Единый тарифно-квалификационный справочник



жүктеу 4,03 Mb.
бет14/21
Дата03.03.2018
өлшемі4,03 Mb.
#11101
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

6. Электр тізбекті күш шинасы – киперлік және тафтянды таспамен оқшаулау.
11. Оқшаулаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Секцияларды, катушкаларды, бөлшектер мен бұйымдарды асбестпен, лак матамен, шыны лак матамен, шыны матамен және шыны таспамен оқшаулау. Электр машина бөлшектерін 7 қабатқа дейінгі шыны матамен және шыны таспамен оқшаулау. Оправкада түтікшелер мен гильзалар жасау. Электр машина полюстерін қолмен үтіктеп және сығымдап және тозаңдату әдісімен оқшаулау. Уақытша таспалар мен планкаларды гидростатикалық сығымдағаннан кейін шешу. Оқшаулау станоктарында таспалық материалдармен оқшаулау. Орам, корпус және көп қабатты оқшаулау жағу. Жартылай автоматтарда статор паздарын оқшаулау. Дискілік катушкаларды, сыйымдылық сақиналарын және трансформатор шықпаларын оқшаулау жөніндегі операцияларды орындау.

Білуге тиіс: оқшаулау станоктарының құрылысы және баптау тәсілдері; арнайы айлабұйымдарды және бақылау-өлшеу аспаптардың қызметі және қолдану ережесі; қолданылатын электроқшаулау материалдарының негізгі қасиеті.

Жұмыс үлгілері

1. Үшінші габаритке дейінгі дискілік трансформаторлар катушкалары – оқшаулау.

2. Трансформаторлы көп секциялық катушкалар – оқшаулау.

3. Орам ұстайтын және теңестіретін электр машиналары сақиналары – таспалық материалдармен оқшаулау.


12. Оқшаулаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Секцияларды, катушкаларды, бөлшектер мен бұйымдарды кремний органикалық оқшаулағышпен, миканитпен, микатаспамен оқшаулау. Электр машина бөлшектерін 7 қабатқа дейінгі шыны матамен және шыны таспамен оқшаулау. Статорлық және зәкір секцияларына эпоксидті компаундты жаға отырып көп қабатты орам және корпусты оқшаулау жағу. Секция және машина өзекшелерін арнайы илемдеу станоктарында жаймалық оқшаулау материалдарымен оқшаулау. Күш трансформаторларының орамдары, шықпалары және дискілік катушкалары тәсімдерін оқшаулау.

Білуге тиіс: орам және корпусты оқшаулауды орындауға арналған оқшаулау станоктарының құрылысы және баптау тәсілдері; әмбебап айлабұйымдарды пайдалану ережесі; бұйымдарды оқшаулау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Ауыспалы ток машиналарының статорлық орау катушкалары – орам және корпустық оқшаулау.

2. Үшінші габариттен асатын дискілік трансформатор катушкалары – оқшаулау.

3. Гидрогенераторлардың полюсті катушкалары және турбогенератор роторларының катушкалары – орамдарды оқшаулау.

4. Тұрақты токты ірі синхронды компенсаторлар мен илемдеу машиналарының гидрогенераторларына арналған полюсті катушкалар мен өзекшелер – оқшаулау.

5. Трансформаторлардың конденсаторлары - оқшаулау.

6. Турбогенераторлар мен гидрогенератор статорлық орау өзекшелері - өтпе орындарын оқшаулау.

7. Турбо және гидрогенератор өзекшелері – алдыңғы жағына миканит жағу.

8. Ауыспалы ток машиналары роторлық орау өзекшелері – оқшаулау.
13. Оқшаулаушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Секцияларды, катушкаларды, бөлшектер мен бұйымдарды термобелсенді байланыстыратын синтетикалық материалдармен және таспалармен, полиимидті және полиимидтіфторпластты пленкалармен оқшаулау. Гидрогенераторлардың статорлық қалпақтарын компаунд құю тәсілімен оқшаулау. Күш трансформаторларының орау және шықпа тәсімдерін жүктемеде оқшаулау.

Білуге тиіс: орау ставкаларының құрылымы және баптау тәсілдері; оқшау жағу тәсілдері; оқшаулау материалдарының сипаттамалары; орындалатын жұмыс шегіндегі сызбаларды оқу.

Жұмыс үлгілері

1. Гидро және турбогенератор және турбоқоздырғыш өзекшелері – көп қабатты оқшаулау.

2. Гидро және турбогенератор өзекшелері – тегіс емес жерлерін тегістеу.

3. Электр пеш трансформаторлары – шықпаларды және бірікпе тәсімдерін оқшаулау.

4. Электр физикалық жабдық бұйымдары секциялары – оқшаулау.
14. Электр аспаптары катушкаларын калибрлеуші

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті калибрлеушінің басшылығымен 200 омнан асатын кедергі бойынша манганинді сымнан жасалған катушкаларды калибрлеу.

Білуге тиіс: катушкаларды калибрлеу туралы негізгі мәліметтер; жай бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолдану шарттары; жай сызбалар мен тәсімдер.


15. Электр аспаптары катушкаларын калибрлеуші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 200 омнан асатын кедергі бойынша манганинді сымнан жасалған катушкаларды калибрлеу. Кедергіні тексеруге арналған қарапайым тәсімдер жасау.

Білуге тиіс: қарапайым бақылау-өлшеу аспаптарымен пайдалану ережесі; калибрлеу тәсілдері; электр көлемдерін өлшеу бірліктері; аспаптарды қоректендіру көздері (гальваникалық батареялар және аккумуляторлар); түзету кестелерін пайдалану ережесі; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника бойынша негізгі мәліметтер.


16. Электр аспаптары катушкаларын калибрлеуші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 3 омнан асатын 200 омға дейінгі кедергі бойынша манганинді сымнан жасалған және берілген шектерге сәйкес 100 омнан асатын кедергі бойынша қызыл мыс сымнан жасалған катушкаларды калибрлеу. Катушкалардың кедергісін тексеру үшін бір жақты мосты тәсімдерін құрау. Кедергі бойынша калибрлеу үшін сымның тұтыну көлемін айқындау. Шықпаларды дәнекерлеу. Кедергіні бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен өлшеу. Индуктивті кедергіні тексеруге арналған трансформатор коэффициентін айқындау.

Білуге тиіс: орташа күрделіктегі бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; электр дәнекерлегіш құрылғысы және оларды пайдалану ережесі; орау үлгілері; шектеу жүйесі.


17. Электр аспаптары катушкаларын калибрлеуші

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 3 омға дейінгі кедергі бойынша манганинді сымнан жасалған және 100 омға дейінгі кедергі бойынша қызыл мыс сымнан жасалған катушкаларды калибрлеу. Катушкалардың кедергілерін тексеру үшін екі жақты мосты тәсімін құрастыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдық құрылымы және баптау тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптары құрылғысы; мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар.


18. Электр аспаптары мен аппараттарына арналған катушкаларды ораушы

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті ораушының басшылығымен диаметрі 0,1 мм-нен асатын сымнан жасалған аппараттар мен аспаптарға арналған катушкаларды орау. Кедергі алабын орау. Оправкаларды іріктеу. Катушкаларды байланыстыру.

Білуге тиіс: орау станоктары құрылғылары туралы негізгі мәліметтер; орау сымы, оқшаулау материалдары, лак, желім, дәнекер сұрыптарының атаулары мен таңбалануы; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

Орау


1. Қосымша кедергі катушкалары.

2. Қағаз роликтері.

3. Кедергі цилиндрлері.
19. Электр аспаптары мен аппараттарына арналған катушкаларды ораушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 0,1 мм-нен асатын сымнан жасалған аппараттар мен аспаптарға арналған катушкаларды орау. Дөңгелек каркасқа және орау шаблонына аппараттар мен аспаптарға арналған катушкаларды немесе орамдарды автоматты түрде немесе қолмен қалап, қажет болған жағдайда оқшаулауды жағып орау. Орамдар мен қадамдарды станоктың қажет санына қайта қосу. Каркастарды немесе шаблондарды орнату.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін станоктардың жұмыс принципі, қолданылатын орау сым, оқшаулау материалдары, желім, лак, дәнекер сұрыптарының негізгі қасиеттері, орау сапасын тексеру әдістері, ақаудың ықтимал себептері және оны табу және жою жолдары; қабатты оралған катушкаларды жасауға қойылатын техникалық талаптар; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника негіздері.

Жұмыс үлгілері

Орау:


1. Кедергі алқаптары (катушкалар).

2. Каркас және каркас емес рамкалар.

3. Кедергі рамалары.
20. Электр аспаптары мен аппараттарына арналған катушкаларды ораушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 0,1-ден 0,02 мм-ге дейінгі сымнан жасалған аппараттар мен аспаптар үшін катушкаларды орау. Шаблонға және тік бұрышты каркасқа катушкалар мен рамкаларды көп секциялық және көп қабаттық орау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен катушкалардың кедергілігін тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктардың құрылысы; баптау тәсілдері; қолданылатын сымның негізгі қасиеттері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолдану ережесі.

Жұмыс үлгілері

Орау:


1. Екі секциядағы каркас емес катушкалар.

2. Каркасты катушкалар.

3. Торроидальді, көп қабатты және көп секциялық катушкалар.

4. Трансформатор, көп қабатты және көп секциялы катушкалар.

5. Екі секциялы рамкалар.
21. Электр аспаптары мен аппараттарына арналған катушкаларды ораушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі кемінде 0,02 мм сымнан жасалған аппараттар мен аспаптар үшін каркасты емес катушкаларды орау.

Білуге тиіс: жұқа сымнан жасалған катушкалар мен рамкаларды орау ережесі мен тәсілдері; катушкаларды кедергі бойынша тексеру тәсілдері.


22. Электр машина катушкалары мен секцияларын ораушы

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті ораушының басшылығымен бапталған орау станоктарында шаблондарға қарапайым конфигурациялы катушкалар мен секция дайындамаларын орау. Катушкаларды уақытша байланыстыру.

Білуге тиіс: орау станоктары құрылымы туралы негізгі мәліметтер; айналым есептегіштерді пайдалану ережесі; шаблондарды орнату тәсілдері, қарапайым бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі, қолданылатын орау сымдарының атуы және таңбалануы.

Жұмыс үлгілері

1. Жұмыр мыстан жасалған катушкалар – конуссыз орау.

2. Микроқозғалтқыш статорлары катушкалары – шаблонға орау.
23. Электр машина катушкалары мен секцияларын ораушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Орау станоктарында шаблондарды пайдалана отырып, қарапайым конфигурациялы катушкалар мен секция дайындамаларын орау. Полюсті катушкалар қабатына және тік бұрышты кесілген секция дайындамаларына орау. Электр картоннан жасалған орам аралық төсемдерді төсей отырып, орау. Дәнекерлеу және пісіру жолымен орау процесінде сым ұштарын ұзарту.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктардың жұмыс принципі; арнайы айлабұйымдардың қызметі және пайдалану ережесі, сым ұштарын пісіру және дәнекерлеу тәсілдері, төсемде қолданылатын оқшаулау материалдарының номенклатурасы және қасиеті; орындалатын жұмыс шегіндегі электр техника негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Жұмсақ салмалы секциялар – құрама шаблондарға орау.

2. Тік бұрышты мыстан жасалған статорлық секциялар – бірнеше параллельді орау.

3. Көп жылдамдықтағы электр қозғалтқыштарға арналған статорлық секциялар – орау.


24. Электр машина катушкалары мен секцияларын ораушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі секция катушкалары мен дайындамаларын орау станоктарында орау. Статор секциясы дайындамасын бір қарапайым сым өткізгішпен дөңгелекке тиімді ораммен орау. Таспалы және шиналы мыстан жасалған бір қабатты катушкаларды бір параллельге орау.

Білуге тиіс: орау станоктарының құрылысы және баптау тәсілдері, арнайы айлабұйымдар мен қосалқы құрылғылардың құрылысы, жапсарлы және газ дәнекері, күйдіру және пісіру әдістері; дайындама сызбалары мен әдіптері.

Жұмыс үлгілері

1. Машина статорлары секциялары дайындамалары – жапсарларды бір уақытта оқшаулай отырып орау.

2. Реттейтін генератор катушкалары – орау.

3. Арнайы орындалған статорлық машина катушкалары – орау.


25. Электр машина катушкалары мен секцияларын ораушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі конфигурациялы секция катушкалары мен дайындамаларын орау. Статор секциясы дайындамасын бір қарапайым сым өткізгішпен дөңгелекке 1-ден 6-ға дейінгі тиімді ораммен және 2-қабатқа дейінгі таспалық материалдармен бір уақытта оқшаулай отырып орау. Екі параллельде және көбірек бос таспалық мыстан жасалған бір қабатты катушкаларды орау. Оқшаулау қабаттары аралығына түрлі оқшаулау материалдары қабаттарын төсеу, лак жағу. Өтпелі жалаң таспалы мыстан жасалған екі қабатты катушкаларды орау.

Білуге тиіс: фрезерлеуге арналған арнайы орау станоктары және құрылғыларының құрылымы және баптау ережесі; катушкаларды орағанда тұйық жерлерін тексеру тәсілдері; дәнекерлеу әдістері.

Жұмыс үлгілері

1. Бас аралас қоздыру полюсі катушкалары – орау.

2. Жұмыр оқшауланған сымнан жасалған көп қабатты, көп параллельді катушкалар – шаблонға орау.

3. Оқшауланған мыстан жасалған тұрақты ток машиналарына арналған бір жақты конусты полюс катушкалары – орау.

4. Жалаң шиналық мыстан жасалған кесілуі 245 мм2-ге дейінгі полюсті катушкалар – қабырғасына орау.

5. Қалыңдығы 1,35 мм-ден асатын шиналық мыстан жасалған катушкалар – қабырғаға орау.

6. Биіктігі 35 мм-ден асатын және қабырғасының қалыңдығы 50 мм-ге дейінгі шунтты катушкалар – орау.

7. Жолақ ені ішкі радиусқа 1,5-тен асатын қатынаста төрт радиусты катушкалар – орау.


26. Электр машина катушкалары мен секцияларын ораушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі конфигурациялы катушкалар мен секция дайындамаларын орау. Күрделі жарақтарды және арнайы орау жабдықтарын пайдалана отырып, түтікшелі мыстан жасалған катушкаларды орау. Қарапайым сым өткізгіш статор секциясы дайындамасын 2-қабаттан артық таспалық материалдармен бір уақытта оқшаулай отырып орау. Оқшауланған сымнан жасалған катушкаларды бір қатарда үш және одан да көп бір жақты және екі жақты конуспен орау.

Білуге тиіс: арнайы орау станоктары құрылымы; автоматты таратқыш құрылғылары мен қолдану принципі, қолданылатын орау сымдардың түрлері мен маркалары, қолданылатын материалдардың қызметі және қасиеті; оларды өңдеу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Жұмыр оқшауланған сым мен шиналық мыстан жасалған көп қабатты, көп параллельді алмалы катушкалық топтары – кейіннен қалыптай отырып шаблонға орау.

2. Жоғары жиіліктегі генератор катушкалар – конусты оправкада қатар қалап, орамда орау.

3. Жалаң шиналық мыстан жасалған кесілуі 245 мм2-дан асатын полюстік катушкалар – қабырғаға орау.

4. Тұрақты ток машиналарына арналған оқшаулау мыстан жасалған екіжақты конусты полюсті катушкалар – орау.

5. Полиамидті-фторопластты оқшаулау катушкалары – орау.

6. Жолақ ені ішкі радиусқа 1,5-ге дейінгі қатынаста төрт радиусты катушкалар – орау.

7. Қалыңдығы 1,35-ге дейінгі шиналық мыстан жасалған катушкалар – қабырғаға орау.

8. Биіктігі 35 мм және қабырғасының қалыңдығы 50 мм шунтты катушкалар – орау.
27. Трансформатор катушкаларын ораушы

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті ораушының басшылығымен бапталған орау станоктарында жұмыр мыстан және түрлі габаритті тік бұрышты кесілетін трансформаторлардан жасалған цилиндрлік оралатын катушкаларды орау. Ағаш немесе металл рейкаларды қалыңдығы бойынша оларды байлай отырып, цилиндрлерді орау.

Білуге тиіс: орау станоктарының қызметі және қызмет көрсету ережесі; қабатсыз және дискілі оралатын трансформаторлы катушкалардың құрылымы; қолданылатын оқшаулау материалдары және мыстың атауы және таңбалануы; кеңірек таралған жай айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі.


28. Трансформатор катушкаларын ораушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бапталған көлденең орау станоктарында бірінші габаритті трансформатор дөңгелек кесілетін мыстан жасалған цилиндрлік көп қабатты оралатын катушкаларды орау. Бірінші және екінші габаритті пеш трансформаторларына арналған дискілік катушкаларды орау. Арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып оқшау аралық қабатты қалау.

Білуге тиіс: көлденең орау станоктары мен тежегіш құрылғылардың жұмыс істеу принципі; трансформаторлық катушкалардың үлгілік құрылымдары; кеңінен таралған айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; орындалатын жұмыс көлемінде электр техникасы бойынша негізгі мәліметтер.


29. Трансформатор катушкаларын ораушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бапталған көлденең орау станоктарында екінші және үшінші габаритті трансформатор және бірінші және екінші габаритті тік бұрышты кесілетін трансформатор дөңгелек кесілетін мыстан жасалған цилиндрлік көп қабатты оралатын катушкаларды орау. Үшінші габаритті пеш трансформаторларына арналған дискілік катушкаларды орау. Екінші габаритті трансформатордың 12 параллелі бойынша үздіксіз және спиральді орамаларды орау. Реттегіш шықпалардың ұштарын шығару және дәнекерлеу. Жырашықты катушкалар мен кернеу катушкаларын экрандарды орната және дәнекерлей отырып орау.

Білуге тиіс: көлденең орау станоктары мен арнайы айлабұйымдардың құрылысы және баптау тәсілдері; дәнекерлеу режимдері; дәнекер түрлері және олардың қасиеті, трансформатор катушкаларын жасауда қолданылатын оқшаулау материалдары мен өткізгіштердің қасиеті; техникалық деректерді пайдалану ережесі.


30. Трансформатор катушкаларын ораушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Төртінші габаритті дөңгелентіп кесілетін трансформаторлардың мыстан жасалған көп қабатты оралатын цилиндрлі және үшінші, төртінші габаритті трансформаторлардың тік бұрышты кесілетін мыстан жасалған катушкаларын көлденең орау станоктарында орау. Үшінші габаритті трансформаторлардың 12 параллельден асатын спиральді орамалары мен төртінші габаритті трансформаторлардың бір жүрісті спиральды орамаларын орау. Бірінші, екінші және үшінші габаритті трансформаторлар үшін үздіксіз катушкаларды орау. Кеңістік магнитті сымға орамаларды орау. Құрғақтай қорғау трансформаторларды төртбұрышты орамаларға орау. Төртінші және бесінші габаритті күш және пеш трансформаторларға арналған дискілік катушкаларды орау.

Білуге тиіс: көлденең орау станоктарының құрылымы; трансформаторлық катушкалардың түрлі құрылымдары; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі және пайдалану ережесі.


31. Трансформатор катушкаларын ораушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Төртінші габаритті трансформаторлардың үздіксіз катушкаларын жүктемемен қайта қосып, көлденең орау станоктарында орау. Төртінші габаритті трансформаторлардың көп жүрісті спиральды орамаларын орау.

Білуге тиіс: күрделі құрылымды трансформаторлардың катушкаларын ораудың түрлі тәсілдері; оқшаулау құрылымдарына қойылатын талаптар; күрделі катушкаларды орау сапасын бақылау әдістері.


32. Трансформатор катушкаларын ораушы

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бесінші және алтыншы габаритті трансформаторлардың үздіксіз катушкаларын жүктемемен қайта қосып, көлденең және тік орау станоктарында орау. Электр пеш трансформаторлар мен қайта өрілген шунттаушы реакторлардың катушкаларын орау.

Білуге тиіс: тік және көлденең орау станоктарының құрылымы және басқару принципі; қайта өрілген орамалы катушкаларды орау тәсілдері; орау және оқшаулау құрылымына қойылатын талаптар.


33. Күш конденсаторлары секцияларын ораушы

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті ораушының басшылығымен парақтарының саны 4-ке дейінгі төмен вольтты және жоғары вольтты күш конденсаторларына арналған секцияларды орау. Станокты толтыру. Контактілі қосымшалары мен берілген орама санын дұрыс орналастыра отырып, орау процесін қадағалау және тығыз тегіс орауды қамтамасыз ету. Ықтимал кесінділерді уақытылы жойып отыру және түрлі ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: жай құрылымды орау станоктарының қызметі және жұмыс ережесі; станокты толтыру тәсілдері; конденсатор қағаз және алюминий фольганың қызметі және олардың негізгі мөлшерлері; контактілі қосымшалардың қызметі; үзілу себептері және оларды жою тәсілдері; жұмыс аспабының қызметі және қолдану ережесі.


34. Күш конденсаторлары секцияларын ораушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Парақтарының саны 4-ке дейінгі төмен вольтты және жоғары вольтты күш конденсаторларына арналған секцияларды орау. Станокты берілген жұмыс режиміне дайындау, баптау және толтыру. Материалдардың шығуын және материал таспаларының үзілуін болдырмау. Секция ток өткізгіштерін қалау және таңбалау.

Білуге тиіс: орау станоктарының құрылымы және қолдану принципі; станокты материалдармен толтыру тәсімдері; конденсатор қағаз және фольга маркалары; ток өткізгіш секциялардың талаптары;ақау түрлері және оларды жою тәсілдері.


35. Күш конденсаторлары секцияларын ораушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Парақтарының саны 4-тен жоғары 8-ге дейінгі төмен вольтты және жоғары вольтты күш конденсаторларына арналған, парақтарының саны 5-ке дейінгі электр термиялық конденсатор секцияларын, косинусты конденсаторларды және байланыс конденсаторлары секцияларын орау. Материалдар іріктеу және станокқа толтыру. Негізгі материал таспаларының шеттерін және шығып кетпеуін реттеу. Орама саны және шықпаларының ені бойынша берілген шектеулерді қамтамасыз ету. Секциялардағы қабаттың пайда болуын болдырмау. Құрылғыларда секцияларды сығымдау. Жұмыс процесінде орау станогын баптау.

Білуге тиіс: орау станоктарының құрылымдық ерекшеліктері және баптау ережесі; оқшаулау төсемдері мен контактілі қосымшалардың қызметі мен қою ережесі; конденсатор секцияларының электр сипаттамалары, габаритті өлшемдері және шектеулері; конденсатор секцияларын орауда қолданылатын материалдардың қасиеті; ақаудың ықтимал себептері және олардың алдын алу және жою тәсілдері.


36. Күш конденсаторлары секцияларын ораушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Парақтарының саны 8-ден жоғары төмен вольтты және жоғары вольтты күш конденсаторларына арналған, парақтарының саны 5-тен жоғары электр термиялық конденсатор секцияларын, косинусты конденсаторларды және қағаз-пленкалы диэлектрикті конденсаторлары секцияларын орау. Секция сызбасына сәйкес негізгі материалдарды іріктеу және станокқа толтыру. Негізгі материал таспаларының созылуын реттеу. Секциялардың қосымша беттерін кейіннен біріктіре отырып орау. Үздіксіз ток кернеуінде оралған секцияларды алдын ала іріктеп шығару. Орайтын жабдықты баптау.

Білуге тиіс: қағаз пленкалы диэлектрикті конденсатор секцияларының құрылымы және орау технологиясы; материалдардың физикалық-химиялық қасиеттері; конденсатор секциясында диэлектриктің қызметі; орау жабдықтарын баптау ережесі.


37. Электр магнитті өзекшелерді ораушы

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Салмағы 12 кг-ға дейінгі трансформаторлық болаттан жасалған өзекшелерді орау станоктарында жай айлабұйымдарды пайдалана отырып орау. Барабанға жолақ орау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін орау жабдықтарының құрылысы туралы негізгі мәліметтер; жай айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі; трансформаторлы болат атаулары мен таңбалануы.

Жұмыс үлгілері

1. Шиналы трансформаторлар мен зертханалық үлгідегі трансформаторларға арналған өзекшелер – орау.

2. Май сөндіргіштерге арналған өзекшелер –орау.
38. Электр магнитті өзекшелерді ораушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Салмағы 12 кг-нан жоғары трансформаторлық болаттан жасалған өзекшелерді орау станоктарында арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып орау. Нүктелік аппаратта жолақтарды таспаға пісіру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін орау жабдықтарының жұмыс принципі; арнайы айлабұйымдар мен нүктелік аппараттың қызметі және пайдалану шарттары, пісіру жолақтарының режимі; орындалатын жұмыс көлемінде электр техникасы бойынша негізгі мәліметтер.

Жұмыс үлгілері

Май сөндіргіштерге арналған өзекшелер – жаймаларын нүктелік пісіріп орау.


39. Электр машина элементтерін ораушы

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті ораушының басшылығымен электр машина элементтерін орау. Паздарды орауға дайындау. Орамаларды сыналармен бекіту. Орамаларды қарапайым тәсімдер бойынша біріктіру. Орамалардың беткі бөліктерін тегістеу. Катушка аралық және полюс аралық бірікпелерді шнурмен немесе таспамен бекіту. Орамаларды сынауға дайындау.

Білуге тиіс: жай аспаптар мен айлабұйымдардың қызметі және пайдалану ережесі, орау бірікпелерінің жай тәсімдері; оқшаулау материалдарының атауы және таңбалануы.

Жұмыс үлгілері

1. Тиеу машиналары – сымды орауға дайындау.

2. Роторлар, зәкірлер, статорлар – сымды сақтамай тарату.

3. Жұмсақ секциялы машина зәкірлерінің, роторлар мен статорлардың өзекшелері – орауға дайындау.

4. Микроқозғалтқыш статорлары – орауға дайындау.


жүктеу 4,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау