Единый тарифно-квалификационный справочник



жүктеу 4,03 Mb.
бет19/21
Дата03.03.2018
өлшемі4,03 Mb.
#11101
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

42. Сынап-мырыш, магний және басқа да ток көздерінің құрастырушысы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тәжірибелік өндіріс жағдайында химиялық ток көздерін жинақтау және құрастыру жөніндегі күрделі операцияларды (РЦ және магнийліктен басқа) орындау. Жүктеу токтары, топтарды, блоктарды, монтаждау тәсімдерін орналастыру жөніндегі қажетті есептерді жүргізу. Кез келген күрделіктегі принципиальды тәсімдер мен эскиздер бойынша батареяларды, қоректендіру жинақтарын құрастыру. Электр монтаждау жұмыстарын жүргізе отырып физикалық ток көздері панельдерін құрастыру, диодты платалар мен диодты блоктарды дәнекерден ажырату. Түрлі өлшеу аспаптары тәсімдерін сынамалау, ақауларды анықтау және оларды жою.

Білуге тиіс: жұмыс процесінде қолданылатын жабдықтардың құрылымдық ерекшеліктері мен электр тәсімдері; түрлі күрделі экспериментальды бұйымдарды эскиздер және күрделі принципиальды тәсімдер бойынша құрастыру әдістері мен тәсілдері; қолданылатын желім, паста, суспензия, компаунд, герметик және басқа да материалдардың қасиеті және қызметі; жүктеме тогын есептеу; жекелеген тораптар мен жалпы батареялардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәртібі; орындалатын жұмыс шеңберінде электр техникасы, оптика, радиотехника және электроника жөніндегі негізгі мәліметтер.


43. Сынап-мырыш, магний және басқа да ток көздерінің құрастырушысы

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тәжірибелік өндіріс жағдайында жекелеген химиялық және физикалық ток көздерін жинақтау және құрастыру жөніндегі магнийліктен басқа, күрделі операцияларды орындау. Қол және автоматты құрылғыларда принципиальды тәсім бойынша сынама жүргізу. ақауларды анықтау және оларды жою тәсілдері.

Білуге тиіс: жекелеген химиялық және физикалық ток көздерін жинақтау және құрастыруда қолданылатын құрылғылардың құрылымдық ерекшеліктері; ерекше күрделі бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; жартылай өткізгіштер мен электроника теориясы жөніндегі негізгі мәліметтер; жекелеген ток көздерін құрастыру тәсілдері; сынама жүргізу ережесі.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.
44. Элемент өндірісінің кептірушісі

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым құрылымды кептіру камераларында агломераттарды, элементтерді, батареяларды, картонажды бұйымдар мен бөлшектерді кептіру процесіне дайындау және кептіру. Агломераттарды, элементтерді, батареяларды, картонажды бұйымдар мен бөлшектерді кептіруге дайындау. Бұйымдарды кептіру пештері мен кептіру камераларына тиеу және оларды түсіру. Кептіру процесін қадағалау. Температуралық режимді қадағалау. Кептіру процесінің аяқталуын сыртқы түріне қарай және ұстап көпір айқындау. Бөлшектер мен бұйымдарды маркалары мен сұрыптарына қарай штабельге сұрыптау және қалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы туралы негізгі мәліметтер, оның маңызды бөлшектерінің атауы мен қызметі; қарапайым айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі; агломераттарды, элементтерді, батареяларды және картонажды бұйымдарды даярлық және қорытынды кептіру операцияларының кезектілігін; бастапқы шикізатқа, жартылай фабрикаттарға, кептіру бөлшектері мен соңғы өнімге қойылатын талаптар.


45. Элемент өндірісінің кептірушісі

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі құрылымдағы арнайы кептіру агрегаттарында марганец кенін кептіру. Кептіру агрегаттарын кептіру процесіне дайындау. Кептіру ауасын белгілі бір температураға дейін қыздыру. Кептіру барабаны мен желдеткішті іске қосу және ажырату. Кептіргіштің қабылдау бункеріне кеннің жіберілуін реттеу. Кен ылғалдығын және кептіру процесінің аяқталуын айқындау.

Білуге тиіс: марганец кенін кептіруге арналған (түрлі қыздыру түрлерімен) арнайы кептіру агрегаттарының құрылысы; бақылау-өлшеу және реттегіш аспаптардың құрылысы; марганец кенін кептіру қызметі және кептіргеннен кейін қойылатын талаптар, кептіруге дайындық және қорытынды операцияларының кезектілігі; марганец кенін сақтау ережесі; өңделетін материалдардың негізгі қасиеті.


46. Шприцовшы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті шприцовшының басшылығымен полихлорвинилді түтік пластикатынан шприц-сығымдағышта тарту. орау және кесу машиналарын іске қосуға дайындау. Түтікшелерді элементтің үлгілеріне байланысты мөлшерлерін орнату және кесу. полихлорвинилді түтікшенің сору, орау және кесу білкелкілігін қадағалау. Полихлорвинилді түтікшенің жарамдылығын сыртына қарап айқындау. Полихлорвинилді түтікшелерді бухталарға байлау. Шприц-сығымдағыштарды жөндеуге және баптауға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың маңызды бөлшектерінің атауы және қызметі және қолдану принципі; әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі; даяр өнімдердің сапасына қойылатын талаптар.


47. Шприцовшы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Галетті элементтер үшін шприцтеу әдісімен түрлі құрылымдағы шприц сығымдағыштарда температуралық режимге сәйкес полихлорвинилді түтікше пластикатынан жасау. Шприц сығымдағыштар мен компрессорлық құрылғыларды іске қосуға дайындау. Шприц сығымдағышты баптау, пластикат, ауа және су беруді реттеу. Шприц сығымдағыштың матрица, қалпағы және цилиндрін электрмен қыздыру температурасын ұстап отыру. Өлшеу аспаптарының көмегімен сырма қалыңдығы мен диаметрі бойынша полихлорвинилді түтікшенің сапасын айқындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, кинематикалық тәсімдері мен баптау және реттеу ережесі; арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; полихлорвинилді материалдар жасау процесі мен температуралық режимі; элементтердің түрлі үлгілеріне арналған қалыңдық және диаметр бойынша пленкалардың өлшемдері; қолданылатын пластикаттың қызметі мен сұрыптылығы.


Қорғасын және сілті аккумуляторлар және батарея өндірісіндегі жұмысшылардың кәсіптері бөлімшесі.
1. Қорғасын аккумуляторлар өндірісіндегі аккумулятор пластиналарды автоклавшы кептіруші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шағын және орта мөлшердегі аккумуляторлық пластиналарды автоклавтарда немесе пісіру камераларында, тоннельді конвейер кептіргіштерде бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бақылау ерекшеліктеріне сәйкес булау және кептіру. Аккумуляторлық пластиналарды біліктеу. Аккумуляторлық пластиналарды кептіру процесінде тоннельдік конвейерлік кептіргіштердегі ауаны қыздыру және айналу жүйесін басқару. Аккумуляторлық пластиналарды автоклавтарға, бумен кептіру камераларына және тоннельді конвейерлік кептіргіштерге тиеу және түсіру. Аккумуляторлық пластиналарды салқындатқыш камераларда салқындату процесін жүргізу. аккумуляторлық пластиналарды іріктеу және оларды үйінді етіп қалау.

Білуге тиіс: автоклавтардың, бумен кептіру камералары мен тоннельді конвейерлік кептіргіштердің маңызды бөлшектерінің атаулары мен қызметі және қолдану принципі; ауаны электрмен қыздыруды басқару және ауа ағынын кептіргіштерде реттеу жүйесі, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі; шағын және орта мөлшердегі аккумуляторлық пластиналарды булау және кептірудің бақылау ерекшеліктері, аккумулятор пластиналардың жарамдылық белгілері; пластиналарды біліктеу ережесі.


2. Қорғасын аккумуляторлар өндірісіндегі аккумулятор пластиналарды автоклавшы кептіруші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Үлкен мөлшердегі аккумуляторлық пластиналарды автоклавтарда немесе пісіру камераларында, тоннельді конвейер кептіргіштерде бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша булау және кептіру.құрғақтай зарядталған пластиналарды кептіргеннен кейін сіңдіру. Бумен кептіру автоклавтары мен камераларында буды қыздыруға арналған бу тарату және желдеткіш жүйелер және агрегаттарды басқару. Ауаны қыздыру жүйесін басқару және температуралық режимді тоннельді конвейерлік кептіргіштерде реттеу. Автоклавтарды немесе бумен кептіру камераларын булау және салқындату.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы және баптау тәсілдері; бу тарату құрылғыларын, қыздыру аспаптары мен желдеткіш жүйелерді басқару ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, аккумуляторлық пластиналарды булау және кептіру режимдері; автоклавтарды немесе бумен кептіру камераларын булау және салқындату ережесі; ауа температурасын кептіру аймағына қарай реттеу тәртібі; орындалатын жұмыс шегінде термодинамика теориясының негіздері.


3. Кадмий тотықтандыру жөніндегі аппаратшы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Металлды кадмийді құрғату және тотықтандыру процесін кадмий тотығы ұнтағын алу мақсатында жүргізу. пеш жұмысы мен кадмийді тотықтандыру режимін аспаптар бойынша орнату және реттеу. Аппараттарды толтыру кезінде компоненттерді мөлшерлеу, кейіннен таңбалай отырып тотықтандыру және тұндыру камераларынан кадмий тотығы ұнтағын түсіру. Технологиялық процесстің орындалуын тіркеу журналын жүргізу. даяр өнімді өлшеп орау.

Білуге тиіс: кадмий тотығы ұнтағын алуға арналған құрылғылардың құрылымы, қызметі және баптау тәсілдері; термобу құрылғысы, қызметі және жұмыс істеу принципі, шикізат және даяр өнімге қойылатын талаптар; оларды сақтау ережесі; металл тотығын алу процесі; металл химиясы және олардың тотықтары туралы негізгі мәліметтер.


4. Суспензия пісіруші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құю қалыптарының жұмыс беттерін жабуға арналған тығын және басқа да суспензияларды пісіру агрегаттарында пісіру. Суспензияларды пісіруге арналған компоненттерді берілген рецептура бойынша мөлшерлеу, оларды пісіру агрегаттарына толтыру. Температуралық режимді бақылау-өлшеу аспаптары бойынша реттеу. Даяр суспензияны тараға құю.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың қызметі және құрылысы; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; негізгі компоненттер мен оларды толтыру кезектілігі.


5. Суспензия пісіруші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құю қалыптарының жұмыс беттерін жабуға арналған тығын және басқа да суспензияларды пісіру агрегаттарында пісіру. Шар диірменде тығын суспензиясын белгілі бір мөлшерге дейін ұстау. Реакторға компоненттердің рецептуралық санын өлшеу және толтыру. Реакторды берілген технологиялық режиміне шығару. Суспензияның даярлығын сыртқы түріне қарай айқындау.

Білуге тиіс: реактор және шар диірмендердің қызметі және қолдану принципі; компоненттерді өлшеу және мөлшерлеу ережесі; компоненттердің физикалық-химиялық қасиеттері және суспензияның даярлығын айқындау тәсілдері.


6. Қорғасын қорытпалары бұйымдарын құюшы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Мыс қосымшалы борндарды, төлкелер мен элемент аралық бірікпелерді қолмен құю қалыптарында құю. Қорғасын сүрмелік балқымаларды мөлшерлеу, тиеу және балқыту. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша температураны реттеу. Қалыптарды сумен салқындату режимін құймалардың сыртқы түріне қарап айқындау. Бөлшектерді тазарту, өлшеу және қалау. Құю қалыптары мен қазандықтарды тазарту.

Білуге тиіс: бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; қалыптарды жұмысқа дайындау тәсілдері; өлшеу ережесі; даярланатын өнім талаптары.


7. Қорғасын қорытпалары бұйымдарын құюшы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Борндарды, төлкелер мен элемент аралық бірікпелерді аспалы автоматтарда құю. Қорытпаларды құю қазандықтарына берілген деңгейге дейін пропорционалды тиеу. Температуралық, сумен және ауамен салқындатуды және құйғыш қалыңдығын арнайы айлабұйымдардың көмегімен реттеу. Бөлшектерді түсіру, сұрыптау және қалау. Құю қалыптарын орнату, шешу және оларды суспензиямен жабу. Жабдықтарды майлау.

Білуге тиіс: арнайы айлабұйымдар мен автоматтарды қолдану принципі және қызмет көрсету ережесі; қорытпалардың құрамы; суспензия жағу ережесі; сұрыптау тәсілдері.


8. Қорғасын қорытпалары бұйымдарын құюшы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Барлық үлгідегі аккумуляторлардың ток бұрамаларын жартылай автоматты құрылғыларда және желілерде құю. Жартылай автоматты құрылғыларды құюдың берілген режиміне баптау, жұмыс процесінде жабдықты реттеу. Компоненттердің құрамы бойынша қорғасын қорытпасын толтыру және түзету. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес жабдық жұмысының температуралық режимдерін реттеу және бақылау. Ақаулықты, жабдықтың жұмыс режимінен ауытқу себептерін белгілеу және оларды жою.

Білуге тиіс: барлық үлгідегі аккумулятор ток бұрмалары құю жөніндегі құятын жартылай автомат құрылғылардың құрылымы мен кинематикалық тәсімдері; арнайы айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану ережесі; қорғасын аккумуляторлардың құрылысы және қызметі.


9. Механикалық немесе флотациялық кен байыту машинисі

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті машинистің басшылығымен темір кенін механикалық (гравитациялық) немесе флотациялық байыту. Байыту агрегатын жұмысқа дайындау. Шикізатты мөлшерлеу. Жұмыс процесінде агрегаттың жекелеген механизмдері мен тораптарын реттеу және күрделі емес ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыс кешенін баптау және орындау.

Білуге тиіс: темір кенін механикалық (гравитациялық) немесе флотациялық байыту агрегаттары негізгі механизмдерінің құрылымы мен баптау тәсілдері, орташа күрделіктегі бақылау-өлшеу және реттегіш құралдардың құрылымы; шикізат, концентрат, аралық өнімдер, шламдардың негізгі техникалық шарттары мен қойылатын талаптары; шикізат, концентрат және қалдықтарды сақтау ережесі; орындалатын жұмыс шеңберінде флотация негіздерін білу.


10. Механикалық немесе флотациялық кен байыту машинисі

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Темір кенін механикалық (гравитациялық) немесе флотациялық байыту. Технологиялық режимді қамтамасыз етуге арналған байыту агрегаттарын баптау. Орташа сынаманы іріктеу, байытылған кен сапасын тексеру. Технологиялық процесстің барысы туралы есептік құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: темір кенін механикалық (гравитациялық) немесе флотациялық байытуда қолданылатын түрлі аппараттар мен механизмдердің кинематикасы мен баптау тәсілдері; күрделі және дәлме-дәл бақылау-өлшеу және реттегіш аспаптардың қызметі мен пайдалану ережесі; шикізат пен материалдарды жұмыс процесінде бақылау және сынамалаудың негізгі әдістері, темір кенін механикалық (гравитациялық) немесе флотациялық байытудың негізгі және қосалқы операциялардың теориялық технология негізі.


11. Құрғақ (қорғасын аккумуляторларға арналған) массаны араластырушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті араластырушының басшылығымен қорғасын ұнтақ және басқа да компоненттерден құрғақ массаны араластыру, қорғасын аккумуляторлар өндірісіне арналған құрғақ масса және экспандерден паста дайындау. Араластырғыштар мен механизмдерді басқару. Жабдықты жұмысқа дайындау.

Білуге тиіс: паста жасауға арналған араластырғыштарды және жабдықтардың маңызды бөлшектерінің атауы және қызметі және қолдану принципі; қызмет көрсетілетін араластырғыштың қоректендіру құрылғысы мен қызметі, компоненттерді мөлшерлеу тәсілдері; қорғасын ұнтақтың, компоненттер мен пасталардың қызметі, қасиеті, сақтау және тасымалдау ережесі; жұмыс процесінде қолданылатын ащы қышқылдарды ұстау ережесі.


12. Құрғақ (қорғасын аккумуляторларға арналған) массаны араластырушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қорғасын ұнтақ және басқа да компоненттерден құрғақ массаны араластыру, қорғасын аккумуляторлар өндірісіне арналған құрғақ масса және басқа да компоненттерден түрлі үлгідегі механизацияланған араластырғыштарда паста дайындау. Транспортерлік таспалар арқылы белгілі бір мөлшерде компоненттерді толтыру. Араластырғыштардың айналу жылдамдығын реттеу. Паста жасауға арналған араластырғыш механизмдерді басқару. Жабдықтарды жұмыс процесінде баптау.

Білуге тиіс: паста жасауға және құрғақ массаны араластыруға арналған механизацияланған араластырғыштардың құрылысы және баптау тәсілдері, орташа күрделіктегі бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, паста рецептурасын; араластырғыштарға компоненттерді мөлшерлеу және толтыру тәсілдері.


13. Құрғақ (қорғасын аккумуляторларға арналған) массаны араластырушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қорғасын ұнтақ және басқа да компоненттерден құрғақ массаны араластыру, қорғасын аккумуляторлар өндірісіне арналған құрғақ масса және басқа да компоненттерден автоматты араластырғыштарда паста дайындау. Шикізат және компоненттерді кезең-кезеңімен толтыру. Құрылғыны жұмыс режиміне келтіру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштеріне орай токтың айналу жылдамдығын және токты реттеу. Араластырылған компоненттерді автоматты түрде жинау және тасымалдау. Жабдық жұмысындағы ақаулықтарды айқындау және жою.

Білуге тиіс: көтергіш-көлік механизмдері мен құрылғылардың қызметі және қолдану принципі; автомат жұмыстарының режимі; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; автоматтардағы ақаулықтардың түрлері және баптау тәсілдері.


14. Аккумулятор өндірісі жартылай автоматтар құрылғысын баптаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жартылай автоматты құрылғыларды, бақылау аспаптарын және көлікке тиеу құрылғыларын баптау. Қарапайым және орташа күрделіктегі жартылай автоматты қалыптар мен жарақтарды орнату және ауыстыру және оларды жетілдіру. Технологиялық параметрлерге сәйкес автоматика аспаптарын орнату және реттеу. Анағұрлым жоғары білікті баптаушының басшылығымен жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою және ағымдағы жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: жабдықтардың құрылысы, принципиалды тәсімдері; жартылай автоматтарды баптау ережесі және тәсілдері; жабдық агрегаттары мен тораптарының өзара іс-әрекеті; жай және орташа күрделіктегі қалыптар мен жарақтардың құрылымы және оларды сынау тәсілдері; орындалатын жұмыс көлеміндегі слесарлық іс; шектеулер мен отырғызулар жүйесі; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі және пайдалану ережесі.


15. Аккумулятор өндірісі жартылай автоматтар құрылғысын баптаушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Мотоциклетті, мопедті және басқа да шағын габаритті аккумуляторлық батареялар жасау кезінде жартылай автоматты құрылғыларды баптау және реттеу. Бөлшек жасау және батарея тораптары, элементтері мен блоктарын құрастыруға арналған қалыптар мен жарақтардың түрлі құрылымды жартылай автоматтарын орнату және ауыстыру. қалыптарды сынау және жетілдіру; баптағаннан кейін батареяларды сынамалық құрастыру. Жартылай автоматтардың жұмысын қадағалау және жабдықтың, іске қосатын және реттейтін аппаратураның жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: жабдықтың принципі жұмысы және құрылымы, кинематикалық тәсімдері; әмбебап және арнайы айлабұйымдар, жарақтардың құрылымдық ерекшеліктері, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын, іске қосатын аппаратураны теңшеу және реттеу ережесі, электроника, автоматика, электр техника, механика негіздері; шектеулер мен отырғызулар жүйесі.


16. Аккумулятор өндірісі жартылай автоматтар құрылғысын баптаушы

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Автомобильді, тракторлық, тепловоз, вагон және басқа да ірі габаритті аккумуляторлық батареяларды жасауда жартылай автоматты құрылғыларды баптау және реттеу. Батареялардың түрлі үлгілеріне конвейерлік желілерінің жартылай автоматтары мен жабдықтарын қайта баптау. Бұйымдарды жасап көру және қайта баптағаннан кейін жабдықтарды жетілдіру. Электронды, пневматикалық тәсімдер мен микротәсімдер негізінде басқару жүйесінің ерекше күрделі тораптары мен құрылғыларын бөлшектеу, реттеу және құрастыру. Жабдықтар мен жарақтарды жөндеу және баптауға қажетті ақаулықтарды есептеуді орындау және ведомостілерін рәсімдеу. Жабдықтарды қабылдауға, жөндеуге және ауыстыруға қатысу. Жабдық жұмыстары параметрлерін есептеуді жүргізу.

Білуге тиіс: жартылай автоматтардың құрылымы, кинематикалық және пневматикалық тәсімдері; конвейерлік құрастырудың гидравликалық және электрлік желі жүйесі мен барлық құрылғы механизмінің өзара іс-әрекеті, жабдықты баптау, жөндеу және монтаждау тәсілдері; бақылау-өлшеу аппаратурасы тораптары мен механизмдерді реттеу және сынау дәлдігін тексеру ережесі; жартылай автоматтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері; аккумуляторлық батареялар өндірісінің технологиялық процесі; даяр өнім стандарттары.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.
17. Аккумулятор пластиналарға жағушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Аккумулятор пластиналарына қалыңдығы 2,5 мм-ден асатын паста түрлерін ағын желісінде жағу. Бункерге паста толтыру. Ток бұрамаларын жағатын қоректендіру машиналарына оларды жағатын таспаға біркелкі түсіру үшін жіберу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша температуралық режимді реттеу. Жағу таспасын ауыстыру. Жағылған пластиналардың жиектерін тазалау. Жағу жабдығын майлау.

Білуге тиіс: ағын желісінің құрылымы және қызмет көрсету тәсілдері; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; электродты пластина үлгілері, ақау түрлері, майлайтын заттар.


18. Аккумулятор пластиналарға жағушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Аккумулятор пластиналарына қалыңдығы 2,5 мм-ге дейінгі паста түрлерін ағын желісінде жағу. Артық пастаны алып тастауға арналған арнайы айлабұйымдарды орнату және қайрау. Пастаның біркелкі жағылуын бақылау. Таспаның созылуын және пастаның тығыздық деңгейін реттеу. Жабдықты жұмыс процесінде баптау.

Білуге тиіс: ағын желілер мен арнайы айлабұйымдардың кинематикалық тәсімдері; баптау тәсімдері; қайрау ережесі; жағылатын пасталардың қасиеті.


19. Қорғасын қорытпаларын балқытушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Балқыту қазандықтарындағы қорғасын қалдықтарын балқыту процесін жүргізу. Қазандыққа қалдықтарды электр тиегіштің көмегімен тиеу. Балқытудың температуралық режимін реттеу. Күйгенін алып тастау. Даяр қорытпаларды металл қалыптарға құю. Түптерін қалау, өлшеу және тасымалдау.

Білуге тиіс: балқыту қазандығы мен қосалқы жабдықтардың құрылымы мен қолдану принципі; қолданылатын қорытпалардың құрамы; сынама алу ережесі; өлшеу, қалау және тасымалдау тәсілдері.


20. Қорғасын қорытпаларын балқытушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Балқыту-қалпына келтіру қазандықтарындағы қорғасын қалдықтарынан жасалған қорғасын қорытпаларын балқыту және қалпына келтіру процесін жүргізу. Пешке кокс, қорғасын қалдықтары мен жапсырмаларды тиеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша балқытудың температуралық режимін реттеу. Электр транспортерге орнатылған даяр қорытпаны металл қалыптарға құю.

Білуге тиіс: қалпына келтіру пештері мен тиегіш жабдықтардың құрылымы мен қолдану принципі; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; пеш жұмысының режимі, қорытпадағы қорғасынның проценттік құрамын айқындау тәсілдері.


21. Аккумулятор пластиналарды шабушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті шабушының басшылығымен жартылай автоматтарда және арнайы мамандандырылған сығымдағыштарда қалыңдығы 2,2 мм-ден асатын аккумуляторлық пластиналарды шабу. Пластиналарды бөлшектеуге дайындау. Бөлшектеу және шешу. Электрод үлгілерін олардың сыртқы түріне қарай айқындау. Пластиналарды сұрыптау және платформаларға немесе тараға қалау. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды майлау және тазалау.

Білуге тиіс: шабатын жартылай автоматтар мен мамандандырылған сығымдағыш механизмдерінің маңызды бөлшектерінің атаулары және қызметі және қолдану принципі, оларды басқару ережесі; электродты пластиналардың қызметі; сұрыптау және қалау тәсілдері, ақау түрлері.


22. Аккумулятор пластиналарды шабушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жартылай автоматтарда және арнайы мамандандырылған сығымдағыштарда қалыңдығы 2,2 мм-ден асатын аккумуляторлық пластиналарды шабу. Пластиналарды жартылай автомат дүкеніне қалау, бөлшектеу және шешу. Жартылай автоматты пластиналардың берілген мөлшерлеріне баптау және қайта баптау. Пластиналарды шабудан кейін іріктеу. Ақаудың пайда болу себептерін белгілеу және оларды жою.

Білуге тиіс: жартылай автоматтар мен сығымдағыштардың құрылысы және баптау тәсілдері; пластиналарды шабу тәсілдері, электрод үлгілерін айқындау себептері; ақаудың ықтимал пайда болу себептері мен олардың алдын алу тәсілдері.


23. Аккумулятор пластиналарды шабушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жартылай автоматтарда және арнайы мамандандырылған сығымдағыштарда қалыңдығы 2,2 мм-ге дейінгі аккумуляторлық пластиналарды шабу. Аккумуляторлық торларды шабу. Пуансонға электрод жіберу. Бөлшектеудің берілген режиміне жабдықтарды теңшеу. Берілген мөлшерлер бойынша бөліктерге бөлу және бөлшектеу үстеліндегі орнатқан жерінен шешу. Дәнекерленетін ток жүргізу құлақшаларын тазарту. Пластинаның желілік өлшемдерін айқындау және оларды өлшеу. Кондициялық емес пластиналар мен торларды іріктеу. Қайта балқытатын қазандықтарға түсетін діріл желісін басқару. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: автоматтар кинематикасын; тазалайтын станоктарды қолдану принципі; қолданылатын айлабұйымдарды орнату және реттеу әдістері, аккумулятор пластина өндірісі процесі; пластиналардың жарамдылық және ақаулық белгілері.


жүктеу 4,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау