Ењбекшіќазаќ ауданы жергілікті ќауымдастыќтар ќоры



жүктеу 0,58 Mb.
бет2/7
Дата07.12.2017
өлшемі0,58 Mb.
#3275
1   2   3   4   5   6   7

Елшібаева Бақытгүл

Есік қаласы

2014ж

Ұйымның миссиясы

Ешқандай ұйым қаншалықты ол ауқымды болған күнде де, барлық бағыттарды қамти алмайды. Коммерциялық емес ұйымның дүниеге келуі - нақты жерде, нақтылы уақытта қоғамда пайда болған нақты қажеттілікке жауап. Сондықтан коммерциялық емес ұйымды құрмас бұрын, айналысатын мәселесіне, алдына қойған мақсат-міндеттеріне сай, ұйым мүшелері тұрақты басты миссиясын анықтап алулары шарт.



Миссия ұйымның қызметін нақты белгілемейді, ол тек қана оның ниетін айшықтайды. Тұтас алғанда, КЕҰ миссиясы қоғам өміріндегі өзгерістердің дұрыс болуы, әлеуметтік мәселелердің нәтижелі шешілуі болып табылады.

КЕҰ-ды құру барысында басқа көптеген ұйымдардан ерекшелендіретін миссияны қалыптастырудан бастау қажет. Миссия сыртқы және ішкі қызметтерді атқарады.



Сыртқы – мекеменің жалпы бағыттарын сипаттау, қоғам алдында оның келбетін қалыптастыру, ұйымның «таныстыру карточкасы» қызметін атқарады.

Ішкі – коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерді ортақ мәселені шешуде біріктіруі, коммерциялық емес ұйымдардың жоғары адамгершілік қағидалары туралы еске түсіріп отыруы тиіс.



Ұйымның миссиясын ойластырып шығару - ұйымның барлық мүшелеріне ортақ міндеті. Ал оның мазмұны - талқылау мен келісімнің нәтижесі болуы өте маңызды.
Миссия нақты, қысқа және ауқымды болу үшін, төмендегі сауалдарға жауап бере отырып құрастыру тиімді.

Кім?

“Таныстыру карточкасы” сіздің мекемеңіздің қоғамдағы заңды тұлғалық мәртебесін анықтайды. Егер сіз әлі күнге тіркеуден өтпеген болсаңыз, сіздің міндеттеріңізді шешетін ұйымдастыру құқықтық уақыт келді.



Не үшін қажет?

«Біздің мекеме не үшін керек?» деген сұраққа жауап берерде ұйымның жоғары мақсаттары және құндылықтарын, оның қызмет түрлері бағытталған қоғамдық өмір аумақтарындағы сапалы өзгерістерін түсініп талқылауға тура келеді.



Қайда?

“Біздің қызметіміздің шегі қайда?” деген сауалға жауап берерде сіздің ұйымыңыздың қызметі белсенді таралуының географиялық аумағы анықталады.



Кім үшін?

“Кім үшін жұмыс істейміз?” деген сауал сіздің ұйымыңыздың қызметінің соңғы нәтижесін тұтынушыларды анықтауды көздейді.



Не?

“Біз не істейміз?” деген сауалға жауап:сіздің ұйымыңыздың қызметінің соңғы нәтижесінің қандай болу керектігін анықтауға көмектесуі қажет



Қалай?

“Біздің мақсаттарымызды орындауда нені пайдаланамыз?”- деген сауал қандай негізгі әдіс - тәсілдердің көмегімен мақсаттарға қол жеткізу керектігін анықтайды




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау