Единый тарифно-квалификационный справочник


-бөлім. Лак-бояу өндірісі



жүктеу 0,5 Mb.
бет3/5
Дата23.11.2018
өлшемі0,5 Mb.
#24392
1   2   3   4   5

4-бөлім. Лак-бояу өндірісі

27. Пигменттер мен бояғыштарды майдалау аппаратшысы


Параграф 1. Пигменттер мен бояғыштарды

майдалау аппаратшысы, 2-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Ұнтақ бояу, эмаль, грунт өндірісінде біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен бапталған бояу ұнтақтаушы машиналарда пигменттерді майдалау технологиялық процессін жүргізу. Бояу ұнтақтау машинасына илемді жеткізу. Ұнтақтау машинасының біліктеріне паста құю. Біліктің жиегінен пастаны қайта ұнтақтау үшін жинап әкелу, дайын өнімді ағызу. Процесс аяқталғаннан кейін немесе басқа түске ауысқан кезде машинаны тазалау және жуу.

  1. Білуге тиіс:

технологиялық процестің мәні, бапталған бояу ұнтақтаушы машиналарда пигменттерді майдалау ережесі, жүк көтергіш механизмдерді пайдалану ережесі, қолданылатын компоненттердің негізгі қасиеттері, дайын өнімдер мен пайдаланылатын материалдардың токсикологиялық және өрт тудыру қаупі.

Параграф 2. Пигменттер мен бояғыштарды

майдалау аппаратшысы, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Синтетикалық шайыр немесе бояғыштардың негізінде әр түрлі майдалау жабдықтарында ұнтақтау дәрежесі 50 микроннан астам бояу, эмаль, грунт, сылақ өндірісінде біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен әртүрлі құрылымды бояу ұнтақтаушы машиналарда пигменттерді майдалау немесе шарлы диірмендерде жекелеген операцияларды орындау технологиялық процессін жүргізу. Бояу ұнтақтаушы машиналардың біліктерін қысу дәрежесін реттеу. Пигменттер мен бояғыштарды майдалау жабдықтарына жеткізу. Пигменттер мен бояғыштарды дайындау (бөлшектерді ұсақтау, торда елеу, ысқылау және пастаны араластыру). Ұнтақ компоненттерді шарлы диірменге себу (пигменттерді ысқылау) және шикізаттың әртүрлі түрлерін басқа майдалау жабдығына себу (бояуларды майдалау). Шарлы диірменнің желдеткіші арқылы жинақталған газды үнемі жойып отыру. Сумен салқындату процессін, жүйесін бақылау. Талдау жүргізу үшін сынамаларды іріктеу. Дайын өнімді ыдысқа құю немесе жартылай дайын өнімді басқа ыдысқа ауыстыру. Компоненттерді виброелекте сүзу. Жабдықты тазалау және жуу, май деңгейін тексеру. Шарлы диірменге шар толтыру. Технологиялық журналға немесе операциялық параққа жазба жазу.

  1. Білуге тиіс:

пигменттерді бояу ұнтақтаушы машиналарда, шарлы диірмендерде немесе бояғыштарды әр түрлі жабдықтарда майдалау технологиясы, қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық схемасы, негізгі және қосымша жабдықтардың жұмыс қағидаты, бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты, қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, оны баптау және реттеу ережесі, жүк көтергіш механизмдердің құрылысы, жабдықты іске қосу және тоқтату ережесі, сүзуші маталар, қолданылатын компоненттердің органолептикалық айырмашылығы.

Параграф 3. Пигменттер мен бояғыштарды

майдалау аппаратшысы, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Көркем және декоративті бояу өндірісінде әртүрлі құрылымды бояу ұнтақтаушы машиналарда пигменттерді майдалау технологиялық процессін жүргізу немесе біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен немесе әр түрлі майдалау жабдықтарында ұнтақтау дәрежесі 3-тен 50 микронға дейінгі бояу өндірісінде шарлы немесе бисерлік диірменде майдалау процессін жүргізу. Бояу ұнтақтаушы машиналарды нақты баптау. Машинаның біліктеріне сорғының, тельфердің және басқа да құрылғылардың көмегімен паста құю. Жабдыққа инертті газ үрлеу. Әр түрлі компоненттердің үлкен және әр түрлі түржиынын өлшеу және салмақтау. Әр түрлі компоненттерді шарлы диірменге салу. Сорғы мөлшерлеуіштің көмегімен суспензияның тез жылжитын қоспалауыштан (диссольверден) бисер диірменге үздіксіз жеткізу. Жабдықтың жұмысын, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін бақылау. Сынамаларды іріктеу. Талдау жүргізу. Жабдықты ұдайы тазалау, бөлшектеу, жуу. Бисер диірменге бисер себу, оның деңгейін өлшеу және жетпегенін үстемелеп қосу. Шығарылатын өнімді есептеу. Жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау.

  1. Білуге тиіс:

технологиялық регламент, талдау нәтижесі бойынша процесті реттеу ережесі, коммуникация және тығын арматурасының схемасы, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, өнімнің басқа маркаларын орындауға көшу кезінде жабдықты дайындау ережесі, жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау ережесі, жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою әдістері, күрделі емес талдауларды жүргізу әдістемесі.

Параграф 4. Пигменттер мен бояғыштарды

майдалау аппаратшысы, 5-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Әр түрлі майдалау жабдықтарында ұнтақтау дәрежесі 3 микронға дейінгі бояу, эмаль, грунт, эпоксидті сылақ өндірісінде шарлы диірмендерде немесе бисерлік диірмендерде пигменттерді майдалау технологиялық процессін жүргізу. Шнек, элеватор, автоматты таразылар жүйесі арқылы ақ пигменттерді шарлы диірменге салу механикалық желісіне қызмет көрсету. Бастапқы пигменттердің салынуын бояғыштардың бояу концентрациясы мен тоқыма-қосымша заттардың қоспалары бойынша есептеу. Сорғы мөлшерлеуіштің көмегімен суспензияның диссольверден бисер диірменге үздіксіз жеткізілу жылдамдығын реттеу. Пастаның, бояудың дисперлік дәрежесін, массаның тұтқырлығын, массадағы бояғыштың концентрациясын анықтау. Байланыстырушыны мөлшерлеу және тұрақтандыру процессін жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижесі бойынша бөлшектеу процессін реттеу. Диірменнің салқындатқыш бөлігіне судың берілу жылдамдығын өзгерту арқылы шығарылатын массаның температураны реттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарын, масса деңгейін сигнализация датчигін, диірмен қозғалтқыштарын сөндіру автоматикасының және сорғы мөлшерлеуіштің дұрыстығын бақылау. Дайын пастаны аралық ыдысқа құю. Жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды түзету. Біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшыларды басқару. Учаскедегі үздіксіз жұмысты ұйымдастыру.

  1. Білуге тиіс:

қоспаларды есептеу әдістемесі, «клин» аспабы бойынша бөлшектілік дәрежесін анықтау әдістемесі, талдау нәтижесі бойынша процесті реттеу ережесі, автоматты реттеу және бақылау құралдарын пайдалану ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, шикізат пен дайын өнімнің түржиыны, шикізат пен дайын өнімнің техникалық шарттары, шикізат пен электр энергиясын жұмсау нормасы, жабдық жұмысындағы ақаулықтардың себептері және оларды жою тәсілдері, процесті қауіпсіз жүргізу ережесі.

28. Олифа пісіру аппаратшысы


Параграф 1. Олифа пісіру аппаратшысы, 2-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен табиғи және қоспаланған олифаны пісіру технологиялық процессінің жекелеген операцияларын орындау. Шикізатты жеткізу және дайындау. Шикізаттың жекелеген түрлерін салу. Жанарғыға қызмет көрсету. Жабдықты тазалау және жуу.

  1. Білуге тиіс:

технологиялық процестің мәні, технологиялық жабдықтың мақсаты, жүк көтергіш механизмдерді пайдалану ережесі, қолданылатын компоненттердің негізгі қасиеттері, дайын өнім мен қолданылатын материалдардың токсикологиялық және өрт қауіптілігі қасиеттері.

Параграф 2. Олифа пісіру аппаратшысы, 3-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен табиғи және қоспаланған олифаны жалпы өнімділігі (тәулігіне) 10 тоннаға дейін немесе 10-50 тоннаға дейінгі жабдықта пісіру технологиялық процессін жүргізу. Шикізатты реакторға, оксидаторға салу. Массаны қажетті температураға дейін қыздыру. Ыстық бу жібері. Сынамаларды іріктеу және күрделі емес талдау жүргізу. Дайын өнімді тұндыру, ыдыстарға бөліп құю. Әр түрлі типті реакторларға, оксидаторларға, қоспалауыштарға, өлшеуіштерге, коммуникацияларға, сорғыға қызмет көрсету.

  1. Білуге тиіс:

олифаны пісіру процессінің технологиясы, қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық схемасы, негізгі және қосымша жабдықтың жұмыс қағидаты, бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, жүк көтергіш механизмдердің құрылысы, жабдықты іске қосу және тоқтату ережесі, күрделі емес талдау жүргізу әдістемесі, қолданылатын компоненттердің органолептикалық ерекшеліктері.

Параграф 3. Олифа пісіру аппаратшысы, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен табиғи және қоспаланған олифаны жалпы өнімділігі (тәулігіне) 10-50 т дейінгі немесе 50 т астам жабдықта пісіру технологиялық процессін жүргізу. Қажетті компоненттерді жеткізу. Қоспаланған олифаны пісіру кезінде негізді еріткіштермен еріту (майды оксидтеу). Технологиялық процесс барысын бақылау. Дайын олифаны стандарттау (үлгі ету), сүзу. Компрессорлық құрылғыларға, бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету.

  1. Білуге тиіс:

технологиялық регламент, талдау нәтижесі бойынша процесті реттеу ережесі, коммуникация және тығын арматурасының схемасы, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, жабдықты жөндеуге дайындау, оны жөндеуден қабылдау ережесі, жабдық жұмысындағы шағын ақаулықтарды жою әдістері, сүзуші маталар.

Параграф 4. Олифа пісіру аппаратшысы, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшының жұмысына басшылық жасай отырып, табиғи және қоспаланған олифаны жалпы өнімділігі (тәулігіне) 50 т астам жабдықта пісіру технологиялық процессін жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының көрсеткіштері бойынша майды оксидтеу процессін реттеу. Өнімнің даярлығын айқындау. Технологиялық картаға жазба жазу. Учаскедегі үздіксіз жұмысты ұйымдастыру. Жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды түзету.

  1. Білуге тиіс:

қоспаларды есептеу әдістемесі, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының көрсеткіштері бойынша процесті реттеу ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, шикізат пен дайын өнімнің түржиыны, шикізат пен дайын өнімнің техникалық шарттары, шикізат пен электр энергиясын жұмсау нормасы, жабдық жұмысындағы ақаулықтардың себептері және оларды түзету тәсілдері, процесті қауіпсіз жүргізу ережесі.

29. Титан қостотығы өскінін алу аппаратшысы


Параграф 1. Титан қостотығы өскінін алу аппаратшысы, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Титан қостотығы өндірісінде анатаз бен рутил өскінін алу көпстадиялы технологиялық процессінің жекелеген стадияларын жүргізу. Қатаң белгіленген концентрациялы сілті ерітіндісін дайындау. Метатитан қышқылы пастасының ерітіндісін аппаратқа құю, оны қажетті концентрацияға дейін еріту. Пастаны белгіленген температурада ұстау. Мурды жуа отырып, вакуум-сүзгі мен сүзгіде сүзу процессін жүргізу. Өскін жасайтын реакторға мөлшерлеуіш арқылы пастаны жіберу. Процестің әр түрлі стадиясында талдау жүргізу үшін сынама алу. Аппараттарды тазалау және жуу, жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды түзету.

  1. Білуге тиіс:

титан қостотығы өскінін алу технологиялық процессінің мәні, қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық схемасы, негізгі және қосымша жабдықтың мақсаты, жұмыс қағидаты, жүк көтергіш механизмдердің құрылысы және оларды пайдалану ережесі, жабдықты іске қосу және тоқтату ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды түзету ережесі, сынама алу ережесі, сүзгіш маталар, дайын өнімнің, жартылай дайын өнімдер мен қолданылатын шикізаттың негізгі, токсикологиялық және өрт қауіптілігі қасиеттері.

Параграф 2. Титан қостотығы өскінін алу аппаратшысы, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен титан қостотығы өндірісінде анатаз бен рутил өскінін алу көпстадиялы технологиялық процессінің жекелеген стадияларын жүргізу. Өскін алу үшін қажетті бастапқы ерітінділерді талдау және қосылған титанилсульфат ерітіндісінің тығыздығын бақылау. Салмағы мен уақыты жағынан қатаң регламенттелген сілтіні біртіндеп салу. Температуралық режимді қатаң сақтаған және сілтінің берілу жылдамдығының өзгеруі жағдайында ерітіндіні бейтараптандыру. Процесті бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша және көзбен шолып бақылау. Ерітінді гидролизі, ерітілген өскін алу. өскіндердің жетілу барысында қатаң регламенттелген температура мен уақытты сақтау. Дайын өскіндерді салқындату және оларды жинақтауышқа құю. Жазбаларды технологиялық картаға жазу. Процестің әр түрлі стадияларында талдау жүргізу.

  1. Білуге тиіс:

титан қостотығы өскінін алудың технологиялық процессі, технологиялық режим, коммуникация мен тығын арматурасының схемасы, негізгі және қосымша жабдықтардың құрылысы, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс қағидаты, жабдықты жөндеуге дайындау ережесі, оны жөндеуден қабылдау, талдау жүргізу әдістемесі, шикізат пен жартылай дайын өнімдердің техникалық және технологиялық талаптар, қолданылатын компоненттердің органолептикалық айырмашылықтар.

Параграф 3. Титан қостотығы өскінін алу аппаратшысы, 6-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Титан қостотығы өндірісінде анатаз бен рутил өскінін алу көпстадиялы технологиялық процессінің жекелеген стадияларын жүргізу. өскін алу үшін қажетті, белгілі бір қасиеттері бар жартылай дайын өнімдердің ерітінділерінің іріктелуін, ерітінді дайындау процессінің сақталуын, метатитан қышқылының ажыратылуын, натрий титанатының жетілуін, сілтілендіруді, бетараптандыруды, жууды, сүзуді бақылау. Салынатын және түзетуші компоненттердің санын есептеу. Тұз қышқылының бейтарап титанатын пентизациялау процессін жүргізу. Ерітіндіні түзету. Процесті бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша және көзбен шолып бақылау және реттеу. Учаскедегі жұмысты үйлестіру және біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшыларды басқару.

  1. Білуге тиіс:

титан қостотығы өскінін алудың технологиялық регламенті, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, процесті бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу ережесі, шикізатты, жартылай дайын өнімдерді мөлшерлеуді есептеу ережесі, шикізат пен дайын өнім түржиыны, шикізат пен дайын өнімнің техникалық шарттары, процесті қауіпсіз жүргізу ережесі.

30. Полимеризациялық шайырдан лак пен эмаль алу аппаратшысы


Параграф 1. Полимеризациялық шайырдан лак пен эмаль

алу аппаратшысы, 2-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен нитроцеллюлоза және терпено-коллоксилин лагын, спирт лагы мен политра алу процессінің жекелеген стадияларын орындау. Шикізатты жеткізу, еріту, ұсақтау. Бояғыш ерітіндісін дайындау және оны тұндыру және сүзу арқылы тазалау. Шикізаттың жекелеген түрлерін өлшеу және аппаратқа салу. Жабдықты тазалау және жуу.

  1. Білуге тиіс:

технологиялық процестің мәні, технологиялық жабдықтың мақсаты, жүк көтергіш механизмдердің мақсаты мен пайдалану ережесі, жабдықтардың жекелеген түрлері мен механизмдерді іске қосу және тоқтату ережесі, шикізат пен жартылай дайын өнімдерді техникалық таразыда өлшеу ережесі, дайын өнімдер мен қолданылатын шикізаттың негізгі, токсикологиялық және өрт қауіптілігі қасиеттері.

Параграф 2. Полимеризациялық шайырдан лак пен эмаль

алу аппаратшысы, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен нитроцеллюлоза және терпено-коллоксилин лагын, спирт лагы мен политра алу процестерін жүргізу, ұшқын шайыр лактарын, полимеризациялық шайырдан (перхлорвинил, винифлекс, эфироцеллюлоза және тағы басқалар) эмаль мен грунт алу процессінің жекелеген стадияларын орындау. Жабдықты дайындау, инертті газбен үрлеу. Коллоксилинді ыдыстарға салу, шикізаттың қататын түрлерін қыздыру. Лак пен политра өндіру кезінде: стандарттау кезінде шикізатты салу, мөлшерлеу. Дайын өнімді тұндырғыштарға құю немесе сығып шығару. Талдау жүргізу үшін сынама алу.

  1. Білуге тиіс:

технологиялық процесс, қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық схемасы, негізгі және қосымша жабдықтардың құрылысы, жұмыс қағидаты, бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты, коллоксилинді ыдыстарға салу, шикізатты қыздыру камераларына қызмет көрсету ережесі, сынамаларды іріктеу ережесі.

Параграф 3. Полимеризациялық шайырдан лак пен эмаль

алу аппаратшысы, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен ұшқын шайыр лактарын, полимеризациялық шайырдан (перхлорвинил, винифлекс, эфироцеллюлоза және тағы басқалар) эмаль мен грунт алу технологиялық процессін жүргізу немесе біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшыларды басқара отырып, нитроцеллюлоза және терпено-коллоксилин лагын, спирт лагы мен политра алу процестерін жүргізу. Шикізатты дәлме-дәл мөлшерлеу және аппаратқа салу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша температуралық режимді реттеу. Процесті бақылау. Регламентте көзделген жағдайда сүзу, центрифугалау. Реакторларға, қоспалауыштарға, жинағыштарға, тұндырғыштарға, өлшеуіштерге, есептеуіштерге, коммуникацияға және басқа жабдықтарға қызмет көрсету. Жабдықты жөндеуге дайындау.

  1. Білуге тиіс:

өнімнің үлкен түржиынын алу технологиялық процессі, коммуникация мен тығын арматурасының схемасы, жұмыс қағидаты және бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, процесті бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу ережесі, өнімнің басқа маркаларын өндіру процессіне ауысу кезінде жабдықты дайындау ережесі, жабдықты жөндеуге дайындау, оны жөндеуден қабылдау ережесі, жабдықты іске қосу және тоқтату ережесі, сүзуші маталар, қолданылатын компоненттердің органолептикалық айырмашылықтары.

Параграф 4. Полимеризациялық шайырдан лак пен эмаль

алу аппаратшысы 5-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшыларды басқара отырып, ұшқын шайыр лактарын, полимеризациялық шайырдан (перхлорвинил, винифлекс, эфироцеллюлоза және тағы басқалар) эмаль мен грунт алу процестерін жүргізу. жабдықтың жұмысы мен жай-күйін бақылау. Технологиялық регламенттің, температуралық режимнің сақталуын бақылау. Лак пен эмальді стандарттау кезінде әр түрлі компоненттерді мөлшерлеу. Жартылай дайын өнімдер мен дайын өнімді әр түрлі ыдыстарға жіберу немесе инертті газбен сығып шығару. Талдау жүргізу. Технологиялық режим нормасынан ауытқушылықтардың себептерінің алдын алу және жою. Технологиялық картаға жазба жазу. Жабдық жұмысындағы шағын ақаулықтарды жою.

  1. Білуге тиіс:

өнім алудың технологиялық регламенті, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, шикізат пен дайын өнімнің техникалық шарттары мен мемлекетті стандарты, талдау жүргізу әдістері, жабдық жұмысындағы шағын ақаулықтарды жою әдістері, шикізат пен дайын өнімнің түржиыны.

31. Метатитан қышқылын алу аппаратшысы


Параграф 1. Метатитан қышқылын алу аппаратшысы, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен метатитан қышқылын (титан гидрототығын) алу технологиялық процессін жүргізу. Әрбір операция алдында гидролиз аппаратын уақытынан бұрын гидролизденуін тудыруы мүмкін метатитан қалдықтарынан мұқият тазалап жуу. Гидролизге арналған реакторға өлшемдер регламентінде жазылған титан күкірт қышқылы ерітіндісінің қатаң белгіленген мөлшерімен белгілі бір тығыздыққа дейін толтыру және ерітіндіні бумен толтыру. Сілті ерітіндісін дайындау. Бейтараптандыру, кристалдандыру орталығын толтыру, салқындату процессін жүргізу. Процесті бақылау-өлшеу аспаптары бойынша бақылау. температуралық режимді реттеу. Талдау жүргізу үшін сынама алу. Дайын суспензияны келесі операцияға жіберу.

  1. Білуге тиіс:

метатитан қышқылын алу технологиялық процессі, қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық схемасы, коммуникация мен тығын арматурасының схемасы, технологиялық жабдықтың мақсаты, жұмыс қағидаты және құрылысы, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, процесті бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижесі бойынша реттеу ережесі, сынамаларды іріктеу ережесі, жабдықты іске қосу және тоқтату ережесі, шикізат пен жартылай өнімдердің физикалық-химиялық және токсикологиялық қасиеттері.

Параграф 2. Метатитан қышқылын алу аппаратшысы, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Метатитан қышқылын (титан гидрототығын) алу технологиялық процессін жүргізу. Гидролиз реакторының толтырылуын, сілті ерітіндісінің дайындалуын бақылау. Ерітіндінің өлшемдерін регламентте белгіленген өлшемдерге дейін жеткізу. Күкірт қышқылды титан ерітіндісіне кристалдау орталығын енгізу және басқа компоненттерді мөлшерлеу. Ерітінді құрамының өзгеруін бақылау. Ерітіндіні белгіленген уақыт ішінде және потенциометр көрсеткіштерінің негізінде қыздыру, оны сондай-ақ белгіленген уақыт ішінде қайнаған судың белгілі бір көлемімен араластыру. Ерітіндіні қайнату. Алынған метатитан қышқылы мен гидролиздік қышқылды жинақтауыш-тоңазытқышқа құю. Талдау жүргізу. Процесс стадиялары бойынша әрбір аппаратқа технологиялық журналға жазба жазу. Учаскедегі біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшыларды басқару. Жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою.

  1. Білуге тиіс:

метатитан қышқылын алудың технологиялық регламенті, дайын өнімнің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандартары, өнімге талдау жүргізу әдістері, жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою әдістері, жабдықты жұмысқа дайындау, оны жөндеуден қабылдау ережесі, шикізат пен дайын өнім түржиыны, процесті қауіпсіз жүргізу ережесі.

32. Микронизацияланған материалдарды алу аппаратшысы


Параграф 1. Микронизацияланған материалдарды

алу аппаратшысы, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен ағатын құралдарда микронизацияланған материалдарды (өте жұқа) алу технологиялық процессін жүргізу. Құрылғыға түсетін жүктемені реттеу. Қажетті микронажды өнім алу мақсатында жұмыс камерасы мен құрылғының басқа да тораптары мен агрегаттарының біркелкі жұмысын, циклон мен шаң тазалауыш жүйенің жұмысын бақылау. Жүйе температурасын, қысымын, сұйылуын бақылау. Технологиялық процестің барысын бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштері бойынша және көзбен шолып бақылау. Бастапқы шикізат материалдары мен дайын өнімнің шығуын есептеу. Технологиялық журналға жазба жазу. Талдау жүргізу үшін сынама алу. Жабдықты жөндеуге дайындау. Жабдықты ұсақ жөндеу, тазалау және майлау.

  1. Білуге тиіс:

микронизацияланған материалдарды алу технологиялық процессі, учаскеге қызмет көрсетудің технологиялық схемасы, жабдықтың мақсаты мен жұмыс қағидаты, ақпа құрылғыларында жұмыс істеу ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, процестерді реттеу ережесі, сынамаларды іріктеу ережесі және өнімге талдау жүргізу әдістері, жабдық жұмысындағы ақаулықтардың себептері және оларды жою әдістері, дайын өнімнің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары, шикізат пен жартылай өнімдердің физикалық-химиялық, токсикологиялық және өрт қауіпсіздігі қасиеттері.

Параграф 2. Микронизацияланған материалдарды

алу аппаратшысы, 5-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Технологиялық процесті жүргізу және ағатын құралдарда микронизацияланған материалдарды (өте жұқа) алу аппаратшысының жұмысын үйлестіру. Өнімнің басқа түрлерін микронизациялауға көшіру кезінде құрылғы жұмысының өлшемдерін өңдеу. Учаскедегі қауіпсіз жұмысты ұйымдастыру.

  1. Білуге тиіс:

микронизацияланған материалдарды алу технологиялық регламенті, өнімнің басқа түрлерін микронизациялауға көшіру кезінде құрылғы жұмысының өлшемдерін өңдеу әдістері, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, процесті қауіпсіз жүргізу ережесі.


жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау