оқшаулау панельдеріне арналған ұяшықтар - ұштамалар мен тұйықтағыштарды орнатып құрастыру;
бекіткіш бөлшектер – үгу, бұрандаларды қолмен кесу, ауыстыру;
дроссельдер, орауыштар, конденсаторлар – дәнекерлеу;
монтаждау жгуттары – ұштарын өңдеу, үлгі бойынша дәнекерлеу;
жерге қосу – экрандаушы өрмелерді бекіту үшін өңдеу;
С2-2 модуляциясын өлшегіш – тораптарды жуу және тазалау;
сигнал лампаларының кабельдері-байланыстырғыш ажыратқыштарды ауыстыру;
біріктіргіш кабель-ұштарын өңдеу, ұштамаларды дәнекерлеу, орамаларды өңдеу;
3 талшыққа дейінгі қуатты кабельдер, біріктіруші сымдар-жекелеген сымдарды ауыстырып жөндеу, кабель талшықтарын тексеру және таңбалау;
сыртқы біріктіру кабельдері – орағыштарға орау;
кварц фильтрлерінің орағыштары – шығару шеттерін тазалау және дәнекерлеу;
СТ-2М клавиатуралы комбинаторлар – жуу, тазалау;
П-19НП типті желілі-телеграфты коммутаторлар - телефонды-телеграфты блоктың сымдарын өңдеу, қалайылау және бітеу;
әр түрлі контактілер – қол және механикалық престерде және автоматтарда контакт серіппелеріне престеу;
ажыратқыш контактілері, ажыратқыштағы тесіктер, контакт алаңдары – қызмет көрсету;
телефонды және телеграфты (далалық) концентраторлар мен коммутаторлар – блоктарға бөлшектеу;
радиорелейлі станцияларды қосу қораптары – бөлшектеу, тазарту;
телефонды бөліп-таратқыш қораптар - құрастыру;
жай тартқыштар – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
көшпелі муфталар – бөлшектеу, тазарту;
П-310 типті аппаратураның «Таратуды күшейткіштер» плата панельдері, алдыңғы – бөлшектеу;
кювет ксиметрінің платалары – тұйықтағыштарды дәнекерлеп орнату;
платалар, панельдер, гетинаксты, текстолитті, шыны-текстолитті қалыптар – тесіктерді алдын ала тесіп алып станокта бос тойтармаларды біліктеп, байланыстырғыш жапырақшаларын орнату;
П-310 типті аппаратуралардың дифференциалды жүйелерінің платасы – дәнекерлерді қалпына келтіріп, схема бөлшектерін тазарту;
салынған өлшеу аспаптары – ауыстыру;
көшпелі радиостанцияның қабылдау-таратқыштары – аралық жиілікте блоктардан экрандарды түсіру, блокты тазалау және жуу;
сымдар – резеңке түтікке немесе өрмекке кіргізу, штуцерде бітеу;
резеңкеден және басқа материалдардан жасалған төсемдер – ойықтар ою, тесу;
сымды реостаттар – орау;
П-312 типті аппаратура блоктарындағы тұрақты сыйымдылықтың кедергілері және конденсаторлары – қолжетімді жерлерде ауыстыру;
П-316 типті аппаратураның төмен жиілікті күшейткіштерінің тағандары – блоктарға бөлу;
телевизорлар-құрастыру және тұтқаларды, планкаларды, кнопкаларды орнату;
трансформаторлар, конденсаторлар, кідіріс желілері – орнату және панелдерге бекіту;
бұрыштамалар, қапсырмалар, балқығыштар, ұстағыштар – орнату және төлкелер мен тойтармаларды біліктеу;
есептеуіш аппаратураның тораптары мен ячейкалары – қарапайым операциялық монтаждау;
катодты бір каскадты УЗ-1 күшейткіштер – механикалық бөлігін бөлшектеу және жөндеу;
антенна фидерлері – сыртқы кінәраттарды жою;
СУ-205 желілік-аппарат қалқандары – бөлшектерді тазалау, жуу;
радиорелейлік станциялардың телеграфты және телефонды желілерін қосуға арналған қалқандар – клеммдерді, электр дыңғырларды, фишкаларды ауыстыру;
радиорелейлік станциялардың зарядтау қалқандары – бөлшектерді түсіру және оларды тазалау;
желілік қалқандар – түсіру және бөлшектеу;
электр радиоэлементтер – шықпаларды түзету және қалыптау, шықпаларды кесіп және келтіріп қалайылау және орнату;
кузовты жарықтандыру және радиотехникалық құралдарды блоктау элементтері – сымдарды ауыстырып жөндеу.
104. Радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптарды жөндеу
жөніндегі радиомеханик, 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
радиостанцияларды, радио құрылғылар мен аспаптарды, кабельдерді және автомобиль кузовтары мен тіркемелерінің жгуттарын демонтаждау. Радиоэлектрондық аппаратура мен сымды байланыс аппаратурасының қарапайым аспаптарын, тораптарын, панель мен плата блоктарын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және реттеу. Құрастырылған бұйымдарды полярлыққа, үзілуіне, қысқа тұйықталуына және дұрыс қосылуына құралдарды пайдалана отырып, сынақ жүргізу және тексеру. Белгілеу, бұрғылау, иілту, желімдеу, дәнекерлеу, желімдеу және басқа да қарапайым механикалық құрастыру жұмыстары. Слесарлық өңдеу және бөлшектер мен тораптарды 12-14 квалитет (5-7 класс дәлдігі) бойынша келтіру. Жекелеген тораптарды шағын элементтерде монтаждау. Кабельдер мен сымдарды өңдеу.
Білуге тиіс:
жөнделетін бұйымдардың құрылғысы мен жұмыс істеу принципі, құрастыру кезінде қолданылатын материалдар мен электр радиоэлементтердің атауы, таңбалау және негізгі қасиеті, қарапайым жгуттарды монтаждау схемасы бойынша байлау, жөндеу кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының, құрылғылардың және слесарлық құралдардың міндеті және қолдану шарттары, квалитеттер (класс дәлдігі) және кедір-бұдырлық параметрлері (өңдеу тазалығының класы), орта мектеп бағдарламасы және өндірістік оқу бағдарламасы көлемінде электротехника жөнінде қарапайым мәліметтер.
Жұмыс үлгілері:
дециметрлі антенналар - құрастыру;
көп қуатты дипольді радиостанция антенналары – жасау;
барлық типтегі қабылдаушы-тапсырушы радиотехникалық құрылғылардың антенналары – жартылай тіркемелерді демонтаждау;
П-312 типті бір каналды аппаратура-тіреулерді тораптарға бөлшектеу;
радиоөлшеуіш аппаратура – операциялық монтаждау;
TAИ-43, ТАИ-53, ТА-37 типтік телефон аппараттары, П-193-М типтік коммутаторлар – монтаждау схемасын (жгуттар) ауыстыру;
ТА-37 типті телефон аппаратурасы – күшейткіштің бірінші және екінші каскадтарының кернеулерін тексеру;
радиолампасыз блоктар – демонтаждау және жинақтау;
тығыздаудың жоғары жиілікті аппаратураның блоктары, механизмдер – құрастыру;
түзеткіш блоктар - шассилерді, лампалы панельдерді, трансформаторларды, дроссель мен клемма платаларын орнату;
радиостанцияның УКВ жоғары жиілікті блоктары – антеннаның нобайлап теңшеу ауыстырып-қосқыштарын ауыстыру;
толқынжолдарына сырттай қосылатын толқынжол блоктары – демонтаждау;
П-312 типтік аппаратура генераторларының блоктары – кернеу картасы бойынша кернеу шамасын өлшеу;
коммутаторлардың блоктары- ұяшықтарды тексеру және ауыстыру;
қарапайым механизм қондырғылары бар лампалы блоктар-құрастыру, механикалық реттеу;
қоректендіргіш блоктар – лампа панельдерін ауыстыру;
көшпелі радиостанциялар түрлендіргіштердің блоктары-трансформаторды ауыстыру;
толқынжолдардың, арнайы құрылғылардың, сәуле жинақтарының блоктары – платаларды орнату және бекіту, жалпы құрастыру;
реле блоктары – құрастыру және монтаждау;
қызмет байланысының блоктары – статикалық режимде тексеру;
тонды таратқыштардың блоктары – кедергі картасына сәйкес электрлік тізбектерді тексеру;
телефон және дауыс зорайтқыш байланысы құрылғысының блоктары – бөлшектеу;
орташа қуатты радиостанцияның қуатын күшейткіш блоктар – сыйымды потенциометрді ауыстыру;
басқару мен коммутацияны басқару тізбектерінің блоктары – бөлшектеу;
ішкі байланыс тізбектерінің блоктары (ІБТБ) және коммутаторлардың сынақ блоктары – тораптарға бөлшектеу;
күрделі емес толқынжолдар – иілту және слесарлық өңдеу;
ВЗ-2А – типті лампалы вольтметрлер – блоктарды тораптар мен бөлшектерге бөлшектеу;
проекциялық телевизорға арналған түзеткіштер - монтаждау;
қашықтықтағы байланыс аппаратурасын түзеткіш – монтаждау;
магнит қалпақшалары - өзекшелерді құрастыру;
кассеталар мен блоктарды бағыттап тұратын аппарат шкафтарының «шынжыр табандары» - құрастыру;
ұстағыштар, бұрыштамалар, төлкелер, кронштейндер – орнату, бекіту;
радиоэлектрлі аппаратура блоктарының жгуттары – дәнекерлеп демонтаждау;
«Толқын» типті бұйым дискілер қозғалысы механизмінің жгуттары - сыңғырлату, оқшаулау кедергілерін өлшеу, жгут жасау және ауыстыру;
ЯХ-62-32832 жгуттар – жасау;
кабельдер – жоғары жиілікті экрандалған тізбектерді монтаждау, тігу;
көп талшықты кабельдер – дәнекерлеу;
коаксиалды кабель – жоғары жиілікті ажыратқыштарды өңдеу және дәнекерлеу;
10 талшықты қосқыш кабельдер, экрандалған – байланыс ажыратқыштарын ауыстыру, оқшаулау кедергілерін өлшеу;
45-1 кварцты калибраторлар – электр өлшеу аспаптарымен электр схемаларын тексеру;
радиорелейлік станциялар тіреулерінің қаңқалары – блок аралық монтажды тексеру, өтпелі қалыптарды ауыстыру;
трансформатор орағыштарының қаңқасы – құрастыру;
шағын габаритті магнитофон кассеталары – құрастыру;
қарапайым трансформаторлардың орағыштары – қайта орау;
электр магнитті орағыштар –толық электр монтаждау;
орағыштар – орамдарды тұйықтығына тексеру және дербес индукциясын өлшеу;
кинескоптар, динамикалары – орнату және бекіту;
СТА-2М қосқыш-тоқтатқыш аппараттарының клавиатурасы – құрастыру;
шабатын-қосылатын клапандар - байланыс серіппелерін ауыстыру;
КТРД типті кілттер – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
отыз есе жанасқан қалыптар - жөндеу;
ФРМ, ФШМ типтік бұйымдардың қалпақшалары, ПРМ, ПШМ типтік бұйымдардың корпустары, ФМТ, СА және ВД типтік бұйымдар – құрастыру;
П-193-М типтік коммутаторлар – орағыштардың кедергілерін өлшеу;
ИК-2 өлшеу жинақтары – блоктарға бөлшектеу;
ауыспалы сыйымдылықтың конденсаторлары – құрастыру және верньерге келтіру;
қоректендіргіш тораптарындағы электролиттік конденсаторлар – ауыстыру;
Р-400 радиорелейлік станцияның көлемді контурлары – монтаждау сапасын тексеру;
қабылдағыш-таратқыштың аралық және жоғары жиілікті контурлары – монтаждау;
магнитофондар – ПГК ауыстырып-қосқышты құрастыру;
3-класс қабылдағыштардың механизмдері, верньерлік теңшеу – бөлшектерді ауыстыру және реттеу;
микросхемалар, диодты және транзисторлы матрицалар, резисторлы блоктар – құрылғыларда өткізгіштерді қалыптау, қалайылау;
модульдер, микромодульдер, дроссельдер, аралық жиілікті фильтрлер – құрастыру, дәнекерлеу және монтаждау;
лампалы панелдер, диодты платалар – құрастыру;
лампалы панелдер, планкалар, өтпелі қалыптар, сақтандырғыштар – жөндеу;
сигнал патрондары және лампа ұстағыштар – құрастыру;
2-класс қабылдағыштары диапазондарын ауыстырып-қосқыштар – жөндеу;
жоғары жиілікті және дестелі ауыстырып-қосқаштар, аттенюаторлар мен верньерлік құрылғылар – ауыстыру;
платалар, панелдер – қолмен және престе пистондарды, төлкелерді, жапырақшаларды, тойтармаларды, қадалықтарды біліктеу;
көп қабатты баспа платалары – дайындамаларды кесу, шаблон бойынша контурларды аралау, құрастыру, арматуралау;
телевизор платалары – радиоэлементтерді дәнекерлеу;
электр сағаттарының платалары – байланыстырғыштарды, электр лампаларды дәнекерлеу;
АВО-5, АВО-3, ЛВ-9-2 типтік аспаптар – монтажды қосындыларды тексеру және оны жөндеу;
радиостанцияның УКВ қабылдағыш-таратқыштары – ауыспалы конденсатор блоктарын ауыстыру;
барлық типтегі радиоблоктар – бөлшектер мен өткізгіштерді таңбалау;
1 және 2-класс радио қабылдағыштары – жоғары жиілікті контур блоктарында жанастыра салынған конденсаторларды ауыстыру;
3-класс радиоқабылдағыштары – лампалы панельдерді ауыстыру;
барлық типтегі радиотехникалық құрылғылар антенналары жетектерінің редукторлары – демонтаждау;
ауыспалы сымсыз резисторлар – кедергі магазиндері бар mc-1, мс-4 көпірлерді қолданып, электр параметрлерін тексеру;
реле, контакторлар, жоғары жиілікті және штепсельді ажыратқыштар – байланыстырғыштарды тотық пен күйіктен тазарту;
қарапайым реле – құрастыру;
рпс типтік реле – шықпа ұштарын байланыстырғыш бұрамаларға дәнекерлеу және шапқы қалыптарының пышақтарын қалайылау;
82) СУ-204 және СУ-205 синхронды таратқыш құрылғылар автотуралаудың реостаты - орау, құрастыру және токты реттеу шектерін тексеру;
83) Қашықтан байланысу аппаратурасы фильтрлерінің секциялары – монтаждау;
84) Фокустаушы, ауытқушы жүйелер – монтаждау;
85) Феррорезонансты тұрақтандырғыштар, уақыт релесі – бөлшектеу;
86) Ток айналдырғыштар – бөлшектерге бөлу және жөндеу;
87) Трансформаторлар, дроссельдер – орамдарды қайта орау;
88) Трансформаторлар – трансформациялау коэффициентін, орам ассиметриясын, бос жүріс тогын, орамдардың кедергілерін және оқшауларды тексеру;
89) Көшпелі пеленгаторлардың антенналық құрылғысы – жөндеу;
90) Телеграфты функционалдық фильтрлер – аспаппен тексеру;
91) Шкафтар, тіреулер – жөндеу;
92) Коммутатор шнурлары – біріктіргіш желілердің штепсельдеріне шнур парларын бітеу;
93) Телефон және телеграф желілеріне қосылуға арналған желілік қалқандар – Ц-52 аспабы бойынша көшпелі ажыратқыштарды тексеру;
94) Автомобильді релелік станциялардың зарядтау қалқандары – жөндеу және ТУ сәйкестілігіне тексеру;
95) Желілік-телеграфтық коммутаторлардың қоректендіргіш қалқандары – тораптардың сымды бірігулерін дәнекерлеу;
96) Дыбыстық сигнал берудегі жарық индикацияларының қалқандары – бөлшектеу;
97) Қуатты қалқандар, негізгі және таратқыш қораптар – бөлшектеу.
105. Радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптарды жөндеу
жөніндегі радиомеханик, 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы:
тораптарды, блоктарды, аспаптарды, радиоэлектрондық аппаратура, сымды байланыс аппаратурасын және күрделілігі орташа ЭЕМ слесарлық өңдеп, бөлшектерді 11-12 квалитет (4-5 класс дәлдігі) бойынша келтіріп және жетілдіріп құрастыру, механикалық реттеу және монтаждау. Сызба талаптарын сақтай отырып, бөлшектерді тойтармалармен, бұрамалармен (тесіктерді белгілеп және бұрғылап) және дәнекерлеп біріктіру. Технологиялық шаттарға сәйкес аппаратура блоктарын дірілстендтеріне және термотұрақтылығына сынау. Жөнделген (құрастырылған) тораптарды, аспаптарды техникалық шарттарға сәйкестілігіне сынау және анықталған ақауларды жою. Блоктарды, аспаптар мен тораптарды бөлшектеу. Радиостанцияны, радио құрылғыларды монтаждау, схемаға сәйкес қуатты және жоғары жиілікті кабельдерді төсеу және оларды тексеру. Күрделілігі орташа жгуттарды байлау үшін монтаждау және принциптік схемалар бойынша шаблондар жасау. Монтаждау схемаларын және жасанды желілерді (уақытша) жасау. Барлық параметрлер бойынша жүргізілген монтажды тексеру.
Білуге тиіс:
жөнделетін аппаратураның құрылғысы және жұмыс істеу принципі, монтаждау схемасы бойынша күрделілігі орташа аппаратураны монтаждау тәсілдері, ішкі және сыртқы желі өткізгіштерін төсеу ережесі, кабель схемаларын, баспа платаларын, радиоэлектрондық аппаратуралардың тораптары мен блоктарын және күрделілігі орташа ЭЕМ сымды байланыс аппаратураларын тексеру әдістері, шектеулер мен әдіптер, квалитеттер (дәлдік кластары) және кедір-бұдырлық параметрлері өңдеу класының тазалығы), ӨТУ және өндірістік оқу жүйесіндегі оқу бағдарламасы көлемінде электр және радио техника туралы жалпы мәліметтер.
Жұмыс үлгілері:
антенналар – шаблондар бойынша айналарды тексеру және түзету;
анықтау, бағыттау және байланыстыру станцияларының антеннасы – құрастыру;
радиоэлектрондық және сымды байланыс аппаратурасы – панель аралық монтаждау;
кабинадағы және тіркемедегі телефонды және дауыс зорайтқыш байланыс аппаратурасы – жөндеу;
телефонды аппаратуралар, автоматтық – тораптарды монтаждау;
ТАИ-43, ТАИ-57 типтік далалық телефон аппараты – тұйықтау жүйелерін, индукторды реттеу, зәкір орамдарын және трансформатор орағыштарын орау;
ФТА-П типті аппараттар – тораптарға бөлшектеу, электр магнит орамдарының омдық кедергілерін және оқшаулау схемаларының кедергілерін өлшеу;
радиолампасыз блоктар – құрастыру және монтаждау;
толқынжол блоктары - құрастыру;
толқынжолдар сырттай біріктірілген толқынжол блоктары – монтаждау;
блоктар, платалар, микросхемаларға арналған тэзтер - монтаждау;
блоктар, тораптар – құрастыру, қаңқаларға орнату, орындары, шаблондар және имитаторлар бойынша келтіру;
арнайы аппаратуралардың блоктары және тораптары – монтаждау;
генератор блоктары, УМИВ мина іздегіш кассеталары – жөндеу;
белгі таблолары мен ячейкаларының, телефонды және дауыс зорайтқыш байланыстарының, «Волхов» типтік бұйымдардың кернеулерін реттегіш блоктар – ТУ талаптарына сәйкес жөндеу, құрастыру және реттеу;
өлшеу блоктары – жөндеу және реттеу;
конденсаторлардың блоктары және ауыспалы сыйымдылық конденсаторлары – құрастыру және статор пластиналарын баспалау;
Р-400 типтік автомобильді релейлік станцияның бақылау және сигнал беру блоктары – жөндеу, ТУ сәйкестілігін тексеру;
қуаты орташа радиостанция модуляторларының блоктары – модуляциялық трансформаторды ауыстыру;
жиіліктің дискретті спектрін қозғаушы генераторлардың блоктары – қозғауларды ауыстырып-қосушыларды ауыстыру;
P-137M автомобиль радиостанцияларының тірек генераторларының блоктары – бөлшектеу және тораптар мен бөлшектерді ауыстырып жөндеу;
кеме радиопеленгаторларының қоректендіру блоктары, электронды тұрақсыз қоректендіру блоктары – жөндеу, реттеу;
автомобильді радиостанцияларды басқару пультінің қоректендіру блоктары – жөндеу;
2-класс радиоқабылдағыштарының қоректендіру блоктары – ТУ сәйкес реттеу;
импульстерді қалыптастыру күшейткіштерінің қоректендіру блоктары – құрастыру;
P-133M радиостанциясы «И-213-3» клистрон электр магнитінің қоректендіру блоктары – бөлшектеу және жөндеу;
P-107 типтік шағын қуатты радиостанцияның қоректендіру блоктары, жоғары және аралық жиіліктердің күшейткіштері, құрылғыларының шартты антенналары – ТУ талаптарына сәйкес тексеру;
P-129 типтік радиостанцияның жиілікті көбейткіш және бөлгіш , импульсты қалыптастыру қоректендіру блоктары – ТУ талаптарына сәйкес жөндеу және теңшеу;
бағдарламалық механизмдердің, есептеу құрылғыларының дәл механикасының, антеннаны бағыттау механизмдері мен «Волхов», «Ангара» типтік бұйымдардың іздеу жүйелерінің блоктары – бөлшектеу;
«Волхов», «Нева», «Ангара» типтік радиоэлектрондық және электр механикалық бұйымдардың блоктары – тораптар мен бөлшектерді бөлшектеу, принциптік және монтаждық схемалар және айрықшалықтар бойынша бөлшектер мен тораптарды ауыстыру;
барлық типтегі радиоэлектрондық блоктар – құрастыру;
радиоэлектрондық, электр механикалық және толқынжолды блоктар – қосып, шкафтарға орнату;
радиорелейлік станцияның қызметтік байланыс және дифференциялдық жүйе блоктары – жөндеу, реттеу, теңшеу;
баспа және аспа монтаждары бар блоктар – микроблоктарды дәнекерлеп монтаждау;
«весна» типтік бұйымдарды басқару блоктары – ауыстырып-қосқыштарды жөндеу;
феррорезонансты тұрақтандырғыш блоктары – жөндеу, құрастыру, реттеу;
ЭЕМ блоктары – күрделілігі орташа жүйе бойынша электр монтаждау;
кардан біліктері – біліктердің сақиналары мен қалпақшаларында тесіктер тесіп құрастыру және осьті сақиналарға престеу;
жиіліктің дискретті спекторының (вт-44, вд-32) қоздырғыштары – жиілікті қозғалту ауыстырып-қосқыштарын ауыстыру;
толқынжолдар – жасау;
41) Г4 типтік гетеродинді толық өлшегіштер, термоэлектрлік (МЗ-21) және MЗ-1A, MЗ-10 типтік термисторлы, сіңдіруші қуаты бар ваттметрлер және тағы басқалар - монтажды дәнекерден ажыратып бөлшектеу;
42) жартылай өткізгіш диодтар түзеткіштері – монтаждау;
43) кварцтау генераторлары мен фильтрлері – монтаждау;
44) Г4-5 типтік генераторлар – верньерлі құрылғылардың механикалық бөлігін жөндеу және реттеу;
45) Г4, ГК-4 типтік генераторлар – монтаждың дәнекерлерін ажыратып бөлшектеу және жөндеу;
46) ГЗ-18 дыбысты генераторлар – тораптарды біріктіру схемасын жасау;
47) Г4-6 типтік стандартты сигналдар генераторлары, К4-1 аспаптары – бөлшектеу, электр тораптарын монтаждау;
48) радиорелейлік станциялардың үндік шақыру генераторлары – жөндеу, тексеру;
49) байланыс топтары – қысым саңылауларын жаттықтырып және реттеп құрастыру;
50) «Весна» типтік бұйымдардың диодтары – параметрлері бойынша тексеру;
51) «Лиана» типтік бұйымдардың ЯХ-12-30238 монтажды жгуттары, NN 5, 9 - 13 блоктары – жасау;
52) радиотехникалық және радиолокациялық жабдықтардың аппаратты кабиналары мен тіркемелерінің шкаф жгуттары - қаптаманы ауыстырып және жекелеген өткізгіштерді оның орналасу орны бойынша ауыстырып жөндеу;
53) С-2-2 модуляциялы өлшегіштер – жоғары класты аспаптардың көмегімен сынау;
54) Л1-3 лампаларын сынау – бөлшектерді ауыстыру;
55) «Лиана» типтік арнайы бұйымдардың кабельдері – жөндеу, жасау;
56) жарықтандыру және сигнал беру тізбектерінің кабельдері – аппарат тіркемелері мен кабиналарында монтаждау және қосу;
57) кварц калибраторлары – бөлшектерді жасау, жөндеу, құрастыру, теңшеу және электрлік тексеру;
58) ДИМ мина іздеушілердің орағыштары, генераторлы және қабылдағыш – ұяшықтарды орау және эпоксидті шайыр құю;
59) П-193М типтік телефон коммутаторлар – кешенді реттеу және жөндеуден кейін сынау;
60) «Весна» типтік бұйымдардың коммутаторлары – жөндеу, сынау;
61) СГМ, КСО типтік конденсаторлар – сұрыптау және электрлік параметрлерді аспаптармен тексеру;
62) электролиттік конденсаторлар - токтың кемуін сыйымдылық аспаптарымен өлшеу;
63) қашықтық байланыс аппараттарының бақылаушылары – құрастыру;
64) концентраторлар – монтаж жгуттарын жасау және ауыстыру;
65) шықпа, таратып-бөлгіш қораптары және қуатты қалқандар – құрастыру және жөндеу;
66) ДП, ФРМ, ФШМ типтік бұйымдардың корпустары – құрастыру;
67) моторлары бар кронштейндер – мотор осі қалпын, қозғалысты тарататын бұрамдық осінен орталауды қамтамасыз ететін моторларды нобайлап орналастырып құрастыру;
68) верньерлі қабылдағыш-индикатор құрылғысының механизмдері – бөлшектеу, бөлшектерді ауыстыру, реттеу;
Достарыңызбен бөлісу: |