Білуге тиіс:
өлшеу пункті аспаптарының (фотоаппараттың 3 типінен және киноаппаратың 2 типінен артық) құрылғысы мен міндеті, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы мен пайдалану, оптикалық тіркеу станциясының түсіру нәтижесінде айқындалатын негізгі параметрлері, фотоэлектрлік экспанометрдің құрылғысы және қолдану, фотографияда қолданылатын материалдар, олардың қасиеттері, таңбалау, міндеті, рецепт бойынша айқындағыштарды, бекіткіштерді және басқа да реактивтерді құрастыру ережесі, химиялық негіздер мен электрлік токты түрлендіргіштердің құрылғысы және пайдалану ережесі, өлшеу пунктін теңшеу, түзеу және бағдарлау ережесі және тәртібі, компаратордың құрылғысы және түсіру нәтижелерін камералық өңдеу тәртібі немесе алгебралық және тригонометриялық тәуелділігі, осы түсірімдерді есептеп өңдеу кезінде қажетті геометриялық тізулер, координат тікбұрышты жүйесі, масштабы туралы түсінік, графиктерді тізу ережесі, өлшеу пунктінің аппаратураларын түзеу және теңшеу ережесі, түсіру шарттары және кадр жиілігін есептеу әдістемесі, түсіру кезінде объектіні жасанады жарықтандыру тәсілдері.
91. Оптикалық тіркеу станциясының операторы, 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
күндізгі және түнгі уақытта жартылай автоматты бағыттау жетектерін пайдаланып,жылжымалы объектіні фотограмметриялы және стереофотограмметриялы түсіру. Аппаратураны орнату үшін орын таңдау, түсіру арақашықтығы мен жылдамдығын есептеу. Өлшеу пунктінің аппаратурасын станцияның жалпы схемасына қосу. Электр схемаларды құрастыру және монтаждау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші бойынша аппаратураның жұмыс істеу сапасын бағалау және кінәраттарды жою. Оптикалық тіркеу аппаратурасының ішкі және сыртқы бағдарламаларының элементтерін айқындау, есептеу және оларға түзетулер енгізу. Кинотеодолитті түсірім деректері бойынша кеңістікте координат нүктелерін айқындау және осы нүктеге кинофототеодолит көздегіштерін бұрыштап орнатуды есептеу. Өлшеу пунктінің аспаптарының техникалық тексеру, профилактика және ағымдағы жөндеу. Оптикалық бөлшектер мен тораптардың ұсталуын бақылау. Штат әдісімен киноленталарды, фотопленкалар мен фотопластиналарды камералық өңдеу кезінде күрделі параметрлерін айқындау немесе есептеу нәтижелерін ЭЦВМ жай жазуға айналдыру. Алынған параметрлер бойынша қорытынды таблицалар мен кестелерді құрастыру.
Білуге тиіс:
өлшеу пунктінің (4 типті киноаппараттан кем емес) аспаптарының құрылғысы мен міндеті, кинотеодолитті қондырғылардың құрығысы, өлшеу пунктінің принципитік (оптикалық, механикалық, электрлік) схемасы, траекторияның белсенді учаскелерінің негізгі элементтері және уақыт функциясында олардың өзгеру сипаты, түсірудің фотографиялық параметрлерін іріктеу ережесі, күрделі электрлік схемалардың монтаждау негіздері және оқу ережесі, түсіру кезіндегі ақаудың түрлері, оның пайда болу себебі және алдын алу шаралары, сандық дифференциялау ережесі, тегістеу туралы түсінік, оптикалық тіркеу станциясының аспаптарын бағдарлауға түзетулер енгізу тәртібі, кинофототеодолитті қондырғылар мен кинокамералардың өзара іс-қимылы.
92. Оптикалық тіркеу станциясының операторы, 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
оптикалық тіркеу станциясының өлшеу пунктінің аспаптарының синхронды жұмысын басқару. Қоректендіруші электрлік желілерге орталық өлшеу пунктінің аспаптарын қосу. Стендтер мен тректерде түсірілімдер жүргізу үшін түсіру аппаратураларының кешенін бірыңғай жүйеге монтаждау. Оптикалық тіркеу станциясының жұмысын толық тексеру. Оптикалық тіркеу аппаратурасының коллимациялы және басқа да қателерін айқындау. Далалық жағдайда қуатты және сигналды кабельдерді төсеп және монтаждап, 2-4 пунктті құрамды станцияның өлшеу базасын іріктеу, бөлшектеу және жабдықтау. Киноленталарды, фотопленкаларды немесе фотопластиналарды камералық өңдеу кезінде ерекше күрделі параметрлерді айқындау. ЭЦВМ есептеу жүргізу үшін бастапқы деректерді дайындау. Түсіру деректерін өңдеу нәтижелерін толықтай рәсімдеу және ұсыну.
Білуге тиіс:
оптикалық тіркеу станциялар жұмысының электрлік схемасы, оптикалық тіркеу станциясын түсіру кезінде сенімді деректерді алуды қамтамасыз ететін түсіру объектісіне қойылатын талаптар, әр түрлі жағдайда шифрларды оқу құрылғыларының принциптері, әр түрлі типті шифрларды оқу құрылғысының принциптері, түсіру нәтижелерін есептеу және ЭЦВМ есептеу үшін деректерді дайындау.
Бомбалар мен снарядтарды ұшаққа ілуші
93. Бомбалар мен снарядтарды ұшаққа ілуші, 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
шығырдың көмегімен бомбаларды ұшаққа ілу.
Білуге тиіс:
ұшақтардың барлық жүйесінің бомба ұстағыштарының және бомбаларды ілу үшін қолданылатын құрылғылардың құрылғысы, оларды реттеу, бомбаларды ілу тәсілдері.
94. Бомбалар мен снарядтарды самолетке ілуші, 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
ұшақтың ұшыру жүйелерін реактивті снарядтармен зарядтау.
Білуге тиіс:
ұшақтың ұшыру жүйелерін реактивті снарядтармен зарядтау ережелері, қару-жарақ түрлері және оның элементтер.
95. Бомбалар мен снарядтарды ұшаққа ілуші, 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
әр түрлі жүйедегі ұрыс жарғыштарын бомбаларға және реактивтік снарядтарға бұрау. Жарғыштарды сыртқы тексеру.
Білуге тиіс:
әр түрлі жүйедегі жарғыштардың құрылғысы мен жұмыс істеу принципі, ұрыс жарғыштарын тексеру және қысылуын тексеріп, оларды бомбалар мен реактивті снарядтарға бұрау ережесі.
Оқ-дәрі қопарушы-разрядтаушы
96. Оқ-дәрі қопарушы-разрядтаушы, 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
қопару үшін оқ-дәрілерді қатарлау. Жағу үшін дәрілерді котлаванға қатарлау. Броньшұңқырларда қопару жұмыстарын жүргізу үшін құм дайындау. Электр тәсілмен қопару кезінде магистральді желі төсеу. Электр тізбектерін монтаждау, қопару схемасы және жөнделген электр тізбектерін омметр бойынша дұрыс біріктірілуін тексеру. Белсенді зарядтарды дайындау. Патрондарды арнайы пештерде жағу. Капсюль төлкелерін атып алу (салқындату), винтовка және пулемет оқтарынан қорғасынды балқыту, гильзадағы капсюльдерді күйдіру. Қазандықтар мен пештерді оқ пен гильзадан босату және гильзадан капсюль төлкелерін бұрап шығару. Қопарудан кейін сынықтарды іріктеу мақсатында құмды елеу. Негізгі зарядтар мен миналарды престеу және атып алу. Негізгі зарядтарды шығаратын аспаптарды басқару. Практикалық снарядтардан түтін элементтерін және инертті жарақтарды кетіру. Қопарудан кейін алаңды тексеру. Жарылмай қалған металлоломды және толық жанбаған оқ-дәріні немесе жарылыспен шашыраған элементтерді тексеру. Жоғары білікті қопарушының басшылығымен оқ-дәрілерді, дәрілерді және пиротехникалық құралдарды жою бойынша жұмыстарды орындау.
Білуге тиіс:
электр техника бойынша негізгі мәліметтер, оқ-дәрілерді, дәріні және жарылғыш заттарды қолдану ережесі, қауіпті оқ-дәріні қолдану және тасымалдау ережесі, жарамсыз дәріні жағу тәртібі, ережесі және нұсқаулығы, фанерадан цилиндрлер жасау ережесі және олардың міндеті, оқ-дәріні қопару тәсілдері мен әдістері, оқ-дәріні жаруға қатарлау ережесі және патрондарды пештерде жағу ережесі, жетекші белдеулерді түсіру тәсілдері, миналардың негізгі зарядтарының міндеті мен құрылғысы және зарядтарды шығару әрі жұлып түсіру ережесі, капсюльдерді гильзадан күйдіру тәсілдері, жасырыну үшін блиндаждар жабдықтау ережесі, оқ-дәріні қопару үшін орын дайындау, қаруға немесе ататын құралдарға, қазандықтар мен пештерге қызмет көрсету ережесі, қопару кезіндегі қолданылатын сигналдық белгілер, химияға қарсы қорғану құралдары.
Жұмыс үлгілері:
капсюль төлкелері – ату үшін тесікке бұрау;
тұндырғыштар, торлар мен науалар – жарылғыш заттардан тазарту;
калибрі 122 мм дейін снарядтар – жетекші белдеулеулерді түсіру.
97. Оқ-дәріні қопарушы-разрядтаушы, 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
жеке тәртіппен атыс және электрлік тәсілмен оқ-дәрінің барлық түрі мен типін қопару. Магистраль желісін жару құралдарына біріктіру. Арнайы фанералы цилиндрлерді орнату, цилиндрге толық жабдықталған снарядтарды орнату және снарядты, оның сынықтарын айқындау мақсатында бронь шұңқырларда қопару үшін жарғыштарды электр детонатормен және электр тұтандырғышпен жабдықтау. Қопарудан кейін шамасы мен салмағы бойынша сынықтарды сұрыптау. Жарамсыз дәрілерді және жарылғыш заттарды жағу, электр тәсілмен немесе дәрі жолақтары арқылы күйдіру. Тұтандырғыш түтіктерді жасау. Түтіктерді зарядтарға салу. Жарылғыш заттарды снарядтар мен миналардан балқытып алу, сілтілеу және күйдіру. Трассерлерді күйдіру, жарғыштар мен түтіктерді металға бөлшектеу, шрапнельдерді атып зарядтау, оқ-дәрілерді күйдіру және қолмен, тиісті құрылғыларды пайдаланып, атыс қаруның патрондарынан тұтандырғыш түтіктер мен гильзадағы капсюльдерді пішу. Қопару механизмдері мен аспаптарын жөндеу және реттеу. Секторларда, цилиндрлерде және басқа да нысанада снарядтар мен ұрыс бөліктерін қопару кезінде талқандалған координатты өлшеу.
Білуге тиіс:
снарядтардың, шрапнельдер мен миналардың құрылғысы, калибрлері мен жүйелері бойынша оқ-дәрілерді сыныптау, жарылғыш заттар, дәрілер, электрмен тұтандырғыштар мен электр детонаторлар туралы қарапайым мәліметтер, электр запалдың құрылғысы және запал түтіктерін дайындау ережесі, электр тізбектерінің жұмыс істеу принципі, оларды іріктеу және олармен тәжірибе жасайтын алаңды жабдықтау электр жетектерін белсенді зарядтарға біріктіру ережесі, индукторлы қопарғыш машинаның құрылғысы, пайдалану ережесі және жұмыс істеу принципі, алаңда және бронь шұңқырда қопару жүргізу жөнінде нұсқаулық, атыс және электрлік оқ-дәріні қопару, от өткізгіш пілтелерді сынау әдісі, қопарудан кейін снаряд элементтерінен алынған сынықтарды айқындау, жарылғыш заттар қалдықтарын жою нұсқаулығы, белсенді зарядтарды қару-жарақтарға салу тәсілдері, оқ-дәріні бөлу ережесі, жарылғыш заттарды балқытудың, сілтілеудің және күйдірудің температуралық режимі және дәрілерді жағу, қопару кезінде қолданылатын өткізгіштердің маркалары мен қиыстыру.
Жұмыс үлгілері:
жарылғыш заттардың блоктары - снарядтардың корпустарынан шығарып тастау;
оқ-дәрі - алаңда және броньшұңқырында бір жақты фугаспен қопару;
снаряд корпустары - қыздыру пештерінде орнату (шығару), жарылғыш заттарды шығару және блоктарға сұрыптау;
122 мм артық калибр снарядтары – жетекші белдеулерді түсіру;
тұтандырғыш құралдар - жүйелер бойынша бөліп-жазу және күйдіру.
98. Оқ-дәрілерді қопарушы-разрядтаушы, 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
қолданыстағы нұсқаулықтардың талаптарын қатаң сақтай отырып, от және электрлік тәсілмен жаппай оқ-дәрінің барлық түрі мен типтерін қопару. Белсенді зарядтарды қопарылатын қару-жараққа қатарлау. Пиротехниктің басшылығымен қауіпті оқ-дәріні қопару. Қопарудың күрделі схемаларын құрастыру, схемаларды монтаждау және жөнделген торлардың дұрыстығын тексеру. Жарылғыш заттардың құтыларымен жабдықталған снарядтарды разрядтау. Алаңда жарылмай қалған (істен шыққан) снарядтарды қопару кезінде зарядтарды салу. От өткізгіш пілтенің сапасын және жану жылдамдығын тексеру. Оқ-дәрі бар қалан мен қатарларды жағу. Оқ-дәріні қопаруға және жағуға есеп құжаттамасын дайындау. ЖЗ және бастамашы құралдарды тұтандыруға және жоюға дайындау. Қопару үшін ЖЗ қажетті мөлшерінің таблицасын пайдалану. Ғимаратты, имаратты және топырақты қопару.
Білуге тиіс:
ерекше қауіпті оқ-дәріні пайдалану ережесі, ерекше қауіпті оқ-дәрілерді қопару нұсқаулығы, белсенді зарядтардың немесе қопару құралдарының істен шығуы кезінде фугастарды қайта қопарудың ережесі, от өткізгіш пілтенің ұзындығын есептеу, күрделі электр тізбектерінің жұмыс істеу принципі, қопару жүргізу үшін жарылғыш заттардың қажетті мөлшерінің таблицасы және қопару жұмыстары кезінде әр түрлі калибрлі оқ-дәрі сынықтарының құлаштау таблицасы, тәжірибе жүргізу алаңын өңдеу ережесі, ЖЗ мен бастамашы құралдарды арнайы жою жөнінде озық үлгідегі қопаруларды дайындау және жүргізу нұсқаулығы, электрлік және атыс тәсілімен топырақта, үлкен және шағын секторларда, плита квадраты мен броньшұңқырында қопарулар жүргізу ережесі, ЖЗ физикалық-химиялық қасиеті, қопару жұмыстары кезінде есеп құжаттамасын ресімдеу ережесі.
Жұмыс үлгілері:
арнайы рецептурадағы оқ-дәрілер – жою;
тәжірибелі жарғыштар – қопаруға дайындау;
өт өткізгіш пілте немесе тұтандырғыш – үйкелеп тұтандырғыш көмегімен жағу.
Полигон жұмысшысы
99. Полигон жұмысшысы, 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
блиндаждар мен басқа да далалық құрылыстардың мұнараларын жұмыс жағдайында ұстау. Атыс алаңында тыйым салу белгілерін орнату. Алаң аумағының сым қоршауларын жөндеу. Жүктер мен материалдарды тиеу, түсіру, қатарлау және тасу. Атыс алаңының аумағынан өтетін жолды шлагбауммен жабу. Атыс алаңының бекітілген учаскелерін қадағалау. 1 метрге дейін котловандар мен траншеялар қазу. Дирекция бағытын талдардан тазалау. Сынақтан кейін қалқандағы тесіктерді белгілеу.
Білуге тиіс:
алаңның аумағы және оның шекарасы, алаңның бекітілген учаскесі бойынша өтетін жолдар және қауіпті аймақтардың шекарасы, мұнаралардың, блиндаждардың, атыс позициясы мен бақа да далалық құрылыстың орналасу жері, жеке құрамның орналасу орны, дирекция бойынша жүргізілетін атыстың бағыты, жүктер мен материалдарды жинау ережесі, котловандар мен траншеялар қазу амалдары, ғимаратқа жол тарту және салу кезінде қолданылатын құралдар, топырақ түрлері, көтергіш көлік құралдарын пайдалану ережелері, оқ-дәрінің міндеті және оларды пайдалану ережесі, тесіктерді белгілеу тәсілдері, сынақтар жүргізген кездегі
100. Полигон жұмысшысы, 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Қарапайым конфигурацияда нысаналы жағдай жасау және сынақ жүргізу үшін нысананы орындарына орналастыру. Бұйымдарға арналған тұғырықтар жасау және орнату. Жанармай құятын бактарды тұғырықтарға орнату. Үгінді, құм, шымтезек және пакляларды ұстағыштарды дайындау. Снарядтармен қиратылған дирекция бағандарын ауыстыру. Қадағалаушы блиндаждар мен шапқыларды ағымды жөндеу. Орларды қолмен тазалап, атыс алаңының мелиоративті жүйесін қалпына келтіру. Бекіткіш құрылғысымен 3 м дейін тереңдікте котлован қазу. Сызбалар бойынша тәжірибе жүргізетін құрылысты бөлу және жол тарту. Қарапайым конструкциялы тәжірибе жүргізетін құрылысты салу. Тәжірибелі құрылыстарды полигонды сынауға қатысу. Жұмыс аяқталғаннан кейін алаңдарды ажырату. Сынақ атыстарының басталғаны және аяқталғаны туралы ескерту сигналдарын беру. Жарық сигналдары мен прожекторларды қосу және сөндіру. «Әуені» және сигналдарды қадағалау, атыс алағының үстінде ұшақ пайда болғаны туралы атыс жөніндегі кезекшіні ескерту. Үздіксіз жұмыс істейтін пеште құм кептіру және оны броньшұңқырға беру. Жарылған бұйымдардың сынықтарын құрастыру. Жанармайды бактарға құю.
Білуге тиіс:
атысты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық, жүктерді тасымалдағыш құралдарға қатарлау ережесі, қарапайым құрылысты орындарға бөлу және жол тарту ережесі, тәжірибелі конструкциялар салу, химиялық (токсикологиялық) бақылау құралдарымен далалық жағдайда жұмыстар жүргізу нұсқаулығы, алаңға тәжірибе жүргізілетін малдарды, химиялық (токсикологиялық) бақылау құралдарын орналастыру и тәжірибе аяқталғаннан кейін оларды жинау ережесі, химияға қарсы қор,ау құралдарын пайдалану ережесі, газсыздандыру негіздері, атыстың басталуы және аяқталуы туралы белгі беру және жарық сигналдары мен прожекторларын қосу ережесі, нысаналарды орналастыру және оларды сынақтан кейін өңдеу ережесі, сынықтарды жинау ережесі, өлшегіш құрал және оны пайдалану ережесі.
101. Полигон жұмысшысы, 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
атыс алаңының дирекциясын жабдықтау және оларды күту. Дирекция бағыттарын белгі қойып ілу және оларды өлшегіш лентасымен өлшеу. Сынақ жүргізу үшін секторларға, цилиндрлерге және басқа да нысаналарға арналған алаңдарды бөлу және белгілеу. Тақтайлы секторлар, цилиндрлер, сондай-ақ биіктігі 4 метрге дейін фанералы және қалқанды тақтайлар жасау. Ағаштан жасалған кедергілердің (трамплиндер, бағандар және тағы басқалар) құрылғысы және жөндеу. Арнайы құрылыстарға арналған тереңдігі 3 метрден артық шахта құдықтарын жасау. Қадағалау мұнаралары мен тригонометриялық белгілерді жөндеу. Сыналатын техниканың су тосқауылдары арқылы өтуі үшін ағаштан жасалған өткелдер мен арнайы көпірлер жасау және жөндеу. Атыс алаңын қоршауға арналған барлық элементтер орнатылған және дайындалған тікен сыммен қоршау. Алаңдарға және оған кіреберіс жерлерге төселген қиыршық тас және ұсақталған тас кесек жабындарын жөндеу. Химиялық (токсикологиялық) бақылау құралдарымен күрделі емес күнделікті далалық жұмыстарды орындау, тәжірибе жүргізуге дайындау және оны алаңда жүргізу. Берілген көлбеулер мен бейіндерді келтіру, реперлерді орнату. Далалық жағдайдағы күрделі конструкциялы тәжірибе жүргізетін құрылыстарға ұсақ жөндеу жүргізу. Қопару үшін бұйымдарды тұғырықтарға орнату. Лақтыру әдісімен оқ-дәрілерді сынау. Бұйымдарды цилиндрлерге ілу және оны құммен (үгінділермен) жабу. Сынықтарды өлшеу және оларды топтар бойынша сұрыптау.
Білуге тиіс:
атыс алаңының дирекциялар құрылғысының ережесі, арақашықтықты өлшеуге және орындарға топографиялық нүктелерді бекітуге қойылатын негізгі талаптар, өлшеу лентасын, рейканы және компасты пайдалану ережесі, қалқандардың, жаймалар мен ағаш кедергілердің конструкциясы және жасау тәсілдері, кіреберіс жолдарын жөндеу түрлері, жер құрылыстарын топтастыру тәсілдері, күрделі конструкциялы тәжірибе жүргізетін құрылыстарды орындарға топтастыру және жол тарту ережесі, күрделі құрылыс сызбалары мен эскиздерін оқу ережесі, далалық химиялық (мөлшерлеп өлшегіш, токсикологиялық) бақылау құралдарын, сондай-ақ айрықша ластанған аспаптарды пайдалану ережесі, арнайы заттардың күрделі емес сынамаларын іріктеу ережесі, техниканы, малдарды газсыздандыру (арнайы өңдеу) амалдары және газсыздандыратын және жуатын қоспалар туралы негізгі мәліметтер, тростарды беріктікке тексеру ережесі, оқ-дәрілерді жару ережесі, сынықтарды өлшеу және топтарға сұрыптау ережесі.
102. Полигон жұмысшысы, 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
биіктігі 4 метрден жоғары қалқандар жасау және жөндеу. Атыс алаңында блиндаждар мен басқа да арнайы құрылыстарды жөндеу. Нивелир мен буссоль бойынша қопару алағында әр түрлі конструкциялы нысаналарды орнату. Атыс алаңындағы кіреберіс жолдар мен арнайы алаңдарды жұмыр тастармен және ірі шағылған тастармен қатайту. Алаңдардағы және кіреберіс жолдардағы бетон және темірбетон конструкцияларын бетондау. Сызбалар бойынша күрделі конструкциялы тәжірибе жүргізетін құрылыстарды орындарға топтастыру және жол тарту. Химиялық (токсикологиялық) бақылау құралдарымен күрделі емес күнделікті далалық жұмыстарды орындау, тәжірибе жүргізуге дайындау және оны алаңда жүргізу. сынамаларды іріктеу және оларды талдау орындарына жеткізу. Далада тәжірибе жүргізу кезінде қолданылатын аспаптар мен құрылғыларды теңшеу, реттеу және ағымды жөндеу.
Білуге тиіс:
оптикалық аспаптардың (буссоль, теодолит пен нивелир) құрылғысы және пайдалану ережесі, аспаптардың құрылғысы, жұмыс істеу принципі және тәжірибе параметрлерін айқындау үшін теңшеу ережесі, топырақты қопарумен дайындау ережесі, бетон қоспаларының, дайын темірбетон конструкциялары мен бұйымдарға қойылатын талаптар, көпірді салу және жөндеу ережелері мен тәсілдері, ағаш құрылыстардың негізгі элементтері, бөлшектерді қарапайым және күрделі шаппалармен біріктіру тәсілдері, құбырлардың, плиталардың, балка мен өтпе жолдардың қалыптарын орнату ережесі мен тәсілдері, арнайы заттарды индикациялау жолдары мен тәсілдері, тәжірибе жүргізілетін заттарды станоктарға орналастыру ережесі мен амалдары, арнайы заттармен ұшынғандарға дәрігерге дейін көмек көрсету шаралары, нивелир мен буссольді қолданып, нысаналарды орнату ережесі.
Радиоэлектронды аппаратура мен аспаптарды жөндеу
жөніндегі радиомеханик
103. Радиоэлектронды аппаратура мен аспаптардыжөндеу
жөніндегі радиомеханик, 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
күрделі емес радиоэлектронды аппаратура мен аспаптарды бөлшектерге, тораптар мен блоктарға бөлшектеу. Аппаратураның тораптары мен электр элементтерін құрастыру кезінде қарапайым слесарлық жұмыстарды (үгу, қолмен және станокта ерікті өлшемде тесіктер тесу, көп қолданылмайтын бұрандаларды кесу, қабыршақтарды алып тастау және тағы басқалар) орындау. Металл бөлшектерді және қатты оқшаулағыш материалдардан жасалған бөлшектерді тойтармалармен, бұрамалармен және желімдеп біріктіру. Сымдар мен жгутты, ажыратқыштар мен ұштамаларды дәнекерден ажырату және оларды үлгі бойынша дәнекерлеу. Көп талшықты (20 талшыққа дейін) кабельдердің ұштарын өңдеу. Монтаждау сымдарын, ұштарын тазалап және қалайылап дайындау. 10 дейін сымы бар қарапайым монтаждау жгуттарын шаблонда тоқу. Қарапайым монтаждау схемасы бойынша өткізгіштердің ұштарын өңдеп және дәнекерлеп, экрандалған және жоғары жиілікті кабельдерді төсеу. Шаблондар бойынша жұмсақ және иілгіш сымдарды қатарлау. Жекелеген сымдар мен бөгеттерді оқшаулау және экрандау. Жіп және металл бандаждарын жапсыру. Күрделі емес антенна құрылғыларын жөндеу және жасау. Жалпы мақсатқа арналған жекелеген ақау бөлшектерді (бұйымдарды) ауыстыру. Блоктарды, тораптар мен бөлшектерді шаңнан, ластан және коррозиядан тазарту.
Білуге тиіс:
едәуір кең таралған аспаптардың, КИП және құралдардың міндеті, сондай-ақ оларды пайдалану ережесі, жұмсақ және қатты схемаларды шаблон бойынша монтаждау тәсілдері, электр радиоэлементтердің негіздерін қалыптау тәсілдері және шағын схемалармен жұмыс істеген кезде қойылатын талаптар, оқшаулау материалдарының, флюстердің, дәнекерлеу кезінде қолданылатын дәнекерлердің міндеті және қолдану, дәнекерлеу тәсілдері және оларға қойылатын талаптар, квалитеттердің (класс дәлдігі) шартты белгілері және кедір-бұдырлық (өңдеу тазалығының кластары) параметрлері, орталау мектеп бағдарламасы және өндірістік оқу бағдарламасы көлемінде электротехника жөнінде қарапайым мәліметтер.
Жұмыс үлгілері:
радиорелейлік станцияның қуатты қалқан автотрансформаторлары – орамдарды қайта ораусыз жөндеу;
«наклонный луч» типті антенна – жасау, орнату және бекіту;
жоғары жиілікті тығыздау, далалық үлгідегі телефондау және телеграф аппаратурасы – блоктарға бөлу;
ТАИ-43, ТАИ-53, ТА-57 типті телефон аппараттары – бөлшектерді, дектер мен желі клеммаларын тазарту;
көшпелі радиостанцияның дірілтүрлендіргіш блоктары – фильтр конденсаторын ауыстыру;
блоктар, платалар, ажыратқыштар – дәнекерлерді жуу;
блоктар - тұйықтағыштарды орнатып, резисторлар мен конденсаторларды қосу;
штепсель ашалары, ажыратқыштар мен фишкалар – құрастыру;
шағын телефон гарнитурасы – фишкаларды ауыстыру;
гшсд шуларының генераторлары – блоктарға бөлшектеу;
СУ-104 желілік-аппаратура қалқандарының ұяшықтары мен клеммалары - тотық пен күйіктен тазарту, қарапайым клеммалар мен ұяшықтарды ауыстыру;
Достарыңызбен бөлісу: |