Дєрістер (ќысќаша конспект)



жүктеу 4,58 Mb.
бет5/28
Дата25.11.2017
өлшемі4,58 Mb.
#1382
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Дәріс 26, 27 – Инъекцияларға арналған дәрілік түрлері

Дәріс жоспары:



              1. Сипаттамасы, талаптары

              2. Инъекциялық заттар өндірісінің технологиялық процесінің сатылары

Инъекциялар үшін ДФ – тері жамылғысы немесе шырышты қабығының тұтастығын бұзуымен шприц пайдаланып ағзаға енгізетін ДФ тобы.

ГФ ХI: ДФ инъекцияларғастерильді сулы және сулы емес ерітінділерді, суспензияларды, эмульсияларды және құрғақ, қатты заттарды (ұнтақтар мен таблеткалар) жатқызады, оларды енгізуден бұрын стерильді сумен ерітеді.

Инъекциялық ерітінділер V ≥ 100 мл – инфузиондық.

Дәрілік затты инъекциялық енгізудің артықшылықтары:



  • Іс-қимыл жылдамдығы (бірнеше секундтан кейін)

  • Науқасқа бейсаналық күцде енгізу мүмкіндігі

  • Дәрілік заттар ағзаны қорғап тұратын асқазан-ішек жолдары және бауыр сияқты кедергілерді айналып енгізіледі.

  • Басқа әдіспен енгізу мүмкін емес дәрілік заттарды енгізу (инсулин, кейбір а/б, гормондар)

  • Дәрілік заттар локализация әрекетінің мүмкіндігі,

  • Дәрілік препараттардың жағымсыз дәмі мен иісіне сезімін толық алынуы.

Дәрілік заттарды инъекциялық енгізудің кемшіліктері:

  1. Дәрілік заттарды ағзаның қорғау кедергілеріне қарамастан енгізілетіндіктен, инфекция кіргізудің үлкен қауіпі туады

  2. Қанға ерітінді енгізгене эмболия қауіпі туады, қатты бөлшектердің немесе ауа көпіршігінің түсуінің нәтижесінде.

  3. Тікелей тканьдарға инфузионды ерітінді енгізу осмотикалық қысымның өзгерісі, рН және т.б. Өткір ауырсыну, кейде лихорадкалық құбылыстар тудыруы мүмкін.

  4. Кейбір инъекция түрлері медициналық қызметкерлердің жоғары квалификациясынын талап етуі (жұлвн, бассүйек ішілік және т.б.)

Инъекциялық ерітінділер үшін негізгі талаптар:

  1. Зарарсыздандыру – өміршең микроағзалардың толық болмауы;

  2. Апирогенділік;

  3. Су және басқа еріткіштермен салыстырғанда мөлдір болуы тиіс;

  4. Өндіріс және сақтау тұрақтылығы. Тұрақтылықты жоғарылату үшін кейбір ерітінділерді стабилизатормен дайындайды.

Инъекциялық препараттардың технологиясы күрделі көпсатылы өндіріс болып табылады, ол негізгі және көмекші процестерді қамтиды.

Дайындау процесі күрделі және екі кезеңге бөлінеді: негізгі және негізгіге параллель.

Негізгі кезең өндірісінің сатылары мен операциялары:


    1. Бірінші саты: ампула өндірісі

Операциялары: стеклодротты калибрлеу;

Стеклодротты жуу жəне кептіру;

Ампула өндіру


    1. Екінші саты: ампуланы толтыруға дайындау

Операциялары: ампула капиллярларын кесу;

Күйдіру;


Жуу;

Кептіру жəне зарарсыздандыру;

Ампула сапасын бағалау;


    1. Үшінші саты: ампулирлеу сатысы

Операциялары: ампулаларды ерітінділермен толтыру;

Ампулаларды бітеу;

Зарарсыздандыру;

Зарарсыздандырудан кейін сапасын бағалау;

Таңбалау, дайын өнімі орау;

Ақаулы ампулаларды регенерациялау;

Параллельді кезең өндірісінің сатылары мен операциялары:


      1. Бірінші саты: еріткіштерді дайындау

Операциялары: еріткіштерді дайындау (мысалы, май ерітінділер үшін);

Инъекциялар үшін су алу;



      1. Екінші саты: ерітінділерді толтыруға дайындау

Операциялары: ерітінділерді дайынлау;

Ерітінділерді сүзу;

Сапасын бақылау ( зарарсыздандыруға дейін);

Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: сипаттама, талаптар, дәрілік формадағы инъекциялардың артықшылықтары мен кемшіліктері, технологиялық процестің негізгі кезеңдері.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Дәріні инъекциялық əдіспен енгізудің артықшылықтары қандай ?

  2. Дәрілік заттың ампулирлеуі қалай жүреді?

  3. Инъекциялық препараттар өндірісінде көбінесе қандай еріткіштер қолданылады?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Краснюк И.И. Фармацевтическая технология: Технология лекарственных форм / Под ред. И.И. Краснюка. – М.: Академия, 2004. С. 187-226

  2. Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991. С. 362-416


Микромодуль 6 – Жұмсақ дәрілік формалар өндірісінің технологиясы
Дәріс 28-30 – Жақпа майлар технологиясы

Дәріс жоспары:

1.Сипаттамасы, жіктелуі , талаптары

2. Жақпа майлардың негіздері. Жақпа майлардың негіздерінің жіктелуі

3. Жақпа майлар технологиясы

Жақпа майлар – ежелгі дәрілік формалардың бірі, дерматология, көз, хирургия, косметика тәжірибелерінде кеңінен қолданылады. Мазьдар – теріге, жараларға және шырышты қабықшаға жағуға арналған жұмсақ дәрілік форма. Жақпа майлар құрамына стабилизаторлар, консерванттар кіреді.



Жақпа майларға қойылатын талаптар:

  1. Жұмсақ консистенциялы болуы керек. Теріге жəне шырышты қабықшаларға жаққанда ыңғайлы жəне тегіс жағылуы керек.

  2. Жақпа майларды дәрілік заттар максималды түрде диспергирлі жəне қажетті терапевт ілік эффект беретін болуы керек.

  3. Тұрақты болуы керек, механикалық қоспалар болмауы керек

  4. Сақтағанда жəне қолданғанда құрамы өзгермеуі керек.

  5. Дәрілік заттың концентрациясы жəне массасы рецепте жазылғанға сәйкес болуы керек.

Бірнеше жіктелуі болады: қолдану мақсатына, əсер ету сипатын жəне дисперсиялық жүйе түрі бойынша .

Қолдану мақсаты бойынша жақпа майлар:



  1. дерматолог;

  2. Мұрынға;

  3. стоматолог;

  4. вагинальды;

  5. ректальды; арнайы шприцтер көмегімен

  6. уретральды.

Əсер ету сипаты бойынша:

  1. Жақпа майлар терінің үстіңгі қабаты жəне шырышты қабықшаның бетінде əсер етеді

  2. Жақпа майлар резорбтивного əсер етеді ( резорбция – жұту, сіңіріп алу), теріге жəне шырышты қабықшаға сіңуі бүкіл организме əсер етеді.

Технология ның көзқарасы бойынша үлкен мағынасын дисперсия жүйенің түрі береді:

  1. Гомогенді жақпа майлар;

  2. Гетерогенді жақпа майлар


Жақпа майдың технологиясы келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Дәрілік заттарды жəне негіздерді дайындау;

  2. Негізге дәрілік заттарды енгізу;

  3. Жақпа майдың гомогенизациясы;

  4. Стандарттау;

  5. Бөлшектеп өлшеу жəне сақтау;

Жақпа майларға негіз дайындау. Негізді бөшкеде немесе бака (шар ішінде) балқытып, қайнайтын қазанға ауыстырады.

Негізге дәрілік затты енгізу. Дәрілік заттарды негізге қосу булы жейдесі немесе электрлік қыздырғышы бар реакторларда, біртіндеп араластыру арқылы жүргізіледі. Реакторлар араластырғыштармен жабдықталған: якорьлы, планетарлы, рама, олар жақсы араластыруды қамтамасыз етеді.



Негізге дәрілік затты енгізу

Жақпа майдың гомогенизациясы – дәрілік заттарды араластыру кезінде қажетті дисперстілік дәрежесін алу.

Стандарттау – жақпа майды дәрілік заттар құрамы бойынша, рН жəне дисперстілік дəрежесі бойынша стандарттай ды.

Бөлшектеп өлшеу жəне сақтау – шыны құтыдан, п/э немесе алюминийлі тубаларда. Тубаларға орау – турботолтырғыш автомат көмегімен. Жақпа майды салқын, жарықтан қорғалған жерде сақтайды. Дәріханада жасалған жақпа майды 10 тәулік сақтайды.

Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: сипаттама, талаптар, жұмсақ дәрілік форманың артықшылықтары мен кемшіліктері, технологиялық процесстің негізгі сатылары.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Жақпа майлардың негіздері деген не?

  2. Жақпа майлар қалай жіктеледі?

  3. Жақпа майларға қандай талаптар қойылады?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Краснюк И.И. Фармацевтическая технология: Технология лекарственных форм / Под ред. И.И. Краснюка. – М.: Академия, 2004. С. 304-350

  2. Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991. С. 277-312


жүктеу 4,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау