29. Зарядталған бөліктерді жылдамдатқыштарды баптаушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электронды жылдамдатқыштардың жекелеген тораптары мен блоктарын баптау. Электронды жылдамдатқышты жұмыс режиміне шығару. Электр магнитті муфталарды орнату және баптау. Күштік редукторлар мен қабылдаушы құрылғыларды бөлшектерін жеткере отырып құрастыру. Жоғары вольтті түзеуіш секциялары мен ұстындарын электр резонансқа тексеру. Вакуумді жүйенің блоктары мен тораптарын жеткеру және баптау. Блоктар мен тораптарды өлшеу аппаратурасы кешенінің көмегімен тексеру. Қашықтықтан басқару блоктарын жөндеу және баптау.
Білуге тиіс: электронды жылдамдатқыштың құрылымын; вакуумді құрылғыны баптау ережесін; жылдамдатқышты номинальдік энергияға дейін жеткізу әдістемесін; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін.
30. Зарядталған бөліктерді жылдамдатқыштарды баптаушы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электронды жылдамдатқыш желілерін бос жүріспен және жұмыс режимінде баптау. Технологиялық желілерді зарядтау сызбасын тексеру. Электронды пушкаларды жоғары вакууммен сынау. Гелийлі және голоидті ағын сынағыштарды жұмыс режиміне шығару. Жылдамдатқыштың ағытушы және вакуумді жүйелерін жөндеу және баптау. Электронды жылдамдатқыштарды жөндеуден кейін баптау.
Білуге тиіс: электронды жылдамдатқыш желілерінің құрылымын; жоғары вольтті түзеуіш, электронды-сәулелі пушкалар мен электронды-сәулелі трубкалардың құрылымын; күрделі бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; негізгі тораптар мен блоктардың электр сызбаларын.
31. Конденсатор пакеттерін дәнекерлеуші
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары вольтті және төмен вольтті күштік конденсаторларды дәнекерлеуге дайындау. Дәнекерлеу үшін қажетті бөлшектерді дайындау.
Білуге тиіс: электр дәнекерлеуіштердің құрылымы мен олармен жұмыс істеу ережесін; конденсатор пакеттеріндегі сақтандырғыштар мен мойнақтардың нысанын, оларды іріктеу және дайындау ережесін; дәнекерлер мен флюстардың нысаны мен қолдану жолдарын.
32. Конденсатор пакеттерін дәнекерлеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары вольтті және төмен вольтті күштік конденсаторлардың құрастырылған пакеттерін кейінгі қосылу сызбасымен және параллельді сақтандырғышсыз сызбамен дәнекерлеу. Қажетті көлемдегі және қимадағы мойнақтарды дәнекерлеу. Әртүрлі дәнекерлер мен флюстардың көмегімен берік, таза және біркелкі дәнекерлеуді қамтамасыз ету.
Білуге тиіс: жоғары вольтті және төмен вольтті күштік конденсаторлар пакеттеріндегі секциялардың қосылу сызбасын; жинақталған пакеттегі ток әкету мойнақтары мен салмаларының нысанын және оларды іріктеу ережесін; әртүрлі типтегі конденсаторлардың жұмыс принципін; дәнекерлер мен флюстардың құрамы мен қолдану ережесін; сызбалар мен чертеждерді оқуды, орындалатын жұмыс көлемінде.
33. Конденсатор пакеттерін дәнекерлеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары вольтті және төмен вольтті күштік конденсаторлардың құрастырылған пакеттерін параллельді сызбамен сақтандырғыштармен дәнекерлеу. Қажетті құрылымдағы дәнекерлегішті дайындау және белгілі бір дәнекер маркасын таңдау. Сақтандырғыштарды, салқындату трубкалары мен ток әкеткіштерді дәнекерлеу. Пакетті трубкамен жинақтау. Дәнекер артықшаларын алу.
Білуге тиіс: түрлі күштік конденсаторлардың құрылымы мен қосылу сызбасына қарай олардың жұмыс принципін; дәнекерлеудің технологиялық кезектілігін; электр дәнекерлегіштердің қызу қуаты мен температурасын анықтау ережесін; дәнекерлер мен флюстардың негізгі қасиеттерін; дәнекерлерді балқыту температурасын; флюстардың нысанын; электротехника жөніндегі негізгі деректерді.
34. Конденсатор пакеттерін дәнекерлеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары вольтті және төмен вольтті күштік конденсаторлардың жұлдызшаға және үшбұрышқа қосылған құрастырылған пакеттерін аралас қосылу сызбасымен дәнекерлеу. Пакет секциялары мен ток жеткізуші шина арасында салмаларды орнату. Шиналарды дәнекерлеу. Мамандандырылған дәнекерлеу қондырғыларымен сызбаларды дәнекерлеу.
Білуге тиіс: түрлі күштік конденсаторлардың құрылымын; мамандандырылған дәнекерлеу қондырғыларының нысанын, құрылымы мен жұмыс принципін; пакет секцияларының қосылу сызбасын; дәнекердің дәнекерлеу сапасы мен қосылудың механикалық беріктігіне әсерін; электр техника жөніндегі негізгі заңдарды.
35. Шунттарды жеткеруші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шунттардың қарсыласуларын 0,1% дейін фрезерлеу немесе техникалық шарттарға сәйкес арнаулы айлабұйымдармен кесіп алу әдісімен жеткеру. Шунттардың қарсыласу мөлшерін есептеу. Қарсыласуды анықтауға арналған арнаулы қондырғыны сызба бойынша және өздігінен құрастыру. Фрезер станогын қажетті типтегі және мөлшердегі фрездары мен арнаулы қысқыш айлабұйымын орната отырып реттемелеу. Кесте бойынша кесу режимдерін таңдау. Шунттардың қарсыласуларын күйдірмелеу әдісімен өрескел жеткеру.
Білуге тиіс: шунттардың қарсыласуларын жеткеру ережесін; қарапайым жазықтықты-фрезер станоктары мен қарсыласуларды фрезерлеу әдісімен жеткеруге арналған айлабұйымдардың құрылымын және олармен жұмыс істеу жолдарын; бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және оларды пайдалану ережесін; аспаптар мен қондырғылардың қоректендіргіш көздерін; слесарлық өңдеу негіздерін; шунттардың қарсыласуларын есептеу ережесін; электр техника жөніндегі негізгі деректерді; қатты әсер ететін қышқылдармен жұмыс істеу ережесін.
36. Шунттарды жеткеруші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шунттардың қарсыласуларын 0,1%-ден 0,01% -ге дейін фрезерлеу, кесіп алу немесе күйдірмелеу әдісімен жеткеру. Шунттардың қарсыласу мөлшерін кестені қолдана отырып формула бойынша анықтау. Қарсыласуды баптай отырып анықтау үшін күрделі құрылғыларды пайдалану. Қарсыласу шегіне қарай түрлі концентрациядағы қышқыл ерітінділерін жасау.
Білуге тиіс: әртүрлі шунттардың қарсыласу жеткерудің негізгі тәсілдерін; қарсыласуды қарсылық мостылары мен түрлі типтегі потенциометрлердің көмегімен өлшеу ережесін, олардың құрылымын және жұмыс принципін; қолданылатын күшті әсер етуші қышқылдардың қасиеттерін және түрлі концентрациядағы қышқыл ерітінділерін жасау тәсілдерін; қарсыласуды анықтаудың негізгі формулаларын.
37. Шунттарды жеткеруші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шунттардың қарсыласуларын 0,01% -ден жоғары фрезерлеу, кесіп алу немесе шунтирлеу әдісімен түпкілікті жеткеру. Шунттардың қарсыласуларын анықтауға арналған күрделі қондырғыларды баптау және реттеу. Жеткерілетін шунттарды бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша есептеу. Қарсыласу шегіне және шунт типіне қарай жеткеру әдісін таңдау.
Білуге тиіс: әртүрлі типтегі шунттардың шағын қарсыласу шамасына қарай жеткерудің негізгі тәсілдерін; қарсыласу шегіне және шунт типіне, жеткеру тәсілі мен квалитетіне қарай қарсыласу есебі әдістемесін; жоғары квалитетті шунттарды жеткерудің ерекшеліктері мен оған қойылатын техникалық талаптарды; шунттарды жеткеруге арналған барлық типтегі арнаулы қондырғыларды.
38. Электротехникалық бұйымдарды сіңірмелеуші
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді, бұйымдар мен материалдарды кейіннен кептіре отырып, ванналарға батыру әдісімен сіңірмелеу процесін жүргізу. Ваннаға электролит құю және оны қажетті деңгейде ұстау. Ваннаны толтыру, сіңірмеленген бөлшектерді, бұйымдар мен материалдарды алу және кептіруге қою. Картонаж бөлшектерді қыздырмасы бар ванналарда электролиттермен сіңірмелеу. Сіңірмелеу сапасын сырттай қарап анықтау.
Білуге тиіс: сіңірілім нысаны және сіңірмеленген бөлшектерге, бұйымдар мен материалдарға, электр техникалық бұйымдар мен материалдарға қойылатын негізгі талаптарды; сіңірмелеу және кептіру режимдерін; сіңірмелеу материалдарымен және электролиттермен жұмыс істеу ережесін; сіңірмелеу және кептіру жабдығының құрылымын және оны пайдалану ережесін.
Жұмыс үлгілері
1. Қағаз, тесьма, мақтақағаз полотносы, электр картон – сіңірмелеу.
2. Қатты оқшаулау бөлшектері – лак сіңірмелеу.
3. Электр машиналарының бөлшектері мен оқшаулау материалдары - вакуумсіз сіңірмелеу және кептіру.
4. Электр көмір бұйымдары - балқытылған парафинді сіңірмелеу.
5. Электр аппараттарының катушкалары – лак құйылған ваннаға батырып әдісімен сіңірмелеу.
6. Ағаш қалыптар мен қиықтар - оқшаулау лактарымен сіңірмелеу.
7. Электр картоннан жасалған салмалар - оқшаулау лактарымен сіңірмелеу және кептіру.
8. Статор катушкаларының секциялары – жуу және катушка ұштарын лактан тазарту.
39. Электр техникалық бұйымдарды сіңірмелеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді, бұйымдар мен материалдарды кейіннен шкафтарда кептіре отырып пульверизациялау әдісімен сіңірмелееу процесін жүргізу. Электр машиналары мен аппараттарының катушкаларын автоклавтарда сіңірмелеу және кептіру. Электр машиналары мен аппараттарының катушкаларын компаундирлеу. Шағын габаритті трансформаторларды сіңірмелеу және кептіру. Бөлшектер мен бұйымдарды сіңірмелеу сапасын сырттай қарап және өлшеп анықтау.
Білуге тиіс: сіңірмеленген бұйымдарға қойылатын негізгі талаптарды; қолданылатын сіңірмелеу және кептіру жабдығының құрылымын, нысанын және баптау мен пайдалану ережесін; сіңірмелеу және кептірудің технологиялық процестерін; жұмыста қолданылатын лактарды, компаундарды, эмальді, электролиттерді, еріткіштерді және басқа да сіңірмелеу материалдарын, олардың қасиеттерін, нысанын және олармен жұмыс істеу ережесін.
Жұмыс үлгілері
1. Асбестті, бакелитті, кабельдік және телефон қағаздары, мақта-қағаз маталар, шыны маталар мен басқа да оқшаулау материалдары - сіңірмелеу.
2. Электр щетка дайындамалары - бакелитті лак ерітіндісінде, спиртте сіңірмелеу.
3. Электр машиналары полюстерінің катушкалары – эмальмен жабу.
4. Асбоцемент тақталар - сіңірмелеу және кептіру.
5. Электр машиналары роторлары, статорлары мен зәкірлері - арнаулы лакпен сіңірмелеу және эмальмен жабу.
40. Электр техникалық бұйымдарды сіңірмелеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді, бұйымдар мен материалдарды кейіннен технологиялық нұсқаулыққа сәйкес арнаулы вакуумді шкафтарда кептіре отырып сіңірмелеу процесін жүргізу. Сіңірмелеу және кептіру процесін бақылау-өлшеу аспаптары бойынша қадағалау. Қысым мен температураны реттеу. Вакуумді сіңірмелеу және кептіру журналдарын жүргізу.
Білуге тиіс: вакуумді сіңіру жабдығының құрылымын, нысанын, жұмыс принципін, қызмет көрсету және реттеу ережесін; сіңірілінетін бөлшектердің, электр техникалық бұйымдар мен материалдардың технологиялық нұсқаулықтары мен ерекшеліктерін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны мен жұмыс принципін; вакуумді сіңірмелеу және кептіру режимдерінің электр техникалық бұйымдардың сапасына әсерін.
Жұмыс үлгілері
1. Қағаз, мақта-қағаз маталар, текстолит, гетинакс, жібек - сіңірмелеу.
2. Қағаз диэлектрикті конденсаторлардың алмалы бөліктері - сіңірмелеу және кептіру.
3. Электр щетка дайындамалары - бакелитті лак ерітіндісінде, спиртте сіңірмелеу.
4. Трансформаторлардың катушкалары мен алмалы бөліктері – сіңірмелеу, кептіру және ормасын пісіру.
5. Қағаз диэлектрикті күштік конденсатор – вакуумді сіңірмелеу және кептіру.
6. Бетон реакторлар - сіңірмелеу және кептіру.
7. Электр машиналарының секциялары - компаундирлеу, вакууммен кептіру және жаттықтыру режимін жүргізу.
8. Қуаты 100 кВт дейінгі электр машиналарының зәкірлері - сіңірмелеу.
41. Электр техникалық бұйымдарды сіңірмелеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектер мен ірі габаритті бұйымдарды вакуумді аппараттарда сіңірмелеу, кептіру, компаундирлеу және лактау процесін жүргізу. Электр техникалық бұйымдардың вакуумді аппараттарға дұрыс салынуын қадағалау. Температура мен қысымды бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Вакуумді-сіңіру жабдығының ақпайтынын тексеру. Өзі жазатын манометрлерді дайындау және қосу. Вакуумді сіңіру жабдығы жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Ірі габаритті бұйымдарды көтеру-тасымалдау механизмдерінің көмегімен тасымалдау.
Білуге тиіс: сіңіруге және кептіруге жататын электротехникалық бұйымдардың түрлі типтерінің принципті құрылымы мен нысанын; вакуумді-сіңіру жабдығының құрылымын, пайдалану ережесін, жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін; вакуумді кептіру және сіңіру кезінде қолданылатын күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының, көтеру-тасымалдау механизмдерінің құрылымы мен жұмыс принципін; вакуумді техника жөніндегі негізгі деректерді; температура мен қысымды реттеу ережесін; вакуумді кептіру және сіңірудің дұрыс режиміне әсер ететін себептерді, оларды анықтау және жою әдістерін; тасымалдау тәсілдерін.
Жұмыс үлгілері
1. Электр щетка дайындамалары - су ерітіндісінде сіңірмелеу.
2. Кернеуі 220-300 кВ төртінші-алтыншы габариттік күштік трансформаторлардың катушкалары мен алмалы бөліктері – сіңірмелеу, кептіру.
3. Электр машиналары мен аппараттарының катушкалары – қысыммен сіңірмелеу.
4. Қағаз-пленкалы және пленкалы диэлектрикті күштік конденсатор – сіңірмелеу және кептіру.
5. Зәкірлер мен статорлардың орамдары - сіңірмелеу және кептіру.
6. Электр машиналарының статорлары - сіңірмелеу және кептіру.
7. Элементтік көмірлер – парафинмен сіңірмелеу.
8. Қуаты 100-ден 200 кВт дейінгі электр машиналарының зәкірлері - сіңірмелеу.
42. Электр техникалық бұйымдарды сіңірмелеуші
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектер мен ірі габаритті бұйымдарды жеке құйылмасы бар және аралық жеткізушімен жылытылатын термовакуумді қондырғыларда сіңірмелеу, кептіру, компаундирлеу және лактау процесін жүргізу. Күрделі және бірегей вакуум жабдығын жұмысқа дайындау. Трансформаторлар мен конденсаторларға құю стакандарының көмегімен және коллектор арқылы сіңірмелеу сұйықтарын: диоктилфталат және фенилксилилэтан қарапайым немесе вакууммен құю. Ірі электр машиналарын, турбогенераторлар орамдарын герметикалық буып-түю және оларды арнаулы рамаларға бекіту. Вакуум насостары мен температура режимдерін автоматты реттеу жүйелеріне қызмет көрсету. Процес барысын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау. Технологиялық құжаттаманы жүргізу.
Білуге тиіс: термовакуумді өңдеуге жататын электротехникалық бұйымдардың құрылымдық ерекшеліктерін; термовакуумді қондырғылардың құрылымын, пайдалану ережесін; автоматты және қолмен басқару режимдеріндегі қондырғы жұмысының принциптік сызбасын; техникалық құжаттаманы жүргізу ережесін; вакуумді техниканың теориялық негіздерін.
Жұмыс үлгілері
1. Корпустік оқшаулау – эпоксидті шайыр негізіндегі термореактиті компаундымен вакуум айдау тәсілімен сіңірмелеу.
2. Жеке орындаудағы электр машиналары – сіңірмелеумен вакуумде кептіру
3. Электр машиналарының орамдары - кептіру, сіңірмелеу және гидростатикалық престемелеу.
4. Гидро және турбогенераторлардың стерженьдері мен қосу шиналары - кептіру, сіңірмелеу және гидростатикалық престемелеу.
5. Қуаты 200 кВт жоғары электр машиналарының зәкірлері - сіңірмелеу.
43. Электр өлшеу аспаптарын реттеуші-градуирлеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 1,5 сыныпты және одан төмен электр өлшеу аспаптары шәкілдерін арнаулы градуирлеу қондырғыларында градуирлеу. Электр өлшеу аспаптарын бапталған арнаулы қондырғыларда электрлі және механикалық реттеу әрі баптау. Қарапайым сызбаларды құрастыру және бөлшектеу, қарсылық және оқшаулауды сынау.
Білуге тиіс: реттелетін аспаптардың тораптары мен механизмдерінің құрылымын, нысаны мен жұмыс принципін; қарапайым реттеу және градуирлеу қондырғыларының құрылымын және оларды пайдалану ережесін; ток өткізуші және оқшаулау материалдарының негізгі қасиеттерін; тізбенің түрлі буындарындағы қарсылықты өлшеу тәсілдерін; шектеулер мен жол берулер жүйесі туралы қарапайым деректерді; электр қауіпсіздігінің негізгі ережелерін.
44. Электр өлшеу аспаптарын реттеуші-градуирлеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 1,5-тен 0,5-ке дейінгі сыныпты электр өлшеу аспаптары шәкілдерін арнаулы градуирлеу қондырғыларында градуирлеу. Электр өлшеу аспаптарын катушкаларды магнитті шунтпен жеткеру, магнитсіздендіру, стандартты катушкаларды іріктеу әдісімен және басқа да әдістермен бапталған арнаулы қондырғыларда электрлі және механикалық реттеу әрі баптау. Сыналатын және градуирленетін электр өлшеу аспаптарына сынақ жүргізу. Аспаптардың жарамсыздығы себептерін анықтау және анықталған ақауларды жою.
Білуге тиіс: құрастырылған аспаптағы түрлі тораптар мен механизмдерінің құрымын және өзара іс-әрекетін; қолданылатын реттеу және градуирлеу қондырғыларының құрылымы мен нысанын, оларды баптау ережесін; электр магнитті, магнитті электр, есептеу, саған және басқа да ұқсас механизмдердің әртүрлі жүйелерінің әрекет ету принциптерін аспаптарды механикалық және слесарлік өңдеу және құрастыру әдістерін; электр техника негіздерін.
Жұмыс үлгілері
1. Ваттметрлер мен фазометрлер - реттеу, градуирлеу және көрсеткіштерін тексеру.
2. Өздігінен жазатын вольтамперметрлер - реттеу, градуирлеу және көрсеткіштерін тексеру.
3. Баллистикалық гальванометрлер - магнитті шунтпен реттеу, арретир жұмысын тексеру және реттеу, көрсеткіштерін тексеру.
4. Электр өлшеу аспаптары - магнитсіздендірумен реттеу және декадалық қайта қосқыштарды жеткеру.
45. Электр өлшеу аспаптарын реттеуші-градуирлеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 0,5-тен 0,1 дейінгі сыныпты электр өлшеу аспаптары шәкілдерін арнаулы қондырғыларында градуирлеу. Аспаптарды абсолюттік және салыстырмалы қателерін есептей отырып тексеру. Түзету кестесін жасау. Аспаптарды әртүрлі бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен сынау. Аспаптардың нақты немесе дұрыс жұмыс істемеуінің себептерін анықтау және шабақтау ақауларын жою. Күрделі қоспа сызбаларын жасау.
Білуге тиіс: күрделі электр өлшеу аспаптары мен механизмдерінің құрылымы мен өзара әрекетін; ток өткізуші және оқшаулау материалдарының негізгі қасиеттерін; қарсылықты өлшеу ережесін; күрделі градуирлеу қондырғыларының, өлшеу және электр өлшеу аспаптарының, күрделі электр магнит, сағат және басқа да механизмдердің күрделі жүйелерінің нысаны мен жұмыс принципін; электр техника заңдары негіздерін.
Жұмыс үлгілері
1. Көп шекті авометрлер - реттеу, жеткеру және барлық өлшеу шектерін градуирлеу.
2. Көп шекті, жылжымалы және өздігінен жазатын ампервольтметрлер - реттеу, жеткеру және барлық өлшеу шектерін градуирлеу.
3. Толқын өлшегіштер – реттеу және кесте мен графикті жасай отырып градуирлеу.
4. Үлгілік катушкалар – электр тексеру және түпкілікті жеткеру.
5. Мостылар - барлық өзгеру шектерін жеткере отырып реттеу.
6. Эталондық аспаптар – жөндеуден кейінгі реттеу және градуирлеу.
7. Көп шекті, жылжымалы және өздігінен жазатын аспаптар (ампервольтметрлер, ваттметрлер, жиілік өлшегіштер, фазометрлер) - реттеу, жеткеру және барлық өзгеру шектерін градуирлеу.
8. Потенциометрлер - барлық өзгеру шектерін жеткере отырып реттеу.
9. Флюксметрлер – механикалық және электр реттеу мен градуирлеу.
46. Электр өлшеу аспаптарын реттеуші-градуирлеуші
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 0,1 және одан жоғары сыныпты электр өлшеу аспаптарының шәкілдерін арнаулы қондырғыларында градуирлеу, электр және механикалық реттеу. Үлгілік және эталондық электр өлшеу аспаптарын, сондай-ақ, эксперименталдық әзірлеу және игеру сатысындағы 0,5 және одан жоғары сыныпты тәжірибелік үлгілерді реттеу, жеткеру және градуирлеу. Күрделі арнаулы өлшеу қондырғыларын баптау. Электр өлшеу аспаптарының есебін шығару. Кесте жасау және аспап сипаттамаларын түсіре отырып , сынақ жүргізу.
Білуге тиіс: дәлдік сыныбы жоғары күрделі электр өлшеу аспаптарының құрылымы, нысанын, жұмыс принципі мен конструктивтік ерекшеліктерін; күрделі өлшеу қондырғыларының сызбасын және оларды баптау ережесін; эталондық және үлгілік аспаптарға қойылатын талаптарды; аспап сипаттамаларын түсіре отырып , сынақ жүргізу ережесін; электр өлшеу аспаптарының есебін шығару әдістерін; өлшеу нәтижелері бойынша график жасау ережесін.
Жұмыс үлгілері
1. Толық қарсыласу өлшеуіштері - тексеру, реттеу және барлық өлшеу шектерін градуирлеу, кесте мен график жасау.
2. Үлгілік катушкалар – түпкілікті жеткеру.
3. Көп шекті, жылжымалы және өздігінен жазатын микроамперметрлер мен милливольтметрлер - тексеру, реттеу, баптау және градуирлеу.
4. Авариялық режимдерді жазуға арналған өздігінен жазатын қалқанды аспаптар - тексеру, реттеу және баптау.
5. Көп шекті шунттар – түпкілікті жеткеру.
47. Трубкалы электр қыздырғыштарды редуцирлеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Трубкалы электр қыздырғыштарды арнаулы прокат редукциондық стандарда суық күйінде редуцирлеу. Трубкалы электр қыздырғыштардың ұзындығы мен диаметрін бақылау-өлшеу құралы мен аспаптарының көмегімен өлшеу. Станның прокат ұшын баптау.
Білуге тиіс: арнаулы прокат редукциондық стандарының құрылымын, жұмыс принципі мен баптау ережесін; станның прокат ұшын труба болатының маркасына қарай реттеу тәсілдерін; бақылау-өлшеу құралы мен аспаптарының нысаны мен қолдану ережесін; редуцирлеу кезінде металл деформациясына әсер ететін металлдың механикалық қасиеттерін.
48. Конденсатор пакеттерін құрастырушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пакеттегі секция саны 60 дейін болған кезде, жекелеген секцияларды топтарға және топтарды күштік конденсатор пакеттеріне құрастыру. Құрастырылған пакеттерді шағын қуатты қарапайым механикалық және гидравликалық пресстерде престеу. Жинақталатын пакет секцияларында ток жеткізгіштердің дұрыс орналасуын тексеру. Секцияларды сырттай қарап бракқа шығару. Қызмет көрсететін жабдықты баптау.
Білуге тиіс: жинақталатын пакеттердің нысанын, олардың негізгі электр сипаттамалары мен қосылу сызбаларын; шағын қуатты қарапайым механикалық және гидравликалық пресстердің құрылымын, жұмыс принципі мен пайдалану ережесін; құрастыруға келіп түсетін секциялар мен конденсатор пакеттері басқа да бөлшектерінің ақау түрілері мен оларды анықтау және жою тәсілдерін; пакет жиынтығына енетін әр бөлшектің функциясын, оның консенсатор сапасына әсерін; күштік конденсаторлардың жұмыс принципін.
49. Конденсатор пакеттерін құрастырушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пакеттегі секция саны 60-тан жоғары болған кезде, жекелеген секцияларды топтарға және топтарды күштік конденсатор пакеттеріне құрастыру және престеу. Күрделі электр сызбалы және тартпа планкілі пакеттерді құрастыру. Пакеттерді пленкалы диэлектрикпен және кесілмеген оқшаулаумен жартылай автомат-пресстер мен автоматтарда престеу. Пакет сыйымдылықтарын түрлі тәсілдермен жеткеру. Сыйымдылықты анықтау үшін бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану. Секция салмаларын кезегімен қоса отырып пакеттерді құрастыру және престеу.Пакеттердегі секцияларды тұрақты ток кернеуімен брактау.
Білуге тиіс: түрлі типтегі күштік конденсаторлардың нысанын, құрылымы мен жұмыс принципін; пресс-автоматтар мен жартылай автоматтардың құрылымын, жұмыс принципі мен пайдалану ережесін; жинақталған пакеттерге қойылатын техникалық талаптарды; оқшаулау материалы ылғалдылығы мен қалыңдығының электр беріктігі мен сіңбеген пакет сыйымдылықтарына әсерін; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралын пайдалану ережесін; пакеттердегі секцияларды кернеумен сынауға арналған қондырғының құрылымы мен жұмыс принципін; электр техника жөніндегі негізгі деректерді орындалатын жұмыс көлемінде.
50. Сынап тіктеуіштерін құрастырушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сынап тіктеуіштерінің қарапайым тораптарын біліктілігі анағұрлым жоғары құрастырушының басшылығымен құрастыру. Бөлшектерді вакуумді құрастыруға дайындау: бөлшектерді карцтеу, бензинде және басқа да ерітінділерде жуу, сүрту және қысылған ауамен үрлеу. Сынап тіктеуіштерінің қарапайым тораптарын жасау және қарапайым слесарлік-құрастыру жұмыстарын орындау. Құрастырылатын бөлшектерді құрастыру орнына тасымалдау.
Білуге тиіс: вакуумді құрастыру алдындағы дайындық жұмыстарының түрлері мен нысандарын; қарапайым жұмыс және өлшеу құралы мен айлабұйымдарды нысаны мен пайдалану ережесін; слесарлік өңдеу тәсілдерін; вакуумді гигиена ережесін; қолданылатын ерітінділердің қасиеттерін және олармен жұмыс істеу ережесін; дайындалатын бөлшектерге қойылатын техникалық талаптарды.
51. Сынап тіктеуіштерін құрастырушы
2-разряд
Достарыңызбен бөлісу: |