Білуге тиіс:
крешерлік аспаптардың құрылысы, крешерлік бағаналардың өлшемі мен типтері, күтілетін қысымға байланысты крешерлік бағаналарды қысудың техникалық шарттары, таңдау ережесі, механикалық престің құрылысы және оларды баптау тәсілдері, әр түрлі крешерлік бағаналарды баламалау әдістері, крешерлік аспаптарды тазалауға арналған станоктың құрылысы, крешерлік аспаптар үшін қолданылатын мастиканың түрлері, аспаптарды сақтау және консервациялау тәртібі, микрометр мен өлшеу микроскопының құрылысы және олармен жұмыс жүргізу ережесі, тараждық кесте құру ережесі, крешерлік аспаптардың жұмысын тексеру ережесі, қысымды өлшеу тәсілдері, крешерлік бағаналардың материалдарының негізгі қасиеттері.
40. Крешерші, 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
аспаптарды паспорттау кезінде бақыланатын және сыналатын крешерлік аспаптарды құрастыру. Әр түрлі температураларға арналған крешерлік мастиканы жасау және пенетрометрдің көмегімен оларды сынау. Серпінді крешерік элементтерде таңбаны фотоға түсіру және фотопленкадан шығару. Фототаңбаның диаметрін өлшеу. Қарапайым есептеу аспаптарында қысымды өлшеу нәтижелерін есептеу. Техникалық шарттарға сәйкес гараж престерін тексеру.
Білуге тиіс:
крешерлік аспаптар мен крешерлік бағаналардың типтері мен өлшемдері және олардың зарядтау камерасының көлеміне және өлшенетін қысым шамасына байланысты қолданылуы, крешерлік бағаналарды коэффициенттері мен жеке түзетулері бойынша таңдау ережесі, үлгі крешерлік бағаналардың, эталон және бақыланатын крешерлік аспаптардың мақсаты, микрометрді және крешерлік өлшеу микроскопын тексеру әдістері, крешерлік өлшеу микроскопына фото тұғырдың құрылысы, әр түрлі температураға арналған мастиканың рецептурасы, пенетрометрдің құрылысы және оның мақсаты.
Оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сынау жөніндегі лаборант
41. Оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды
сынаужөніндегі лаборант, 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
қышқыл, сілті және тұз ерітінділерін дайындау және кейіннен олардың концентрациясын ареометрмен тексеру. Оқ-дәрі, жарылғыш заттардың, пиротехникалық құрам мен жарылғыш емес препараттардың сынамаларын талдау үшін алуға дайындау. Біліктілігі анағұрлым жоғары лаборанттың басшылығымен гарфиттің, ұшпа заттардың мөлшерін анықтау. Ерітіндінің салыстырмалы салмағын денсиметрдің көмегімен анықтау. Түпкілікті жарақтандырылған оқ-дәріні бөлшектеу. Жарылғыш, тұтанғыш заттар және пиротехникалық құрамдар салынған металл қораптардың герметикалығын анықтау. Пиротехникалық құралдарды сілку және калибрлеу. Оқ-дәріні ұсақтау. Оқ-дәрі элементтерінің мөлшерін анықтау. Сынау кездерінде белгіленген температуралық режимді сақтау. Техникалық және аналитикалық таразыда өлшеу. Жуу құралдарын дайындау. Химиялық ыдысты талдаудан кейін және құралдарды оқ-дәрісін алғаннан кейін органикалық еріткіштерді, хром қоспасы мен басқа да майсыздандырғыш құралдарды пайдалана отырып жуу. Талдаудан кейін сілтілер мен қышқылды бейтараптандыру. Дистилденген су алу. ВВ кептіру және олардың ылғалдығын анықтау.
Білуге тиіс: оқ-дәрінің, пиротехникалық құрамдар мен жарылғыш заттардың негізгі қасиеттері, оларды сақтау және пайдалану ережесі, қышқылмен, сілтімен және органикалық ерітінділермен жұмыс істеу ережесі, оқ-дәріні, пиротехникалық құрамдар мен жарылғыш заттарды сынаудың негізгі әдістері (түйірлердің беріктігін, оқ-дәрінің ылғалдығын, зарядты анықтау), реактивтердің қасиеттері, сынауға арналған оқ-дәрілер мен пиротехникалық құралдарды бөлшектеу ережесі мен тәсілдері, ВВ талдауға дайындау ережесі, лабораториялық ыдысты ерітінділермен, қышқылдармен және сілтімен жуу ережесі және олармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік шаралары, электр қыздырғыш аспаптарды пайдалану ережесі.
42. Оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды
сынау жөніндегі лаборант, 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
жабдықты, айлабұйымдар мен аспаптарды сынауға дайындау. Оқ-дәріні, пиротехникалық құралдарды физикалық-химиялық талдауға дайындау. Жарылғыш заттардың, түтін шығаратын оқ-дәрі мен пиротехникалық құрамды біліктілігі анағұрлым жоғары лаборанттың басшылығымен физикалық-химиялық талдау. Оқ-дәрінің тұрақтылығын лакмус сынамасы, Власов сынамасы және қоңыр буға салып анықтау. Жарылғыш заттардың сипатын (соққыға, тесуге, ысқылауға, фугастыққа, бризанттыққа, детонация жылдамдығына сезімталдығын) лабораториялық жағдайда анықтау. Еріткіштердің, майлар мен консистенциялық майларды стандарт әдістеме бойынша сапалық және мөлшерлік талдау. Майдың тұтқырлығын анықтау. Реактивтерді айдау және кристалдау арқылы тазалау. Оқ-дәрі мен пиротехникалық құрамды дифениламинді, қышқылды, ұшпа заттар мен тағы басқалар сапалық анықтауға сынау. Оқ-дәрі мен пиротехникалық құрамды қышқылдығы мен заттардың ұшуын және тағы басқалар сапалық анықтауға сынау. Сынамаларды жарылғыш заттың бағанасын жару зарядының әр түрлі бөліктерін бұрғылау арқылы іріктеу. Тұтанғыш заттардың үздіксіз жұмыс істеуін және қауіпсіздігін сынау. Жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің тотқа қарсы қабатын және олардың жарылғыш затпен түйіскен жеріндегі лак қабатының сыртқы сапалық жай-күйін анықтау. Оқ-дәріні күрделі емес электр схемамен тексеру. Жарылғыштардың сағат механизмін бөлшектеу, бөлшектерді құрастыруға дайындау және сағат жарылғыштарын сынау.
Оқ-дәрі мен оның жекелеген элементтерін механикалық сынау. Оқ-дәріні 20 кг/см² қысым жағдайында ауада және гидравликалық сынау. Пиротехникалық құралдарды ату, сынау кезінде, ату кезінде іс-әрекетін бақылау кезінде көтеру биіктігін анықтау, олардың түсі мен түрін анықтау. Жарылғыш және тұтанғыш заттардың қауіпсіздігі мен есептік құжаттарға сәйкестігін сырттай тексеру. Жарылғыштар мен түтіктердің герметикалығын анықтау.
Оқ-дәрі элементтерінің өлшемін анықтау. Оқ-дәрі үлгілерін бөлшектеу және қабылдау, сынаудан кейін олардың қалдықтарын жою. Тізбектің оқшаулануы мен тұтастығының кедергісін тексеру. Жарылғыш заттардың жару зарядтарының және оқ-дәрі қабатының жай-күйін тексеру нәтижесін ресімдеу. Үлгілерді сырттай тексеру және сынау журналын жүргізу.
Білуге тиіс:
электротехника бойынша негізгі мәліметтер, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды зерттеу әдістері мен мақсаты, оқ-дәрі мен жарылғыш заттардың негізгі физикалық-химиялық қасиеттері, барлық маркалы біртекті емес жарылғыш заттарды, пиротехникалық заттарды талдау әдістемесі, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды зерттеу және сынау кезінде қолданылатын аппаратура мен аспаптардың құрылысы, оқ-дәрі мен пиротехникалық құрамды талдау үшін іріктеу және дайындау ережесі, снарядтар мен миналарды разрядтау технологиясы, бризант жарылғыш заттармен жарақтандырылған оқ-дәрілердің құрылысы, жарылғыш және тұтанғыш заттардың құрылысы мен әрекет етуі, пиротехникалық құралдарды ату ережесі, жарғыштардың, түтіктердің, запалдың, жарғыш және тұтандырғыш құралдардың жіктемесі және әрекеті және оларға қойылатын талаптар, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды талдау кезінде қолданылатын ерітіндінің концентрациясы, анықтама материалдарды пайдалану ережесі және сынақ нәтижелерін ресімдеу ережесі.
Жұмыс үлгілері:
оқ-дәрі- ыстық суда алдын ала қыздыру және жару зарядтарын алу, станокта қабығын (корпусын) ашу жару зарядтарын алу, детонацияның толықтығын сынау;
жарылғыш заттар-майлылығын тексеру үшін сынама алу;
жарғыштар, түтіктер, тұтанғыш құралдар мен запалдар- қауіпсіздігін түпкілікті тексеру және сынауға дайындау;
оқ-дәрі- жоғары температурада құрамында қанша ұшпа заттардың бар екенін және салмақ жоғалтуын анықтау, графитің үлес салмағы мен санын анықтау;
оқ-дәрі- біліктілігі анағұрлым жоғары лаборанттың басшылығымен азотты анықтау, көлемді талдау әдісімен компоненттерін сандық анықтау;
жару зарядтары-олардың снаряд қабатымен және қосымша детонаторлармен түйісетін жерінен темір пикратын, алюминий пикратын зерттеу үшін сынама алу.
43. Оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды
сынау жөніндегі лаборант, 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
техникалық шарттардың талаптарына сәйкес жабдықтар мен аппаратураны пайдалана отырып, оқ-дәрінің жарылғыш заттары мен элементтеріне күрделі сынақ жүргізу. Жарғыштар мен түтіктерді толық разрядтау, бөлшектердің сапасын тексеру және олардың құрастырылуының дұрыстығын тексеру. Жарғыштарды, түтіктер мен запалдарды сынауға дайындау.
Оқпан және реактивті артиллерияның тұтану құралдарын үздіксіз жұмыс істеуін және қауіпсіздігін сынау. Тұтандырғыштардың үздіксіз жұмыс істеуін, өткізгіштігін және электр құралдарының кедергісін сынау. Толық қызмет етпеген және қауіпсіздігін сынаған кезде сынақтан өтпеген тұтанғыш құралдар мен жарғыш құралдарды разрядтау.
Оқ-дәрінің тұрақтылығын сынау. Оқ-дәрі мен жарылғыш заттардың энергетикалық сипатын анықтау. Оқ-дәрі мен жарылғыш заттардың айналу өнімдерін газоанализатордың көмегімен талдау. Реагент қағаз жасау, оқ-дәріні сынау кезінде ерітіндінің концентрациясын есептеу. Заттардың пайыздық құрамын тұндыру, сүзу тесу арқылы анықтау. Лабораториялық жабдықтарды жөндеу. Сынақ және сырттай бақылау жазбаларын жүргізу.
Білуге тиіс:
оқ-дәрінің физикалық-химиялық және баллистикалық сипаты, барлық маркалы түтінсіз оқ-дәрінің қасиеттері және оларға қойылатын талаптар, сапалық талдау әдістемесі және осы әдістеме бойынша талдауды орындау ережесі, оқ-дәрімен, жарылғыш заттармен, арнайы рецептуралармен және пиротехникалық құралдармен эксперименталдық жұмыс жүргізу кезінде реакциялардың химизмі, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды сынаудың техникалық шарттары мен нұсқаулығы, сынақ жүргізілетін артжүйелердің құрылысы мен өзара әрекеттестігі, тыйым салынған оқ-дәрілердің тізбесі, бұйымдарды сынау үшін артиллерияның материалдық бөлігін дайындау тәртібі мен тәсілдері, үлгілерді қабылдау, бөлшектеу, сақтау және сынауға дайындау ережесі, сағат механизмдерінің жүруін реттеу кезінде қолданылатын аспаптардың құрылысы мен қызмет етуі.
Жұмыс үлгілері:
оқ-дәрілер – жарылыс жасап сынау;
жарылғыш заттар – қатаю, балқыту және тұтану температурасын айқындау, құрамындағы ұшпа заттарды, ерітіндідегі ерімейтін қалдықтарды, қышқылды, химиялық төзімділігін, құрамындағы компоненттерін анықтау, суррогат жарылғыш заттарды сапалық талдау, пикрат пен тротил майының тығыздығын, сапалық және сандық құрамын анықтау;
3) жарғыштар – бөлшектерге бөлу, соғу және сағат механизмдерінің дұрыс құрастырылуын тексеру, аудару механизмін бөлшектеу және капсюльдерін алып тастау, жүруін сынау;
4) сәуле капсюльдері- детонаторлар-бастамашылық бейімділігін, соққыға төзімділігін және баяулатқыштарды от форсына және жану уақытына сынау;
5) пиропатрондар, электрозапалдар және басқа тұтанғыш электр құралдар-сынауға дайындау және қыздыру мостиктерінің кедергі ауқымын және дұрыстығын сынау;
6) оқ-дәрілер-азот пен тұрақтандырғыштарды жұмсау жылдамдығы мен құрамының механикалық сипаттамасын анықтау;
7) оқ-дәрілер-оқ-дәрінің құрамындағы катализаторлар мен пластификаторларды, ерітінділердің мөлшерін ұшпа емес ерітіндіде анықтау, жарылғыш ажыраманың жылуын анықтау және ажырау өнімдерінің газдық талдау;
8) түтін оқ-дәрілері - сапалық және сандық талдау;
9) жару схемасы-жасау, монтаждау және жарамдылығын тексеру;
10) ату элементтері-фотометрлеуде қызмет еткен кезде трассерлерді сынау.
44. Оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды
сынау жөніндегі лаборант, 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
пиротехникалық құрамды, қатты жанармайды, жарылғыш заттар мен оқ-дәрінің сынақ және белгісіз құрамдарына толық сандық және сапалық талдау жүргізу. Жарылғыш заттарды микроскопты және басқа да арнайы аспаптарды пайдалана отырып құрылымдық талдау. Колориметриялық анықтау. Оқ-дәрілерде қолданылатын радиоаппаратура мен пьезоэлектр құрылғылары мен олардың элементтерінің тоқ көзін сынау. Жарғыштарды, түтіктер мен запалдарды олардың жану кезеңінде, қызмет ету кезінде сынау, от тізбегін және детонацияның толықтығын сынау. Жарғыштарды үздіксіз жұмыс істеуін және сағат механизмінің әрекет ету мерзімінде сынау.
Жарғыштардың жекелеген элементтерін электр өлшеу аспаптары мен электрондық аппаратураның көмегімен тексеру. Материалдық бөлігі мен аспаптарды сынауға дайындау кезінде анықталған ақаулықтарды жою. Талдау нәтижесі бойынша есеп жүргізу және сыналатын заттың сапалық күйі мен жарамдылық мерзімін анықтау. Улы заттарды радиоактивті индикаторларды және басқа да талдау әдістерін пайдалана отырып талдау. Сынақтың барлық түрлері бойынша жинақтар мен кестелерді жасау.
Білуге тиіс:
оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен пиротехникалық құраманың физикалық-химиялық қасиеттерінің олардың пайдалану сипаттамаларына тәуелділігі, жарылғыш заттарды құрылымдық талдау әдістері, осы әдістер бойынша талдау жүргізу ережесі, талдау кезінде қолданылатын арнайы аспаптар, жарғыштардың (оның ішінде радиожарғыштардың), түтіктер мен запалдардың құрылысы мен әрекет етуі, ақаулау тәртібі және ақаулықтардың түрлері, тұтандырғыш капсюльдердің, детонатор капсюльдердің, детонаторлар мен баяулатқыштарды құрастыру және бөлшектеу кезегі, құрылысы мен қызметі, жарғыштарды, түтіктер мен запалдарды сынаудың технологиялық кезегі, күрделі сынау жабдығы мен уақытты тексеру аспаптарының құрылысы мен пайдалану ережесі, оқ-дәріні сынау кезінде қолданылатын аспаптар мен аппаратураның құрылысы мен электр схемасы (Лунче питрометрі, экстрагирлеуге арналған аппарат, лакмус сынамасына арналған термостат, колориметриялық құрылғы және тағы басқалар), оларға қызмет көрсету және реттеу ережесі, жарамдылық мерзімін сынау кезінде ауытқушылықтардың түзетілуін есептеу әдістемесі, жүргізілген сынақтарды есептеу және олардың нәтижелерін ресімдеу ережесі.
Жұмыс үлгілері:
жарғыштар-электр тізбегін сынау кезінде істен шыққан жарғыштардың жиынтықтарын разрядтау;
запал-запалдың істен шығу себептерін анықтау және бұзылған жерінде жою;
оқ-дәрілер - нитроэфир мен нитроклетчатканың құрамын анықтау;
оқ-дәрілер және қатты жанармай-сынақ нәтижесін талдау және сипаттамаларын жасау.
Жоғары жиілікті және телефондық-телеграф байланыс
аппаратурасын сынау жөніндегі лаборант
45. Жоғары жиілікті және телефондық-телеграф байланыс
аппаратурасын сынау жөніндегі лаборант, 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
дала телефон және телеграф аппараттарының, шағын және орта ыдыстың коммутаторларының техникалық шарттарға сәйкестігін айқындау. Аппаратураның тораптары мен блоктарындағы ақаулықтарды жою. Аспаптарды, стенділер мен телефондық-телеграф аппаратурасын сынауға және сынақ жүргізуге дайындау. Сыналатын аппаратураның жекелеген электр сипаттамасын өлшеу және алу. Консервіленген заттарды түпкілікті тексеру. Аппаратураны сынау нәтижелері бойынша құжаттаманы ресімдеу және затты тексеру.
Білуге тиіс:
телефондық-телеграф аппаратурасын сынаудың техникалық шарттары, сыналатын аппаратураның схемаларын, сызбаларын оқу ережесі, электротехник, телефондау және телеграфтау негіздері, шағын және орта сыйымдылықты телефон коммутаторлары, телеграф аппараттарының типтері, құрылысы (құрылымы), сыналатын аппаратураның тораптары мен блоктарының мақсаты және өзара әрекеттесуі, аппаратураны сынау үшін қолданылатын аспаптар және оларды пайдалану ережесі телефондық-телеграф аппаратурасының ток көзі, телефондық-телеграф аппаратурасын және байланыс заттарын пайдалану, сақтау және консервациялау ережесі.
Жұмыс үлгілері:
СТ-2М, РТА-50-2, СТА-2М типті телеграф аппараттары - электр контактілі орталықтан тепкіш реттегіштің жұмысын тексеру және реттеу, шегеру механизмінің жылжымалы осіне серіппенің тартылуын тексеру;
СТА-2М, ЛТА-57 типті телеграф аппараттары - трансмиттерлік репорфораторлық тұғырлар мен жолдағы белгілердің есептеуіштерінің жұмысын тексеру және реттеу;
СТ-2М, СТА-2М, РТА-50-2, ЛТА-57 типті телеграф аппараттары - «өзіне қарай», ДП-49 тұғырымен бірлесе отырып, симплекстік және дуплекстік режимде жұмысын тексеру;
барлық түрлі телеграф аппараттары-электрлік және механикалық реттеу;
дала коммутаторлары - сынау блогының жарамдылығын тексеру, жерге қатысты, және бір-біріне қатысты әрбір сымның оқшаулану күйін тексеру, тізбектердің жұмысқа жарамдылығын, абоненттен және абонентке шақыру, сөйлесу және бас тарту.
46. Жоғары жиілікті және телефондық-телеграф байланыс
аппаратурасын сынау жөніндегі лаборант, 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
желілік коммутаторлардың, жоғары жиілікті телефондандырудың бір арналы аппаратурасының бақылау-сынау коммутаторларының, үндес бір арналы телеграфтау аппаратурасының және төмен жиілікті телефондық-телеграфтың күшейткіштердің техникалық шарттарға сәйкестігін анықтау. Аппаратураның тораптары мен блоктарының электр өлшемдерін тексеру. Осы аппаратураның тораптары мен бөлшектеріндегі ақаулықтарды жою. Жоғары жиілікті арналарды тексеру, сыналатын аппаратураны жасанды желі арқылы арналарын реттей отырып кешенді тексеру.
Білуге тиіс:
аппаратураны сынаудың техникалық шарттары, телефондық-телеграф аппаратурасының және фототелеграфтық аппаратураның сызбаларын, қағидаттық және монтаждық схемаларын оқу ережесі, қабылдау мен тапсырудың абсолют және қатыстылық деңгейлері, жоғары жиілікті телефондау және фототелеграфтау жұмыстарының негізгі қағидаттары, реле мен аспаптарды, қолданылатын аппаратураны реттеу ережесі, тексерілетін аппаратурада болатын физикалық процестер.
Жұмыс үлгілері:
бір арналы тығыздау аппаратурасы- төмен жиілікті арнаны жұмыс режимінде тексеру - ұшты, екі сымды, екі сымды қайта қабылдау және төрт сымды трансляциясыз шығу және индукторлық шақыруды трансляциялау арқылы шығу, төменгі және жоғарғы жиіліктің сүзгілерін тексеру, саралау жүйесі, түрлендіргіштер мен таратуды күшейткіштер жұмысындағы А және Б режимдерінде қабылдау және тарату трактісінің деңгейлері мен жекелеген нүктелерінің диаграммасы;
телефондық-телеграф күшейткіш аппаратурасы-аппаратураның негізгі элементтерінің жұмысқа жарамдылығын тексеру, күшейткішті баптау;
бір арналы үндестік телеграфтау аппаратурасы-блоктардың, таратқыштардың, бөлу сүзгісі блоктары қабылдағыштарының жұмысқа жарамдылығын тексеру;
бір арналы жоғары жиілікті телефондау аппаратурасы, желілік коммутаторлар мен бақылау-сынау, фототелеграфтық аппараттар-«өзіңе қарай» жұмысын тексеру.
47. Жоғары жиілікті және телефондық-телеграф байланыс
аппаратурасын сынау жөніндегі лаборант, 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
көп арналы (6 арнаға дейін) тығыздау аппаратурасының, дала телефон станцияларының, барлық сыйымдылықты телефон және телеграф концентраторларының және телеграфтық коммутаторларының техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру. Арналардың жиілік сипаттамасын алу және жиілік диаграммаларын жасау. Сынау кезінде алынған деректерді талдау және статистикалық өңдеу.
Білуге тиіс:
беріктік теориясының негізі, күрделі тығыздату аппаратурасының, дала телефон станцияларының, барлық сыйымдылықты телефон және телеграф концентраторларының сызбалары мен схемасын оқу ережесі, радиотехника негіздері, жоғары жиілікті телефондау қағидаттары, телефон және телеграф арналарын жоғары жиілікті тығыздату тәсілдері мен әдістері, көп арналы телеграфтау және телефондау тәсілдері, осы аппаратураны сынау кезінде қолданылатын өлшеу аспаптары, олардың өлшемдері, жұмыс режимі, әрекет ету қағидаты және пайдалану ережесі, қоректендіру көзін есептеу және оның типтері, аппаратураны және байланыс заттарын химиялық құралдарды пайдалана отырып консервациялау тәсілдері.
Жұмыс үлгілері:
көп арналы тығыздату аппаратурасы - жекелеген тораптары мен блоктарының жұмысқа жарамдылығын сынау, негізгі және бақыланатын жиіліктерді тексеру және реттеу, арналарды реттей отырып, жасанды желі арқылы кешенді тексеру;
2) желілік-телеграфтық коммутаторлар- БЦДС, БТТ, БИП және БПТГА- М блоктарын сынау;
3) телеграфтық коммутаторлар-арналарды реттей отырып кешенді тексеру;
4) дала телефон станциялары-қабылдау және тарату кезінде жұмыс орындарында, ЦБ, МБ, СА және ЦБ/МБ абоненттік кешендерде сөнуін тексеру-ЦБ режимінде және ДС/МБ жиынтығында, МБ режимінде, ДС/МБ абоненттік жиынтықта, ДС режимінде және жергілікті коммутатордың жұмыс орны эффектісінің сөнуін тексеру.
48. Жоғары жиілікті және телефондық-телеграф байланыс
аппаратурасын сынау жөніндегі лаборант, 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
желілік және радиорелелік байланысты жоғары жиілікті телефондау көп арналы (6-дан 24 арнаға дейін) аппаратурасының, көп арналы телеграфтау аппаратурасының техникалық нұсқаулықтарға сәйкестігі (телефондық жоғары жиілікті желілік және радиорелелік арналарды қайталап тығыздау). Арнайы телефон және телеграф байланыс аппаратурасын тексеру және сынау. Өлшеу аспаптарын барлық өлшемдер бойынша тексеру. Аспаптарды эталон бойынша тексеру. Түзетулердің кестелері мен графиктерін жасау. жиілік сипаттамасын алу және оларды техникалық шарттар нормасына дейін жеткізу (қажет болған жағдайда).
Білуге тиіс:
аппаратураны сынауға қойылатын техникалық шарттар, жоғары жиілікті көп арналы аппаратураның сызбаларын, қағидаттық және монтаждау схемаларын оқу ережесі, жоғары жиілікті телефондау және телеграфтау негіздері және тізбектерді қайталап тығыздату қағидаттары, сыналатын аппаратураны сынауда қолданылатын жартылай өткізгіш аспаптардың типтері, мақсаты және өлшемдері, сыналатын аппаратура мен аспаптардағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері, аппаратураның барлық трактілерін баптау және реттеу әдістері.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
Жұмыс үлгілері:
көп арналы жоғары жиілікті аппаратура - тапсырыс беруші генератордың жұмысын тексеру, ағымдағы, жеке, топтық және бақылау жиілігін тексеру, топтық және жеке жабдықтардың жұмысы, топтық түрлендіргіштерді, «өзіне қарай» аппаратурасын 2 және 4 желілік сынау режимі және арнаның сөнуін тексеру;
көп арналы үндестік телеграфтау аппаратурасы - аппаратураның шығысында тарату деңгейін тексеру, тарату және қабылдаудың топтық жабдығының деңгейі мен жұмысының диаграммасы;
көп арналы аппаратура–«өзіне қарай» жұмысын және арнаны реттей отырып жасанды желі арқылы тексеру;
стандарт сигнал, күрделі кернеулер мен импульстердің генераторлары, электрондық, импульстық осциллографтар, спектр анализаторлары – тексеру, сынау, баптау және реттеу.
Радиоаппаратураны сынау жөніндегі лаборант
49. Радиоаппаратураны сынау жөніндегі лаборант, 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
шағын қуатты радиостанцияларды, электр өлшеу және радио өлшеу аспаптарын монтаждау сапасын анықтау. Аз қуатты радиостанцияның, электр өлшеу және ІІІ сыныпты радиоқабылдағыштарды күрделі емесе аспаптарды пайдалана отырып жұмысқа жарамдылығын тексеру. Электровакуум және жартылай өткізгіш аспаптардың жұмысқа жарамдылығын анықтау. Аз қуатты радиостанцияның жекелеген блоктарының қоректену режимін өлшеу. Қағидаттық схема бойынша үлгі өлшеу жүйелерін құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |