әсері

АКТ-ны қолдану

Интерактивті тақта, аудиожазба

Алдыңғы оқу

Оқушылар Абайдың өмірбаянын, бірқатар шығармаларын біледі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Сабақтың барысы

Дереккөздер

Cабақтың басы:

5 минут


Сабақтың ортасы

3 минут


10 минут (талқылау, пікір алмасу үшін)

6 минут

(постер қорғау үшін)

ЖЖ

6 минут


5 минут

(2-тапсырма бойынша)




Ұйымдастыру кезеңі

Мотивация кезеңі

Интерактивті тақтадан Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай» әні тыңдатылады.

Ән аяқталғаннан кейін білім алушылар өздерінің әннен алған әсерлерімен бөліседі. Сол арқылы тақырыпқа бағыттаймын. Іс-әрекет барысында оқушылар осыған дейін алған білімдерін негізге ала отырып, Абай өмірі мен өскен ортасы, шығармалары туралы ақпарат алмасады.

Үй тапсырмасын тексеруді «Ыстық картоп» әдісі арқылы жүзеге асырамын. Мұнда оқушылар бір-біріне Абай Құнанбайұлы өмірі мен шығармашылығына қатысты білу, түсіну деңгейіндегі сұрақтарды қояды. Қолындағы «картопты» лақтырған оқушы сұрағын қояды, алған оқушы жедел жауап бермесе, қолы «күйіп» қалып, ойыннан шығып қалады.



Дескриптор:

1. Абай Құнанбайұлының өмірі мен мен өскен ортасы туралы бастапқы мәліметтерді біледі.

2. Ақынның бірнеше шығармаларын атайды.

Тапсырманы тексеру кезеңі аяқталған соң, дескрипторға сүйене отырып ауызша кері байланыс беремін.


Оқушыларға интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты таныстырылым ұсынылады. Абай Құнанбайұлының «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты өлеңіне таңдалған оқу мақсаттары, бағалау критерийлерін таныстырамын.

Топқа бөлу. Сынып оқушыларын санақ әдісі арқылы 3 топқа бөлемін.

Тапсырманы орындау үшін үш топқа ДЖИГСО әдісі арқылы Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің мәтінімен толық танысып, мағынасын ажырату, топ ішінде талқылауды тапсырамын. Барлық топ мүшелері бірлескен әрекет негізінде бір-бірімен пікір алмаса отырып А, В, С деңгейіндегі тапсырмаларды топта талқылап, постер түрінде қорғайды.



Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,

Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.

Шу дегенде құлағың тосаңсиды,

Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.

Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.
Сөз айттым Әзірет Әлі, айдаһарсыз,

Мұнда жоқ алтын иек, сары ала қыз.

Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,

Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.

Әсіре қызыл емес деп, жиренбеңіз,

Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.
Батырдан барымташы туар даңғой,

Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.

Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,

Елірмелі маскүнем байқалған ғой.

Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп,

Қиналмай, қызыл тілім, кел, тілді ал, қой!
Өлеңі бар өнерлі, інім, сізге

Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.

Өзге түгіл өзіңе түк пайдасы жоқ,

Есіл өнер қор болып кетер түзге.

Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез

Қанша қызық болады өзіңізге?

Тапсырмалар:

1. (А) Өлеңдегі автордың айтпақ болған ойын 5 сөйлеммен тұжырымдаңдар.

2. (В) Өлеңді түсіндіру үшін адамға керекті қасиеттерді топтастырыңдар.

3. (С) Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені автор бейнесімен байланыстыра отырып талқылаңдар.



ҚБЖ дескрипторы:

1. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын түсінеді.

2. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді.

Тапсырма орындалып болғаннан кейін дескриптор негізінде кері байланыс беремін.


2-тапсырма жұпта орындалады.

1. Білім алушылар өлең шумақтарының мағынасын аша отырып тұжырымдама кестесін толтырады.

2. Поэзиялық шығарманың негіз етіп автордың көңіл күйін, көзқарасын дәлелдер арқылы талқылайды.


Шумақ

Шумақта берілген ой

Менің түсінуім











ҚБЖ дескрипторы:

1. Өлең мазмұнына сәйкес тұжырымдама кестесін толтырады.

2. Поэзиялық шығарманың мазмұнына сүйеніп автор бейнесін анықтайды.

3. Өлең мазмұнын негіз етіп автордың көңіл күйін, көзқарасын дәлелдер арқылы талқылайды.

Жұптардың өзара бағалауы «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы жүргізіледі.

6-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы

Абай Құнанбайұлы. Өлеңдер жинағы
Аудиома-териал

Бейнеролик



Соңы


5 минут

Кері байланыс ауызша түрде жүзеге асады. Оқушылардың пікірлерін мұқият тыңдап болғаннан кейін дескриптор негізінде кері байланыс беремін.

Рефлексия кезінде оқушылар мына сұрақтарға жауап іздейді:

1. Ақын сөзін негізге алып, күнделікті өмірдегі іс-әрекетімізге баға беріп көрейікші.

2. Біз білім алуда шын мейірленіп жүрміз бе?

Үй тапсырмасы: Өлеңді мәнерлеп жатқа айтуға дайындық жасау





Қосымша ақпарат




Саралау – сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Тапсырманы орындау барысында кездескен кедергілер кезінде оқушыларға қолдау көрсетемін.
Тапсырмаларды спиральдік жүйемен жеңілден ауырға, оңайдан күрделіге қарай беру.

Сабақ барысында сұрақтарды оқушылардың деңгейін ескере отырып қолданамын.



Білім алушылардың сабақтың бас кезінде алдарына қойған мақсатқа жеткен-жетпегенін анықтау «Бес саусақ» әдісі арқылы жүзеге асады.

Әдебиет теориясымен, тарихпен байланыс жүзеге асады.

Қауіпсіздік ережелерінің сақталуы мұқият бақыланады.

Интерактивті тақта, презентация т.б. қолданылады.

Сабақтың өн-бойында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы құндылықтарға тәрбиелік элементтер ретінде басымдық беріледі.

Автордың адамның қоғамнан өз орнын табуы жайындағы ойы негізге алынады.


Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымд

нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары қолжетімді, SMART-қа негізделді. Мәтінді тыңдай отырып, мазмұнын түсінуді, детальді ақпаратты анықтауды; мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтауды үйренді.

Сыныптағы оқу атмосферасы өз дәрежесінде болды,себебі оқушылар сабаққа түгел қатыстырылды. Дифферанциацияны жүзеге асыруға бар мүмкіндігімді жұмсадым.


Сабақ кезіндегі іс-әрекетке байланысты бөлінген уақытты тиімді пайдаландым.
Жоспардағы кері байланысты жазбаша емес ауызша алдым, себебі кері байланысты қалай беру керектігіне оқушылардың дағдылануына назар аудардым.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: «Ыстық картоп » әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрағанда,оқушылар жедел,дұрыс жауап беруге тырысты.



2: Қолдарын күйдіріп алмауға, басқа оқушылардан қалмауға әрекет жасады.
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Рефлексия кезіндегі « Біз білім алуда шын мейірленіп жүрміз бе» деген сұраққа оқушылар өз пікірлерін әлі де нақтылауы қажет.

2:Оқушылар 2-тапсырманы орындағанда тұжырымдама кестесін толтырады. Шумақта берілген ой мен өзінің түсінуін әлі де жетілдіре түсуі керек деп ойлаймын.
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

1.Кейбір оқушылардың өзіндік ой-пікірі қалыптаса бастағанын байқап ,дұрыс бағыт беруге тырыстым.



2.Оқу үлгерімі төмен оқушылардың да әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланғанда танымдық

жүктеу 42,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау