Единый тарифно-квалификационный справочник



жүктеу 4,03 Mb.
бет17/21
Дата03.03.2018
өлшемі4,03 Mb.
#11101
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

21. Белсенді масса дайындаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Паста тәріздес, ұнтақ тәріздес белсенді және электр өткізгіш массаларды белсенді және электр өткізгіш масса нөмірлерін жиі ауыстыра отырып, дайындау. Металл керамика және фольгалық технология үшін белсенді және электр өткізгіш массаларын дайындау. Түрлі агрегаттар мен механизмдерді басқару. Жұмыс процесінде агрегаттарды баптау. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі агрегаттар мен механизмдердің құрылысы және баптау тәсілдері; күрделі және дәлме-дәл аспаптар мен құралдардың құрылымы, қызметі және пайдалану ережесі; компоненттер санын есептеу ережесі; оларды мөлшерлеу тәсілдері және толтыру тәртібі; процестердің температуралық режимі; белсенді және электр өткізгіш масса консистенциясын түзету тәсілдері; олардың дайындығын айқындау; шикізат пен даяр өнімді сақтау және тасымалдау ережесі.


22. Белсенді масса дайындаушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Автоматика элементтері бар химиялық ток көздеріне арналған паста тәріздес, ұнтақ тәріздес белсенді және электр өткізгіш массаларды белсенді және электр өткізгіш массаны жартылай автоматтарда дайындау. Аспап көрсеткіштерін қадағалау. Компоненттер санын есептеу, оларды мөлшерлеу және толтыру. Жартылай автоматтарды кезең-кезеңімен майлау, баптау.

Білуге тиіс: жартылай автоматтарда паста тәріздес және ұнтақ тәріздес белсенді және электр өткізгіш массаларды өндіру процесі; құрылысы, кинематикалық тәсімдері мен баптау тәсілдері; жартылай автоматтарды баптау және майлау; басқару пульттарының жұмыс ережесі.


23. Ерітінді және электролит дайындаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Рецептілер бойынша екі компоненттік қоспаға дейін концентрацияланған қышқыл, ерітінді, құрамдас электролит, жалпы және арнайы тағайындалған электролитті паста дайындау. Жұмыс процесінде қолданылатын жабдыққа қызмет көрсету, тазарту және шаю. Технологиялық процестің орындалуын тіркеу журналын жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың атауы және қызметі; бақылау-өлшеу аспаптың қызметі және пайдалану ережесі; қышқыл, сілті және де басқа заттар туралы негізгі мәліметтер және олармен жұмыс істеу ережесі; операциялардың тәртібі және кезектілігі; олардың дайындығы мен сапасын айқындау тәсілдері.


24. Ерітінді және электролит дайындаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Рецептілер бойынша екеуден артық төрт компоненттік қоспаға дейін концентрацияланған қышқыл, ерітінді, құрамдас электролит, жалпы және арнайы тағайындалған электролитті паста дайындау. Кезеңдік қолданылатын жабдықтарда ерітінділерді сүзгілеу, түзету және тұндыру. Никель шала тотығы гидратын тұндыру процесін жүргізу. ерітінділерді арнайы берілген режим бойынша дайындау. Электролиттерді түзету және регенерациялау. Пасталарды қойылтуға арналған химикаттар мен өнімдердің берілген пропорцияда мөлшерлеу және оларды сыйымдылықтарға толтыру. Талдауға сынама алу, артық сілтіні титрлеумен айқындау. Жұмыс уақытында қолданылатын жабдыққа қызмет көрсету.

Білуге тиіс: арнайы айлабұйымдардың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы және қолдану принципі; тұз, қышқыл, сілті және де басқа заттардың техникалық қызметі және қасиеттері; оларды сақтау, тасымалдау ережесі және олардың сапасын айқындау тәсілдері; мөлшерлеу, түзету және регенерациялау тәсілдері; бейорганикалық химия негіздері.


25. Ерітінді және электролит дайындаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Рецептілер бойынша төртеуден асатын компоненттік қоспаға дейін концентрацияланған қышқыл, ерітінді, құрамдас электролит, жалпы және арнайы тағайындалған электролитті паста дайындау. Кезеңдік қолданылатын жабдықтарда ерітінділерді сүзгілеу, түзету және тұндыру. Күмісті тұндыру, айырып алу және кептіру. Қышқыл мен сілтінің санын, және соған қажет реактивтерді концентрациялауды алдын ала есептеп бейтараптандыру. Жабдықтарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымдық ерекшеліктері, бақылау-өлшеу және реттеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі; түрлі материалдар мен химикаттардың қызметі мен қасиеті; металдың қорғау және декоративтік қабаттарының гальваникалық процестері, талдау және есептеу жүргізу әдістемесі.


26. Ерітінді және электролит дайындаушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Көп компоненттік қосудың технологиялық процесіне сәйкес концентрацияланған қышқыл, ерітінді, құрамдас электролит, жалпы және арнайы тағайындалған электролитті паста дайындау. Автоматика элементтері бар жартылай автоматтарда ерітінділерді сүзгілеу, түзету және тұндыру және регенерациялау. Аспаптардың көрсеткіштерін қадағалау. Үздіксіз сүзгілейтін сорғы тоңазыту агрегаттарының және автоматты құрылғылардың жұмысын бақылау. Жабдықтарды баптау.

Білуге тиіс: жартылай автоматтардың құрылымы, кинематикалық тәсімдері және баптау ережесі; түрлі қолданылатын ерітінділерді сынау тәсілдері; күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, қызметі және пайдалану практикасы.


27. Ламельсіз аккумуляторлар мен элементтер электродшысы

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электродтарды құрастыруға және конфигурациясы бойынша барынша қарапайым ток бұрмаларын ламельсіз аккумуляторлар үшін оларды қолмен оқшаулай отырып құрастыруға және оқшаулауға дайындау жөніндегі жұмыс кешенін сызбаларға сәйкес шаблон бойынша немесе арнайы айлабұйымдардың көмегімен орындау.

Білуге тиіс: кеңінен таралған қарапайым айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі, өңделетін материалдардың атауы.


28. Ламельсіз аккумуляторлар мен элементтер электродшысы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ламельсіз аккумуляторларға және элементтерге арналған конфигурациясы бойынша күрделі пластиналы немесе өткізгішті ток бұрмаларын шаблон бойынша немесе арнайы айлабұйымдардың көмегімен жасау. Екі тотықты қорғасын, амальгамирленген мырыш және басқа да белсенді қабатты түрлі металдардан жасалған жай электродтарды, сондай-ақ шыны матадан жасалған, күкірт қышқыл қорғасын, хлорлы литий тұздарымен сіңдірілген электродтар үшін дайындамалар мен бөлшектерді қалыптау. Электродтарды тазарту. Электродтарды карбонаттардан және хлоридтерден ультрадыбысты құрылғыда арылту. Күміс жолақтарды автоматта кейіннен карточкаларға кесу (перфорациялау). Электродтарға топырақ, эмаль, лак жағу. Электрод дайындамаларына контактілі планкалар мен бұрмаларды пісіру. Пісіру, орау және желімдеу жолымен капрон және басқа да сепарациямен ток бұрмаларын оқшаулау және электродтарды сепарирлеу.

Білуге тиіс: сығымдағыштарды, гильотинді қайшыларды, нүктелік пісіру аппараттарын, муфталық пештерді қолдану принципі, электродтарды тазалау және шаю ережесі; орташа күрделіктегі бақылау-өлшеу аспаптарының және арнайы айлабұйымдардың қызметі және пайдалану ережесі; шикізат пен даяр бөлшектерге қойылатын талаптар.


29. Ламельсіз аккумуляторлар мен элементтер электродшысы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі үлгідегі аккумуляторлар мен элементтер үшін ұзындығы 800 мм-ге дейінгі және 1 мм-ден асатын қалыңдықтағы электродтар жасау. Салмақ параметрлерін сақтай отырып, қолмен пастаның барлық түрлерін электродтарға жағу. Электролит таблеткаларды ұнтақтардан ыстықтай күйі сығымдау. Шыны матаны, никель торды дайындамаларға кесу, шаю, термоөңдеу және электролитті таблеткаларды жасауға дайындық жөніндегі басқа да жұмыстар. Ілмелер мен таблеткаларды кептіру және ілмелеу. Шыны мата және металл тордан жасалған дайындамаларды электр пештерінде күкірт қышқыл қорғасын, хром, литий тұздары ерітіндісінде сіңдіру. Хлорлы күмісті пештерде балқыту арқылы күміс құйма алу. Электродтың ток жүргізетін бөлігін қалайылау. Телу процесін жүргізу, сабындау және сабындалған пленканы бейтараптандыру. Орташа күрделіктегі және күрделі электродтар мен түрлі материалдардан жасалған дайындамалар мен металдарды қорғасын екі тотығы, амальгамирленген мырыш қабаты және басқа да белсенді ұнтақтармен қалыптау. Түсті металдардан жасалған жолақтарды роликтер аралық берілген ашық коэффициентпен перфорациялау. Фольга электрод дайындамаларына никель суспензия жағу. Сутек ортасындағы барлық мөлшердегі электрод негіздерін жентектеу және металл керамика негіздерін белсенді ерітінділерде сіңдіру. Электродтарды винилпластпен жиектеу және оларды винилпласт жолақтарымен желімдеу жолымен сепарирлеу. Анағұрлым жоғары білікті электродшының басшылығымен жартылай автоматтарда электролитті таблеткалар жасау процесін жүргізу. қызмет көрсететін жартылай автоматтарды баптау.

Білуге тиіс: сутек атмосферасында, пульверизацияланған камера және кептіру шкафтарында, сіңдіру бұлаулары мен кристаллизаторларда электрод негіздерін жентектеуге арналған рейкалық қолмен сығымдағыштардың, сығымдағыш қалыптардың, пештердің құрылымы; орташа күрделіктегі арнайы пештерді, талдау таразылары мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі; қызмет көрсетілетін жартылай автоматтарды қолдану принципі және баптау тәсілдері; дайындамаларды сіңдіруге арналған компоненттерді даярлау ережесі; индикатор қағазды қолдану ережесі; тұздар мен гидрат ерітінділері туралы негізгі мәліметтер.


30. Ламельсіз аккумуляторлар мен элементтер электродшысы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі үлгідегі аккумуляторлар мен элементтер үшін ұзындығы 800 мм-ден асатын және 1 мм-ге дейінгі қалыңдықтағы электродтар жасау. Салмақ параметрлерін сақтай отырып, қолмен пастаның барлық түрлерін электродтарға жағу. Жартылай автоматты желілерде түрлі үлгідегі аккумуляторлар мен элемент электродтарын сығымдау. Жартылай автоматтарда электродтар жасау. Алдын ала қыздырылған хлорлы күмістен жасалған құймаларды илемдеу жолымен күміс таспа және бөлшектер алу. Конфигурациясы және мөлшері бойынша әртүрлі электродтарда күмістің беткі қабатын қалпына келтіру. Хлорлы күмістен жасалған дайындамаларды біліктерде перфорациялау және оларды тегістеу. Хлорлы күмістен жасалған электродтарды диффузиялық пісіру. Электродтардың тәжірибелік үлгілерін жасау. Жартылай автоматтар электролитті таблеткалар жасау процесін жүргізу. Электролитті дайындамаларға жағу. Технологиялық процесте белгіленген температурада күкірт қышқыл қорғасын, хром, литий тұздары ерітіндісінде шыны мата және металл тордан жасалған дайындама таспаларын сіңдіру. Компоненттерді тиеу кезінде мөлшерлеу. Қызмет көрсетілетін жартылай автоматтарды баптау. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеуге қатысу. Технологиялық процессті ресімдеу журналын жүргізу. Сепарацияның барлық түрлерінің үлкен мөлшердегі аккумуляторларына арналған электродтарды (пластиналарды) оқшаулау.

Білуге тиіс: дайындамалар мен торларды, кептіру шкафтарды, электродтарды, айлабұйымдарды және басқа да жабдықтарды сығымдаудың жартылай автоматты желілерін кертуге арналған эксцентрикті және гидравликалық сығымдағыштардың, станоктардың құрылымы; жартылай автоматтарды қолдану принципі және баптау тәсілдері, шыны мата және металл тордан жасалған дайындама таспаларын сіңдіруге арналған тұз ерітінділерін жасау рецептурасы; күрделі және дәлме-дәл бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолдану ережесі; электродтарды ұнтақ тәріздес және паста тәріздес белсенді массамен сығымдау ережесі; масса жұмысында қолданылатын сақтау мерзімі және қызметі.


31. Ламельді аккумуляторлар мен элементтер электродшысы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті электродшының басшылығымен роликті брикеттеу агрегаттарында түрлі үлгідегі аккумуляторлар мен элементтерге арналған ламельдер жасау. Алтын аралас топырақты ламельді аккумулятор пластина дайындамаларын жинақтау. Электродты пластина дайындамаларын кесу. Түрлі ендіктегі белдіктерге бытыраңқы ламельдерді біріктіру және белдіктерді гофрлау. Контактілі планкаларды пластиналарды пісіру. Стаканшалар және дискілік аккумуляторлар үшін электродтар жасау.

Білуге тиіс: роликті брикет агрегаттарының қызметі мен қолдану принципі, түрлі құрылымдағы гофрланған біліктер мен гильотинді қайшыларды, механикалық айлабұйымдарды және электродты пластиналар мен электродтарды құрастыруда қолданылатын механизмдерді қолдану және реттеу принципі, пісіру аппараттарының жұмыс істеу ережесі; ламельдерге, ламельді белдіктерге және электродтарға қойылатын техникалық талаптар; шектеулер мен отырғызулар туралы негізгі мәліметтер.


32. Ламельді аккумуляторлар мен элементтер электродшысы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Роликті брикеттеу агрегаттарында түрлі үлгідегі аккумуляторлар мен элементтерге арналған ламельдер жасау. Агрегат бункерін белсенді массамен кезеңімен толтыру. Никельдегеннен кейін ламельді таспаны қайта орау. Ламель таспа рулондарын агрегат бобиніне орнату. Роликті брикеттеу агрегаттарын перфорацияланған панель таспамен толтыру. Ламель, ламель электродты пластиналары мен электродтардың тәжірибелік үлгілерін жасау. Жұмыс процесінде агрегаттарды баптау.

Білуге тиіс: роликті брикеттеу агрегаттарының құрылымы және баптау тәсілдері; арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолдану ережесі; өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері; шектеулер мен отырғызулар.


33. Ламельді аккумуляторлар мен элементтер электродшысы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Аккумуляторлар мен элемент ламельдерін роликті брикеттеу машиналарында жасау. Роликті брикеттеу машинасының бункерін белсенді массамен толтыру. Ламельдерді тегістеу. Ламельді аккумуляторлар мен элементтер үшін электродты пластиналарды арнайы айлабұйымдар мен механизмдерді құрастыру. Роликті брикеттеу машиналарын баптау және реттеу. Машинаның жұмыс бөлшектерінің тозу дәрежесін айқындау, оларды ауыстыру және жекелеп қиыстыру.

Білуге тиіс: бункер машиналардың құрылымы және баптау тәсілдері, механизмдердің, айлабұйымдар мен дәлме-дәл, күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, қолдану ережесі; негізгі және қосымша материалдардың физикалық-химиялық қасиеттері мен қызметі; олардың сапасын айқындау әдістері мен оларға қойылатын техникалық талаптар; жасалатын бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар; және олардың сапасын бақылау тәсілдері.


Гальваникалық элементтер мен батареялар және басқа да ток көздері өндірісіндегі жұмысшылардың кәсіптері бөлімшесі

1. Элемент өндірісінің автоматшысы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым конструкциялы автоматтар немесе жартылай автоматтардың бір түрін ток бұрмаларын, жұлдызшалардың тұнбадан, шайбалардан тазарту, пленкаларды сақиналарға кесуін басқару. Станокты материалмен толтыру. Бұйымдардың жарамдылығын сыртқы түріне қарай айқындау. Жарамды бұйымдарды (ток бұрмаларын, агломераттарды, элементтерді, жұлдызшаларды, шайбаларды және т.б) арнайы тараға қалау. Жабдықтардың жекелеген тораптарын майлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін автоматтардың және жартылай автоматтардың құрылымы туралы негізгі мәліметтер; олардың негізгі бөліктердің атауы және қызметі; қарапайым айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолдану ережесі; автоматтарда немесе жартылай автоматтарда операцияларды орындау кезектілігі; өңделетін материалдардың, жасалған бөлшектердің, бұйымдардың атаулары және оларға қойылатын негізгі талаптар.
2. Элемент өндірісінің автоматшысы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі автоматтардың немесе жартылай автоматтардың бір түрін: агломераттарды байлау инелерін дәнекерлеу, қалпақтарын толтыру автоматтарын, оқшаулау машиналарын басқару. Материалдармен автоматтарға немесе жартылай автоматтарды толтыру. Агломераттарды байлау, түрлі галеттік элементтерді құрастыру және оларды полихлорвинильді пленкамен оқшаулау. Мыспен қалайыланған инелерді мырыш полюстерге дәнекерлеу. Автоматты және жартылай автоматты баптау және реттеу. Автомат немесе жартылай автомат жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және олардың алдын алу және жою шараларын қабылдау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автоматтарды немесе жартылай автоматтарды қолдану принципі, басқару жүйесі және баптау ережесі; орташа күрделіктегі арнайы айлабұйымдардың және бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен оларды пайдалану ережесі; орташа күрделіктегі автоматтарда немесе жартылай автоматтарда операцияларды орындау кезектілігі; қолданылатын материалдардың, жасалған бөлшектер мен бұйымдардың қызметі және негізгі қасиеттері.


3. Элемент өндірісінің автоматшысы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі конструкциядағы автоматтардың немесе жартылай автоматтардың бір түрін: элементтерді пленкамен созу, элементтерді және құрғақтай қалта батареяларын құрастыру, түрлі галеттік элементтерді құрастыру автоматтарын басқару. Нормаға сай емес бұйымдарды, бөлшектерді, материалдарды іріктеу. Көп позициялық автоматты және жартылай автоматты баптау, реттеу, автоматты бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау. Көп позициялық автоматтар немесе жартылай автоматтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және олардың алдын алу және жою жөнінде шаралар қабылдау. Көп позициялы автоматтарды немесе жартылай автоматтарды ағымдағы жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: күрделі конструкциядағы қызмет көрсетілетін автоматтардың немесе жартылай автоматтардың құрылымы және баптау тәсілдері; орташа күрделіктегі арнайы құралдардың, айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; қызмет көрсетілетін автоматтарда немесе жартылай автоматтарда орындалатын операциялардың кезектілігі; қолданылатын материалдардың, жасалатын бөлшектер мен бұйымдардың физикалық-химиялық қасиеттері.


4. Элемент өндірісінің автоматшысы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Элементтер мен батарея жасау жөніндегі автоматты желілерді басқару: қолданылатын құралдың жай-күйін, автоматты бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін, желілерді майлау және салқындату жүйелерін қадағалау. Жұмыс процесіндегі желіні баптау және реттеу. Желі жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және олардың алдын алу және жою шараларын қабылдау. Элемент және батарея жасау жөніндегі ерекше күрделі конструкциядағы, сондай-ақ бірегей және тәжірибелік автоматтар немесе жартылай автоматтардың бір түрін басқару. Сепаратор жасау жөніндегі автоматты машинаны, белсенді материалдар мен қойылтылған электролит дайындау және өңдеу құрылғыларын басқару. теріс және оң электродтар жасау, ток бұрмалы бақылау, жайма қалыптайтын, көп позициялық, желімделген, сығымдағыш сілті элементтерін жасау, тұз, сілті, элементтер мен батареяларды термопласт автоматтармен, қалайтын, орайтын, қалыптайтын, этикет жапсыратын құрастыру автоматтарын немесе жартылай автоматтарын басқару. Электронды аспап көрсеткіштерін қадағалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтарды баптау және реттеу құрылғылары мен тәсілдері; аспаптар мен айлабұйымдарды пайдалану ережесі; күрделі бақылау-өлшеу және электронды аспаптардың құрылысы.


5. Паста қайнатушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Элемент пасталарын электрмен және бумен қыздырып қайнату. Элементтерді арнайы кассеталарға орнату. Пастаның деңгейін түзету және температуралық режимді сақтау. Элемент пасталарын қайнату дайындығын сыртқы түріне қарай айқындау. Элементтерді бұлаудан алу және салқындату және оларды кептіру үшін торларға орнату.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықты қолдану принципі; әмбебап айлабұйымдар мен орташа күрделіктегі аспаптардың қызметі және пайдалану ережесі; бұлаудың жұмыс температурасын және элемент пасталарын қайнатуға талап етілетін режимді.


6. Паста қайнатушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі конструкциядағы конвейерлік құрылғыларда элемент пасталарын қайнату. Элементтерді арнайы кассеталарға қалау және пісіру құрылғыларына тиеу. Су деңгейі мен температураны бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Агломераттардың ортасын дәлдеудің дұрыстығын тексеру. Қайнату құрылғыларындағы ақаулықтарды анықтау және оларды жою.

Білуге тиіс: конвейерлік құрылғылар мен арнайы айлабұйымдардың құрылымы және қолдану принципі, қайнатылатын пасталардың құрамы, қасиеті және қызметі; пастаны қайнатуға дейін және кейін элементтерге қойылатын талаптар; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.


7. Шайыр құюшы

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Металл шөміштің көмегімен конвейерлерде немесе жұмыс үстелдерінде берілген температурада элементтер мен батареяларға түрлі рецептурадағы және түрлі балқытылған шайыр құю. Шайырды электр бұлауларында берілген температураға дейін қыздыру. Элементтер мен батареяларды шайыр құюға дайындау. Элементтер мен батареялардағы шайырдың берілген деңгейін сақтау. Батареяларды ағып кеткен шайырдан тазарту.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы туралы негізгі мәліметтер; кеңінен таратылған айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі; элементтер мен батареяларды құюға дайындау ережесі, құйылған шайырлардың қызметі мен температуралық режимі; элементтер мен батареяларға құю кезектілігі.


8. Шайыр құюшы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Элементтер мен батареяларға шайыр өлшегіштер мен басқа да арнайы шайыр құятын түрлі құрылымдағы құрылғылардың көмегімен технологияда берілген температурада түрлі рецептурадағы және қызметтегі балқытылған шайыр құю. Шайыр өлшегіштер мен басқа да шайыр құятын құрылғыларды технологиялық режим бойынша іске қосу, реттеу және тоқтату. Элементтер мен батареяларды құюға арналған шайырдың жарамдылығын айқындау. Электрмен қыздырылатын қазандықтар мен бұлауларда шайырды қыздырудың температуралық режимін сақтау. Құйылған батареялардың жарамдылығын сыртына қарай айқындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықты қолдану принципі әне басқару жүйесі; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; элементтер мен батареялардағы құю шайырларының қызметі.


9. Шайыр құюшы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Элементтер мен батареяларға технологияда берілген температурада автоматика элементтері бар жартылай автоматты желілерде түрлі рецептурадағы және қызметтегі балқытылған шайыр құю. Жартылай автоматты желілерді іске қосу және тоқтату. Циклограмманы құюдың берілген режиміне орнату. Шайырдың температуралық режимін, қысымды, жіберу және мөлшерлеуді реттеу. Мөлшерлейтін құрылғыларды басқару. Циклограмма жұмысындағы ақаулықтарды айқындау және жою. Құйылған батареялардың жарамдылығын сыртқы түріне қарай айқындау. Жабдықты баптау.

Білуге тиіс: циклограммаларды, температуралық режимді, шайыр көлімен берілетін өлшегіш арқылы реттеу ережесі; өлшенетін материалдардың орташа сынамасын алу ережесі; технологиялық журналдағы жазбаны жүргізу; жабдықты баптау тәсілдері.


10. Элемент өндірісін оқшаулаушы

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жай кескінді бөлшектер мен бұйымдардың (элемент қақпақтарын, контактілерді, картон және қағаз бөлшектер, дәнекерлеу орындары) беттерін түрлі лактармен және композициялармен қолмен және қарапайым айлабұйымдармен электр бұлауларда берілген температурада оқшаулау. Композициялар дайындау. Бөлшектер мен бұйымдарды оқшаулаудан алдын майсыздандыру. Оқшаулау материалдарын электр бұлауларға толтыру. Оқшаулау материалдарының сапасын сыртқы түріне қарай айқындау.

Білуге тиіс: электр бұлаулар мен қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы туралы негізгі мәліметтер; қарапайым айлабұйымдар мен аспаптардың қызметі және пайдалану ережесі; түрлі лактармен және арнайы оқшаулау композициялармен оқшаулау тәсілдері мен жолдары; композиция даярлау рецептурасы мен тәсілдері; оқшаулау материалдарының қызметі.


11. Элемент өндірісін оқшаулаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі кескін бөлшектері мен бұйымдарының ішкі және сыртқы беттерін лакпен және композициялармен арнайы машинаның көмегімен оқшаулау. Бұйымдардың, бөлшектердің, тораптар мен дайындамалардың беттеріне 0,2 мм-ден асатын дәлдікте қолмен оқшаулау қабатын жағу. Электр бұлаулардағы композиция температурасы мен деңгейін реттеу. Бөлшектер мен бұйымдарды оқшаулау режимін қадағалау және оқшаулау материалдарының дайындық деңгейін айқындау. Оқшаулау материалдарын тараға қалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықты қолдану принципі және басқару жүйесі; айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолдану ережесі; бөлшектер мен бұйымдарды оқшаулаудың негізгі тәсілдері; оқшаулау материалдарының қасиеті.


12. Элемент өндірісін оқшаулаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Орташа кескіндегі бөлшектері мен бұйымдарының ішкі және сыртқы беттерін түрлі рецептурадағы арнайы лакпен және эпоксидті шайырмен айлабұйымдардың көмегімен жұмыс үстелдерінде және бокстарда оқшаулау. Бұйымдардың бетіне 0,2 мм-ге дейінгі дәлдікте оқшаулау қабатын жағу. Лактар мен желімдерді берілген рецептура бойынша дайындау. Олардың тұтқырлығын және бөлшектер мен бұйымдардың оқшаулану сапасын сыртқы түріне қарай айқындау. Кептіруге арналған тораптар мен бұйымдардың оқшауланған бөлшектерін ілмелеу және жаю. Кептірудің температуралық режимін сақтау. Бөлшектер мен бұйымдарды тараға қалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылысы; оқшаулау лактары мен композицияларының қызметі, құрамы және жағу тәсілдері; лак және желім дайындау тәсілдері, кептірудің температуралық режимі.


жүктеу 4,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау