Единый тарифно-квалификационный справочник



жүктеу 4,03 Mb.
бет7/21
Дата03.03.2018
өлшемі4,03 Mb.
#11101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

3. Аппаратшы-кептіруші

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр оқшаулау материалдарын үздіксіз кептіру процесін кептіру аппараттарынан тұратын ағынды желілерде жүргізу. Электр оқшаулау материалдарын фильерлер мен кептіру камералары арқылы орнату және созу. Кептіру режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Фильер салмаларын қажетті жиілік пен дәлдікке дейін жеткізу, орнату және бекіту. Қызмет көрсететін жабдықты баптау.

Білуге тиіс: кептіру аппараттарынан тұратын ағынды желілердің құрылымы мен жұмыс принципін; шикізатқа қойылатын техникалық талаптарды; электр оқшаулау материалдарын кептіру технологиясын.


4. Электр оқшаулау трубаларын жасаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр оқшаулау трубаларын рамаға шнур-шұлықты тігу немесе оны металл стерженьге кигізу жолымен жасау. Шнур-шұлықты, металл стерженьді, рамаларды, ине мен қажетті мөлшердегі жіптерді жұмысқа дайындау. Шнур-шұлықты сіңірмелеу және мөлшеріне қарай сұрыптау.

Білуге тиіс: шнур-шұлықты тігу немесе кигізу әдістері мен ережесін; шнур-шұлықтыі түрлері мен қасиеттерін; стерженьдер мен рама мөлшерлерін; , ине мен жіптерге қойылатын техникалық талаптарды.


5. Электр оқшаулау трубаларын жасаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр оқшаулау трубаларын рамаға шнур-шұлықты калиблеу-күйдіру станогында калибрлеу және күйдіру әдісімен жасау. Метал қорама мен калибрлеуші таспаларды шнур-шұлық мөлшеріне қарау іріктеу. Шнурды қорамаға салу және оны калибрлеуші таспаға орнату. Шнурды калибрлеу және оның түк қабатын газ оттығында күйдіру процесін жүргізу. Оттықтың жалынын реттеу. Калибрленген және күйдірілген шнур-шұлық мөлшеріне қарай іріктеу және оны рамаға қою. Шамды тазалау.

Білуге тиіс: калиблеу-күйдіру станогының құрылымы мен жұмыс принципін; шнур-шұлықты калибрлеу мен күйдірудің әдістері мен ережесін; газ оттығымен жұмыс істеу ережесін; өнім ассортиментін және оған қойылатын техникалық талаптарды; шнур-шұлықтың ықтимал ақауларын.

6. Кабестаншы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 500 мм дейінгі оралған труба және цилиндр дайындамаларын кабестанның көмегімен қорамадан түсіру. Жабдық пен құралды дайындау. Қораманы кабестан каретасымен қосу. Каретка жылдамдығын реттеу. Дайындамаларды термоөңдеу. Түсірілген труба және цилиндр дайындамаларын тазалау орнына тасымалдау және стеллаждарға орналастыру.

Білуге тиіс: кабестанның жұмыс принципі мен пайдалану ережесін; оралған труба және цилиндр дайындамаларын кабестанның көмегімен қорамадан түсіру тәсілдерін; термоөңдеу режимдерін; дайындамаларды стеллаждарға орналастыру.

7. Кабестаншы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 500 мм жоғары оралған труба және цилиндр дайындамаларын кабестанның көмегімен қорамадан түсіру. Қорама диаметріне қарай тірек сақиналарын іріктеу. Кабестанды алынатын қораманың берілген диаметріне қарай қайта баптау және шығырларды бос жүріспен сынамалау. Дайындамаларды термоөңдеу режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Дайындамаларды көтеру-тасымалдау механизмдерінің көмегімен тасымалдау.

Білуге тиіс: кабестанның және көтеру-тасымалдау механизмдерінің құрылымын, жұмыс принципі мен пайдалану ережесін; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; оралған труба және цилиндр дайындамаларын кабестанның көмегімен қорамадан түсіру тәсілдерін; кабестанның жұмыс режимдерін; орналастыру,сақтау және пайдалану ережесін.


8. Каландрлаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Мақта-қағаз маталарды каландрларда өңдеу процесін жүргізу. Гильзаларды қабылдаушы механизмдерге орнату. Метал валды қажетті температураға дейін қыздыру және соған орай қысымды белгілеу. Жіктер мен үзіктерден өту кезінде валдарды уақытылы сығымдау. Валдарды тазарту, матаны машинаға салу және оның біркелкі қозғалуын қадағалау. Каландрлендірілген мата орамаларын қабылдаушы механизмнен түсіру және оларды стеллаждарға орналастыру. Машинаны тазалау және майлау.

Білуге тиіс: каландрде жұмыс істеу ережесін; жетекші және қысымдаушы валдардың қысым арақатынасын; мақта-қағаз маталардың түрлерін; матаны каландрге және қабылдаушы механизмге орналастыру әдістерін.


9. Каландрлаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жібек маталарды каландрларда өңдеу процесін жүргізу. Температура режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Маталарды іріктеу және ыстық тәсілмен жапсыру. Матаны әлсін-әлсін жарыққа қарап, кеткен жерлерін анықтау, қатпарларын мен қыртыстарын жазу. Каландрлендірілген мата орамаларын қабылдаушы механизмнен түсіру және тасымалдау. Каландрларды баптау.

Білуге тиіс: каландрлардың құрылымы мен жұмыс принципін; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; жібек мата түрлерін; маталардың ақауларын және оларды жою тәсілдерін; жекелеген мата кесектерін жапсырып жалғау тәсілдері мен ережесін.


10. Миканиттерді желімдеуші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Икемді миканиттерді, микалент пен шыны микаленттерді үстелде және микаленттаушы машиналарда желімдеу процесін жүргізу. Слюданы бір қабат және екі қабат етіп белгілі бір жабынмен жазып төсеу. Полотноны кептіру камераларынан өткізу және оны орауларға орау. Қағаз және шыны мата орамаларды микаленттаушы машиналардың жіберу механизмдеріне орнату. Миканит дайындамаларын кептіру шкафтарында кептіру. Су ағынына арналған миканит дайындамаларын орналастыру.

Білуге тиіс: электр оқшаулау материалдарын микаленттаушы машиналар мен желімдеу үстелдерінің, кептіру шкафтарының құрылымы мен жұмыс принципін; желімдеу және кептіру әдістері мен ережесін; миканиттердің, микалент пен шыны микаленттердің түрлерін.


11. Миканиттерді желімдеуші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыптаушы және салма миканиттерді, шыны микаленттерді, микафолийді, слюдопласт пен слюдиниттерді микаленттаушы және мұнаралы машиналарда желімдеу процесін жүргізу. Миканит дайындамасын мұнаралы машиналарға себелеу. Слюдасы бар материалдарды көп қабатты сіңірмелеу және шыны матадан, лак мата мен пленкадан жасалған астарды пайдалана отырып лактау. Көп қабатты полотноны кептіру және оны берілген мөлшердегі парақтарға кесу. Салмаларға арналған қағаз бен матаны кесу. Миканиттің әр парағын бөлгіш қабатпен салмалау. Слюданы сұрыптау және оны шайырмен құрған тәсілмен тозаңдату. Миканит жиектерін кесу және оларды арнаулы тараға орналастыру.

Білуге тиіс: микаленттаушы және мұнаралы және сұрыптаушы машиналардың құрылымы мен жұмыс принципін; сіңірмелеу және желімдеу тәсілдерін; пайдаланылатын лактардың, еріткіштер мен шайырлардың номенклатурасын; шикізаттардың түрлері мен сұрыптарын; миканиттерге арналған техникалық талаптарды.


12. Миканиттерді желімдеуші

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Коллекторлық миканиттерді, имидофлекстерді, икемді слюдиниттерді, полиимидті және слюдинитті таспаларды микаленттаушы машиналарда желімдеу процесін жүргізу. Слюданы кабель қағазға ьерілген мөлшердегі қалыңдықпен жазып салу және қабаттарды престеу үшін пакеттерге жинастыру. Пакеттерді арнаулы белгілі бір концентрациядағы су ерітінділі ваннаға салу. Миканит пакеттерді жоғары жиілікті қондырғыларды күйежентектеу. Жоғары жиілікті қондырғылардың температурасы мен қысымын реттеу. Пакеттерді лактау, калибрлеу, пресстеу және бөлшектеу. Миканиттерді берілген мөлшер бойынша арнаулы ыдысты орналастыру.

Білуге тиіс: арнаулы айлабұйымдардың, калибрлеуші станоктардың, жоғары жиілікті қондырғылардың құрылымы мен жұмыс принципін; полиимидті пленкалардың қасиеттерін; қолданылатын термоберік материалдардың түрлері мен сұрыптарын және оларға арналған техникалық шарттарды.


13. Пленкаэлектркартонды желімдеуші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пленкаэлектркартонды ленталы машинада желімдеу процесін біліктілігі анағұрлым жоғары желімдеушінің басшылығымен жүргізу. Машиналарды жұмысқа дайындау. Желімді ваннаға құю. Картон, полимерлі пленка орамалары мен кесу пышақтарын ленталы машинаға орнату. Пресстеуші валдар мен кептіру шахтасының қысымы мен температурасын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу.

Білуге тиіс: пленкаэлектркартонды желімдеуге арналған ленталы машинаға қызмет көрсету ережесін; машиналардың жұмыс режимін; пленкаэлектркартонды желімдеу процесін жүргізу әдістерін; қолданылатын желім номенклатурасын.


14. Пленкаэлектркартонды желімдеуші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пленкаэлектркартонды ленталы машинада желімдеу процесін жүргізу. Картон, полимерлі пленка полотносын ленталы машинаға орналастыру. Картон полотносын 2 пленка арқылы вал жүйесінен және кептіру камерасынан өткізу. Гильзаларды қабылдаушы механизмге орнату және картон мен пленканың шетін гильзаға бекіту. Машиналардың жұмыс режимдерін сақтау. Полотноның тартылуын фрикционды айлабұйыммен реттеу. Желімді дайындау. Желімнің берілуін және полотноға жағылуын бақылау.

Білуге тиіс: ленталы машина мен көмекші жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; пленкоэлектрокартон өндірісінің технологиялық процесін және оның қасиеттерін; желімді дайындау тәсілдерін.


15. Электр оқшаулау материалдары өндірісіндегі бақылаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Лак маталарды, шыны маталарды, сіңірмеленген мақта-қағаз және шыны маталарды, қағазды және электр оқшаулау трубкаларын қабылдау және бақылау. Лак маталар мен шыны маталарды қуаты 15 кВт дейінгі жоғары вольтті қондырғыларда сынау. Лак маталар мен шыны маталардың майға, бензинге төзімділігі мен желімінің ыдырау жылдамдығын тексеру. Сіңірмеленген мақта-қағаз және шыны маталардағы, қағаздағы шайырды, ұшпа және ерігіш заттар құрамын анықтау. Материалды дайындаудың технологиялық процесін бақылау. Лак маталар мен шыны маталардың метражын және полотно енін айқындау. Материалдарды сыртқы түріне қарай бракқа шығару. Бракты түрлері бойынша сыныптау және оны жою жөнінде уақытылы шара қабылдау. Бақылау нәтижелері жазбасын ресімдеу.

Білуге тиіс: шикізатқа, жартылай шикізатқа және дайын өнімге арналған техникалық шарттарды; материалды қабылдау және бақылау ережесі мен тәсілдерін; қызмет көрсететін учаскедегі жабдықты және технологиялық процесті; жоғары вольтті қондырғыларда жұмыс істеу ережесін; бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны мен пайдалану ережесін; брак түрлерін және оны жою тәсілдерін; бақылау нәтижесін ресімдеу ережесін.


16. Электр оқшаулау материалдары өндірісіндегі бақылаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қабатты пластиктерді, шыны пластиктерді, икемді диэлектриктерді, қалыптаушы және салма миканиттерді, микалентті, слюдиниттерді, слюдопластыларды, пленка-электр картонды, бакелизирленген қағазды, лактарды, компаундар мен эмальді қабылдау және бақылау. Электр оқшаулау материалдарын қуаты 15 кВт. жоғары жоңғары вольтті қондырғыларда сынау. Лактың, компаундар мен эмальдің тұтқырлығы мен тығыздығын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бақылау. Пленка электр картон мен қабатты пластикаттардың ыстыққа беріктігін анықтау. Лактың, компаундардың қышқылдық санын анықтау үшін химиялық талдау жүргізу. Компоненттердің проценттік құрамын анықтау үшін ілмелерді өлшеу. Қабатты пластиктер мен шыны пластиктердің тығыздығы мен су сіңіргіштігін анықтау. Материалдардың қалыңдығы мен габариттерін бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау. Брактың алдын алу, оның себептерін анықтау және бракқа акті жасау.

Білуге тиіс: шикізатқа, жартылай шикізатқа және дайын өнімге арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды; шығарылатын материалды қабылдау және бақылау тәсілдерін; бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны мен пайдалану ережесін; жоғары вольтті қондырғыларда жұмыс істеу ережесін;; брактың пайда болу себептерін және оны жою тәсілдерін.


17. Электр оқшаулау материалдары өндірісіндегі бақылаушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Коллекторлық миканиттерді, фольгирленген материалдар мен оқшаулауысы қатты кірме бөлшектерді қабылдау және бақылау. Кірме бөлшектің диэлектрлік шығын бұрышы тангенгісінің өсуін жоғары вольтті мостылармен және вибрациялық гальванометрлермен анықтау. Бөлшектердің геометриялық параметрлерін күрделі бақылау-өлшеу аспаптарымен сызбаларға сәйкес анықтау. Коллекторлық миканиттер мен болат салмаларды сынауға дайындау. Коллекторлық миканиттерді гидравликалық пресстерде сомаланған орталануын сынау. Миканиттердің қысыммен әсерден кейінгі ыстық және суық жағдайларда орталауын есептеу. Шикізат материалдарын қабылдау және бақылау. Брактық алдын алу жұмыстарын орындау. Қабылданған өнімге паспорт жасау және қабылдау актілерін ресімдеу.

Білуге тиіс: қабылданатын өнімді бақылау және қабылдау әдістерін; бақылау және сынауға қолданылатын жабдықтар мен қондырғыларды, оларды реттеу және баптау тәсілдерін; электр оқшаулау материалдарын әзірлеудің технологиялық процесін; миканиттердің орталануын есептеу әдістемесін; өнімге паспорт жасау және қабылдау актілерін ресімдеу ережесін.


18. Айналдыра соғушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сіңірілген қағаз бен матадан стержень айналмасын қолмен жасау процесін жүргізу. Дайындамаларды барабанға салу және белгіленген тәртіппен орналастыру. Стерженьдерді барабанда қажетті мөлшерге дейін өңдеу. Жабдықтың температура режимін қадағалау. Қажетті шикізатты маркасы мен мөлшеріне қарау іріктеу және ілу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін; стержень айналмасын қолмен жасауға қолданылатын сіңірілген қағаз бен матаның сұрыптары мен маркаларын температураның стержень сапасына әсерін.


19. Электр оқшаулау бұйымдарын ораушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр оқшаулау бұйымдарын орау процесін механикалық орау станоктарында жүргізу. Орама мен өзектерді орнату, материалды станокқа қою. Дұрыс және біркелкі орауды қадағалау, қыртыстарды жою. Орау станогы валдарының температуралық режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Материал оралған өзекті станоктан электротельфердің көмегімен түсіріп алу. Станокты тазалау және майлау, ұсақ ақауларын жою.

Білуге тиіс: орау станоктарының құрылымын, жұмыс принципін және оны басқаруды; орау жылдамдығын реттеу ережесін; бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және пайдалану ережесін; валдардың температурасын реттеу тәсілдерін; орау сапасының температуралық режимге тәуелділігін; электр оқшаулау материалдарының маркаларын.


20. Электр оқшаулау бұйымдарын ораушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр оқшаулау бұйымдарын орау процесін роторлы-агрегаттық станоктар мен жартылай автоматтарда жүргізу. Материалды, өзекті және жабдықты жұмысқа дайындау. Материалды ыстық өзекте термоөңдеу. Термоөңдеу уақытын, валдардың температуралық режимін және полотноның барынша керілуін реттеу. Орама қалыңдығын берілген параметрлер бойынша есептеу. Журналға жазба жүргізу.

Білуге тиіс: роторлы-агрегаттық станоктар мен жартылай автоматтардың құрылымын, жұмыс принципін; электр оқшаулау материалдарын орау және термоөңдеу режимдерін; орама қалыңдығын есептеу әдістемесін; орауға қолданылатын шикізаттардың қасиеттерін; май түрлерін және оларды жасау тәсілдерін.


21. Электр оқшаулау бұйымдарын ораушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр оқшаулау бұйымдары мен шықпа өзектерге арналған қатты оқшаулау өзекшелерді орау процесін бір позиционды және көп позиционды станоктар мен автоматтарда жүргізу. Материалдарды орау процесінде терморадиациялық пісіру. Орау қалыңдығын автоматты басу құралының көмегімен анықтау. Орау жылдамдығын реттеу. Сәуле көзі мен өзек арасындағы қашықтықты іріктеу. Сәуле көзіндегі қысымды және оралған материалдың өзектен алыну уақытын бақылау.

Білуге тиіс: бір позиционды және көп позиционды станоктар мен автоматтардың құрылымын, жұмыс принципін және жұмыс ережесін; орау және режимдері ережесін және реттеу тәсілдерін; пісіру режимі мен материалдардың шығыс нормасын; графитті ерітінді жасау тәсілдерін; электр оқшаулау бұйымдарына қойылатын техникалық талаптарды.


22. Слюданы күйдіруші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Слюданың қалдықтарын конвейерлі электр пешінде күйдіру процесін біліктілігі анағұрлым жоғары күйдірушінің басшылығымен жүргізу. Слюданы күйдіруге дайындау, оны өлшеу және бункерге салу. Пештің температуралық режимін қадағалау.

Білуге тиіс: электр пешінде жұмыс принципі мен пайдалану ережесін; слюданың қалдықтарын күйдірудің технологиялық процесін; слюданы өлшеу және бункерге салу ережесін; слюдаға қойылатын талаптарды.


23. Слюданы күйдіруші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Слюданың қалдықтарын конвейерлі электр пешінде күйдіру процесін жүргізу Слюданың берілуін, күйдірудің температуралық және жылдамдық режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Слюданың дайындық дәрежесі мен күйдірілу сапасын анықтау, процесті жүргізуді күйдіру нәтижесіне қарай түзеу.

Білуге тиіс: электр пешінің, конвейердің, күйдіру режимін автоматты реттеуге арналған бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын; пеш жұмысының температуралық режимдерін, конвейер жүрісінің жылдамдығы мен электр пешінің температурасын реттеу тәсілдерін; күйдірілген слюда сапасын анықтау әдістерін.


24. Электр оқшаулау материалдарын қайта ораушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр оқшаулау материалдарын қайта орау станоктарында қайта орау. Станокты жұмысқа дайындау. Полотноны вал жүйелері арқылы орналастыру, оны гильзаның ені бойынша реттеу, ұшын тігу және желімдеу Қайта оралатын материалдың ұзындығын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен айқындау. Полотноның тартылуын фрикционды құрылғының көмегімен реттеу. Ақаулы жерлерін бракқа шығару. Қайта оралған материалды орамаға буып-түю және таңбалау.

Білуге тиіс: қайта орау станоктарының құрылымы мен жұмыс принципін; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; тігу және желімдеу әдістерін; электр оқшаулау материалдарының түрлері мен сұрыптарын; қайта оралған материалды орамаға буып-түю және таңбалау әдістерін; брак түрлерін.


25. Оқшаулау материалдарын престеуші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Парақты қабатталған оқшаулау материалдарын біліктілігі анағұрлым жоғары престеушінің басшылығымен престеу. Ілмелерді өлшеу, материалды дайындау және престеуге арналған пакеттерді іріктеу. Пресс қалыптар мен пресс тақталарын тазалау.

Білуге тиіс: материалдар мен жартылай шикізаттардың түрлері мен нысанын; прессқалыптарды іріктеу; өлшеу ережесін.


26. Оқшаулау материалдарын престеуші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Парақты қабатталған қалыңдығы 4 мм жоғары оқшаулау, қалыңдығы 0, 3 мм жоғары слюдопластикті материалдарды, қалыңдығы 0,8 жоғары миканиттерді гидравликалық пресстерде престеу. Белгілі бір қалыңдықтағы ілмелерді жасау және оны пакеттерге құрастыру. Пакеттерді пресс секцияларына және дайындамаларды пресқалыптарға қолмен орналастыру. Температура мен қысымды бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен реттеу. Пакеттерді пресс секцияларынан түсіріп алу. Престелген материалдарды қалыңдығы бойынша сұрыптау және оларды стеллаждар мен топтарға қою.

Білуге тиіс: пресстердің жұмыс принципін; бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану ережесін; престеу режимдерін; пакеттер мен ілмелерді құрастыру ережесін; пакеттер орналастыру және түсіріп алу әдістерін; брактың себептері мен оны жоб тәсілдерін.


27. Оқшаулау материалдарын престеуші

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Парақты қабатталған қалыңдығы 4 мм дейінгі оқшаулау, қалыңдығы 0, 3 мм дейінгі слюдопластикті материалдарды, қалыңдығы 0,8 дейінгі миканиттерді, қалыңдығы 0,5 жоғары фольгаланған материалдарды, гидравликалық пресстерде және жартылай автоматты желілерде престеу. Ілме қалыңдығына қарай материалды қайта қабаттау. Пакеттер мен ілмелерді құрастыру. Берілген мөлшерге қарай прессқалыпты іріктеу және оны преске орнату. Материалдың түріне қарай престеудің технологиялық режимдерін реттеу. Салма парақтарды тазалау және жұмысқа дайындау. Престерді дайындау.

Білуге тиіс: пресстердің, бу құбыры мен су құбыры коммуникациялары жүйесінің құрылымы мен пайдалану ережесін; пайдаланылатын материалдарға қойылатын негізгі техникалық талаптарды; салма парақтарды сақтау және дайындау ережесін; тұғырлар мен прессқалыптарды; оқшаулау материалдарын престеу технологиясын; престелетін материалдардыі мөлшері мен маркасына қарай престеудің температуралық режимдері мен ұзақтығын; жасалатын өнімге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы.


28. Оқшаулау материалдарын престеуші

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы 0,5 мм дейінгі қабатталған және фольгаланған оқшаулау материалдары мен аса жоғары жиіліктегі диэлектриктерді гидравликалық пресстерде және автоматты желілерде престеу. Престеу процесін сіңірмеленген толтырғыштың технологиялық қасиеттеріне сәйкес реттеу. материалдарды көп сатылы режимдерді жартылай автоматты реттелетін арнаулы термостаттарды термоөңдеу. Көп позиционды дайындама жиынтықтарын дайындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың кинематикалық сызбаларын; желілік мөлшер дәлдігіне және оқшаулау материалдары бетінің тазалығына қойылатын талаптарды; көп позиционды дайындама жиынтықтарын дайындау ережесін.

29. Қағаз бен маталарды сіңірмелеуші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қағазды, қағаз мақта маталар мен шыны маталарды сіңірмелеу машиналарында сіңірмелеу процесін жүргізу. Сіңірмелеу машинасын, материалды жұмысқа дайындау. Ваннаға байланыстырушы материалды құю, материалдарды машинаға орналастыру. Орама ұштарын тігу және желімдеу. Машинаның жұмысын қадағалау және қыртыстарды жазу. Қағаз бен маталарды кептіру. Оларды орамаға орау.

Білуге тиіс: сіңірмелеу машиналарының құрылымы мен нысанын, оларды басқару ережесін; сіңірмелеудің технологиялық процесін; тотырғыштар мен байланыстырғыштарға қойылатын талаптарды; қолданылатын материал номенклатурасын.


30. Қағаз бен маталарды сіңірмелеуші

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қағазды, жібек, синтетикалық маталар мен шыны маталарды автоматты құрылғылары бар сіңірмелеу машиналарында сіңірмелеу процесін жүргізу. Материалдың орналастырылуын, ұштарының желімделуі мен кептірілуін автоматты реттеу. Ауа пресін, сығымдау құрылғылары мен полотноны керілуін реттеу. Байланыстырушы компоненттерді берілген концентрацияға дейін жеткізу. Сіңірмеленген материалдың дайындық деңгейі мен сапасын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен анықтау және ақауларын сұрыптап шығару. Материалдарды берілген мөлшерге кесу, тасымалдау және жинау.

Білуге тиіс: сіңірмелеу машиналары мен кесу механизмдерінің құрылымы мен жұмыс принципін; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдалану ережесін; түрлі материалдарды сіңірмелеудің температуралық режимдерін; байланыстырушы компоненттерді дайындау технологиясын; материалдарды бракқа шығару тәсілдерін; дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды.


31. Слюданы регенераторлаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалдықтардан электр пештерінде слюданы регенерациялау процесін жүргізу. Слюда қалдықтарын пешке салу. Температураны бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен реттеу және пештің берілген жұмыс режимін сақтау. Электр энергиясының берілуін бақылау. Күйдірілген слюданы пештен түсіріп алу және оны таралау.

Білуге тиіс: электр пештерінің құрылымы мен жұмыс принципін; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдалану ережесін; пеш температурасын реттеуді; қалдықтардан слюда күйдіріп алу туралы технологиялық нұсқаулықты.


32. Электр оқшаулау материалдарын сұрыптаушы

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр оқшаулау материалдарын (қағазды, маталарды, слюданы) біліктілігі анағұрлым жоғары сұрыптаушының басшылығымен сұрыптау. Сұрыпталған материалдарды жинау.

Білуге тиіс: қағазды, маталарды, слюданы сұрыптаудың қарапайым ережесін; қарапайым оқшаулау материалдарының түлері мен маркаларын; бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын.


33. Электр оқшаулау материалдарын сұрыптаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр оқшаулау материалдарының барлық түрлерін сұрпы, маркасы және қалыңдығы бойынша сұрыптау. Слюданы механикалық және қолмен сұрыптау, бөгде қоспаларды алу. Қағаз бен матаны слюда ұнтақтарынан тазарту. Қағаз бен матаны топқа, ал слюданы маркасы мен нөмірі бойынша іріктеу және жинастыру.

Білуге тиіс: электр оқшаулау материалдарын сұрыптаудың принциптері мен әдістерін; бақылау-өлшеу аспаптары мен сұрыптауға арналған айлабұйымдарды пайдалану ережесін; сіңірмеленген қағаздың, маталардың, слюданың барлық сұрыптары мен маркаларын және оларға қойылатын талаптарды; оқшаулау материалдарын сұрыптау туралы технологиялық нұсқаулықты.


жүктеу 4,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау