2. Диаметрі 4 мм жоғары термобу кабелінен жасалған термобу жиынтығы - құрастыру.
3. Микроамперметрлер - 1,0 сыныпты өздігінен жазатын милливольтметрлер – бөлшектерін жасау, құрастыру және коммутациялық блокты тексеру.
4. Мостылар - құрастыру және бөлшектерін жасай отырып реттеу.
5. Осциллографтарға арналған уақыт белгілеуіштер - бөлшектерін жасау және құрастыру.
6. Осциллографтарға арналған жарықтандырғыштар - құрастыру, ретттеу және аспап корпусына орнату.
7. Аспаптарды таспалы тарту механизмі үстелдері - таспа тарту механизмін құрастыру және корпусқа орнату, объектив фокусін реттеу.
8. Арнаулы қондырғылар - құрастыру, қоректендіру блогін жинақтау және электрмен тексеру.
9. Бір фазалы электр есептеуіштер –толық құрастыру және реттеу.
76. Электр өлшеу аспаптарын құрастырушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа электр өлшеу аспаптарын, бөлшектерін ішінара дайындап, жеткере отырып құрастыру, механикалық және электрлі реттеу, градуирлеу және сынау. Бөлшектерді кейіннен слесарлік өңдей отырып, арнауды станоктарда толық механикалық өңдеу. Жауапты бөлшектерді шынықтыру және жіберу. Өңдеудің оңтайлы кезектілігін таңдау. Түрлі қатты дәнекермен дәнекерлеу. Арнаулы кесу құралын жасау. Қарапайым механикалық есептер базасында күрделі емес геометриялық фигураларды құру. Күрделі қоспа сызбасын жасау және оларды түрлі дәнекермен дәнекерлеу. Әртүрлі типтегі электр өлшеу аспаптарын орташа жөндеу.
Білуге тиіс: жасалатын аспаптардың құрылымын, нысаны мен жұмыс принципін, түрлі есептеуіш, сағат, электромагнитті және басқа да механизмдердің конструктивтік ерекшеліктерін; аспаптарды механикалық және электрлі реттеу тәсілдерін; арнаулы және әмбебап айлабұйымдар мен құралдардың құрылымын және олардың нысанын; бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және оларды қолдану ережесін; жұмсақ дәнекер мен флюстердің құрамын; жол берілетін отырғызу шектерін, бұдырлық квалитеттері мен параметрлері жүйесін; тұрақты және ауыспалы ток тізбесіндегі кернеуді, ток күшін өлшеу тәсілдерін; шағын, орта және үлкен қарсылықтарды өлшеу ерекшеліктерін; құрастыру, реттеу және сынау кезінде туындайтын ақауларды және оларды жою тәсілдерін; электр техника және механика негіздерін, орындалатын жұмыс көлемінде.
Жұмыс үлгілері
1. Қоректендіру блоктары, күшейту блоктары, автоматика блоктары – монтаж сызбаларын шабақтау және дәнекерлеу.
2. Гальванометрлер – толық құрастыру, механикалық және электрлі реттеу.
3. Диаметрі 4 мм дейінгі термобу кабелінен жасалған термобу жиынтығы - құрастыру.
4. 0,05 сыныпты мостылар – аспапты жеткеру және электрмен тексеру.
5. Көп шектеуді жылжымалы аспаптар – бөлшектерді жасау және жылжымалы жүйені құрастыру.
6. Фотоэлектрлі күшейткіштер - өлшеу механизмін құрастыру.
7. Камертонды жиілік өлшеуіштер - бөлшектерді жеткере отырып толық құрастыру.
77. Электр өлшеу аспаптарын құрастырушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі электр өлшеу аспаптарын, бөлшектерін ішінара дайындап, жеткере отырып құрастыру, механикалық және электрлі реттеу, градуирлеу және сынау. Жауапты тораптарды бір үлгілі әмбебап және арнаулы жабдықты өздігінен баптай отырып жасау. Түрлі дәнекерлерді жасау және күрделі сызбаларды дәнекерлеу. Жауапты бөлшектерді қырлап жеткере отырып шыңдау және жіберу. Күрделі электр өлшеу қондырғылары мен бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану. Арнаулы кесу құралын есептеу және жасау. Әртүрлі сынауларды жүргізуге қатысу.
Білуге тиіс: күрделі электр өлшеу аспаптарының құрылымын, нысанын, жұмыс принципі мен конструкциясын; әр үлгілік арнаулы және әмбебап айлабұйымдар мен құралдардың құрылымын және олардың нысанын; бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және оларды қолдану ережесін; жұмсақ дәнекер мен флюстердің құрамын; жол берілетін отырғызу шектерін, бұдырлық квалитеттері мен параметрлері жүйесін; тұрақты және ауыспалы ток тізбесіндегі кернеуді, ток күшін өлшеу тәсілдерін; шағын, орта және үлкен қарсылықтарды өлшеу ерекшеліктерін; құрастыру, реттеу және сынау кезінде туындайтын ақауларды және оларды жою тәсілдерін; одан әрі өңдеу үшін түсіру шеттерін айқындауды; жинақталатын және сыналатын аспаптар мен қондырғыларға қойылатын техникалық және пайдалану талаптарын; жинақтау және сынау нәтижелері бойынша техникалық құжаттаманы ресімдеу ережесін.
Жұмыс үлгілері
1. Сандық вольтметрлер, проценттік мостылар – бөлшектер мен тораптарды жасау, толық құрастыру және реттеу.
2. Манометрлер – жасау, толық құрастыру және реттеу.
3. Микроамперметрлер - 1,0 сыныпты өздігінен жазатын милливольтметрлер – бөлшектерін жасау, құрастыру және коммутациялық блокты тексеру, градуирлеу.
4. Автоматты потенциометрлер – күрделі жөндеу және техникалық шарттарға сәйкес сынау.
5. Арнаулы нысандағы жоғары дәлдіктегі потенциометрлер - құрастыру және реттеу.
6. Автоматты сегіз шлейфті осциллограф типтес аспаптар – түпкілікті құрастыру, механикалық және электрлі реттеу.
7. Көп шектеуді жылжымалы өздігінен жазатын аспаптар – электрлі және механикалық реттеу мен көрсеткіштерін тексеру.
8. Үлгілік және эксперименталдық 0,5-2,0 сынытпы электр есептеуіштер -негізгі тораптар мен бөлшектер жасау, толық құрастыру және электрлі және механикалық реттеу.
78. Электр өлшеу аспаптарын құрастырушы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі, тәжірибелік, эталондық және бірегей электр өлшеу аспаптарын, бөлшектерін ішінара дайындап, жеткере отырып құрастыру, механикалық және электрлі реттеу, градуирлеу және сынау. Күрделі бөлшектерді кейіннен термиялық және слесарлік өңдей отырып, толық механикалық өңдеу. Жоғары сыныпты түрлі электр өлшеу аспаптары үлгілерінің сипаттамаларын түсіре отырып, оларды типтік және пайдалану сынамаларына, қатысу. Электр өлшеу аспаптары есебі. Бөлшектерді өңдеудің, тораптар мен аспаптарды құрастырудың оңтайлы технологиялық кезектілігін таңдау. Құрастыру кезінде сызба деректерін нақтылау. Аспаптарды тексеру актілерін жасау. Техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу. Аспаптарды зерттеу хаттамасын жүргізу және ресімдеу.
Білуге тиіс: электр өлшеу аспаптарының жалпы теориясы негіздерін; жоғары сыныпты өлшеу аспаптарына қойылатын талаптарды; электр өлшеу аспаптары есебінің әдісін; тұрақты және ауыспалы ток тізбесіндегі кернеуді, ток күшін өлшеу тәсілдерін; шағын, орта және үлкен қарсылықтарды өлшеу ерекшеліктерін; құрастыру, реттеу және сынау кезінде туындайтын ақауларды және оларды жою тәсілдерін; зерттеу түрлерін; аспаптарды зерттеу кезінде қолданылатын сызбаларды; аппаратура мен аспаптарды сынау стендісінде орналастыру ережесін; зерттеуді жүргізу тәртібін.
Орта арнаулы кәсіптік білім талап етіледі.
Жұмыс үлгілері
1. Автоматты сегіз шлейфті, жылжымалы осциллографтар – түпкілікті тораптар мен бөлшекті жасау, толық құрастыру және реттеу.
2. Жаңадан әзірленетін жоғары сыныпты аспаптар - жасау және реттеу.
3. Өлшеу қондырғылары - тораптар мен бөлшектерін жасай отырып, толық құрастыру және реттеу.
79. Электр машиналары мен аппаратын құрастырушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дайындық құрастыру жұмыстарын орындау. Парақтарды алдын ала іріктеу. Бөлшектерді шаблон бойынша белгілеу. Негізгі механикалық деректері бар таблицаларды бекіту.
Білуге тиіс: бекіту бөлшектерінің негізгі түрлерін; негізгі құрастыру әдістерін; ауыспалы және тұрақты ток туралы жалпы ұғымды.
80. Электр машиналары мен аппаратын құрастырушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Машиналардың, төменвольтті және жоғары вольтті аппараттар мен электротехникалық бұйымдардың қарапайым бөлшектерін, олар толық өзара ауыстырыла алатын кезде, арнаулы айлабұйымдар мен құралды отырып пайдалана құрастыру. Сызба сызықтарды плашкамен немесе белгілеуішпен қолмен не станокта кесу. Жинақталған тораптардағы ақауларды анықтау және жою.
Білуге тиіс: жиналатын тораптар мен бөлшектердің құрылымын, нысаны мен жұмыс принципін; құрастыру кезіндегі технологиялық операциялардың тәртібін; қарапайым айлабұйымдардың, құралдар мен қондырғылардың нысаны мен пайдалану ережесін; қолданылатын металдардың негізгі қасиеттері мен нысанын; жол берілетін шектеулер мен орналастырулар туралы негізгі анықтамаларды; электр шамаларына қатысты негізгі анықтамалар мен ұғымдарды.
Жұмыс үлгілері
А. Электр машинажасау
1. Подшипник салмалары – жеткеру және май ұстаушы және май сақтаушы сақиналарды орнату.
2. Клемм қысқышы тақтасы – құрастыру және электр машинаның корпусына орнату.
3. Электр машиналардың қалқандары мен қаптамаларын жабуға арналған жаппалар – бөлшекті орнында жеткере отырып құрастыру.
4. Электр қозғағыш статорлары, роторлары мен зәкірлері пакеттері - құрастыру.
5. Қуаты 100 кВт дейінгі асинхронды электр қозғағыштар – операциялық құрастыру.
Б. Электр аппараттарын жасау
1. Электрмен пісіру машиналарының ажыратқыштары – контактілерін жеткере отырып құрастыру.
2. Автоматты ажыратқыштар – коммутаторды құрастыру.
3. Ашық типті басқару түймесі - құрастыру.
4. Магнитті сөндірілетін аппараттарға арналған жылжымайтын контактілер – құрастыру және реттеу.
5. Қосу және қосуды реттеу реостаттарының коммутаторы - құрастыру.
6. Әртүрлі типтегі магнитті қосқыштар – зәкір мен магнит жүйесі өзекшесін жеткеру және жымдастыру.
7. 2000, 3000, 4000 и 5000 а арналған бір полюсті және көп полюсті ажыратқыштар – толық құрастыру.
8. Реостаттар мен қосуды реттеуіштер – құрастыру және реттеу.
9. Тұрақты және ауыспалы ток контактор торабы - құрастыру.
81. Электр машиналары мен аппаратын құрастырушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым электр машиналары мен аппараттарын құрастыру және реттеу. Жинақталған электр машиналары төмен вольтті және жоғары вольтті аппаратураларды механикалық және электрлік реттеу. Күрделілігі орташа тораптар мен бұйымдарды арнаулы айлабұйымдарды қолдана отырып құрастыру. Жұмсақ дәнекермен дәнекерлеу. Роторларды асинхронды электр машиналарының валына престемелеу. Турбо және гидрогенераторлары, биіктігі 600 мм. дейінгі жоғары жиіліктегі электр машиналары статоры сегменттерінен өзекшені шикіқұрамдау. Электр машиналары мен аппараттарын құрастыру және сынау кезінде анықталған ақауларды жою.
Білуге тиіс: жиналатын электр машиналары мен аппараттарының нысаны мен жұмыс принципін; құрастыруға және реттеуге қойылатын техникалық талаптарды; турбо және гидрогенераторлары, биіктігі 600 мм. дейінгі жоғары жиіліктегі электр машиналары өзекшелерін құрастыру кезінде сегменттерді бекіту әдістерін; құрастыру кезінде қолданылатын арнаулы айлабұйымдардың, аспаптардың, қондырғылар мен басқа да жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін; әртүрлі дәнекерлер мен флюстардың құрамын; жол берілетін шектеулер мен орналастыруларды; ауыспалы және тұрақты ток тізбегіндегі кернеуді, ток күшін өлшеу тәсілдерін; оқшаулау қарсылығын өлшеуді; бригадалық құрастыруды және өндірістік тапсырманың орындалу есебін жүргізуді.
Жұмыс үлгілері
А. Электр машинажасау
1. Доғалы құрастыруға арналған агрегаттар – іштен жану қозғағышын генератормен қосу.
2. Ірі электр машиналары – жетекті машина қондырғысы астындағы стендіде орын дайындау.
3. Тұрақты ток магнитті машиналар жүйесі – құрастыру және саңылаулар мен симметрияларды тексеру.
4. Қуаты 100 кВт жоғары асинхронды электр қозғағыштар – жалпы құрастыру.
Б. Электр аппараттарын жасау
1. Қозу жүйесінің тіктеуіш блоктары – құрастыру.
2. Автоматты ажыратқыштар – түпкілікті құрастыру және реттеу.
3. Майды ажыратқыштар – жиналған аппаратты құрастыру.
4. Суды шунттаушы ажыратқыштар – ажыратқышты негіздемемен, рамамен қосу және реттеу.
5. Дионды сөндіру камералары - құрастыру және реттеу.
6. Автомат коммутаторлары - құрастыру.
7. Үшінші-бесінші шамадағы ауыспалы ток контакторлары – реттеу.
8. Автомат контакторлары - құрастыру.
9. Искралы пісіру осцилляторлары - құрастыру.
10. Тежегіш және реверсивтік қайта қосқыштар - құрастыру және реттеу.
11. Қысымды өзгерткіштер – бөлшектерді орнында жеткере отырып құрастыру және қысыммен сынау.
12. Жылдамдық стабилизаторлары - құрастыру және реттеу.
13. Тұрақты ток магнитті стансалары – тораптарды құрастыру.
82. Электр машиналары мен аппаратын құрастырушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа электр машиналары мен аппараттарын құрастыру және реттеу. Тораптар мен бөлшектердің жымдасатын беттерін өңдеу. Гидрогенератор статорларының белсенді болат бөлігін престемелеу. Турбо және гидрогенераторлары, биіктігі 600 мм. асатын жоғары жиіліктегі электр машиналары статоры сегменттерінен өзекшені шикіқұрамдау.
Білуге тиіс: жиналатын электр машиналары мен аппараттарының нысаны мен жұмыс принципін; қондырғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі мен баптау тәсілдерін; жоғары вольтті аппаратураны құрастыру және реттеу ерекшеліктерін; жоғары вольтті аппаратураны оқшаулауға қойылатын жалпы техникалық талаптарды; жоғары вольтті сынақтардың нысаны мен сыныптамасын, сынау кернеуі шамасын; жиналатын және сыналатын бұйымдарға арналған техникалық шарттарды; шабақтау және сынау кезінде туындайтын ақауларды және оны жою тәсілдерін.
Жұмыс үлгілері
А. Электр машинажасау
1. 16 габаритке дейінгі қозғағышты электр машиналарының агрегаттары -сынаудан кейін тасымалдау үшін бөлшектеу.
2. Подшипник салмалары - қосу беттерін шабрлау.
3. Турбо және гидрогенератор статорларының сыналары – қырлап өңдеу.
4. Мәжбүрлі салқындатылатын ірі электр машиналары – ауа жолдары мен ауа салқындатқыштарды құрастыру және орнату.
5. Индуктор диаметрі 1400 мм дейінгі синхронды электр машиналары – құрастыру.
6. Подшипниктар, тығыздауыш корпустары - қосу беттерін шабрлау.
7. Ірі электр машиналарының қысқа тұйықталған роторлары – паздарын бұрғылау және тігу..
8. Синхронды машина роторлары – алдын ала сыналай отырып полюстерімен жинақтау.
9. Салқындатылатын турбогенератор роторлары – пазды сыналарын жеткеру.
10. Полюс өзекшесінің ұзындығы 1000 мм дейінгі ауыспалы ток магнитті ірі электр машиналары жүйесі - жолақтармен құрастыру, диаметрі мен адымын тексеру.
11. 13 габаритке дейінгі асинхронды электр қозғағыштары – жалпы құрастыру.
Б. Электр аппараттарын жасау
1. Жылдам қосылатын автоматтар – түпкілікті құрастыру және қосу механизмін реттеу.
2. Штурвалмен басқарылатын селективті автоматтар - құрастыру және механизмін реттеу.
3. Тиристорлық өзгерткіш блоктары - құрастыру.
4. Басқару әне таратып бөлу қалқантерінің блоктары мен тораптары - құрастыру.
5. Автоматты ажыратқыштар – түпкілікті құрастыру және реттеу, стендіде сынап калибрлеу.
6. Жетекті жылдам әсер ететін автоматты ажыратқыштар – түпкілікті құрастыру және реттеу.
7. Селенді және кремний диодты тіктеуіштер – құрастыру және блоктарды дәнекерлей отырып монтаждау.
8. Жылдамдату контакторлары - құрастыру және реттеу.
9. Автоматика, басқару және дабылдату панелі – құрастыру, толық монтаждау және реттеу.
10. Автоматтарға арналған босатқыштар - түпкілікті құрастыру және реттеу.
11. Ортадан тепкіш жарылыс қауіпсіз реле - бөлшектерін жеткере отырып құрастыру, сынау және реттеу.
12. Өздігінен қозу жүйесі – құрастыру және монтаждау.
13. Магнитті стансалар, магнитті кендік қосқыштар – шабақтау және реттеу.
14. Селективті автомат тораптары - құрастыру.
15. Вакуумді, сутегілі электр пештері – жалпы құрастыру және реттеу.
83. Электр машиналары мен аппаратын құрастырушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі электр машиналары мен аппараттарын жеткере отырып түпкілікті құрастыру. Электр машиналарын, қуатты турбо және гидрогенераторларды, жоғары вольтті аппаратуралар мен қондырғыларды механикалық және электрлік реттеу. Электр машиналарын теңгермелеу. Қуаты 150 кВт электр машиналары мен турбо және гидрогенераторлардың статорларын диаметрлері мен ходтары бойынша сыналарын айыру. Алты және одан көп өңделетін беті бар және дәл өлшеу құралын қолдануды талап ететін бөлшектерді өңдеу. Басқару пульттерін құрастыру, реттеу және баптау. Басқару қалқантері мен пульттері панельдеріне түрлі аппараттар мен аспаптарды орнын белгілеп орнату.
Білуге тиіс: күрделі электр машиналары мен жоғары вольтті жауапты аппараттарының, басқару пульттерінің құрылымы мен конструктивтік ерекшеліктерін; нысаны мен жұмыс принципін; жиналатын және сыналатын бұйымдарға қойылатын техникалық және пайдалану талаптарын; күрделі сынақ стенділерінің құрылымын, жұмыс принципі мен баптау және пайдалану ережесін; жеткерумен және реттеумен байланысты негізгі есептерді; турбо және гидрогенераторлар жасаудың және құрастыру ерекшеліктерін; құрастыру нәтижелері бойынша техникалық құжаттаманы ресімдеу ережесін.
Жұмыс үлгілері
А. Электр машинажасау
1. 16-дан 18 габаритке дейінгі қозғағышты электр машиналарының агрегаттары – іргетас тақтасын белгілеу, сынаудан кейін тасымалдау үшін бөлшектеу.
2. Сфера диаметрі 500 мм дейінгі подшипник салмалары - май сынасын шабрлау.
3. Магистральді электровоздарға арналған қозғағыштар – жалпы шабақтау және реттеу.
4. Асинхронды турбомоторларға арналған жылдам жүретін электр машиналары – аспаларын құрастыру, сынауға құрастыру және бөлшектеу.
5. Көп шықпалы, жеке орындаудағы электр машиналары – құрастыру және реттеу.
6. Тұрақты токпен істейтін электр машиналары - құрастыру және реттеу.
7. Гидрогенератор табандықтары – сегменттерімен және табандық дискісімен бақылау құрастыру.
8. Жоғары жиіліктегі генератор роторлары – ротор пакетін ыстық күйінде валға орналастыру.
9. Қуатты турбогенераторлар роторлары – вал линиясын орталандыра отырып сынауға дайындау.
10. Қуатты турбогенератор статорлары – шитті бекіту қылының саңылауын белгілеу.
11. Өзекше жолағы 1000 мм жоғары ірі тұрақты ток машиналарының магнитті жүйелері – жолақтармен шабақтау, диаметрі мен адамын тексеру.
12. 13 габариттен жоғары асинхронды электр қозғағыштары - жалпы құрастыру.
Б. Электр аппараттарын жасау
1. Цилиндр жетекті селективті автоматтар - құрастыру, реттеу және кинематикасын реттемелеу.
2. Магистральді электровоздарға арналған жоғары вольтті ажыратқыштар – құрастыру және реттеу.
3. Топтық пневматикалық контролерлер - құрастыру және реттеу.
4. Топтық орындаудағы магнитті контролерлер – құрастыру, сынау және реттеу.
5. Электронды-тиристорлы қашықтықтан басқарылатын магнитті контролерлер – құрастыру, ақауларын жоя отырып сынау және реттеу.
6. Тиристорлық өзгерткіштер – жалпы құрастыру.
7. Трансформатор шағын стансалары – түпкілікті құрастыру және коммутациялау.
8. Арнаулы нысандағы басқару қалқантері мен таратып бөлу қалқантері - жалпы құрастыру және реттеу.
9. Вакуумді, сутегілі электр пештері – кейіннен реттеп және ақауларын түзей отырып үлгілік сынау.
84. Электр машиналары мен аппаратын құрастырушы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі, жауапты және бірегей электр машиналары мен аппараттарын жеткере отырып түпкілікті құрастыру, реттеу. Сутегімен және аралас салқындатылатын турбогенераторларды құрастыру, реттеу. Құрастыру айлабұйымдарын, бақылау-өлшеу аспаптары мен қондырғыларын іріктеу. Құрастырудың оңтайлы техникалық кезектілігін айқындау. Бұйымдарды құрастыру кезінде қажетті есептер мен сызбаларды орындау.
Білуге тиіс: жиналатын электр техникалық бұйымдардың басқару пульттерінің құрылымы мен конструктивтік ерекшеліктерін; жұмыс режимі мен жүктемесін тексеру тәсілдерін; пайдалану сипаттамалары мен диаграммаларды түсіруді; электротехника негіздерін.
Орта кәсіптік арнаулы білім талап етіледі.
Жұмыс үлгілері
1. 18-габариттен жоғары қозғағышты электр машиналарының агрегаттары - жалпы құрастыру.
2. Сфера диаметрі 500 мм жоғары подшипник салмалары – май сынасын шабровкалау.
3. Индуктор диаметрі 1400 мм синхрон электр машиналары - құрастыру.
4. 4 полюсті сумен салқындатылатын турбогенератор статорының өзекшелері - жолақтармен құрастыру, диаметрі мен адымын тексеру.
5. Арнаулы нысандағы қалқантер - құрастыру.
6. Ірі габаритті есу электр қозғағыштары – бөлшектерді жеткеру және сынау үшін құрастыру.
85. Конденсатор пакеттерін кептіруші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Конденсатор пакеттерін термовакуумді қондырғыларды кептіру. Пакеттерді кептіру арбасына салу, қажетті қосуларды орындау. Температура мен қысымды берілген тапсырмаға сәйкес бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен реттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін журналға жазу. Термовакуумді қондырғы жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
Білуге тиіс: конденсаторлардың құрылымы мен нысанын; конденсатор пакеттерін вакуумді кептіру нысанын, қызмет көрсететін термовакуумді қондырғылардың жұмыс принципі мен қызмет көрсету ережесін; ток күшін, кернеуді, сыйымдылықты, қарсылықты, қысым қалдығын және температураны өлшеуге арналған бақылау-өлшеу аспаптарын; токпен кептірілетін пакеттерді қосу сызбасын; конденсатор пакеттері қаптамасының жол берілетін шекті қарсылығын; түрлі типтегі конденсатор пакеттерін кептіру режимін; кептіру интенсивтілігінің температураға және қысым қалдығына тәуелділігін; пакеттерді тиеу және түсіру ережесін; электр техника жөніндегі негізгі деректерді; қондырғыға тән ақауларды және оларды жою әдістерін.
86. Термостатшы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Термостаттардағы төмен сыныпты аспаптардың, қарапайым катушкалардың, рамкалардың, бөлшектер мен материалдарды термотұрақтандыру және жасанды тозу процесін жүргізу. Аспаптарды, катушкаларды, рамкалар мен бөлшектерді тиеу және түсіру. Термостаттарды қосу, қажетті режимді ұстау және ажырату. Тиеу және түсіру уақытын тіркеу жазбасын жүргізу.
Білуге тиіс: термостаттардың құрылымы мен жұмыс принципін; термостаттардың жұмыс режимі мен термотұрақтандыру және жасанды тозуға арналған өндірістік нұсқаулықтарды; тиеу және түсіру кезінде аспаптарды, катушкаларды, рамкалар мен бөлшектерді ұстау ережесін; термотұрақтандыру және жасанды тозу нысанын; қадағалау нәтижелері мен температураны жазу ережесін.
87. Термостатшы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Термостаттардағы жоғары сыныпты жауапты катушкалардың термотұрақтандыру және жасанды тозу процесін берілген режимге баптай отырып жүргізу. Термостаттың жұмысын қадағалау және берілген температура режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Термостаттардағы аспаптар мен катушкалардың болу уақытын тозу нұсқаулығына сәйкес айқындау. Аспаптар көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру. Тіркеу журналын жүргізу.
Білуге тиіс: термостаттардың құрылымын, жұмыс принципі мен пайдалану ережесін; жоғары сыныпты аспаптармен жұмыс істеу ережесін; түрлі аспаптар мен катушкалардың тозу уақытын; бақылау-өлшеу аспаптарының (терморегуляторлар, автопирометрлер, өздігінен жазатын аспаптар, термометрлер және т.б.) нысанын, пайдалану ережесін және олардың негізгі ақауларын; термотұрақтандыру және жасанды тозу сапасының (берілген режим мен уақыт ішінде) аспаптардың жұмысына әсерін.
88. Сынап тіктеуіштерін қалыптаушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сынап тіктеуіштерін біліктілігі анағұрлым жоғары қалыптаушының басшылығымен қалыптау. Бөлшектерді шынықтыру пешінде шынықтыру жөніндегі жұмыстарды орындау. Бөлшектерді вакуумді контейнерге салу.
Білуге тиіс: шынықтыру пештері мен вакуумді контейнердің құрылымы мен нысанын; сынап тіктеуіштердің тораптары мен бөлшектерін вакуумді сынауға дайындау ережесін; вакуумді гигиена ережесін.
Жұмыс үлгілері
Сынап тіктеуіштердің бөлшектері – сығымдалған ауамен үрлеу.
89. Сынап тіктеуіштерін қалыптаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым сынап тіктеуіштерін қалыптау. Қайта айдау үшін дистилляторға сынап құю. Дәнекерленген вентильдердің пісірме жіктерінің тығыздығын сығымдалған азот қысымымен анықтау. Сынақ стенділерінде сынап насостарды жалғау және қосу. Сынап тіктеуіштерін қалыптау кезінде қарапайым жабдықты басқару. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау және оларды журналға жазу. Сынау кезінде анықталған ақауларды жою.
Білуге тиіс: қарапайым сынап тіктеуіштердің құрылымы мен нысанын; май және сынап насостарының құрылымын және пайдалану ережесін; сынаппен жұмыс істеу ережесін; вакуумді техника мен электротехника туралы негізгі ұғымдарды, орындалатын жұмыс көлемінде; бақылау-өлшеу аспаптарының, сынақ стенділерінің нысанын және тіркеу журналын жүргізу ережесін; азоттың қасиетін және сығымдалған ауа баллондарымен жұмыс істеу ережесін.
Достарыңызбен бөлісу: |