Тақырып: Гүлзарлар мен көгалды алаңдар
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаттары
|
3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану
3.1.2.5 үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау
3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану
|
Күтілетін нәтижелер
|
Барлық оқушылар үшін:
|
Ауызша есептеу тәсілдерін орындау (разрядтан өтпей).
|
Бірқатар оқушылар үшін:
|
Есептеу тәсілдерін қалай орындау керек екенін түсіндіру.
|
Кейбір оқушылар үшін:
100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
Есептеу тәсілдерін қалай орындауға болатынын түсіндіру
Пәндік лексика және терминология:
Есептеу тәсілдері, амалдар қасиеті
|
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
|
Есептеуді қалай орындауға болады?
Қандай тәсілдер қолданылады?
|
Жазу:
|
Өрнектерді жазу.
|
Алдыңғы сабақта алған білім
|
Көбейту мен бөлу кестесі. 10 мен 100 сандарына, толық ондықтарға көбейту және бөлу, көбейтудің терімділік қасиеті, қосынды мен көбейтіндіні біртаңбалы санға көбейту ережесі, 100 көлемінде ауызша көбейту және бөлуді орындау кезінде қосындыны санға көбейту.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
0–3
|
Ынталандыру.
Мұғалім өз қалауы бойынша ұйымдастырады.
|
|
4–6
|
Өзектендіру.
Көгалдың ауданын түрлі тәсілдермен табу. Есептегеніңді түсіндір.
Тақтада (қима қағаздарда) көгалдардың суреттері.
|
Тапсырма жазылған қима қағаздар
|
7–11
|
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Бүгін біз өз білімімізді нақтылаймыз, әрқайсыңызда туындаған қандай да бір қиындықты тауып, оны түзейміз.
|
|
12–29
|
Өзіндік жұмыс
Оқушылар 2 мен 3-ші тапсырманы орындау нәтижесін эталонмен салыстырады.
Қиындықтарды түзету
Мұғалім тапсырманың орындалу барысының дұрыстығын тексереді.
– Кімде қиындық туындады?
– Сіз қай жерде қате жібердіңіз?
– Қате кетудің себебі неде?
– Егер өзіндік жұмыста ешқандай қиындық туындамаса, өз амалыңыздың мақсатын құрастырыңыз.
(Қосымша тапсырма орындау).
– Қиындық туындаған балалардың әрі қарайғы мақсаты андай?
(Қатені түзету).
– Қателерді түзеу алгоритмін қолданамыз.
– Әркім өз оқу мақсатын айтады.
Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы орындауды ұсынады.
Мен:
Амалдар тәртібін анықтауды;
Қосындыны санға көбейту және бөлу ережесіне негізделген санды біртаңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін қолданамын.
|
Дәптер, оқулық
|
30–40
|
Өткенмен жұмыс
Баланың ой-өрісінің даму деңгейі бойынша мұғалім жеке-жеке тапсырма береді.
|
Дәптер, оқулық
|
41–45
|
Рефлексия.
– Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық?
– Осы мақсаттарға жете алдық па?
– Сіздерде қиындық туындаған ба еді?
– Сіз оларды өте алдыңыз ба?
– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?
Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалауды ұсынады.
|
Жетістіктер сызғышы
|